7


  • Учителю
  • 'Ер тарғын мен Тарлан аттың ерлігі' - әдебиеттік оқу 4 сынып

'Ер тарғын мен Тарлан аттың ерлігі' - әдебиеттік оқу 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ер тарғын мен Тарлан аттың ерлігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Оқушылырдың мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіре отырып, түсініп оқуға, жырдың негізгі идеясын анықтауға, сипаттау мәтінін құруға, түсінгенін жүйелі баяндауға дағдыландыру.

  2. Әр оқушының өзіндік қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулу, тақырыптас шығармаларды салыстыра білу арқылы шығармашылық, танымдық қабілеттеріне жол ашу.

  3. Ұлттық дүниетанымға, Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерліктерін танып, білу арқылы оқушы бойында ел батырларын мақтаныш тұтып, ерліктерін жүрегінде ұстауға, Отанын, туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Ер Тарғын, Тарлан аттың суреттері. Қазақтың халық батырлары,ұлт мақтаныштарының суреттері, қазақ батырлары кітаптары, «Ер Тарғын» жырынан үзінді.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Үй тапсырмасын қорытындылау.

Қызығушылығын ояту.

Айбалта, дулыға, қалқан,қылыш, найза, сауыт, семсер, шоқпар деген қару-жарақ аттарын естігенде, көз алдарына кім елестейді? Неліктен?

  • Қандай Қазақ батырларын білесіңдер?

«Топтастыру» стратегиясы арқылы орындау.

  • Тарихи кезеңдерге бөліп айта алар ма едіңдер?

Бұл аталған батырлар ертегі кейіпкерлері, халық ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры, тарихта ізі мәңгілік қалған атақта батырлар екенін атап өту. Бар болса, суреттерімен таныстыру.
Әр тарихи кезеңге байланысты қару-жарақты бөліп айту.

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Батырлыр жыры-жыршылар арқылы бізге дейін жеткен ауыз әдебиетінің түрі.

Батырлыр жыры-басқыншылырдан елін, жерін қорғаған батырлардың ерлік істері жайында айтылатын дастан.

Ең көп тараған батырлар жыры: «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Алпамыс», «Ер Қосай», т.б.

Ер Тарғын мен Тарлан аттың ерлігі туралы жырдан үзінді тыңдау.

  • Қандай әсер алдыңдар?

  • Сендер сипаттаған батыр кейіпкерге ұқсай ма екен?

Кітаппен жұмыс. «Түртіп алу» стратегиясы бойынша орындау.

  • Мен білемін

  • Мен білмедім

  • Мен үшін жаңа

  • Таңқалдым, сұрақ туды.

Жыр үзіндісін түсініп оқу.

Ойтолғау .

Халықтық талап

Талапқа сай түсінік

Кескін-келбетті

Еңсегей бойлы,терең ойлы,өткір көзді,қара қасты,кең маңдайлы,қыр мұрынды,қия мұртты,кең иықты.

    Қадір-қасиеті

    Қырандай алғыр,сұңқардай өр, арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қасқырдай өжет.

      Қабілет-икем

      Ел басқарады, дау шешеді, жомарттық жасайды.

        Адалдығы

        Туған елі мен дос-жаранына адал болады.

          Шыншылдығы

          Ханнан да қаймықпастан турасын айтады.


          Сабақты бекіту.

          Сабақтан алған әсерін Ауызша немесе жазбаша орындау.




           
           
          X

          Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

          После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

          Кнопки рекомендации:

          загрузить материал