7


Сайыс сабақ 'Зерде' 3-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: «Зерде» сайыс сабағы


Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан-жақты болуға,өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу,логикалық ойлауларын қалыптастыру,дарынды,озық болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, сигналдық белгі.

Түрі: сайыс

Барысы;

Мұғалім:

Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған қауым,ардақты ұстаздар,қадірлі қонақтар. «Зерде» атты сайысымызға қош келдіңіздер.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың,

Қиындықтан өткізер.


Бүгінгі сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.


Достық пен бірлікті етіп тұлға,

Жеңіске жеткен едің талай сында.

Қара қылды қақ жарып әділ қазым,

Еңбегін тапқырлардың әділ сына, деп әділ қазы алқаларымен танысып өтейік.


1.

2.

3.


Көңілді тапқыштар, алғырлар,

Бар өнерін алдарыңа салады.

Кім білімді,көп оқыған болса,

Бүгінгі күн жеңімпазы болады.


Ендеше алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.

1. «Сұңқар» тобы

Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,

Ізденуден жалықпаймыз.

2. «Тұлпар» тобы


Ұраны: Біз талапты баламыз,

Білімнен нәр аламыз.


3. «Қыран» тобы

Қыран құстай самғаймыз,

Қанат қағып қалмаймыз.

Құрметті ұстаздар, оқушылар 2 сынып арасындағы оқушыларының білімдерін зерделейтін «Зерде» атты сайысымыз мынадай бөлімдерден тұрады.

1. Білгенге маржан. (Сұрақ-жауап)

2. Кім шапшаң (Қазақ тілі. Сөзден сөз шығару)

3. Математик

4. Құрастырма сурет

5. Жұмбақ шешу

6. Сөз тапқанға (Әр суырып шыққан әріптен басталатынсөздермен жауап беру)


Білген сайын келеді, біле бергім,

Біле беру емес пе тілегі елдің.

Бүгін осы сайыста жеңіске жет,

Білімді, әр білікті жас жеткеншек.


Сайысымыздың 1-бөлімін бастаймыз.

1-бөлім «Білгенге маржан» (Сұрақ-жауап әр бір дұрыс жауап берген сұраққа 1 ұпай)

1 «Сұңқар» тобы

1.Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)

2.Сөйлем неден құралады? ( Сөзден)

3.Төрт түлікті ата. (Сиыр, қой,түйе,жылқы,ешкі)

4.Жыл мезгілдерін ата. (күз,қыс,көктем,жаз)

5. «Кел,балалар оқылық» өлеңін кім жазған? (Ы.Алтынсарин)

6. Дауысты дыбыстар неше бөлінеді ? (2жуан, жіңішке)

7. Қыс айларын ата. (желтоқсан,қаңтар, ақпан)

8.Түйенің сүті (шұбат)

9.Бір аптада неше күн бар? ( 7)

10. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров)

11.Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

12.Өлі табиғатқа не жатады? (тау,тас,бұлт,су)

13.Көру мүшесі (көз)

14. 1 сағатта неше минут бар? (60 минут)

15. Жұмыртқа сөзінде неше буын бар? (3 буын)

2. «Тұлпар» тобы

1. Қазақстанның Республикасының президенті? (Нұрсұлтан Назарбаев)

2. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (3қатаң,ұяң,үнді)

3. Күз айларын ата. (қыркүйек, қазан,қараша)

4. Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам,жануар, өсімдік)

5. Бірде дауысты,бірде дауыссыз болатын дыбыс. (У)

6.Шөлге шыдамды жануар. (Түйе)

7. Бір жылда неше ай бар. (12)

8.Иіс сезу мүшесі. «мұрын)

9.Үш биді ата. (Төле би,Айтеке би ,Қазбек би)

10.Жылқының сүті. (Қымыз)

11. «Отан туралы» кімнің өлеңі? (Мұқағали Мақатаев)

12.Табиғат нешеге бөлінеді? (2 )

13. Балапан сөзінде неше буын бар? (3)

14. Адамға өмір сүру үшін не қажет? (Ауа,су, жылу,жарық,тамақ)

15.Бағдаршамның неше көзі бар? (3)


3. «Қыран» тобы

1. Абай Құнанбаев кім? (ақын,жазушы)

2. Көктем айларын ата. (наурыз,сәуір,мамыр)

3. Бір айда неше апта бар? (4)

4. Сөйлем түрлерін ата? (хабарлы,сұраулы,лепті)

5. Дыбыстар нешеге бөлінеді? (2дауысты, дауыссыз)

6. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын кім жазған? (А Байтұрсынұлы)

7. Есту мүшесі. (құлақ)

8. Қазақстан Рәміздерін ата. (ту,гимн,елтаңба)

9. Абай Құнанбаевтың әжесі кім? (Зере)

10. Бағдаршам сөзінде неше буын бар? (3)

11.

12.

13.

14.

15.

Асықпаймыз, саспаймыз,

Ұшқыр ойға бастаймыз.

Тақтадағы сөзден,

Бірнеше сөз құраймыз деп сайысымыздың 2-бөлімін бастаймыз.

«Кім шапшаң?» ( Қазақ тілі сөзден сөз шығару.Әр бір сөз 1 ұпай)

Қолшатыр

Қол,от,шатыр,шар,шақ,қар,лақ,ол,тор,тал,ал,тар,торла.


Шабыт тасып шалқысын,

Көңілді кеш жасайық.

Мұнда қызық табылар,

Жұмбақ есеп бәрі де

Білімдеріңді сынайық.

Сайысымыздың 3 айналымына да келіп жеттік.

«Математик» деп аталады

Шарты: Бұл бөлімде кесте беріледі.Сол кестені бірінші орындаған 3ұпай, 2-ші орындаған 2ұпай ,3-ші орындаған1ұпай алады.


Кестеде 1-ден 20-ға дейінгі сандар жазылуы тиіс. Сан жиырма,ал торкөз 16. Кестеде жазылмай қалған сандарды жаз.

«Сұңқар» тобы

10

2

1

15

8

11

3

14

12

9

17

6

16

4

19

13«Тұлпар» тобы

7

16

11

3

13

1

8

5

10

18

15

20

4

2

9

12«Қыран»тобы

3

10

19

1

2

9

7

4

20

18

12

17

13

5

14

8

5,7,18,20

_ 6,14,17,19

6,11,15,16

4-бөлім «Құрастырма сурет» Мұнда әр бір конвертте қиылған сурет бар. Осы қиылған суретті құрастырамыз.Құрастырылған суретті сипаттап бересіңдер.

1-сурет «Сиыр» Сиыр-малдың қазақтар көбінесе тамаққа жараған сиырды кейде кешке де, егіске де пайдаланып отырған. Сиыр да үйдің берекесі, айран-сүттің көзі, отбасының асыраушысы ретінде қадірлі мал болған. Ертеде сиырдың терісінен құдықтан су тартатын қауға ыдыстар,қымыз ашытатын сабалар, сусын құятын торсықта жасаған. Сиырдың тезегін отын ретінде, еіншілікке пайдаланған.Ал мүйізінен тарақ жасаған.

2-сурет « Жылқы» Жылқы -жүйрік,әрі өте төзімді мал оны салт мінуге,күш көлік ретінде пайдаланады. Сайын далада ұшқан құспен жарысып, халық үшін атқа мініп жауға шапқан батырларымызда аз емес.Қымызды емге пайдаланған,бойыңды қыздырып қысты күні жылы әрі жұғымды болады. Жылқының жалынан, құйрығынан арқан жіп есілді, етінен қазы,қарта жал-жая жасайды.

3-сурет «Түйе» Қазақ халқы түйені дала кемесі деген. Ол шөлге шыдамды,жүк артса көлік, жесе ет, ал жүні киімге жараған. Қазақтар түйенің жүнінен жүн шапандар кигкн.,ол жеңіл жұмсақ әрі қыста жылы болған. Тағы түйенің жүнінен тек жамылғы көрпелер жасаған. Түйенің шудасын қайнатып емге пайдаланған. Ал сүтін болса емге пайдаланған. Сүтінен шұбат,құрт, балқаймақ жасаған.


5-бөлім. «Жұмбақ шешу»

Мына қоржында сақалар бар. Әр топ бір сақадан алып, осы сақада 1 жұмбақтан бар. Жұмбақтың шешуі 3 ұпай егер жауап бере алмаса қарсылас топ жауабын айтыуға мүмкіндігі бар.

Сайысты қорыту.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал