7


  • Учителю
  • Дала өсімдіктері мен жануарлар (4сынып)

Дала өсімдіктері мен жануарлар (4сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: Сыныбы: Пән атауы:

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлары

Сабақтың мақсаты:

І Білімділігі: Оқушылардың білім- білік дағдыларын қалыптастыра отырып, дала, ормансыз алқап, далалық белдеу, оның ерекшеліктері және дала жануарлары мен өсімдіктері туралы түсінік қалыптастыру.

ІІ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, логикасын, ойлау қабілеттерін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын, ой-өрістерінің дамуына жағдай туғызу. Логикалық ойлау, елестету, қабылдау, есте сақтау, бақылағыштық қасиеттерін дамыту.

ІІІ Тәрбиелігі: Ауаның қоршаған ортаға әсері туралы мол екендігін айта отырып, айнала қоршаған ортаны, табиғатты, жер бетіндегі тіршілікті сүюге, қорғауға, қамқор, әрі бауырмал болуға, білімпаз, табиғаттың қорғаушылары болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау элементтерін қолдану, сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топпен жұмыс.

Көрнекілігі: Қазақстанның табиғи белдеулер зонасының картасы, табиғат туралы жазылған музыкалық шығармалар, бейнетаспа, дәнді - дақылдар.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.

3. Оқушыларды тексеру, сабаққа келмеу себебін анықтау. Жұмыстың жүргізілу түріне қарай топтастырып отырғызу.

4. Оқушылардың көңілін, назарын, сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

5. Ойға шақыру.

ІІ. Өткен материалды еске түсіру/ Жалпылау:

1. Үй тапсырмасын сұрау, тексеру.

2. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау, анықтау.

3. Оқушының сөйлеу қабілетін, сөйлеу тілін сөздік қорын байқау.

4. Неге көңіл аудару қажеттілігін анықтау, ескеру. Жан-жақты тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақтың тақырыбы: Дала өсімдіктері мен жануарлар

Шалғын өсімдіктері мен жануарлары салынған суреттер көрмесі.

Көкнәр Жауқазын Сарыгүл Боз

Оқушылар салған суреттері туралы әңгімелейді. Дала - ормансыз алқап. Дала шалғынды немесе қуаң болып келеді. Көктемде даланы шөптесін өсімдіктер басады. Қазақстанның табиғи белдеулер картасымен жұмыс.

  • Картаға қарап, даланың қандай болатынын айтыңдар.

  • Дала шалғынды, қуаң дала, егістік болып үш түрге бөлінеді. Шалғын өсімдіктері: жанаргүл, қоянбұршақ, т.б. Қуаң далаға тән өсімдік - боз. Боздың жапырақтары ұзын және түтікше сияқты оратылып, жіңішке болып келеді. Егістік даласына бидай, қара бидай, сұлы, арап, қарақұмық, т.б. ауыл шаруашылық дақылдары егіледі.

Түсінгендері бойынша даланың түрлерін сызбаға түсіреді.

шалғынды

Дала қуаң

егістік

Топпен жұмыс: 1 - топ. « Шалғынды дала». 2 - топ. «Қуаң дала». 3 - топ. «Егістік». 4 - топ. «Дала жануарлары мен өсімдіктері».

Пікір - талас.

  • Дала белдеміндегі өлі және тірі табиғаттың қандай ерекшелігі бар?

Салыстыру жұмысы.

  1. Дала түрлерінің бір - бірінен қандай айырмашылығы бар?

    Шалғынды дала

    Қуаң дала

    Егістік дала




  2. Егістік даладағы адамның еңбегі туралы әңгімелеу.

Егістік дала. Бидай ( күздік, жаздық). Мал шаруашылығы

Қарабидай ( күздік , жаздық ). Суармалы жерлер. Күріш, мақта, жүгері, жүзім, қауын, қарбыз. Сұлы, арпа, тары, қарақұмық.

Пікір айт.

  • 1954 жылы басталған тың игеру жұмыстары қандай пайда, қандай зиян келтірді?

Шалғынды далаға сырттай саяхат жасау.

  1. Оқушылар көздерін жұмып отырып, шалғынды дала жануарларының дауыстарын таспадан тыңдау арқылы олардың аттарын атау.

  2. Шалғынды даланы кескін картада белгілеу.

ІV. Сергіту сәті: Қорбаңдаған аюдың, Теріп - теріп алайық,

Құлпынайы көп екен. Қалтамызға салайық!

V. Сабақты қорытындылау:

Сұрақ - жауап арқылы білімдерін тексеру.

  • Құстар мен аңдар немен қоректенеді? Олар ұялары мен інін өай жерлерге салады?

  • Өсімдіктер мен жануарлар даланың табиғи жағдайларына қалай бейімделеді?

Тәуелділік тізбегін құрастыру:

Өсімдіктер → кеміргіштер → құстар (жыртқыш)

Шөптер → жәндіктер → құстар (кеміргіштер)

Дәнді дақыл → мал → адам ←.

Экологиялық мәселе.

  • Адам тіршілігінен қандай экологиялық мәселе туындайды?

  • Олардан қалай құтылуға болады?

VII. Үй жұмысы: 52- 53 бет «Дала өсімдіктері мен жануарлары » мәтінін оқу. Қосымша дала жануарлары мен өсімдіктері туралы оқып келу.

VIII. Бағалау: Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, жеткен жетістіктерін айта отырып білімдерін бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал