- Учителю
- 4 сынып Алғашқы көмек ана тілі
4 сынып Алғашқы көмек ана тілі
Ана тілі
4-сынып
Сабақтың
тақырыбы:
Алғашқы көмек
Жалпы мақсаттары:
Мәтінді мәнерлеп дұрыс түсініп оқи отырып, мазмұнын меңгерту, негізгі ойды ашу.
Сілтеме:
-
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
-
Ана тілін оқыту әдістемесі.
-
4-сыныпқа арналған ана тілі оқулығы
// авторлары С. Рахметова, Т.Әбдікәрімова, Р.Базарбекова
Оқу нәтижесі:
Мәтінмен танысады. Түсінік аясы тереңдейді. Ойын еркін жеткізеді.
Негізгі идеялар:
Әлем әдебиеті үлгілерінен берілген шығармалармен таныстыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
-
Тақырыптық суреттер.
-
Үлестірме парақшалары (жауап жазу, бағалау)
-
Аудио аппараттар
Оқыту әдістері:
Интерактивті оқыту әдістері
-
Жеке жұмыс
-
Сыныппен жұмыс.
-
Топтық жұмыс.
Дерек көздері:
Тапсырмалар:
Ана тілі оқулығы бойынша б.
Мәтін, сурет, үлестірмелер бойынша жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:
Сабақ: 9.40-10.25
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
Сабақ алдында бір-бірімізге сәттілік тілейік.
Мен ақылдымын!
Мен бәрін білгім келеді!
Мен бәрін үйренгім келеді!
Үй тапсырмасын сұрау:
үйге берілген Ә.Қоңыратбаевтың «Балуан» әңгімесі А.Естелікті бірнеше оқушыға оқыту
ВМәтін бойынша тест сұрақтарына жауап алу
-
Әңгіме кім туралы:
-
Әуелбек
-
Қажымұқан
-
Сар-Кекен
-
Балуан өзінің қай елдегі сайысын еске алады ?
-
Ресей
-
Қазақстан
-
Қытай
-
-
Қажымұқан қай жылы Қытай еліне барды ?
-
1905 жылы
-
1906 жылы
-
1907 жылы
-
Қажымұқанмен белдескен балуан кім болды ?
-
Поддубный
-
Сар-Кекен
-
Иванов
-
Қажымұқан жер шарының қанша елін аралаған ?
-
22 b)23 c)24
-
Ол барлығы қанша медаль алған ?
-
48 b)49 c)47
С. Оқушылардың үй тапсырмасы бойынша (тест жауабын анықтап отыру) білімін тексеру.
Ой қозғау Өзің қандай оқиға ойлап табар едің?
Топтастыру
-
Шоколад
-
Торт
-
Балмұздақ
(атаулар бойынша үш топқа бөлу
Сөзжұмбақ шешу.
Берілген ақын-жазушылардың атын төмендегі тор көздерге жазып шықсаңдар, бүгінгі өтілетін тақырыбымыз шығады. Қанә, тауып көрейік!
-
Құнанбаев
-
Жабаев
-
Жұмабаев
-
Әуезов
-
Уәлиханов
-
Аманжолов
-
Алтынсарин
-
Сейфуллин
-
Тұрманжанов
-
Байтұрсынов
-
Өтетілеуов
-
Құдайбердиев
Ж
4
А
М
М
3
Ұ
8
10
12
Б
М
Х
С
А
Ш
1
Ы
А
Т
5
6
7
Ә
9
Х
11
Ә
А
Л
Ғ
А
Ш
Қ
Ы
К
Ө
М
Е
К
Б
Ж
Р
О
А
Б
Е
Т
Е
Р
Ә
А
А
Қ
С
Ы
Н
Е
Т
М
Р
Й
Н
А
Ы
Р
Б
Е
І
Н
М
А
А
К
М
Й
Й
2. Бүгінгі өтілетін тақырып «Алғашқы көмек» деп аталады. Әңгіменің авторы балалар жазушысы Бәдел Тұрсынбаев 1929-1933 жылдардағы ашаршылық жылдары кезіндегі оқиғаны әңгімелейді. Осы жылдардағы қазақ халқының күн-көрісі туралы Самырат Кәкішевтің «Ахаң туралы ақиқат» атты кітабынан үзінді оқып берейін :
Киімдеріміз де әбден тозды, әсіресе көйлектеріміз жыртылып, түріміз қап-қара болған, биттер үстімізде өріп жүр. Бұған қарсы істер шарамыз да, амалымыз да жоқ. Іздегеніміз асқазанға талшық болар бірдеңе ...
Аштыққа ұшырағандардың біразы Жыланшық өзенінің жағасында өскен ну қамыс пен қоғаның тамырларын жұлып, тамақ қыламыз деп, сол өзенге жете алмай, суға кетіп, өзеннің қырынан шыға алмай, тырнақтарымен жер тырнап, бұралып жатқан сұмдық көріністерді өз көзімізбен көрдік.
Бұрын өзеннің ішінде көлбақа, жылан жүзіп жүретін, сол ашаршылық жылдары суда көлбақа да, жылан да қалған жоқ ...
1931-1933 жылдары Қазақстан бойынша ашаршылықтан өлген кісілердің саны , шамамен, 1 миллион 700 мың, оның ішінде 1 миллион 500 мыңдайы қазақтар.
Осы жылдардағы халықтың ауыр тіршілігін білу үшін, «Алғашқы көмек» әңгімесін тыңдайық.
-
Сөздік жұмысын жүргізу:
-
Қансонар - жердің бетін тегіс қар жауғанда аңға шығу ( Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға ... деген Абай атамыздың өлеңі бар)
-
Білте - май шамның жанып тұратын жібі
-
Тілеу тілегелі - бір нәрсе сұрағандай
-
Сонаршылар - аңға шыққан адамдар
-
Жүні жидіп кетеді - босап кетеді.
-
-
Топтық жұмыс
Тапсырма : мәтін үзінділерін оқушыларға бөліп беру, оқытып, мағынасын айту, түсіндіру.
-
-
Кір шүберектен жасаған үзік білте мен құман сынығынан жасаған шам лып-лып етіп жалпылдап өше жаздап тұр. Әкеме көрсеткен бар көмегім - сол шамды өшірмей, тостағандағы кішкене тоң майдан аздап еселеп салып, жағып отырамын.
-
«Әттең, үстімде киімім болса, бірге барсам қандай жақсы болар еді. Ақтөстің түлкі ұстағанын, Темірғалидың қақпан құрғанын көрер едім» деп ойладым.
-
Аузын төрге қаратып тастан салған пештің ішіне отынды тыға түсіп, соның жарығымен шай ішіп отырмыз. Ол кезде шай дейтін шай да жоқ. Талдың кептірген бүршігі, жасыл шөптің қураған жапырағы сықылдыларға шай деп ат қойып ішетін едік.
-
Қара қазан да аузын аңырайта ашып, тілеу тілегелі талай заман болды. Шешей суды бірнешелеп құйса да, тағы орта түсіп барады.
-
Кішігірім лақтай Алтайдың ақ қояны қандай үлкен болса да, сорпа суымен бір тойғызады. Семізіне кездессең, ішінен бауырсақ пісіретін бір кесе май түседі.
-
Әкем көп кешікпей үш бірдей ақ қоянды әкеп босағаға тастай бергенде, Алтайдың бар байлығы біздің үйге келіп орнағандай қуандық.
-
-
Топпен жұмыс
Оқиға желісіне қарай әңгімені бөлімдерге бөліп, ат қою.
-
-
-
Қансонарға дайындық.
-
Әкемнің аңға аттануы.
-
Аңшыларды күту.
-
Алтайдың байлығы немесе біздің қуанышымыз.
-
-
Кішкене көмекші
Сыныппен жұмыс
-
Мәтінді берілген сұрақтар бойынша талдау :
-
Жазушы қай кезін еске алады ?
-
Оның әкесінің аңға шығуына кімнің сөзі жел бергендей болды ?
-
Қансонар дегенді қалай түсінесің ?
-
Әкесі мен баласы аңға шығуға қалай дайындалды ?
-
Баланың шешесі не деп ренжіп сөйледі ?
-
Бала неліктен әкесімен бірге аң аулауға бара алмай қалды ?
-
Әкелері аң аулаудан оралғанда үй іші неге қатты қуанды ?
-
Бала өзі айтқандай «еңбектің ең алғашқы қасиетін» қалайша сезінді ?
-
Қазақстанда қандай аңдарды аулауға тыйым салынған ?
-
Әңгімеде ел басынан өткен қандай кезең суреттелген ?
-
Жеке жұмыс
Үлестірме парақшаларымен жұмыс
-
Әңгімені оқыған кезде көз алдыңа нені елестете аласың?
-
Ағайынды үш жігіт қыдырып жүріп неге кезікті?
-
Әңгімеде сені не қызықтырды?
-
Сенің қандай арманың бар?
Қорытындылау:
Эйлер Венн диаграммасы арқылы оқушылардың білімін қорытындылау. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты салыстыру.
Үй тапсырмасы «Балуан» Жаңа сабақ «Алғашқы көмек»
Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы
Келесі тапсырма:
Кейінгі орындалатын тапсырма.
-
290-293 б.б мәтіндер бойынша білімді толықтыру.
-
Өз арманың туралы шығарма жаз.
Келесі оқылым:
1. Әңгімені түсініп оқып, мазмұнын әңгімелеу.
2. Мәтіндегі көріністер бойынша суреттер салып келу.
(деректер жинастыру)
Бағалау:
</ Үлестірме парақшалары бойынша жауаптарын бағалау.
Рефлексия:
Сабақтағы сурет салу, қиялдау сәтіндегі ойлар және кесте бойынша жүргізілген жұмыстардың оқушыларға ұнағандығы туралы көрсетті.