7


  • Учителю
  • Урок по чтению для 4 класс по теме 'Үш жігіт туралы аңыз'

Урок по чтению для 4 класс по теме 'Үш жігіт туралы аңыз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Назым Хикмет. Үш жігіт туралы аңыз Жалпы мақсаты: Оқушыларға ертегінің идеясын өз бетінеше ұғынуға көмектесу. Міндеттер: ертігінң идеясын ашады,ойын ұғады; болжау жасау,етегінің мазмұнын талдау,салыстыру арқылы оқушының қиялын дамытады; бірлесе жұмыс
предварительный просмотр материала

Cабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Назым Хикмет. Үш жігіт туралы аңыз .

Сілтеме

«Әдебиеттік оқу. 4 сынып оқулығы.Алматы. «Атамұра» 2011

С.Рахметова,Т.Әбдікәрімова,Р.Базарбекова.

Жалпы мақсаты

Оқушыларға ертегінің идеясын өз бетінеше ұғынуға көмектесу.

Міндеттер:


-ертігінң идеясын ашады,ойын ұғады;

-Болжау жасау,етегінің мазмұнын талдау,салыстыру арқылы оқушының қиялын дамытады;

-бірлесе жұмыс жасай отырып,пікірталастырады,өз пікірін білдіруге ,дәлелдеуге үйренеді.

Күтілетін

нәтиже:

- өткен білімді саралайды;

- жаңа мағынаны күнделікті өмірмен байланыстырады

- теорияны мысалдар арқылы нақты түсінеді

- белсенділікті дамыту

Тапсырмалар

- жеке жұмыс

- топтық жұмыс

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар назарын сабаққа аудару;

Психологиялық дайындық

1.Шaттық шеңбер «Жылы лебiздер»

Мaқсaты: сынып iшiнде iзгiлiктi aхуaл туғызып,oқушылaрдың жұмыс iстеу қaбiлетiн көтеру.

(2 минут)

Топқа бөліну

Жүрекшелерде бейнеленген смaйликтер aрқылы тoпқa бөлiнедi. (1 минут)

Үй тапсырмасын тексеру

Ш.Айтматов «Атадан қалған тұяқ» мәтінінің мазмұны бойынша бақылау сұрақтарын бір-біріне қояды. (Оқушылар қойылған сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.) (5 минут)

Қызығушылықты ояту.

АКТ

Болжау

1.Интерактивті тақтадан үш жігіттің,бұлақтың,жолдың,ару қыздың суреттері көрсетіледі.оқушылар суреттер арқылы ертегіде не туралы айтылатынын болжап,өз ойларын айтады.(2 минут)

Мағынаны таныту.

-Балалар бүгін сабақта біз түрік жазушысы Назым Хикметтің «Үш жігіт туралы хикая»деп аталтын ертегісімен танысамыз.

-Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қояр едіңдер?

( Оқушылар сабаққа мақсат қояды,мұғалім оны толықтырады.3 минут)

Автор туралы мәлімет хронологиялық кесте арқылы таныстырылады.

Қазақ тіліне аударған:1902-1963 жж Әділбай Омаров



Назым Хикмет



Өлең

жыр аудармашы

Қоғам қайраткері

Түріктің

белгілі

ақыны, Қоғам қайраткері

жазушысы

Аңыз Пьеса Балалар

әңгіме шығармасы


Болжау


«Иә» ,«жоқ» стратегиясы.

Оқулықпен жұмыс.

Әр топқа тапсырмалар таратылады. Сол тапсырманы орындай отырып, сызбаны толтырады.

Мұғалім мәтіннің 1-бөлігін оқиды. Мәтіннің 1-бөлігі: « Өлместің

тасы жырақта, асқар таулар мен аңғарлардың ар жағында,

қанды құдықта жатыр. Оған баруға бар өмірің жетпейді сенің.

Менімен бірге осында қал.» - дейді көрікті қыз. -деп аяқталады.

Сұрақ:- Бірінші жігіт кербез сұлуға не деп жауап берді деп

ойлайсыңдар?

Оқушылар бұл сұрақтың жауабын топта талқылап, болжау кестесінің 1, 2 бөлігін толтырады. Әр топтан оқушылар болжамдарын айтады. Мәтіндегі жауаппен салыстырып, кестенің 3 бөлігін толтырады.

Не болады деп ойлайсың?

Дәлелің

Шын мәнінде не болды?


Мәтіннің 2-бөлігі оқылады.

«Екінші жігіт алтын суды бір жұтқанда, денесі салқындап,

рақаттана бастаған екен. Енді ақ бұлақтан аулақ кете алмапты.»

- деп аяқталады.

Сұрақ: Екінші жігіт одан кейін не істеді деп ойлайсыңдар?

Оқушылар топта талқылап, өз ойларын, дәлелдерін кестеге толтырады, жаз-

ғандарын оқиды. Одан соң мәтіндегі жауап оқылып, салыстырады кестенің 3 бөлігі толтырылады.

Мәтіннің 3-бөлігі оқылады.

«Үшінші жігіт бұлақтан су ішпепті, сұлу арудың тізесіне жатып тынықпапты.

Ол алған бетінен қайтпаған...» - деген жолдармен аяқталады.

Сұрақ:Үшінші жігіт мақсат-мұратына жетті деп ойлайсыңдар ма?

Оқушылар кестеге өз ойларын жазып, ертегідегі дұрыс жауаппен салыстырады. Шын мәнінде болған жағдайды 3 бөлікке жазады.

Пікірталастың сұрағы:

1. «Кімде - кім осылай жүре берсе, түбінде мақсат-мұратына жетеді.

Сенімінен айырылмаса дегеніне жетеді.» - дегенді үш жігіттің қайсысына

қатысты айтылған деп ойлайсыңдар?

2. Алғашқы екі жігіттің жолда қалуы өздеріне деген сенімсіздіктен бе, әлде жалқаулық па?

Екі топтың оқушылары «иә», «жоқ» деген қарсы пікірлер арқылы өз ойларын, дәлелдерін айтып пікірталастырады.

Қорытынды ой түйіндейді.

Ой толғаныс «Еркін жазу» Жинақтау

Қорытынды

- Балалар, осы ертегіден қандай ой түйдіңдер?

Кімде-кім шаршап шалдығуды елемей, шөлден қорықпай, көкірегінде сенім болып, алға қарай жүре берсе мақсат-мұратына жетеді екен.Сендерге де тілейтінім үшінші жігіттей ақылды болыңдар.


Бағалау

Әр топтың жұмысы бағаланып отырады.

(3 минут)

Үйге тапсырма

1.«Үш жігіт туралы хикая» ертегісін өз қиялдарымен аяқтап жазу

2.Ертегі желісі бойынша сурет салу.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал