- Учителю
- Сауат ашу 'Аа дыбысы мен әрпі'.
Сауат ашу 'Аа дыбысы мен әрпі'.
Аа дыбысы мен әрпі
Бөлімі:
Сауат ашу
Тақырыбы:
Аа дыбысы мен әрпі
Мақсаты:
-балаларды А әрпімен таныстырып, айтылу ерекшелігіне назар аударта отырып, «алма» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.
-жаттығу жасау арқылы саусақ бұлшық еттерін жетілдіреді.
-сөздік қорын молайту, ауызша сөйлеуге үйренеді.
-Табиғатты қорғауға үйренеді. Күз мезгілінің ерекшелігін түсінеді.
Қажетті құрал-жабдықтар, көрнекіліктер:
Сөйлейтін әліппе, кеспе әріптер, қызыл, көк шатырлы үй суреттері, «Әліппе серігі»,алма, алманың суреті, ноутбук.
Іс-әрекет кезеңдері
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушылардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
-Ұйымдастыру кезеңі:
Достарымның барлығын,
Сыйлап жақсы көремін.
Алақаным арқылы,
Жылуымды беремін.
Қайталау
Дыбыстық талдауға арналған алманың суретін көрсетеді.
-Алма туралы не білеміз?
-Алма қандай?
«Алма» сөзін буынға бөлейік.
Неше буын, неше дыбыс бар?
Дыбыстық талдауға
- «Алма» деген сөз қандай дыбыстан басталып тұр.
А дыбысы қандай дыбыс? Оны қандай дөңгелекпен белгілейміз? Неше А дыбысы бар екенін айтқызады.
Қол ұстасып, бір-біріне жылулығын береді, өлеңді бірге айтады.
Алманың суретін тамашалайды.
Қол соғу арқылы буын санын анықтайды. Ал-ма
- «Алма» сөзінде 2 буын бар,
4 дыбыс бар.
сөзді айта отырып, сұрақтарға жауап береді.
- «Алма» сөзі А дыбыстан басталады.
- «А» дыбысы дауысты дыбыс.
А дыбысты айтқанда кедергісіз, созылып айтылады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Жаңа тақырыпқа кіріспе
Дыбыстық талдау жасаған дөңгелектерді көрсетіп, А дыбысын қандай шатырлы үйге кіретінін
айтқызады.
Ал, көк шатырлы үйге ше?
Дыбыстарды нешеге бөлеміз?
Жаңа тақырып
Бұл қайсы әріп?
Мен үшін жақсы адам,
Артық көрем басқадан.
Ата, апа сөздерін,
Қайсы әріптен бастаған?
(А )
Сөйлейтін әліппені пайдаланып, А дыбысын айтамыз.
А-жер өлшейтін саржан,
Белін буып алған.
Сұрақтарға жауап береді.
-А дыбысы қызыл шатырлы үйге кіреді.
-Көк шатырлы үйге дауыссыз дыбыстар кіреді.
-Дыбыстарды екіге бөлеміз.
-Дауысты және дауыссыз.
Жұмбақты шешеді.
-«а-а-а-а-а-а» деп әндетіп айтады.
Рефлексивті-түзетушілік
А әрпімен танысамыз
-А дыбысы біздің шақырғанымызға сондай қуанып тұр. Сол себепті сендерді өзінің таңбасымен, яғни, әрпімен таныстырамын дейді.Кеспе әріптерден( А) әрпінің үлкен, кішісін(а) көрсетеді.
-А әрпін ауаға жаздырады. Таяқша арқылы құрастырады.
-А деп естісек дыбыс, әріпті
көреміз, жазамыз.
Жаңылтпаш
Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсіп, көптеп түсті.
Оқулықпен жұмыс
Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.
А әрпінен басталған сөздер айтып, сөйлем құрастырады.
Сергіту сәті
Біз арамыз, арамыз,
Гүлге ұшып барамыз.
Аю мұнда келмесін,
Балымызды жемесін.
Жаңа сабақты пысықтау
Алатаудың алмасы
Алатаудың аясында,
Алма терді Алмагүл.
Алуан бала арасында
Артта қалмай, алда жүр.
Апорт деген алмасынан,
Ал, тәттісін таңда бір.
-А әрпінен басталған сөздерді айтқызады.
«Әріптерді сыйлаймыз» дидактикалық
ойыны.
Мақсаты: А дыбысынан басталатын сөздерді табуға жаттықтыру.
Балаларға А әрпін сыйлайды.
Дәптермен жұмыс
А әрпінің жазбашасын бастырып жазады.
Партаға дұрыс отыруын, қатесіз жазуларын қадағалайды.
Саусақ жаттығуы
Ну тоғайда, орманда,
Аю жүрер қорбаңдап.
Тікірейтіп тікенін,
Кірпі жүрер жорғалап.
Қорыту
- Бүгін қандай әріппен таныстық?
-Алманың дәмі, түсі қандай болады?
- Өзіңе ұнайтын алманың суретін салып, сөйлем құрастыр.
Балаларды мадақтап, сабақты аяқтайды.
А әрпі және дыбысымен танысады.
А әрпін ауаға жазады.
Таяқшамен құрастырады.
А дыбысы мен әрпін
ажырата біледі.\
Жаңылтпашты тез-тез айтып,
жаттайды.
Сөйлем құрастырады.
Аюды аралар шақты.
Аю туралы ертегі айтады.
А әрпінене басталатын сөздер айтады.
Қолдарын қанатша сермеп,
бір орында айналады.
Дауыстарын жуандатып, аюдың жүрісін салады.
Алатау, алма, алуан, Алмагүл, артта, апорт, алда, ал.
Аружан, Айша, Айбек, Алмаз,
Ахмет, Анар.
Балалар А әрпін үлгі бойынша жазады.
Сұқ саусақтары мен ортаңғы саусақтарын парта бетіне аю жүрісімен жүргізеді. Саусақтарымен кірпі жүрісін салады.
А әрпін қайталайды. Алманы қолдарына ұстап, бөліктерге бөліп, дәмін татады.
Алманың суретін салып, өздеріне ұнаған бояумен бояп,
магнитті тақтаға іліп, сөйлем құрастырады.
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек:
А дыбысының дауысты дыбыс екенін білді.
Нені игерді:
Дауысты, дауыссыз дыбыстардың айырмашылығын.
Нені біледі:
А әрпін танып, көрсете білуді.