7


Қош сүйікті - Әліппем 1 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Әліппе- білім бесігі.

Мақсаты: Оқушылардың әліппеге деген сүйіспеншілігін,сезімін нығайту,әліппеге байланысты өлең-тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету.Ұлттық салт-дәстүрге дегенсезімдерін арттыру.

Туған жерге,Отанға дегенсүйіспеншілігін дамыту.оқушылардың

көпшілік ортада өзін-өзі ұстай білуге,мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Әліппе», «Ана тілі», «Балдырған» макеттері,ұлағатты сөздер,әріптер,түрлі-түсті шарлар.

Жүрісі:

1.Акт зал әсем безендірілген. «Әліппе» әнінің музыкасы

ойнап тұрады.

1-ж:

Армысыздар,аталар мен аналар

Ұрпағыңбыз күнде өзіңнен бата алар,

Ел дстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Фарабидей бабалар


1-ж:

Бала шаққа болашақты жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар ұстаздарым қымбатты


Ендеше,бүгінгі қуаныш иелерін ортаға шақырайық.

Олар 4 а сынып оқушылары:


1-ж: Қоштасып жатыр бүгін шәкірттер

бастауыш кешінде.

Сіз куә ата-ана, ұстаздарым,

Қызығына бүгінгі бүлдіршіннің.

-Сонымен ,ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!


Балаларымыз ата-аналардың арқасында дені сау болып,

мектеп табалдырығынан аттап,оқушы атанды. Олай болса,

балалар ата-аналарына арнап өлең жолдары мен әндерін орындап берсін.

Көрініс « Әжесі мен немересі»

( Оразғұл Ақелік пен Құрбаназар Бекарыс)


Иса:

Дүниенің жарық күні анамыз,

Дана болсақ анаменен данамыз.

Алдыменен тыңдаңыздар ағайын

Аналарға арнап бір ән саламыз.


Ән: « Ата -ананы тыңдаймыз»

Орындайтын:Шыңғыс Перизат


1-ж:

Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын

Болсын солай әрбір күнің, әр айың

Тойларыңыз құтты болсын ата-ана

Тойларыңыз құтты болсын ағайын.


Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар!

Олай болса,балдырғандарымыз осы мектептегі ұстаздарға арнаған өлеңдері мен әндерін, билерін орындап берсін.

Жансая:

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын.

Есімде жаттатқызып әліппені

Ең алғаш қолға қалам ұстатқаның.

Ержан:

Жүрегімде ұстаз берген сабағы

Өн бойымда тамырланып тұрады.

Ұмытпаймын салған жолын,ақылын

Мәңгі,мәңгі,мәңгі есімде тұрады.

Гулназ:

Ұстаз деген-сырлас данам арлы шың

Шәкіртінен аямаған бар күшін,

Бұл өмірде адам болып қалуым

Ұлы адамға шексіз-шексіз алғысым.


Би: «Жұптық би» (Сәкенқызы Аружан мен Сәрсенбай Ежан).

Әлижан:

Білімнің бұлағы ғой ұстаз деген,

Ұлық та, даналық та басын иген.

Болашақ биігіне ақ жол ашқан

Қайтер еді сен болмасаң бүкіл әлем.

1-ж:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға деп,ақын жырлағандай ұстазымыз білімділікке, біліктілікке,әдептілікке, адалдыққа,әділдікке, тағы да көптеген жақсылыққа баулыды, сондықтан да ұстаздарымызға мың алғыс дей отырып, балдырғандарымыздан «Мұғалім» әнін қабыл алыңыздар

Хор: «Мұғалім - ол біздің» әні.

1-ж:-Балалар сендер мектепке келген күннен бастап әріптермен танысып,сөздерді оқи бастадыңдар.Сендерге осы әріптерді таныстырған қай оқулық? (Әліппе

1-ж :Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар:Болашаққа жол ашар,

Ол сүйікті Әліппе.

1-ж :Ендеше балалар, өзімізге алғаш рет әріп таныстырып,сауатымызды ашқан Әліппені ортаға шақырайық.

Оқушылар:Әліппе,Әліппе,Әліппе.

Сәләматсыз ба,қымбатты Әліппе!

Әліппе:Сәләматсыздар ма,менің сүйікті достарым,мерекеге келген көпшілік!

-Бүгінгі күнді сендермен бірге өткізгім келеді.

-Маған қалуға рұқсат етесіңдер ме?

-Ия.

Армысыңдар, балалар!

Армысың,ата-аналар.

Алғаш рет өзімнен,

Білім алды балалар.

Өсті білім санасы,

Елжірейді жүрегі,

М аған адам баласы,

Алғыс айтып жүреді.

1-ж :Әліппе балалар өзің туралы өлең,тақпақтар үйренді.Енді соны тамашалап,мына жерге отырып тыңдаңыз.

Әліппе:-Жарайды тыңдаймын.

1-ж :Өтті оқу сан сабақ

Бүгін үлкен салтанат

Білім берген қымбатты,

Әліппеміз қоштаспақ.

Әліппе деп ән салып,

Сөз сөйлейік тақпақтап.

Біздің балдырғандар Әліппе оқулығын оқып қана қоймай,одан әрі әріп пен дыбысты танып,сөздерді буынға бөліп,тізбектеп оқуды үйренеді.Бүгін міне сол алғаш қолына алған оқулығы Әліппемен қоштасқалы отыр.

Ендеше балдырғандар Әліппеге арнаған өлеңдерін,әндері мен билерін орындап берсін.

Арайлым:

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Қуанышқали:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің

Ертеңгі сәуле жарықпен.


Ән: «Жаңбыр»

Орындайтын:Хазрет Байқадам

Салтанат:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе ғылым ағасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.


Ақажан:

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет.

Перизат:

Таныстырған 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқи,жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім.


Нұрлыбек:

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға басқа кітап аламыз

Ата - ана қуанышқа ортақ бол,

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Айсұлу

Жақсы кітап -Әліппе

Үйретеді әріпке

Қуыршақпен қоштасып

Әліппемен достастым

А-дан бастап әріпті

Түгел маған танытты

1-ж:

Ашыла берді алдымнан,

Кең дүние есігі,

Соғылған сомдап алтыннан

Әліппе-білім бесігі.


Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштасамыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әр -түрлі әріптермен деп оқушыларымыз өздерінің сүйікті әліппесіне арнап « Рахмет саған,Әліппе » әнін орындайды.

Ән: «Рахмет саған,Әліппе» хор.

Мұғалім:Балалар,бізге қонаққа кім келе жатыр екен қараңдаршы.

Оқушылар: Жалқаубек келді.


Жалқаубек:Мыналар неге жиналған,әй!Мені шақырған кім?Жалқаубек деп атымды атаған кім

Ә,сенде мұнда екенсің ғой?Сенің суреттерің ғана маған ұнайды.

Әліппе :Иә,бүгін Әліппемен қоштасу мерекесі ғой.Балалармен бірге болайын деп келдім.

Жалқаубек:Әліппемен қоштасу .Қой ,онда мен кетейін.Мен онымен әлі танысқан да жоқпын

Әліппе:

:Жалқаубек,сен мына әріптерді танисың ба?

Жалқаубек:Әріп дейді?Ха-ха-ха,қайдағы әріптер?Мынау немене доңғалақтың суреті,ал мына біреу ай ғой.Мәссаған,рогатканың суретін салып қойыпты.Ал мынау кәдімгі балаларды ұратын таяқ қой.Бұларды мен Әліппені оқымай-ақ білемін.

Әліппе:

:Ол не дегенің Жалқаубек.Бұл «О», «С», «Ү», «І» әріптері ғой

Дегенмен,сөзіңнің жаны бар,әрбір әріп бір нәрсеге ұқсайды.Біз жұмбақтап шешіп көрейік.

1.Екі тіреу,

Басқыш біреу.

Бұл қай әріп. (Н)

2.Дөп-дөңгелек жүзік пе?

Әлде шеңбер ме?

Мұны соққан ұста ма?

Әлде зергер ме? (О)

3.Жылқышының құрығындай,

Тіп-тіке тұруын-ай. (Р)

Міне,Жалқаубек,көрдің бе балалардың әріптерді қалай жақсы білетінін.

Жалқаубек:Ой,менен де басқа білмейтіндер болар-ау!

Әліппе:Жоқ, барлық балалар жақсы оқиды.Енді олар Әліппеден басқа пәндерден не оқып,не үйренгендеріне қарашы. Ендеше пәндерге арналған өлең шумақтарын тыңдайық.

Әсель:

Үйреткен есептеп санауды,

Қосу мен азайту амалды,

Сүйікті осы пән арқылы

Үйрендім тізбектеп санауды.

Ақелік:

Үйреткен табиғаттың әсемдігін

Күтуді қазағымның төрт түлігін.

Білдік біз ажыратып жыл мезгілін

Тау,тасты,өзен-суын өсімдігін.

Ерболат:

Сыр бояуды аламын

Әсем сурет саламын,

Мұғалімнен сосын мен

Жақсы баға аламын.

Аружан:

Инені сабақтап жіппенен

Қайшыны аламын еппенен

Үйрендім жамаудың түрлерін

Мен бүгін кішкентай шебермін.

Қанат:

Мектептің әдемі ғой әр сабағы

Қызық-ау әсіресе ән сабағы.

Шарипа,Шара болып би билесе

Күлипа, Күләш болып ән салады.

Сымбат:

Ана тілің арың бұл ,

Ұятың бол тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Бекболат:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та бар қалан.

Асия


Байқадам


Мадина:

Отан - жерім,Отан -суым,

Отан қуат,нәр береді

Отан -Ұран, Отан -туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Көрініс « Қайдан келдің бауырсақ?»

Хор: «Алғашқы ұстаз»

Әліппе::Міне,көрдің бе Жалқаубек, балалардың сабақты қалай

меңгергенін.

Жалқаубек:Иә,мен енді тәртібімді түзеймін.Менің де оқығым

келеді.

Әліппе:Өте дұрыс.

Жалқаубегім оқы,ойна,

Оқу-білім саған пайда

Кітабыңның шетін жыртпа,

Сияменен бояп қойма.

Қолыңды жу,тырнағыңды ал,

Мұрныңды сүрт орамалмен.

Кешігіп қалмай мектепке бар,

Алысып жүрмей балалармен

Ата-ана мұғалімге,

Қарсы келмей әдепті бол.

Өтірік айтпа үйрен шынға

Тілейтінім саған сол.

Жалқаубек:Жарайды(шығып кетеді)

Әліппе:Мен сендерге өте ризамын.Мені жақсы меңгердіңдер.

Бата:Оқуда зейінді болыңдар.

Еңбекке бейімді болыңдар.

Ақ жол болсын,қарақтарым.

Кір шалмасын қабақтарың.

Оқығандарың есте болсын

Күнделіктерің беске толсын.

Әумин!

Ал,балалар,енді менен кейінгі жаңа достарың Ана тілін мендей

сүйіп оқыңдар.Қош сау болыңдар!

1-ж::Балалар!

Біз енді Әліппемен қоштасамыз

Жолына гүлмен қоса жыр шашамыз.

Білімнің бұлағына сусындауға,

Басқа да кітаптармен достасамыз.

Ана тілі:Сәлем,ойшыл достарым!

Терең білім,ой-саналы.

Әрбір сөзім ой салады,

Ғылым,тәлім,өнерім көп

Достасқанға берерім көп.

1-ж:Рахмет,Ана тілі.Ана тіліміздің,дара тіліміздің,дана

тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп уәде береміз!Бізбен

бірге болыңыздар.

Еркебұлан


«Жануарлар мен Аяз ата» биі.

1-ж

Иә, Әліппе біздің білім есігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса,Ана тілі сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық.

1-ж::

Әліппені бітірді балаларың

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі жазып,оқитын халге жетті,

Құтты болсын білімі балалардың.

Балалардың білімі құтты болсын,

Денсаулығы әрқашан мықты болсын.

Білімдерін әрі қарай дамытатын,

Ерінбейтін еңбекқор күшті болсын.

Ендігі сөз кезегін М.Әбдіхалықов мектептің оқу- ісі жөніндегі меңгерушісі Үмбетқалиева Заря апайға тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Көкен Гулжамал апайға және ата-аналар беріледі.

Осымен біздің « Әліппе - білім бесігі» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көптен-көп алғысымызды білдіреміз!


. М.Әбдіхалықов атындағы орта мектеп

Әліппе- білім бесігі.

Дайындаған: Г.Шыгысова



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал