7


  • Учителю
  • - оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб

- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



















АШЫҚ ТӘРБИЕ САҒАТЫ





ҚАЗАҚСТАН, МӘҢГІЛІК ЖАНСЫН БАҒЫҢ!

















































Тәрбие сағаты



ҚАЗАҚСТАН, МӘҢГІЛІК ЖАНСЫН БАҒЫҢ!



Тәрбие сағатының мақсаты:



  • оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру;

  • ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбиелеу;

  • оқушыларға туған жері, туған тілі, туған дәстүр, салт санасы жайлы көркем сөздерді айтқызу арқылы әсемдік пен әдептілікке тәрбиелеу;

  • оқушыларды еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу;



Тәрбие сағатының көрнекілігі:



  1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Гимні, Н.Ә.Назарбаевтың портреті, Қазақстан Республикасының картасы;

  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, кітап көрмесі;

  3. Дербес компьютер, теледидар, DVD, Қазақстан Республикасы туралы "Менің Қазақстаным", "Астана - елімнің бас қаласы" деректі фильмі жазылған компакт-диск, күйтабақтар;



Тәрбие сағатының әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, баяндау, ассоциация



Тәрбие сағатының барысы:

Мұғалім сөзі:



  • Балалар, біздің сүйікті Отанымыз, қасиетті мекеніміз қай Республика? (Қазақстан)

  • Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)

  • Еліміздің астанасы қай қала? (Астана)

  • Қазақстанның бұрынғы астаналары қалай аталады? (Орынбор, Ақмешіт, Верный, Алматы)

  • Қазақстан қандай мемлекет? (демократиялық, зайырлы, құқықтық, көпұлтты, әлеуметтік)



- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрбдемократиялы зайырлы





құқықты көпұлтты





әлеуметті біртұтас



  • Қазақстан елі қандай қасиеттерімен айбатты және айбынды? (Гимнімен, Туымен, Елтаңбасымен)



Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жалғап алды ғұмырды.

Босағада қалып келген Елтаңбам,

Баяғыша төріме кеп ілінді. (А.Бөкенов)



ҮШ БАҚЫТЫМ

Мұқағали Мақатаев

Оқитын: _____________________



Ең бірінші бақытым - Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.



Ал екінші бақытым - Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.



Бақытым бар үшінші - Отан деген,

Құдай деген кім десе, Отан дер ем!

... Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.



Үш бірдей бақытым бар алақанда,

(Мені мұндай бақытты жаратар ма!)

Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,

Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!



Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді,

Ту болмады дегенге?! (А.Бөкенов)



Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы



ҚР Мемлекеттік Туының авторы Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков

Ту неліктен көк түсті? Бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Ал Күн ол да баршаға ортақ. Күн сәулесі бәріне нұрын шашады, сәулесін төгеді. Тудан қыранның орын алуы тәуелсіз Қазақстанымыз қыран сияқты биікке самғасын, ғұмыры ұзақ болсын дегенді білдіреді. Қазақтың қошқар мүйіз оюы - қазақ елін, өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.



ТӘУЕЛСІЗДІК - ТІРЕГІМ

Алмагүл Қаржаубаева

Оқитын: ___________________________



Тәуелсіздік - тірегім алмас үнді,

Тәтті үміті халқымның сан ғасырғы.

Көк байрақты, кемеңгер кемел ойлы,

Келбетіңнен көремін жалғасымды.



Тәуелсіздік - шырайлы лағыл таңсың,

Жүректерге үміт боп жағылғансың.

Аяулысын білмеген алақаннан -

Сусып барып қайтадан табылғансың.



Тәуелсіздік - қырансың, қалықтаған,

Алты алаштың көгіне шарықтаған.

Көптен күткен халқымның сәбиісің,

Әлдилеген құшақта алып далам.

Тұғырыңды шыңдағы таныт маған,

Көк байрағым, желбіре, шабыттанам.



Айқара ашқан тұманды ел түндігін,

Азаммықпен арайлы көркім бүгін.

Ынтымағы жарасқан әз халқыммен,

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!

Жаса мәңгі жасампаз Еркіндігім!





Ойым - Елім сен жайлы ... (Қазақстан туралы реферат оқу)

Оқитын: ________________________



Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ, шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса ен-таңба?! (А.Бөкенов)







Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы



ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторы: Жандарбек, Мәлібекұлы, Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов

Елтаңбаның екі жағында қанатты пырақ бейнеленген. Жылқы малы, жүйрік ат қазақта ерекше бағаланған. Пырақ - мал шаруашылығының басым болғанын аңғартатын жиынтық бейне. Бұл тұста біздің бейбітшіл Отанымызды қорғау, оның іргесінің берік болуы ойластырылған. Осы мақсатта жеті буынан тұратын мүйіз таңдалған. Жеті буын бір жағынан іргесі бүтін елдікті, ата дәстүрін қастерлеу дегенді аңғартады.Дәл ортада бес жұлдыз бейнеленген. Қазақтың сан ғасырлық тарихында жұлдыздың қаншалықты маңызды болғаны белгілі. Ел жұлдықды қастерлейді. Елтаңбаның төменгі жағында еліміздің аты "ҚАЗАҚСТАН" сөзі жазылған.



ЖИЫРМА БІРІНШІ ҒАСЫРҒА АМАНАТ

Жетіскен МӘКЕНАЛЫ

Оқитын: _______________________________



Армысың,

Жиырма бірінші жаңа Ғасыр!

Ізгілік сыйлаймысың ұлан-асырү

Өзіңмен сәл ғана бір тілдесейін,

Ақынның жүрегінде қала ма сыр.



Арсыз заман несіне қымсынады,

Өктемдігін, өкімін ұсынады.

Қасиетті халқымның асылдары

Асылықпен сүргінге ұшырады.



Жеттің сен де ентігіп, енді міне,

Көз тимесін елдігім, теңдігіме.

Еркіндігі болмаса басымыздың,

Жер бетінің көсілген кеңдігі не?!



Маңдай термен өлшенсін ырыс құны,

Ұмытылмасын ұрпақтың дұрыстығы.

Сұрайтыным, осынау Ұлыс күні,

Ел мен Жердің мәңгілік тыныштығы.



Қайтып келсін Қорқыттың көсемдігі,

Жиреншенің оралсын шешендігі.

Тыңда ғасыр,

Тағдырдан тілейтінім -

Тілім, ділім, дінімнің есендігі.



Артылады мойныңа заман жүгі,

Кеудедегі жарық қыл қараңғыны.

Жаңа ғасыр,

Көңілімнің алаңдығы -

Қасиетті халқымның амандығы.



Ғасыр күллі әлемге ғажап аты,

Келмегей өткен заман аламаты.

Қолды әкел, жиырма бірім,

Осы саған

Адамзаттың тапсырар Аманаты!





"Біз кімбіз?" ой-толғанысы





Біз бақытты, Интернет жүйесіне Ертеңгі күні ел үшін әр салада

қол жеткізген білімге құштар жастармыз. еңбек ететін еңбекқор жастармыз

- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб

- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб



- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб

- оқушыларды Отанды сүюге, тілді, елді терең білуге баули отырып, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу және туған елге сүйіспеншілігін арттыру; - ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, бәсекеге барынша қабілетті сауатты, егеменді елдің жастарын тәрб

Біз спортты сүйетін, салауатты Сан мамандықты игеретін

өмір салтын сақтайтын дені сау мамандық иелеріміз

жастармыз.



Біз Тәуелсіздік тірегіміз.

Біз оған тәртібімізбен, сапалы білімімізбен,

жақсы қасиеттерімізбен үлес қосамыз.



ГҮЛДЕН, МЕНІҢ ӨР ЕЛІМ!

Сәлия ДҮЗБАЙ

Оқитын: ___________________________



Ата-бабам арман еткен ежелден,

Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен.

Қазақстан тәуелсіз ел атанды,

Бірден оңай келмегенін білем мен.



Бейбіт күнім күлімдейді төбемнен,

Қара бұлтты ыдыратып сөгем мен.

Тойлап келем қатарынан он бес жыл,

Ел болды деп Қазақстан егемен.



Арман, үміт шақырады алысқа,

Кеш қалмайсың өмір атты жарыста.

Жиырма үш жылда айналады еліміз.

Азиядағы өр тұлғалы Барысқа.



Жаса, жаса, Қазақстан - мекенім!

Белгілі ғой бір перзентің екенім.

Біз боламыз өркендетер өзіңді,

Дарасың сен, Қазақ елім, Бек елім!



Жыр- кеудеде көп қой саған берерім,

Не көрсем де бірге елмен көремін.

Кірпішің боп қаланамын, туған жер,

Гүлде, жайна, Қазақстан - Өр Елім!



«Менің Қазақстаным» деректі фильмінен үзінді көрсету.



Мұғалім:

  • Балалар, Қазақстанда қанша облыс бар? (14)

  • Сіздер деректі фильмнен қандай әсер алдыңыздар?

  • Балалар, сіздер Қазақстан Республикасының қандай қалаларында болдыңыздар? Ол қалалар сіздерге несімен ұнады? Несімен естеріңізде қалды? (Балалардың ойын тыңдау)



Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта,

Кім айта алар,

Болмаған, - деп - Әнұран?! (А.Бөкенов)



Хор: "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні"

ҚР Мемлекеттік Гимнінің сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов,

Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов



Қорытынды:

Міне, балалар Қазақстан туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Гимнімен айбатты екен. Ата Заңымызбен де елдігіміз көрінеді. Осындай ержүрек, бауырмал, қонақжай халықтың ұрпағы екендеріңді мақтанышпен айтуға болады.

Өркениет көшіне бетті бұрдық,

Қазақстан, мәңгілік жансын бағың! - деп бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал