7


  • Учителю
  • Сабақ Ц дыбысы мен әрпі(1-сынып)

Сабақ Ц дыбысы мен әрпі(1-сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы

Сабақтың мақсаты: ц дыбысының қатаң дауыссыз дыбыс екені, орыс және шет тілдерінен енген сөздерде ғана кездесетінін түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, карточкалар.

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген жаттығудың қалай орындалғаны тексеріледі.

ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе:

Ц дыбысы туралы алған білімдері пысықталады.

Сабақ Ц дыбысы мен әрпі(1-сынып)

Ц

«П» әрпі шалқалап,

Арқасымен жатқандай.

Жіңішкелеу арқан ап,

Оң жағына таққандай.







Фонетикалық жаттығу.

Балапандарды қалай шақырамыз? (цип-цип)

Кім зейінді?

1. Сөздердегі бірдей дыбысты табыңдар: концерт, циркуль, цирк, полиция, цилиндр.

2. Сөзден сөз жасаңдар. ОПЕРАЦИЯ (опера, рация)

Сөздерді «Ц» дыбысы сөздің қай бөлігінде тұрғанына байланысты сандықшаға сал.

Сабақ Ц дыбысы мен әрпі(1-сынып)Сабақ Ц дыбысы мен әрпі(1-сынып)









Ц... ...ц...



Цифр центнер циркуль авиация

Цемент концерт милиция цирк

Әріпті жұмбақ

«Ц»

Сырықта жоқ

Циркте бар.

Сыныпта жоқ

Цинкте бар.



Анаграмманы шеш.

Оцерктн, криц, оиферц.



Сөйлемдердің ішінен «ц» әрпі бар сөздерді көшіріп жазыңдар.

Менің анам «Баян-сұлу» кондитер фабрикасының дайын өнім цехында жұмыс істейді. Мен достарыммен циркке бардым. Біз циркульмен шеңбер сыздық. Біздің мектепте балалар күніне арналған концерт өтті.



ІІІ. Жаңа сабақ

1. Оқушылардан ц дыбысы туралы не білетіндерін сұрау; ц дыбысын айтып үйрену.

2. Шығармашылық диктант.

Тақтаға төмендегі заттардың суреті ілінеді:

- апельсин, лимон, мандарин, ананас;

- циркуль;

- цирк.

Оқушылар оларды жинақтап, мынадай үлгіде бірнеше сөйлем құрастырып жазады.

Үлгі:

1.Апельсин, лимон, мандарин, ананас - цитрустар.

2.Циркуль - геометриялық фигура сызатын құрал.

3.Циркте жануарлар өнер көрсетеді.

4.Цилиндр - геометриялық фигура.

- Ц дыбысы қай сөздерде кездесіп тұр?

- Циркуль, цитрус, цирк сөздерінде.

- Ц қандай дыбыс?

- Ц - қатаң дауыссыз дыбыс.

- Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

- Конституция, авиация, т.б.

- Ц дыбысы сөздің қай буындарында кездесіп тұр?

Сөздің бастапқы және ортаңғы буындарында кездесіп тұр.

3. Кестемен жұмыс



Ц дыбысы

1.Қатаң дауыссыз дыбыс.

2.Тіс пен тілдің қатысуымен жасалады.

3.Орыс және өзге шет тілінен сөздер де ғана кездеседі.

4.Сөздің басқы және ортаңғы буындарында кездеседі.



бойынша ц әрпінің емлесі түсіндіріледі.

4. Оқулықпен жұмыс

1-жаттығуда берілген сөздер оқытылып, сөздік жұмыс жүргізіледі. Содан соң сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.

2 - жаттығу. Мәтін оқытылады. Цирк сөзіне дыбыстың талдау жасатылады:

Цирк - 4 дыбыс, 4әріп, бір буынды сөз.

Ц - қатаң дауыссыз дыбыс.

И - дауысты дыбыс.

Р - үнді дауыссыз дыбыс.

К - қаттң, дауыссыз дыбыс.

5. Ереже пысықталады. Осыдан кейін 3 және 5-жаттығу орындалады.

6.Ц дыбысы мен әрпі бойынша дидактикалық материалдарда немесе «Қызықты грамматикада» берілген тапсырмалар орындатылады.

VІ. Сабақты қорытындылау

1.Сұрақтарға жауап беру

- Ц қандай дыбыс?

- Ц дыбысы кездесетін сөздерге мысал келтіріңдер.

- Ц дыбысы сөздің қандай буындарында кездеседі?

- Сөздің бастапқы және ортаңғы буынында кездеседі. Мысалы: цистерна, экспедиция, цемент, т.б.

2. «С әріпі ме әлде ц әрпі ме?» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға кейбір әріптері түсіп қалған сөздер жазылған плакат ілінеді. Оқушылар жоқ әріпті тауып фломастермен жазады. Мысалы:

...аябақ, қа...ық, ...иклон, ...ауы...қан, ...иркуль, ...ентнер, а... қабақ, бары..., ...ирк, кон...титу...ия, ...линдр.

- С дыбысы мен ц дыбысы туралы не білеміз?

- Екеуі де қатаң дауыссыз дыбыс. Ц дыбысы тек орыс және шет тілдерінен енген сөздерде кездеседі.

V. Үйге тапсырма беру

4 - жаттығу







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал