7


  • Учителю
  • Открытый урок по казахскому языку на тему 'Г дыбысы мен әрпі' 1 класс

Открытый урок по казахскому языку на тему 'Г дыбысы мен әрпі' 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Г дыбысы мен әрпін таныстыру; г әрпі бар сөздерді дұрыс оқыту, сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету.
Дамытушылығы: Г дыбысын білдіру арқылы оқушылардың тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұқыптылыққа, жинақтылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру
Әдіс - тәсілдері: әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ - жауап.
Көрнекілігі: суреттер, буындар, сөздер, көгершін макеті, үнтаспа, кеспе әріптер, слайд.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі:
(Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.)
Сабаққа зейіндерін аударту.
Психиологиялық дайындық:

Сыныбымыз тап-таза

Бор да дайын тақтада.

Денемізді жинақтап,

Отырайық партада.

Сыныпты топқа бөлу:

1-топ: «Қыран» Ұраны: Қырандай ұшып биікке, Туыңды ұста биікте.

2-топ: «Барыс» Ұраны: Барыстай айбатты боламыз, Елді қорғап тұрамыз.

3-топ: «Ұлан» Ұраны:Ел қорғайтын ұланы, Қазақстанды қорғап тұрады.


2. Үй тапсырмасын пысықтау.
«Кім кінәлі» өлеңін жатқа сұрау( 2 - 3 оқушы)

-рольге бөліп оқыту

-мәнерлеп оқыту.
1. Өткен сабақта қандай әріппен таныстық?
2. Баспа түрінен және жазба түрінен кім көрсетеді?
3. Ү дыбысының жазба түріндегі бас әрпін, кіші әрпін кім көрсетеді?
4. Үкі деген сөзді кім жазып көрсетеді?
5. Үкі деген сөзде неше дыбыс бар?
6. Үкі деген сөз бе, сөйлем бе?
7. Ү қандай дыбыс?
3. Жаңа сабақ (Жұмбақ шешу)

Аналарға сыйлайтын,

Аралар бал жинайтын.

Бұл немене балалар,

Үзуге адам қимайтын. (гүл)

. Гүл деген сөз бе, сөйлем бе?
- Гүл сөзінде неше дыбыс бар?
- Гүл деген сөзде бірінші қандай дыбыс естіліп тұр?

Балалар, олай болса біз бүгін «Гүл» дегенде келетін Г дыбысымен танысамыз. «Г» дыбысы мен әрпін көрсету. «Г» әрпінің баспа және жазба түрімен таныстыру.
егін егіз кереге шеге шеңгел

Егеу сегіз бетеге неге мезгіл

Ақ көгершін

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің.

Бар кезіп қайт ел үшін.

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан,

Бақыт құсы болсын деп,

Ұшырамын қолымнан. ( Н.Баймұхамедов.)


4.Сергіту сәті:
Шаршағанда ырғалып,
Гүлге ұқсап демалам.
Қанатымды бір қағып,
Гүлдей болып жайқалам.

5. Оқулықпен жұмыс
«Г» дыбысына берілген бағандағы сөздерді оқушыларға буындатып оқыту.
- Г дыбысы бар буындарды теріп оқыту.
«Ақ көгершін»өлеңін тізбектеп оқу.

6. Дәптермен жұмыс.
- Г әрпінің элементтерімен таныстыру.
- Ауада жазып көрсету.
- Тақтаға үлгі көрсету.



7. Шығармашылық тапсырма:

1-топ: « Ойлан тап ойыны:» Г әрпіне сөз ойлау. Гүлсім, Гүлжан, Гүлнар

Айгүл, Гүлайым.

2-топ: «Киіз үй құрастыру» (Топ оқушыларын киіз үй бөліктері таратылады.

Бірігіп ағаш бөліктерінен киіз үй құрады).

3-топ: Г әрпінің баспаша түрін таяқшадан, ермексаздан құрастыру.

Г г, Г г.

8. Сабақты қорыту
1 - топ: «Жоқ буынды тап» ойыны Ше..., өшір..., іл..., ір..., бәй....

2 - топ: «Сөздерде неше буын бар» ойыны Шегіртке, бәйге, Құлагер, ілгіш,

гүл.

3 - топ: «Буындардан сөз құра» ойыны
Әң, гі, ір, ге, ме, жі, гер, шін, кө.
9. Бекіту: «Үндемес ойыны».

1.Не тәтті? А) пияз Ә) алма

2.Бір аптада неше күн бар? А)7 Ә) 3

3.Қазір жылдың қай мезгілі? А) жаз Ә) күз

4.Сен сурет сабағында не істейсің? А)сурет саламын Ә) есеп шығарамын.

8.Күздің бірінші айы қалай аталады? А)сенбі Ә) қыркүйек

6.Қазақстанның өз Туы, Әнұраны, Елтаңбасы бар ма? А) бар Ә) жоқ.

10.Қорытынды:

-Балалар сендерге Ө. Тұрманжановтың «Гүл өсірем үйде» атты өлеңін диктофоннан оқып беремін. Г әрпі бар сөздерді айтамыз.

Гүл өсірем үйде,

Су құямын күнде.

Гүл кұткенді біледі,

Бойын сылап күледі.

Күнде гүлін ашады,

Жұпарын маған шашады. (Ө.Тұрманжанов)

-Оқушылар үстел үстінде он көлеміндегі сандар жатыр. Сендер соны дұрыс өсу реті бойынша орналастырсаңдар,жасырын сөз шығады.

1 2 3 4 5 6 7 8

Ж а р а й с ы ң




«Ақ көгершін» әнін айтып сабақты қорыту
Оқушыларды мадақтау. (жұлдызшаларды санау)
Үйге тапсырма: «Г дыбысы мен әрпін оқу».





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал