- Учителю
- Мың мақал (тәрбие сағаты 4-сынып)
Мың мақал (тәрбие сағаты 4-сынып)
«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі » КММ
(ойын)
7-сынып жетекшісі : Г.Б.Конысбекова
2013-2014 оқу жылы
Бекітемін :
Тәрбие ісі жөніндегі орынбасар:
Л.Т.Карипбаева
-----------------------------------------
Тақырыбы : "Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ"
Мақсаты : Қазақ халқының асыл қазынасы мақал-мәтел және жұмбақ туралы оқушылардың білімдерін толықтыру . Адамгершілікке тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру .
Көрнекілігі: шарлар , проектр , слайдтар
Барысы:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі "Мың бір мақал , жүз бір жұмбақ" ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Ахмет Байтұрсынов атамыз айтқандай "Мақал да тақпаққа жақын салт -санасына сәйкес айтылатын пікірлер .Тақпақтан гөрі мақал маңызды , шынайы келеді .
Мәтел дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі -белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады . Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады . Мәтел ақиқат жағын қарамай , әдетті сөз ретінде айтылады . Ал жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде , халық арасында бағалы болған. Жұмбақ адамның дүние тану жолындағы ойының , қиялының шамасын білдіреді . "
Ойынымыздың әділ төрелігін беретін қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Тәрбие ісінің меңгерушісі : Лаура Төлегенқызы
Сынып жетекшілер бірлестігінің жетекшісі : Салтанат Оқанқызы
Бастауыш пәндер бірлестігінің жетекшісі : Құралай Нұрахметқызы
Ойынымызды бастамас бұрын ойын шартымен таныстырып өтейін .
1. Мақал -мәтел сайысы
Бұл сайыста сіздерге Отан,туған жер туралы және ерлік, батырлық туралы мақал -мәтел беріледі . Мақалдың бастапқы бөлігін оқимын , мақалды өздерің аяқтайсыңдар.Осы ойында жеңіске жеткен оқушы шешуші кезеңге өтеді .
Ортаға мақал -мәтел сайысын қатысатын оқушыларды шақырамыз .
1. Бибигуль Қайратқызы
2. Айгерім Нұрланқызы
3. Аскар Ерікұлы
4. Диана Серікқызы
5. Жасболат Әсетұлы
Отан , туған жер туралы мақал -мәтел
1.Отан -қуат,(Отбасы -шуақ.)2.Көп біріксе -ел болар ,
(Көп тілегі көл болар )
3. Ел ағасыз болмас ,
(Тон жағасыз болмас )
4. Елің -панаң,
( Жерің анаң)
5. Кісі елінде сұлтан болғанша ,
( Өз еліңде ұлтан бол)
6. Отансыз адам,
( Ормансыз бұлбұл)
7. Көшбасшысы жоқ ел оңбайды
(Құралай бастаған киік оңбайды .)
8.Көптің күші көлдей ,
( Көшіп жүрген елдей )
9.Көп білсең де ,
(Көптен артық білмейсің)
10.Ел жаусыз болмас ,
(Жер таусыз болмас)
Ерлік батырлық туралы мақал-мәтел
1.Батыр туса ел ырысы ,
( Жаңбыр жауса жер ырысы )
2. Ерлік -білектен емес, (жүректен)
3.Еменнің иілгені сынғаны ,
( Ер жігіттің ұялғаны өлгені )
4.Қоянды қамыс өлтіреді ,
(Ерді намыс өлтіреді )
5.Ерді көрсең қыдыр тұт,
( Асты көрсең қадыр тұт)
6. Жүкті нар көтерер,
( Қайғыны ер көтерер)
7. Ат - ерінді келер ,
Ер мұрынды келер .
8.Ер салмағын ел көтереді ,
( Ел салмағын жер көтереді)
9. Айнымас жүрек , ер көңіл,
(Ер жігіттің серігі )
10.Ер бір рет өледі ,
( Қорқақ мың рет өледі )
11.Жақсы аттың жалын сақтағанша ,
( Жақсы ердің көңілін сақта )
Қазылар алқасы мақал -мәтел сайысының қорытындысын шығарғанша
ортаға Муратова Бибигульді "Жаса Қазақстан" әнімен ортаға шақырамыз.
2. Жұмбақшылар сайысы
Жұмбақшыларға "Аспан , жер туралы " , "Оқу,білім ", " Тағам " туралы жұмбақтар қойылады . Жұмбақты тез , жауабын нақты тапқан және ұпай саны жоғары оқушы шешуші кезеңге өтеді . Жұмбақшы сайыскерлерімізді ортаға шақырамын .
1. Жупар Жақсылыққызы
2.Ернұр Амангелдіұлы
3. Жазира Ерболатқызы
4. Құрман Еркінұлы
5.Мерей Айболатұлы
Аспан , жер туралы
1. Ақ сандығым ашылды , ішінен жібек шашылды .
2. Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын.
Жаз шіріп , қыста үсіп тоңбайтұғын.
Жаханның жерін ,суын ,жәндіктерін
іші кең бәрін салсаң сыймайтұғын (Аспан)
3.Тақиям толған сөк , ерте тұрсам дым да жоқ.
4.Өлшеусіз піштім ,
жіпсіз тіктім (жер)
5.Қуып едім мойын бұрмады ,
Ұстайын деп едім қолға тұрмады ( боран)
Тамақ туралы жұмбақ
1.Алыстан қарасам аппақ,
Татып қарасам тәтті-ақ.(қант)
2. Судан шығады , судан қорқады .(тұз)
3.Үсті тас .
Асты тас ,
Ортасында піскен ас ( таба нан)
4.Сылдыр сұйық су емес
Ішсең сусын қанады
Ақ болса да қар емес
Шешуін кім табады ? (с үт )
4.Кішкентай құдығымның суы тәтті ( жіліктің майы)
5.Қиып қойсаң анасын
жеуге болар шикідей
бұл іске қайран қаласың ( Күнбағыс)
Оқу білім туралы
1.Жер көрдім қаласы бар ,
үйлері жоқ мекендейтін
көл көрдім , өзен көрдім
сулары жоқ тереңдейтін ( карта )
2.Бір жорға бар шабысты,
Ақ аңызға жабысты,
жорғаласа тайпалап ,
келтірер көп табысты ( қарындаш)
3.Қабат -қабат қаттама
ақылың болса аттама (кітап)
4.Екі басты айдахар қара суды ішеді
қайта құсып ақ жерге , өрнектері түседі (қалам)
5.Онсыз жаңа іс болмас
адамның қылар ісі еді ( қалам ұш)
6.Аяғы жоқ жүреді ,ауызы жоқ сөйлейді (кітап)
3. "Ойлан тап" кезеңі .
Бұл сайыста жұмбақшы сайыскерімізге жұмбақ қойылады . Жұмбақтың жауабын тапса , мақалшымыз ішінде жұмбақтың шешуі кездесетін мақал құрастырады . Жылдам , әрі тез жауап берген оқушыға ұпай саны қосылып отырады .
1. Дүниеде бір найза бар сапталмаған,
Өзінің асты кеуек, үсті жалтыр.
Қазандай қара тастың бауырында
Бір түйір адам таппас зәрлі жатыр. (Жылан)
Жауабы :
Жылы -жылы сөйлесең жылан інінен шығады ,
Қатты -қатты сөйлесең кәпір дінен шығады .
2.Көк көйлекті жеңешем, көлбең-көлбең етеді .
Артындағы баласы елбең-елбең етеді . (түтін)
жауабы :
Туған жердің түтіні жақсы
3.Тап-тап , тап жорға
Табаны үшкір көк жорға .
Желіп кетсе жеткізбес,
Жерге түссе табылмас . ( ине )
жауабы :
Білім инемен құдық қазғандай .
4.Өзі тоқ, көлеңкесі жоқ. (құдық)
жауабы : Су ішкен құдығыңа түкірме .
5.Басқан жері бармақтай , жүрген жері атандай . (таяқ)
жауабы : Аюға намаз үйреткен таяқ
Жеңіске жеткен оқушылар алғыс хатпен және дипломмен марапатталады .
«Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі » КММ
(ойын)
7-сынып жетекшісі : Г.Б.Конысбекова
2013-2014 оқу жылы
Тақырыбы : Болашақтың іргесін бірге қалаймыз.
Мақсаты :
Білімділік : Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының мән -мазмұнын талдау.
Тәрбиелік : оқушылардың ұлттық сезімі мен азаматтық қасиеттерін, патриоттық құндылықтарын шыңдауға дағдыландыру .
Дамытушылық : оқушылардың жаңа заман талабы бойынша туындап отырған жаңалықтарға деген өз бетімен ізденушіліктерін еркін де көркем тілде ортаға сала білу дағдыларын қалыптастыру .
Көрнекілік : Проектр ,слайдтар , Н.Назарбаевтың кітаптары ,нақыл сөздер.
( Болашақтың іргесін бірге қалаймыз .
«Өзіңдікі туың да ,
От пен ауа суың да .
Жаса Қазақстаным ,
Белді бекем буын да .»
Барысы :
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы - «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз ».
ҚР әнұраны орындалсын. ( оқушылар орынынан тұрып , ҚР Әнұранын орындайды ).
Мұғалім:
Балалар ортаға шеңбер құрып тұра қалайық. Қараңдаршы біздің шеңберіміз қандай керемет .Ол жай шеңбер емес , оның сиқыры бар . ( Шеңбер бойымен алдын ала дайындалған айналар қойылған). Әрбірің өз айналарыңды алып қарасаңдар, бір құпия табасыңдар.
( егер күлкі бейнеленсе -онда бір-бірімізге күлімдей қараймыз, алақан бейнеленсе -қолымызды қысып амандасамыз ,күн бейнеленсе -жақсы ықыласпен сәлемдесейік, жүрек бейнеленсе -құшақтасайық)
Оқушылар :
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толы жанымыз , жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
1-оқушы :
ҚР Елбасшысы Н.Назарбаев Елбасы болып қайта сайланған күні , халық алдында ант беру рәсімі кезінде Қазақстанды бәсекеге қабілетті , экономикасы дамыған елу елдің қатарында көргісі келетін арманы бар екенін айтқан .Сол арман идеясын осы жылғы Қазақстан халқына жолдауында нақтылай түсті . Елбасымыздың «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»» Жолдауы тарихи маңызға ие. Елбасымыздың жолдауын тыңдаған сыныптастарым да , ата-анамда , халқымыз да Елбасы жолдауына өз үндерін қосып жатыр .Мен бұл жолдаудан өркениет жолына түскен дамудың келешегін көріп отырмын .Елбасы жолдауының орындалуы үшін халықтың бірлігі нығая түсуі керек . Терең білім мен отансүйгіштік қасиет қазақ жеріндегі мектеп қабырғасындағы оқушыдан ақ сақалды қарияға шейін болуы керек деп ойлаймын .
2-оқушы :
Біз расында да бақытты жастармыз . Еліміз -Тәуелсіз Қазақстан Республикасы . Халқымыз тату-тәтті. Мектебіміз жаңа заман талабына сай . Неткен ғажайып күн , неткен бақытты баламын мен. Өз сыныбымда . Өз достарым мен ата-анам қасымда . Шынында Қазақстан Республикасының мәртебесі жыл өткен
сайын көтерілуде . Мемлекетмізде бүкіл әлемдік стандартқа сай жоғары оқу орындары салынуда . Бұл дегеніміз - Қазақстан бүкіл әлемдік білімділер сайысына қатысуға бейім деген сөз. Мемлекетімізде мектептер мен ауруханалар саны жыл өткен сайын өсуде . 22 жылдық тарихы бар Тәуелсіз Қазақстан қаншама жетістіктерге жетуде .Мұның бәрі халқымның адал ниеті , Елбасымыздың озық ойлы ойлылығының арқасы деп білемін. Қазақстан , көркейе бер, гүлдене бер !
3-оқушы
Елбасшымыз Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы - барлық саланы қамтитын және үздіксіз өсуді қамтамасыз ететін жаңғыру жолы. Ол - елдігіміз бен бірлігіміз, ерлігіміз бен еңбегіміз сыналатын, сынала жүріп шыңдалатын үлкен емтихан. Стратегияны мүлтіксіз орындап, емтиханнан мүдірмей өту - ортақ парыз, абыройлы міндет!-деген болатын.
Мәңгілік Ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.
Ол арман - әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді.
Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.
Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - Мәңгілік Ел идеясы.
4-оқушы
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі - Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық.
Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады.
Ендігі ұрпақ - Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы - Мәңгілік Ел!
Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары - «Қазақстан-2050» Стратегиясының түп қазығы етіп алдым.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда қиын.
Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.
Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана - Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Бұл үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
«Қазақстан-2050» - Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, қадірлі халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін Елдігіміз Мәңгілік!
Мұғалім :
Оқушылар президенттік қызмет туралы кім айтады , ол қызметті қандай адам атқара алады ?
Елдің , халықтың сенімін ,үмітін, бабалар аманатын арқалаған -ең жауапты , ең қиын міндет . Бұл қызметті Отаны мен халқын шын сүйетін, ұлттық тілі , тарихы , мәдениетті құрметтейтін, ел үшін отқа түсе алатын нағыз патриот қана атқара алады .
(ҚР президенті , әнұранның авторы ,жоғарғы сот кеңесінің төрағасы ,бас қолбасшы , дүние жүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы ,ұлжанды азамат ,ақын (Сарыарқа , Үшқоңыр, Елім менің ), ұлағатты әке, мейірімді ата .
Оқушылар «Менің елім -Қазақстан » тақырыбында жазған шығармаларын оқиды , Елбасы туралы және Қазақстан Респуликасының даму жолы тақырыбындағы слайдтарын қорғайды .
Мұғалім :
Ендігі жұмыс -викториналық сұрақтарға жауап беру :
- Түркі тілдес халықтардың арғы ата-бабасы кімдер ? ( Ғұн , сақ, үйсін , алан, қаңлы )
-ҚР КСРО құрамында 1920 жылы тамыздың 20-да Автономиялы Республика болып құрылғанда өз туы , елтаңбасы , әнұраны болды ма ? (жоқ)
- Рәміз дегеніміз не ? ( бір нәрсені өз қалпынан өзге , жанама сипаттап көртсетуден туатын сыр-таңба , эстетикалық категория , шартты белгі )
- «Елдің жеті белгісі деп нені айтады ?» ( ту , елтаңба , әнұран ,төлтұмар , елұран, елтеңге , ұлт жазуы )
Қорытынды :
Көрініс
Таңертеңгі астың кезі
Сұлтан (Жасболат ) : Жеңеше , мен бір керемет түс көрдім.
Анасы ( Айгерім ) : Ол қандай түс балам ? ( елең ете қалады )
Сұлтан : мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арақалап шығыппын.Тұзды жотаға алып шыққаным сол еді , ауыл жаққа қарасам , менің класым да ,
мектебім де , мектептегі балалар да , Шамалған ауылының бәрі төме-е-н жақтан көрінді . Соны өзім арқалап шығарған тұз толы қаптың үстінен қарап көрдім .
Анасы : Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен. Тұз деген жақсы нәрсе , алла тілеуіңді берсін балам. Мәнсабың жоғары , өрең терең , несібең аса мол , еңсең биік болады екен.
Анасы баласына ақ батасын береді .