- Учителю
- Сабақ жоспары: Сен ән айтасың! 2 сынып
Сабақ жоспары: Сен ән айтасың! 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сен ән айтасың
Сынып: 2 а,б,в,г
Күні: 05.12.16
Сабақтың білімділік мақсаты:
Әннің орындалу әдіс - тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып,
оқушылардың білімін тереңдету.
Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне
деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани
байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік,
ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, СТО әдісі, «араласқан сөздер»,
«сиқырлы таяқша» тәсілі, суретті тану.
Көрнекіліктері: Баян, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс : Әдебиет, өнер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Ү. Жаңа сабақты бекіту
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ҮІІІ. Бағалау
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару.
Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл - күймен өткізейік. Олай
болса, бір - бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды
бастайық.
Намысты бол
Табысты бол
Жігерлі бол
Әділ бол
Сезімтал бол
Жаңашыл бол
Салмақты бол
Турашыл бол
Шешен бол
Өнерлі бол
Дауыс жаттығуы:
М: Күй сандықты ашайық
О: до - до - до
М: Тілдерін біз басайық
О: до - до - до
М: Бас дыбысты бастайық
О: до - до - до
М: Жайлап әнге салайық
О: до - до - до
Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
М: Шалқып шығар сонда күй
О: до - до - до
М: Бәрі до - дан басталар
О: до - до - до
М: до - ны қоштар басқалар
О: до - до - до
М: До - ны қоштар басқалар
О: до - до - до
Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до
До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Үйге берілген тапсырманы сұрау.