7


  • Учителю
  • Көшеде жүру ережесі. 2 сынып 'Полиция - дос және қорғаушы'

Көшеде жүру ережесі. 2 сынып 'Полиция - дос және қорғаушы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Көшеде жүру ережесі.

Сынып жетекші:Қабылбекова З. С.

Сыныбы:2 «И»

Тақырыбы:МАИ қызметкелерімен кездесу. «Полиция-дос және қорғаушы»

Мақсаты: Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету.

Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналғансуреттер, "Бағдаршам" қабырға газеті.

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, топпен жұмыс, ойын,

Бағыты:1.Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие;
2.Рухани - адамгершілік тәрбиесі;
3.Отбасы тәрбиесі;
4.Өзін - өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру;

5. Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру;
6.Интеллектуальді мәдениетті қалыптастыру

Өткізілу кезеңі: І.Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім:

- Балалар, біздің болашағымыз. Ал сол болашақ жасөспірім балаларымызды алуан түрлі апаттан сақтап, үлкен азамат етіп тәрбиелеу ең алдымен ата-ана ме ұстаздың міндеті десек те, осынау маңызды істен біздің жол ағаарымыз да шет қалмайды. Өйткені елімізде әр түрлі көліктер жылдан-жылға көбейіп келеді. Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет. Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде. Оның себебі - көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі. Міне, осы мақсатта біз бүгін «МАИ қызметкелерімен кездесу» атты жол ережелеріне арналған тәрбиелік шара өткізбекшіміз.

Шаттық шеңбері:

Алтын таңның шуағы,

Бақыт үшін туады.

Қайырлы таң, қонақтарым,

Жарық күннің шуағы.

ІІ. Қызығушылығын ояту.Сұрақ - жауап:

  • Балалар көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?

  • Әр адамның өз өмірінің қауіпсіздігі үшін.

  • Жаяуға қай жермен жүруге болмайды?

  • Көліктер жүретін тас жолмен.

  • Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?

  • Жол полициясы басқарады.

  • Бір жерге асықсаң, жолдан тез жүгіріп өту керек пе? Неге?

- Жолдан өту кезінде оң жаққа, сол жаққа қарап жаяу жүргіншілер өтетін жолмен жүру керек.

- Балалар, мен сендерге бір жұмбақ жасырайын. Жұмбақтың шешуін кім табады?

- Бір көзім «кідір» дейді,

Бір көзім «жүр» дейді.

Бір көзім «абайла» дейді.

Бұл не? ( бағдаршам )

  • Балалар, бағдаршам және оның белгілері туралы не білесіңдер?

  • Балалар, бүгінгі кешіміздің ең басты қонағы - Бағдаршамды ортаға шақыра-мыз. Ортаға Бағдаршам болып киінген оқушы шығады.

Бағдаршам: - Сәлем, балалар! Мені барлық елдің балалары жақсы біледі. Бүгін мен сендерге арнайы келдім.
Жүргізуші: Қош келдің, Бағдаршам! Ал, енді балалар бағдаршам туралы қандай тақпақтар білесіңдер?




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал