- Учителю
- Вне классное мероприятие по познанию мира для казахских школ' Закрытие декады'
Вне классное мероприятие по познанию мира для казахских школ' Закрытие декады'
17.10.2014-28.10.2014 аралығында өтетін дүниетану пәнінен «Күз түстері» атты онкүндігінің жабылу.
Рустина:Тамылжып тұр Отанның «Алтын күзі»
Сәл ғана салғырт тартқан жердің жүзі
Табиғат картасынан қазір көшкен.
Жаздың да жасырынбай жатыр ізі.
Амиржан:Көрдің бе,секілді бір жасыл барқұт,
Бергендей бар бояуын түгел сарқып,
Көтеріп күздік егіс көк қанатын.
Құлпырған қырға жібек кілем тартып.
Рустина:Табиғаттың әр мезгілінің де адам өміріне маңызы зор.Әр жыл мезгілін де қазақ ерекше
тойлай білген. Мәселен,көктемде -Наурыз мейрамы, кыста - Жана жыл мерекесі, ал күзде -Сабан той жасаған.
Амиржан: Шуеншыбай Мадинаның орындауында «Туған жер» әнімен қарсы алыңыздар.
Рустина: Ал енді бүгінгі «Күз түстері» атты онкүндіктің қорытындылау кезеңі де жетті. Марапаттау рәсімін бастау үшін сөз кезегін Жанат Кайрхановнаға беріледі.
3 сыныптар арасында «Ойыннан -білімге»интелектуалдық байқау өтті жеңімпаз класс марапатталды. Мақтау қағазымен марапатталды
2 сыныптар арасында «Табиғаттың ғажайып әлемі» атты интелектуалдық байқау өткізілді. Мақтау қағазымен марапатталды.
Амиржан: Биле десен билейтін,
Аяғы жерге тимейтін.
Диана атты қызымыз,
Аққу биін билейтін олай болса ортаға Диананы шақырамыз.
1-4 сыныптар арасында «Күз мерзімінің әсемдігі» атты сурет байқауы өтті. Мақтау қағазымен марапатталды.
4 сыныптар арасында «Білімпаз» интелектуалдық марафон өткізілді. Мақтау қағазымен марапатталды.
2-4 сыныптар арасында « Поэзиядағы күз» оқырмандар байқауы өтті. Мақтау қағазымен марапатталды.
2-4 сыныптар арасында дүниетанудан олимпиада өткізілді. Мақтау қағазымен марапатталды.
1-4 сыныптар арасында «Күз кереметтері» табиғи материалдардан жасалған бұйымдар байқауы өткізілді. Мақтау қағазымен марапатталды.
2-4 сыныптар арасында « Экология қауіпті жағдайда» эмблема байқауы өтті. Мақтау қағазымен марапатталды.
Рустина: Мақтау қағаздарыңыз құтты болсын!!! Талай жеңістің шыңдарынан көріне беріңіздер!Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар
Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,
Ойлы орта кеңейсін күннен-күнге
Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар,-деп отырып бүгінгі ««Күз түстері» атты онкүндігінің жабылу рәсімін аяқтаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, достар!!!