7


  • Учителю
  • Урок по ана тілі на тему 'Алтын сөз'

Урок по ана тілі на тему 'Алтын сөз'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Алтын сөз. Несіпбек Айтов.

Мақсаты: оқушыларды өлең мазмұнымен таныстыра отырып, батаның түрлері, оның қай кезде айтылатыны жөніндегі түсінігін кеңейту; сөздік қорын байыту, үйренген сөз тіркестерін өз тілінде қолдана білуге басшылық жасау; өзінің ана тілін құрметтеуге, әр сөздің мағынасын түсініп, қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену, ой қозғау, топтастыру.

Көрнекілігі: суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.

Қандай жыл мезгілдерді білеміз?

Неге «туады, шығады, түседі, келеді» сөздері пайдаланылады екен?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: саған жыл мезгілдері жайлы айтылған дәлелдердің мағынасы қандай әсер қалдырды?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, қалай ойлайсыңдар, батаны қашан, қай уақытта береді? Кім береді?

Ү. Жаңа сабақ: кіріспе.

Несіпбек Айтовтың «Алтын сөз» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп оқу.- Өлең неге «Алтын сөз» деп аталады?

- Бата дегеніміз не? Оны қандай кезде және кім береді? Батаның қандай қасиеті бар? Оқулықпен жұмыс: мәнерлеп, түсініп оқу.

«Ой қозғау» ойыны. Ойын шарты бойынша көрсетілген бағыт бойынша екі әріп тастай отырып, бір мақал құрастырып шығаруы тиіс.

Міндеті: сөзге қатысты мақал-мәтелдерді табу арқылы оқушының тіл байлығын жетілдіру.


Жауабы:

  1. Көп сөйлеген сөз арзан. Сөз - ойдың айнасы. Жақсының сөзі өлмейді.

Құрастырылған мақалдың қандай мағына беретіні мұғалімнің көмегімен түсіндіріледі.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

1. Өлең мәтініне сүйеніп, мына сұрақтарға жауап берсең, өлеңде не туралы айтылғанын табасың.

1. Бата берген атасы көпке не тіледі? (бақыт)

2. Балаға кім бол деп тілейді? (адам)

3. Достарыңмен қандай бол дейді? (тату)

4. Ата сөзі қандай сөз? (алтын)

ҮІІ. Қорыту:

Өзің қандай бата білесің? «Жақсы сөз - жарым ырыс» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу.

2. Бағалау.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал