7


  • Учителю
  • Қазақ тілі 'Тұрлаусыз мүшелер'

Қазақ тілі 'Тұрлаусыз мүшелер'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақ тілі 3 сынып
Тақырыбы: Тұрлаусыз мүшелер
Жалпы мақсаты: 1)Оқушылардың тұрлаусыз мүшелер туралы білімдерін тиянақтау.Сөйлем мүшелерін еске түсіре отырып, ойлау, сөйлеу, есте сақтау дағдысын қалыптастыру. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру. 2)Оқушылар үшін оқу нәтижелері, сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы ажыратуға дағдыланады.Шығармашылықпен жұмыстануға деген ынтасы артады.

3) Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу, табиғатты аялауға баулу.
Көрнекілігі: слайдтар, топтарға берілетін карталар, сиқырлы қорапшалар, куб, смайликтер, т.б.
Оқыту әдістері: СТО технологиясы, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер (диалогтық әңгіме, сұрақ-жауап т.б.), АКТ-ны пайдалану.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Пән аралық байланыс: дүниетану, математика, әдебиет.
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа әзірлеу
Психологиялық дайындық:
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым
Арайлап атқан күнге.
Сыныпты топқа бөлу:

І топ: Зат есім

ІІ топ: Етістік

ІІІ топ: Сын есім

ІІ. Ми гимнастикасы. Ширату.

Күннің шығуы - (таң ату)

Мектептегі 45 минут - (1 сабақ)

Мемлекеттің бас қаласы - (Астана)

Күшіңе сенбе, (біліміңе сен)

Денсаулық - (зор байлық)

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру: 65 - жаттығу. Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
1. Өткен сабақты қайталау. «Кубизм» стратегиясы
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер?
3. Сөйлемнің қандай түрлері болады?
4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не?
6. Лепті сөйлем дегеніміз не?
2. Қызығушылықты ояту: «Ой қозғау» Суретпен жұмыс.
Ребусты дұрыс шешсең, мақал шығады. Мұндағы бастауыш пен баяндауышты табыңдар. Олардың арасына неге сызықша қойылған ?

Ребустың жауабы: «Ел іші - алтын бесік»

ІІІ. Жаңа сабақ:
66 - жаттығу "Ой қозғау"
Ауызша орындалады.
Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып оқу.
1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді.
2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды.
3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.
Су ақты. / Су арықпен ақты.

67 - жаттығу "Ой шақыру"
Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.
Қарамен жазылған сөздер бастауышқа қатысты ма,
баяндауышқа қатысты ма?
ЕРЕЖЕ:
Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады.
Мысалы:
Айгүл гүлді суарды.
Қонақтар төрге отырды.
Біз ұшаққа міндік.
Арман жұмысқа кірісті.
Сергіту сәті
68 - жаттығу. «Өз бетімен жұмыс»
Жаңылтпашты оқып, жатқа жаз.
69 - жаттығу.«Шығармашылық жұмыс»
Гул - жердің көркі.

Арман анасына гүлдер сыйлады.

Көбелек гүлге қонды

Балалар көбелекті қуды.
70 -жаттығу. «Кім жылдам?»
Стикерлерді інге қою.
ІV. Қорытынды.
Семантикалық картаны толтыру.
Рефлексия.Стикерлерге өз тілектерін жазу.
Бағалау
V. Үйге тапсырма: 71- жаттығу



ОҚО Мақтарал ауданы Игілік ауылы «Т.Аубакиров атындағы жом»

Бастауыш сынып мұғалімі: Ембергенова Балжан Амангельдиевна





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал