7


  • Учителю
  • Методические материалы на тему 'Жануарлар'

Методические материалы на тему 'Жануарлар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың білімдік тақырыбы: Жануарлар дүниесін қорғау

Сабақтың білімдік мақсаты: Жануарлардың құрыған және құрып бара жатқан жануарлар туралы айтумен шектелмей, орманның кесіліп жойылуы, табиғи ортаның бүлінуі туралы мағлұмат беру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Жұмбақтар арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Табиғаттың жанашыры болып,оны қорғауға үлестерін қосуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ типі:СТО технологиясы

Сабақ әдісі:Талдау, сұрақ - жауап, ойын, әңгімелеу

Сабақ көрнекілігі:суреттер,сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Қонақ күту-салтымыз,

Оқып біліп жатырмыз.

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз.

-Табиғат тіршіліксің тұнып тұрған

Сен күнсің көтерілген күліп қырдан

Сен көлсің,

Сен ормансың,

Сен бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.

Сен жарықсың,

Сен жерсің,

Сен ауасың

Сен анамсың,

Бәрі менің өмірім сен сыйлаған

-Балалар, қалай ойлайсыңдар,өлең не туралы?

-Табиғат туралы

Табиғат туралы оқып білеміз?

-Олай болса дүниетану сабағын бастаймыз.

Үй тапсырмасын тексеру.

Қызығушылықты ояту.

а)Ой шақыру

-Енді , балалар,табиғатқа байланысты сөзжұмбақ шешіп көрейік.

1.Жылдың ең ыстық мерзімі ( жаз)

2. Аңда бар, өсімдікте жоқ қай әріп (А)

3. Қасиетті тағам (нан)

4. Балықтың мекені (су)

5.Ағаш көркі.............(жапырақ)

6. Бал жинайтын жәндік( ара)

7.Ешкі төлі (лақ)

8.Емен, қайың, талдар өсімдіктердің қай тобына жатады? (ағаш)

9.Өсімдіктердің жер асты мүшесі (тамыр)

Ж

А

Н

У

А

Р

Л

А

Р



-Олай болса, бүгінгі біздің сабағымыз жануарлар әлемін қорғау туралы.

Ой қозғау

Табиғатты қорғау үшін қандай жұмыстар атқарылуда? Өздеріңнің үлестерің жайлы айтығдар

II Мағынаны тану

Жаңа сабақты түсіндіру

Суретпен жұмыс

Дәптермен жұмыс қорықтардың атауларын жазып алу.

Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар ,

Жел бетімнен еседі.

Кіп-кішкене балалар

Үп-үлкен боп өседі.

5.Сұрақ-жауап жұмысы.

6.Ойын «Кім жылдам» Жануарлар туралы жұмбақтар беріледі. Олардың шешуін тауып, пайдасы туралы айту. Қайда мекендейтінін, үй жануарларының пірлерін, төлдерін атау. Сол жануар туралы мақал-мәтел айтқызу

Жұмбақтар.

Бар екен үш қанатты ұшып кетпес,

Егін сап жұрт қатарлы кәсіп етпес.

Өзінің мекенінен шығып кетсе,

Тіршілік көремін деп үміт етпес (балық)

Далада жүр шапқылап,

Керемет тым сақ құлақ.

Тек есектен басқада,

Оған ұқсар жоқ құлақ (қоян)

Белестен шапқан бесті ат,

Бүкір келген желісті ат,

Бейғам елді іздейді,

Малдан күдер үзбейді. (Қасқыр)

Қайда болса баратын,

Мінсең-ұшқыр қанатың (Жылқы)

Үйіме келіп қонады,

Балшықтан үйін соғады. (Қарлығаш)

Орманда жоғары,

Ағашқа қонады

Тұмсығын балға етіп,

Тоқылдатып соғады. (Тоқылдақ)

III Ой толғаныс.

Оқушылардың қалаған жануарларының атауына бес жолды өлең шығару.

Сабақты пысықтап, оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: Түсінік айту, қорықтар жайлы деректер жинау.

Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі

Оқу үрдісінде ойын оқытудың әрі формасы, әрі әдісі де болып табылады, сол себепті ойын әрекеті оқытушы мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен, өзара байланысты технологиясының дидактикалық категориясы ретінде де қарастырылады. Педагогтар ойын үстінде бала санасын дамыту, тәрбиелеу, оқыту қатар жүргізіледі, оны бала белсенділікпен және асқан ыждағаттылықпен қабылдайтындықтан ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде енгізу керектігін айтады. [26].

Психологтар мен педагогтар ойын мәселесіне өз назарын аударғанымен, тек ХІХ ғасырдың аяғында ғана ойын арнайы зерттеу пәніне айналады. А.Диваев, Н.Виноградов, В.Вахтерев және т.б. ойын теориясын құрастырды және ойын мәселесін көтеріп, іс-әрекеттің маңызды түрі ретінде оның теориялық, әдіснамалық негізін ашты.Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс ойындарының, құрылыс дағдылары мен еңбек ету қабілеттерін дамытуға бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады.С.Л.Рубинштейннің пікірінше ойын негізінде адамның барлық психикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы бала қоршаған ортамен қарым-қатынас жасайды.Ойын көп қырлы, сондықтан зерттеушiлер әр түрлi жақтардан қаралады. Ойынды былай түсiндiредi:

- белсендiлiктің негiзгi түрі;

- белсендi оқу және тәрбие формасы;

- дербес ойын іс-әрекеті;

- шығармашылық процестердi дамытудың тәсiлi;

- танымның ерекше пiшiнi (формасы);

- өздiгiнен тәрбие, бекiтудiң құралы.

Ойын - өз алдына оқыту үрдісі, балаларды еңбекке дайындаудың белсенді құралы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алып, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді. Мектеп оқушыларының мектепке келгенге дейінгі әрекеті ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу(таным) әрекетіне бейімделуі тиіс. Сабақ үстінде оқушылардың біліктілігі, іскерлігі, дағдысы, дүниетанымы дамиды. Негізгі бетбұрыс оқушы білімінің сапасын арттыру, ол дегеніміз түпкі нәтижені көре білу, яғни оқушыға берген біліміміздің қайтарым нәтижесін көруіміз керек. Ол үшін сабаққа сыныптағы оқушының барлығын қызықтыра отырып қатыстыру қажет.Ойындардың мынадай түрлері бар:

Сурет 1.

Ойын түрлері


Білім беретін

ойындар

Тәрбиелейтін ойындар


Дамытатын ойындар


Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар


Диагностикалық ойындар

Оқушының танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері былай бөлінеді: Сурет 2.

Танымдық іс-әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері


Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар


Қайта жаңғырту іс-әрекетін орындауға бағытталған ойындар


Қайта жасау іс-әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар


Оқушылардың іс-әрекетін бақылауға бағытталған ойындар


Ізденіс іс-әрекетіне бағытталған ойындар


Оқушылардың қызығушылықтарын туғызатын ойындардың бірі - дидактикалық ойындар. Олар:

1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі. Мысалы, Жеп көріп ем өзін мен,

Жас шығарды көзімнен. (Жуа)

Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.
(Қарбыз).

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.
(Алма).


Жасыл түс ненің белгісі?

Жұмбақтар қандай тақырыпқа арналған.«Өсімдікке не қажет?» деген тақырыпта ертегі құрастырту.

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.Мысалы, Сабақтың тақырыбы: Құстар қалай қыстайды
Сабақтың білімдік мақсаты: Қыс мезгілінде құстар тіршілігінің басты ерекшелігі, өлі табиғатта болатын өзгерістердің тірі табиғатқа әсері туралы түсінік беру

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тіршілік туралы білімдерін толықтыру, сөздік қорын, белсенділігін, қызығушылығын, қиялын дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Құстарды, аңдарды қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге, экологиялық тәрбие беру

Сабақтың көрнекілігі: құстардың сурет, қима қағаздар, қолдан жасалған макеттер
Сабақтың түрі: аралас сабақ
І. Ұйымдастыру бөлімі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Енді, ауылдан келген «Ақ әженің» сұрақтарына жауап беріп, әкелген сыйлықтарын аламыз.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:

а) Бунақ денелілерге нелер жатады?

ә) Оларға ауа - райы қалай әсер етеді?

б) Бірінші көрінбей кететін жәндіктер?

в) Олармен қоректенушілер

г) Жорғалаушыларға не жатады?

ғ) Олар қыста қайда болады?

д) Бақа қайда болады?
Өздерінің тәжірибелерін әңгімелеп береді.
Оқушылар, барлығыңда үй тапсырмасына жақсы дайындалыпсыңдар.Әжелерің де қуанатын болды.
- Енді, қазір қай мезгіл?
- Қыс.
- Қыс туралы кім айтады?
- Боран болады. Күн суытады. Аяз болады.
- Онда ауылға көмектесіп қарын аршып берейік.
Жұмбақтар:
1. Көктемде ұшып келетін

Жаз бойы ән салатын

Бұл қай құс? (бұлбұл)

2. Садақша мойнын иілтіп,

Көрген жанды сүйсінтіп.

Жүзгенде көлдің сәні де

Жердегі құстың серкесі. (аққу)

3. Орманда жоғары,

Ағашқа қонады.

Тұмсығын балта етіп,

Тоқ-тоқ-тоқ соғады.

Ол не? (тоқылдақ)

ІV.Жаңа сабақ
- Ендеше балалар, бүгінгі сабағымызда біз құстар туралы көп нәрселерді үйренеміз.
Тірі табиғатқа жататын жануарлардың ең көп маңызды тобы құстар болып есептеледі.
Оларды біз үлкен екі топқа бөлеміз. 1) Жабайы құстар 2) Үй құстары
Жабайы құстар табиғатта өз алдына тіршілік етеді. Құстардың пайдасы көп. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянкес жәндіктерден қорғайды. Құстар бір орында тұрмайды. Олар бір жерден екінші жерге ұшып - қонып жүреді. Барлық құстарға ортақ қасиет - олар ұшады, қанаттары, мамықтары, бәрінің тұмсықтары бар. Олар жұмыртқалайды, балапан басады. Енді айырмашылығына келсек, құстардың дене көлемі, пішінің, тұмсығы түсі дыбыстары, тіршілік етуге түрліше бейімделген.
Құстардың пайдасы: олардың еті, жүні мамығы.
Кіріспе әңгіме жүргіздім.
1) Мәтіннің мазмұнымен таныстырамын;
2) Оқулықпен жұмыс;
3) Оқушыларға оқыту.
- Оқушыларға тағы бізге өте қу, тез алдап кететін кісі келіп тұр. Алдансақ барлық 5 пен 4 - ті алып кетеді екен.
- Ол кім екен?
- Алдар көсе
- Мына бестерін қараша
1) Сұрақтар:
- Құстардың атымен аталатын қандай қыздардың аттарын білесіңдер?
- Тоты, Сандуғаш, Қарлығаш, Бұлбұл
- Егер, орманда жүрген балалар құстардың ұясынан жұмыртқасын алып кетпекші болса, сен не айтар едің?
(өз пікірі)
- Егер құстың ұясынан балапаны жерге түсіп кетсе, сен қалай істер едің?
- Ағаш басындағы балапанға жылан жақындап қалды, сен не істер едің?
- Сен аулаға шықсаң бір ит тауықты қуып жүр. Сен не қылар едің?
- Тоқылдақ қоректі қайдан табады?
- Үй құстарын адам қалай күтіп бағады.
V. Сабақты бекіту:
Тест сұрақтары арқылы
VІ. Бағалау:
Білімдеріне байланысты
VІІ. Үйге тапсырма:
Құстардың суретін салу. Тақпақ, мақал, жұмбақ жаттау (90 - 92 беттер)

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді. [34]. Мысалы, Жағдаят шешу. Табиғатта құстар болмаса, құстар түгел жойылып кетсе, өсімдіктердің күйі не болар еді?

4.Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді. Мысалы, Жұмбақтар сыр шертеді
Сабақтың білімдік мақсаты: Жұмбақтар арқылы ой - өрісін, ойлау қабілетін дамытып, дүниетанымын кеңейту; шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интеративті тақта.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сайыстың өту барысы.
«Жұмбақтар сыр шертеді» атты сайысымыз мынадай бөлімнен тұрады.
Сөзжұмбақ шешу.
Кім жылдам?(Әр топ ұяшық таңдап, сұрақтарға тез жауап беруі тиіс.)
Үй тапсырмасы (Үйден дайындап келген жұмбақтарын жасырады.)
Сурет жұмбақ (Ұяшықты таңдайды, суреттің төрттен бір бөлігі ашылады, қалған суретті өздері табады, сол суретке байланысты жұмбақ жасырады)
Жұмбақ - ауыз әдебиетінің бір түрі. Ол адамдардың бір нәрсенің белгілерін екінші нәрсенің белгілері арқылы жұмбақтап айту өнері. Жұмбақ тақпақтап, ұйқастырылып айтылады. Ол ертеден келе жатқанмен әр уақытта халық оның жаңа түрлерін ойлап шығарып отырған. Жұмбақ туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай деген екен: «Жұмбақ - адамның дүниетану жолындағы ойының, қиялының шамасын білдіреді».
Жұмбақ - қарым - қатынас жасаудың ерекше бір құралы. Жұмбақты шешу, оны ойлаудың өзі де өнер. Олай болса осы сайысымыз арқылы өз өнерімізді, білімімізді ортаға салайық.
Сайысқа қатысушылар «Алғырлар», «Білгірлер» тобы болып екіге бөлінеді. Олардың әділ бағаларын беретін қазылар алқасы тағайындалады.
1. Бөлім: Сөзжұмбақ шешу.(Алғырлар тобына)
1. Төрт түліктің бірі.(жылқы)
2. Не көрсең көзін аш?(бұлақ)
3. Тышқанның жауы.(мысық)
4. Араның қорегі.(бал)
5. Періште не көрсе жолдан таяды?(алтын)
6. Тамақ ішетін құрал.(қасық)
2. Сөзжұмбақ (Білгірлер тобына)
1. Тауық жүнінен жасалатын зат (жастық)
2. Әже айналдыратын таяқ (ұршық)
3. Жеті қазынаның бірі (мылтық)
4. Қанаты бар ұшпайтын судағы құс (балық)
5. Көктемнің бірінші айы. (наурыз)
6. Мысық Мақтақызды несін төкті? (қатық)
2. Бөлім «Кім жылдам?» ойыны
Айналадағы дүниелер:
10ұпай: Төрт түліктің бірі (сиыр);
20 ұпай: Сырты сары, іші дәрі (лимон)
30 ұпай: Қыста демалып, жазда тынбайды, Көкке атылып, жерге құлайды. (субұрқақ)
40 ұпай: Алып баланың атымен аталған тау (Толағай)
Әріпті жұмбақтар:
10 ұпай: Қар да бар, Мұзда жоқ.
Жарда бар, Құзда жоқ.(Р әрпі)
20 ұпай: Өмірде жоқ, Өңірде бар.
Ауырда жоқ, Жеңілде бар (ң әрпі)
30 ұпай: «Ащы»дейсің қазақта, Келу үшін осы әріп.
Құрық жалғап азапқа, Түсті «ш» - ға дос әріп. (Щ әрпі)
40 ұпай: Дыбысы жоқ өзінше, Тынысы жоқ өзінше,
Қатаңдатып жіберер, Өзге әріпті көзіңше (Ъ белгісі)
Жан - жануарлар:
10 ұпай: Алабота тамағы, Шөлге шыдай алады (Түйе)
20 ұпай: Мойны ұзын болғанымен, Әрең жетер төменге.
Теңбіл - теңбіл денесі, Келеді не дегенге? (Керік)
30 ұпай: Суда жүзеді, Тұмсығы ұзын, Махаббат құсы.(Аққу)
40ұпай: Қанаты бар суда ұщпайтын құс (балық)

Әр түрлі жұмбақтар:
10 ұпай: Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар(бас, көз, құлақ, тіс)
20 ұпай: Екі бала қатар тұрса да, Бірін бірі көрмейді. (Көз)
30 ұпай: Тұмсығы мықты, Ой мен қырды тегістеп шықты (Үтік)
40 ұпай: Біреуін бердім, Онын тердім (Тұқым)
3. Бөлім. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы бөлімінде екі топ бір - біріне үйден дайындаған жұмбақтарын жасырады.
4. Бөлім. Сурет жұмбақ
Берілген жасырын суретті табу үшін төрт ұяшықтың біреуін ашып, жасырын суреттің төрттен бір бөлігін көріп, толық суреттің атын жаңылмай табу керек. Сол суретке байланысты жұмбақ жасыру керек.

5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады. Мысалы, Тапсырма: «Кітап-маған тақтан да қымбат», -депті Шекспир (тақырыпқа шағын әңгіме құру), «Кітап» сөзіне ребус құрОқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойын элементтерінің рөлі зор. Сонымен катар оқу процесіндегі пайдаланған дидактикалық ойындардың алдына белгілі бір мақсат қою керек:

1.Әрбір жаңа тақырыпты оқыту барысында оқушылардың алдына танымдық, проблемалық мақсаттар қою;

2. Тақырыптарды өткізуде танымдық, проблемалық, зерттеу, оқу мақсаттары жүйелі түрде қою;

3.Әрбір танымдық мақсат келесімен өзара байланыста болу;

4.Мақсат жүйесі анық, мұғаліммен оқушыларға түсінікті болу;

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар мыналар:

- Ойынның сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкестігі.

- Ойындардың мазмұны мен формасына қарай әр түрлілігі.

- Ойынның балаларға түсінікті және тартымды болуы.

-Ойынға қатысушылардың белсенді шығармашылық позициясы.

-Ойынның эмоционалды болуы.

Ойынды ұйымдастыруға мынадай әдістемелік талаптар қойылады.

1. Ойынның мақсаты және керекті көрнекті құралдар мен материалдар күні бұрын дайындалып отыруы тиіс.

2. Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден түсіндірілуі қажет.

3. Ойынға сыныптағы оқушылардың барлығының қатысуын қамтамасыз ету керек.

4. Оларды ойын үстінде ойлай білуге, шешім қабылдай білуіне жетелеу керек.

Ойындардың жіктемесін жасауда мен оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдым.Мысалы, дүниетану сабақтарында мынадай жұмыс түрлері пайдаланылады:

- танымдық сипаттағы көркем мақалалар;

- қызықты тапсырмалар: жұмбақтар,сөзжұмбақтар,сканвордтар, ребустар, мақал-мәтелдер;

- проблемалық сұрақтар мен тапсырмалар;

- материалдың қоршаған ортамен байланысы, байланыстың бақылаулар мен тәжірибелерге негізделуі;

- дидактикалық ойындар «Жануарлар бағы», «Ботаникалық бақ», т.б.;

- тәжірибелер, бақылаулар, практикалық жұмыстар;

- көрнекі материалдар.

Дүниетануды оқыту процесінде жұмыстың әр түрін пайдалану бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттырумен қатар, олардың экологиялық сана-сезімін дамытуға септігін тигізеді. Осының негізінде дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері пайдаланылады:

Бұл дидактикалық мақсаттағы ойындар - оқушылардың жан-жақты дамуына қызмет етеді. Олар сөздік ойындар, столда ойналатын ойындар, «Жұп картинкалар», «Лот», «Домино» балалардың ойлау қабілеттерін дамытады. Бұл сабақтардың мақсатты бағыттылығы әр түрлі:

- тәрбиелік- табиғатқа деген адамгершілік-этикалық позициясын, дүниетанымын қалыптастырады, ұйымшылдыққа, ұжымға тәрбиелейді;

- дамытушылық- ес, зейін, ойлау, қиял, шығармашылық қабілеті, симпатиясы, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын таба білу сияқты дағдысы дамиды;

- әлеуметтену- табиғатта және қоршаған ортада өз-өзін ұстай білуге үйрету; табиғат ортасына бейімделу.

Сондықтан осы қағидалардың негізінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудағы дидактикалық ойындарды пайдалану тиімділігі мына көрсеткіштер бойынша анықталады:

пән бойынша берілетін ойындар оқушының қызығушылығын тудыру үшін бір жағынан жаңа біліммен, екіншіден өткен тақырыптармен байланысты болуы тиіс;

оқу мазмұнындағы жаңалық - бұл оқушының әуестігі мен білуге құштарлығын оятады және бірте-бірте танымдық қызығушылықты қалыптастырады. Адамның белсенді бағдарлану үрдісімен бірге жүретін таң қалу, күтпеген нәрселердің болуы да бала үшін маңызды болып табылады. Оқу материалының жаңалығы оқушыларға жағымды эмоция тудырады. Оған жаңа деректер, мағлұматтар, теориялар, бұрын оқушылар күтпеген жаңалықтар жатады;

оқу мазмұнымен байланысты білім мазмұнының тарихи жаңалықтарды қамтуы. Танымдық қызығушылықтың дамуы жаңа материалға, тарихи жаңалықтарға сүйенетіндіктен, балалар сабақта өздерінің нені үйреніп жатқандығын саналы түрде сезінеді, жаңа мәліметтерді іздеуге ұмтылысы, ынтасы артады, ғылыми танымға жақындайды;

оқушыларға оқу мазмұнымен байланысты қазіргі ғылым жетістіктерінің болуы да танымдық қызығушылықты қалыптастыру үшін маңызды. Сонда ғана оқушы ақпараттың күрделілігін, қарама-қайшылығын айқындай отырып, оның нәтижесінен ізденудің, еңбектенудің, алдына қойған мақсатына жетудің қажет ететіндігін түсінеді;

білімнің өмірдегі практикалық құндылығы, ғылымды практикада қолдану қажеттілігін білуі және оны жүзеге асыруға ұмтылысы анықталды.

Дидактикалық ойынның сабақ барысындағы басты мақсаты - білім беруді ойынмен ұштастыру. Оқушының ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін айқындайды. Ойын бір қарағанда жәй әрекет сияқты болғанымен, ол ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы:

- қисынды ой-қабілетін дамытады;

- өздігінен жұмыс істеуге үйренеді;

- есте сақтау қабілеті дамиды;

- зейіні қалыптасады;

- байқампаздығы артады;

- ойынның ережесін бұзбау, яғни тәртіптілікке үйренеді;

- бір-біріне деген сенімдері артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды;

- ең бастысы сабаққа қызығушылығы артады.

Бүгінгі күн талабына жауап бере алатын дидактикалық орта әр түрлі жаңа технологиялар және ақпараттар легі толассыз жаңа нәтижеге ұмтылған инновациялық орта болып табылады. .[39].Ал дәл осы ортаны жасақтау қажеттігі келесі әлеуметтік және педагогикалық қажеттіліктермен сипатталады:

- оқушының оқу әрекетінің және жеке өз өмірінің толық дәрежелі субъектісі ете отырып, рөлін күшейту;

- оқушыда толассыз ақпарат әлемінде өзін-өзі ұйымдастыратын іс-әрекеті субъектісі сапаларын дамыту: нақты нәтижеге жеткізетін мақсат қоюда, өз әрекетін жүйелі жоспарлауда және оны жүзеге асыруда;

- оқу іс-әрекеті құралдарын, тәсілдерін, формаларын (жеке, топтық немесе ұжымдық) таңдау мүмкіндігі, өз бетіншелігі;

- оқушының іс-әрекетінде субъектілік тәжірибесінің өзектеніп, басым мәнге ие болуы;

- қазіргі ақпараттық технологияларды өз қажетіне қарай күнделікті тұрмыста еркін қолдана алудың өзектенуі.

«Дүниетану» оқу пәнінің жалпы мақсаты бастауыш білім беру деңгейінде білім алушылардың бойында жалпыадамзаттық құндылық ретінде табиғат, адамды қоршаған әлеуметтік орта, табиғат пен қоғамның бір-бірімен байланысы және өзара тәуелділігі түсініктері туралы білім жүйесін қалыптастыру.Дидактикалық ойындарды оқыту мен тәрбие құралына айналдыру үшін бірқатар әдістемелік талаптардың қатаң сақталуы тиіс:

1. Мұғалім ұлттық дидактикалық ойындардың неғұрлым көп түрін білуі тиіс.

2. Дидактикалық ойындарды балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылығына байланысты іріктей білу.

3. Ойын ережесін өзі жете біліп, балаларға да түсінікті етіп жеткізе білу.

4. Барлық ойындардың тәрбиелік мақсатын анықтап алу.

5. Ойын барысында ережені сақтауды қатаң түрде қадағалау.

6. Ойынға арналған құрал-саймандарды даярлау. Қажет болған жағдайда өз қолымен даярлау немесе басқа құралдармен алмастыру. Дүниетану сабақтарында ойын технологиясымен оқыту шеңберін жүзеге асыруға негізделген негізгі міндеттер:

-өзіндік жұмыстың дағдысын дамыту мен бекіту

-жағымды ойлай білу ептілігі

-өзара әрекет етуді ұйымдастыру

-шешімді қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру.

Дидактикалық ойын арқылы балаларда табиғатқа және әлеуметтік ортаға деген ғылыми-танымдық, эмоциялы-адамгершіліктік қатынастарды қалыптастыруға болады.Ойын оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырудың маңызды құралы. Сондықтан да бастауыш сынып оқушылары сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. Оларға пайдаланатын ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай күрделеніп отырады. Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздеймін. Оқу - тәрбие үрдісінде қолданылатын құралдардың бірі ойын. Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын,сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға ауысып, бейімделеді. Оны сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асыруға болады. «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп,- ?» Абай Құнанбаев бекер айтпаған болар. Көрнекті педагог В.А.Сухомлинский «Сабақ жас өспірімдердің интеллектуалды өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін ол қызықты болуы шарт. Осыған қол жеткенде ғана мектеп жасөспірімдер үшін рухани өмірдің тілеген ошағына, мұғалім осы ошақтың құрметті иесі мен сақтаушысына айналады» деп те, айтыпты.[34].Мұғалімнің қызықты сабақтары, сабақтағы мұғалімнің өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері шәкірт жүрегінен орын алары сөзсіз. Ойын - оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлерін орнымен қолданып, оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласын, пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады. Ойынды оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым, түсініктерді берік меңгеру мақсатында да жүргізіледі. Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын - сабақ, ойын - жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар, логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар т.б. Бұндай ойындар оқушыны жан - жақты дамытып,білімді толық игеруіне көмектеседі.Оқу үрдісінде кеңінен қолданылатын ойынның бір түрі - дамытушы ойындар.Дамытушы ойындарға қойылатын бірінші талап - оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамытабілсек,бұл талаптар келесі сұраныстарға жауап береді:

1.Білік пен дағдыны қалыптастыру;

2.Баланы жарыса білуге қалыптастыру;

3.Балаларға өзінің қабілетін көрсете білуге мүмкіндік беру.

Ойын түрлерінің материалдары сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сәйкес алынса, оның танымдық маңызы да арта түсіп, оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Мен дүниетану сабағында мүмкіншілігіне қарай қай тақырыпқа болмасын тиімді дамытушылық ойын түрлерін ойластырып, қолдануға тырысамын. Өзімнің іс - тәжірибемнен дүниетану сабақтарында пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлеріне тоқталайын.

«Қалалар» ойыны.

А

Т

Ы

Е

Б

О

Н

Қ

А

Р

А

Қ

Т

А

Т

У

А

З

О

С

Н

А

А

Ғ

С

Е

Е

А

У

Н

А

Л

М

Е

Й

Ы

Д

Т

С

А

Т

Ы

Мақсаты: Қазақстан Республикасының қала атауларын қаншалықты есте сақтағандарын тексеріп, қала атауларын дұрыс жазуға дағдыландыру.

Ойын шарты: тор көздің ішіндегі шашыраңқы әріптердің басын қоса отырып, тор көздердің ішінен қала атауларын тапқызу.

Білгішбектің хаты

Біз Білгішбектен хат алдық. Ол өзенге барып балық аулапты. Жинаған балықтарының атында «б» дыбысы бар екен. Ол сендерден көмек сұрайды. Қандай балықтар екенін айтып жіберейік. (бекіре, табан, алабұға, камбала)

«Сандар сыры»

Ойынның шарты:цифрлар арқылы жазылған сөздерді табу.

Қ Ң Ы Ж Р Ұ А Ш Б

1 2 3 4 5 6 7 8 9

472935 175 965871

«Адасқан әріптер»Шарты: әріптерден жануарлардың атын құрап жазур с а н т ы а к і т л ү қ ж б о ю

«Ұйқасын тап».

Алмастан тыным ,

Жағасында бұлақ,

Шабады ... құлын.

Жайылып жүр .... лақ.

Уылжыған албырт,

Дәмі ғажап ... Алмұрт

Шабақ аңдып жағада,

Шарқ ұрады ... шағала.

«Адасқан айлар».

Шарты: Төрт қорап дайындайсыз. Әр қорап сыртында жыл мезгіліне сай сурет болады, ай аттарын ауыстырып саласыз, оқушы әр айды жыл мезгіліне сай тауып салады. Бұл ойынды уақытпен ойнатуға болады. Ойын оқушының тез оқу, қимылдау дағдысын қалыптастырып, оқушының ай аттарын, жыл мезгілін есінде қалай сақтағанын бағалаймын. «Кім жылдам?» Төрт түлік малдың суреттері тақтада ілулі тұрады Сонымен балалар төрт түлік малдың қозысын, ботасын, бұзауын, құлынын тауып тақтаға шығып жазады. Бұл ойын балалардың тез ойлану, дұрыс жазу дағдыларын қалыптастырады.Қорыта келе,сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын - балалар үшін оқу әрі еңбек. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілікке,әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса,менің мұғалімдік міндетім осы ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Дүниетану сабағында ойын түрлерін қолданудың нәтижесінде оқушыларымның тіл байлығы артып, ойлау қабілеттерінің дамығанына көзім жетті. Төмендеу оқитын оқушылардың сабаққа ынтасы артып, психикасына сапалы өзгерістер әкеледі. Мінез- құлқы қалыптасып, таным қабілеті артты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын , ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. [17].Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, иглікті нәтижеге жетері сөзсіз. Ұстаз үйрену барысында ғана ұстаз , ал үйрену тоқтаған күні ұстаздық та тоқтайды,-деп, К.Д.Ушинский айтқандай, үнемі шеберлікті шыңдау жолында жаңа әдіс-тәсілдерді үйренуге, қолдануға ұмтыламын.Мысалы,Өсімдікке су және топырақ керек.
Сабақтың білімдік мақсаты: Оқушылардың өсімдікке қажетті жағдайлар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Сабақтың танымдық мақсаты: Өсімдіктер туралы әңгімелей отырып,айналадағы дүниені танып білуге қызығушылығын дамыту.Оқушы ойын кеңейту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты:Табиғатты қорғауға,сүюге,табиғат заттарына жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пирамидалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,түсіндіру,сын тұрғысынан ойлаудың элементтері Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта,слайд,суреттер,семантикалық карта,эмблема
Сабаққа керекті құрал-жабдық: Су,торыпақ,гүл,
Күтілетін нәтиже:
-өсімдіктер туралы толық мағлұмат бере отырып,олардың тіршілігін түсіндіре алады;
-жұмысты өз бетінше,топпен жоспарлап,бағалай алады;
-жұмыс барысында жауапкершілікті сезінеді.
-алған мәліметтерді талдап,өз білімдерін бағалай алады;
-түсінігін топтап, жүзеге асыра алады.
-оқушының сөзі жүйелі,қисынды,қорытындыны дәлелдей алады.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі
Ұжым болып пирамиданы тұрғызуға көмектесейік.
Олай болса іске сәт!
Психологиялық дайындық
«Бастапқы таныстық»
ІІ.Өткенді пысықтау.
Табиғат күлімсірер күніменен
Ән айтар бұлбұл сайрап түніменен
Көркіне көз тоймайды табиғаттың
Сұлулықты сүйе біл шыныменен.
(табиғатты сүюге,құрметтеуге тәрбиелей отырып,
өтілген тақырыпты қайталау)
«Күн көзін бұлт баспасын» Ойын шарты: берілген сұрақтарға жауап беру арқылы экраннан күн көзін шығару
-өсімдік мүшелерін ата
-өсімдік топтарын ата
-тамыр қандай қызмет атқарады?
-сабақ қандай қызмет атқарады?
Тұқымның түрлерін ата
«Сен білесің бе?» Бұл не?
-бір сөзбен қалай атауға болады?
-бұл өсімдік өсу үшін не қажет?
(кәне,керекті жағдайларды табайық)
ауа, су, жылу
Өсімдік, жарық, топырақ
«Мағынаны тану»
Өсімдік -тірі ағза.
Ол өсу үшін не қажет екен?
Өседі,гүл жарады, жемісін береді.
Ал осылардың бірі жоқ болса өсімдік нашар өседі.
Тіпті кейде біреуінің салдарынан тіршілігін тоқтатуы да мүмкін.
Соның бірі-су.Өсімдіктердің сынған жерінен оның бойында су бар екенін байқауға болады.
Суы жеткілікті өсімдік жайқалып өседі.(Суретпен жұмыс)
-Су өсімдікке не арқылы келеді?
Топырақ арқылы.Топырақтағы қоректі заттар сумен араласып ериді. Өсімдіктің тамыры суды бойына сіңіріп, келесі мүшелеріне жібереді.Шіріндісі көп топырақ өсімдік өсуіне өте қолайлы.
-Шірінді қайдан пайда болады?
Жыл сайын қураған өсімдіктердің жапырақтары сумен араласып,оның құрамын байытады.
Барлық топырақта бірдей шірінді көп бола бермейді.Ондай топырақты қолдан тыңайтады.
-Тыңайту үшін не керек деп ойлайсыңдар?
-көң,құстың саңғырығы, шымтезек,қарашірік.(суретпен жұмыс)
«Терең таныстық»
Оқулықпен жұмыс.
-Мәтінді тізбектей оқыту.
-Мәтінмен жұмыс жүргізу.
-Өсімдіктің өсуіне судың,топырақтың әсері қандай?
-Еріген тұздарды өсімдік қайдан алады?
-Өсімдіктің бойында судың бар екенін қалай білуге болады?
-өсімдік тірі ағза екенін дәлелдеу «Бой сергіту» «Жүйелі таныстық»
«Ой толғаныс» (проблемалық сұрақтар)
-өсімдік тіршілігі үшін не қажет?
-өсімдіктер адам өміріне қаншалықты әсер етеді?
-егер өсімдік болмаса жер бетінде не болар еді?
«Ой қозғау»
-өсімдік қалың өсетін жердің топырағы неге құнарлы болады?
Дәптермен жұмыс
-топырақты тыңайтуға қажетті қоректік заттарды дәптерге жазу
Көң -құстың саңғырығы-қарашірік-шымтезек
«Ойнап-ойлау»
Практикалық жұмыс жүргізу
Гүл егу (Оқушыларға гүл егу әдісін,оған керекті қажеттілікті пайдалана білуге үйрету)
Нәтиже
Сематикалық карта
Мәдени өсімдік. Топырақ. Су. Саз. Су топырақ
1.Өсімдік өсуіне ең қажетті жағдай
2.Табиғатта үш күйде кездесетін зат
3.Бидай
4.Өсімдік өсетін жұмсақ қабат
«Ой түйіндеу» сонымен бүгінгі сабағымызда нені білдік?
Өсімдік өсу үшін қандай қажеттіліктер бар екен?

Топырақты тыңайту үшін нелер керек?

Үйге тапсырма беру: Бақылау үй маңындағы топырақ қабаты ашық жерден оның құрамын анықтаңдар. Үй маңындағы және мектеп ауласындағы өсімдіктерді қалай суаратындығына назар аудар берілген мәтінді жақсылап оқу
М.Н. Скаткин «Бастауыш мектептегі жаратылыс сабағын оқыту» деген мақаласында автор оқушылардың дүниетанымын кеңейтетін материалдарды оқытудың маңызын айта келе , оларды оқытудың ерекшелігін талдайды. Кітаптан оқытып, ауызша түсіндіріп, оқушылырдың тақырып мазмұнын тек тыңдау арқылы түсінуін саналы меңгеру деп айтуға болмайтындығын айтып, « Өзіңіз өмірде көрмеген аңның бейнесін кітаптан оқығаныңыз бойынша көз алдыңызға елестетіп көріңіз. Үлкен адамның өзі де кітаптан оқу бойынша аңның не бір заттың бейнесін көз алдына елестете алмайды» - деп, мұғалімдерді шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге шақырған. Педагог - ғалым В.Г. Оконьнің айтуы бойынша: « Оқушыларды дифференцациялап оқытуға үлкен мән береді. Оқуды оқушылардың білім деңгейлеріне қарай ұйымдастырып, жақсы, орташа, нашар оқитындарды анықтап алғаннан кейін олардың әрқайсысына лайықты тапсырмалар беру арқылы оқушылардың оқу әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолын табуға болады деп қараған.Зерттеушілердің басым көпшілігі жеке пәндер бойынша оқушылардың оқу әрекеттерінің түрі мен деңгейін анықтаумен шұғылданған. [13]. Сабақта оқушыларға деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жүргізу арқылы оларды шығармашылыққа жетелеп, оқушыларды практикалық әрекет үстінде біртіндеп заттың ішкі мәніне түсіндіріп, теориялық білім беріп, алған білімдерінен кейін сол практикалық мақсаттарды іс жүзінде шешуге , оны өмірде қолдануға көмегін тигізері сөзсіз. Мысалы,
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы құбылыстар .





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал