- Учителю
- 'Ашық сабақ тақырыбы. Су. '
'Ашық сабақ тақырыбы. Су. '
Тақырыбы: Өсімдікке ауа,жылу,жарық керек.Тест
Мақсаты:оқушылардың өсімдіктер ,олардың тіршілік жағдайлары туралы алған білімдірін тереңдету ;логикалық ойлауларын, байқампаздықтарын дамыту ,өсімдіктер әлеміне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі :
Сабаққа әзірлік
Бақылау күнделігімен жұмыс
Ауа райын белгілеу
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өсімдікке топырақ керек, мазмұнын айтқызу.
-Өсімдікке топырақтың қандай пайдасы бар?
-Топырақтың құнарлығы туралы не білеміз?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Кіріспе
Суретпен жұмыс
Суреттер :адам, жануар,күн, көл,ғарыш кемесі
-Алдарыңыздағы суреттерді топтпрға бөліңіздер
-Әр топты қалай атаймыз (тірі және өлі табиғат )
-Ғарыш кемесі неге бөлек тұр ?
-Ол адам қолымен жасалған зат Жасанды зат
-Тірі табиғаттың бөліктері атаңдаршы ?
Тірі табиғаттың бір бөлігі
Дүниеге келеді өседі тамақтанады өнеді өледі
-Тірі табиғатқа кімдер және нелен жатады ?
-Адам,жануарлар ,өсімдіктер
Өсімдіктің тіршілігін анықтайық
-Өсімдік неден өсіп шығады ?(тұқымнан )
-Немен қоректенеді ?
-Су және тыңайтқыш керек
-Өсімдік қалай тіршілігін тоқтатады ?
-Жапырақтары сарғаяды, қурайды, жапырақтары түседі
-Ал өсімдік қалай тыныс алады ?Біз оны көре аламыз ба ?
-Жоқ.Көре алмаймыз.
-Тыныс алғанда кеудеміз көтеріледі ,демді шығарғанда қайтадан қалпына келеді.
-Оы жағдайды жануарлардан байқауға болады ма ?
-Болады
-Ал өсімдіктің тыныс алғанын байқауға болады ма ?(өсімдікті бақылап қараймыз,тыныс алғаны байқалмайды )
-Мүмкін өсімдік тыныс алмайды шығар (оқушылардың пікірін тыңдау )
Тәжірибелік жұмыс жүргізу
Сабаққа дейін біз өсімдіктің үстінен құрғақ шынымен төңкеріп қойдық .
-Не болғанын қарайық .
-Нені байқап тұрмыз ?
-Шыны қабырғаларында буланып, су тамшылары пайда болыпты.
-Ол қайдан пайда болды ?
Оқушылар алдарындағы шыны ыдыстың ішіне дем алады .
-Не пайда болды ?Бу
Қорытынды :Өсімдіктер де адам және жануарлар сияқты тыныс алады .Олар тірі
-Олардың өсіп өнуіне қандай жағдайлар қажет ?
Сабақтың тақырыбымен таныстыру
Өсімдіктің тіршілігіндегі судың және жылудың маңызын түсіндіру
Өсімдік өзіне керекті қоректік заттарды су арқылы бойына сіңіреді
2.Оқулықпен жұмыс
69-70 бет оқу
Тізбектей оқу, сұрақтарға жауап алу.
- Тұқымның өсуіне қандай жағдайлар қажет?
- Топырақты не үшін қопсытады?
- Өсімдіктің жақсы өніп дамуына қажетті жағдайларды ата?
- Өсімдіктің тыныс алуға қатысты мүшелерін ата?
ІҮ.Сергіту сәті
Ойын «Мен өсімдікпін»
Әр оқушы өзі бір өсімдікті таңдап ,сол туралы әңгімелейді
Ү.Топпен жұмыс
1 -топ алдарыңызда өсімдік тығыз топырағымен .Өсуі баяу .Неліктен? Не істеуге болады ?(суарып ,топырағын қопсыту )
2-топ Далалық жерлердегі өсімдік топырағын нелер қопсытады сұрағына жауап алу
3-топ Қыс мезгілі .Өсімдіктердің үстін қар басып қалды .Бірақ өсімдіктер салқыннан үсіп кетпейді ,көктемде қайтадан өсіп шығады Қалай ?Неге ?(қар мен топырақтың арасында ауа бар .Ауа жылуды шығармайды .Ауа -өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлардың бір бөлігі
Қазіргі кезде қыс мезгілінде Көкөністерді қайдан аламыз ?
-Дүкендерден
-Қыс мезгілінде қай жерлерде өсіреді ?
-Жылыжайларда өсімдіктерге жылу мен жарық жеткілікті
Өсімдіктің өсіп-өнуіне жылу қажет
Сөйлемді аяқта
1.Өсімдік өсуін қай мезгілден бастайды ? Көктемде
2. Жер жақсы жылынғанға дейін тұқым себуге (болмайды )
3.Жемістер жылдың қай мезгілінде өсіп шығады? (жазда )
5.Жылдың қай мезгілінде өсімдіктер тіршілігін тоқтатады ?(қыс)
ҮІІ.Бекіту Тест
1.Өсімдік топтарын белгіле
А) гүлдер, жемістер, ағаштар Ә) жеміс ағаштары, гүлдер, шөптер Б)ағаштар,бұталар,шөптер
2. . Қарағай, емен, шырша бұлар - ...
А) шөп Ә) бұта Б) ағаш
3. Өсімдіктің қай мүшесі топырақ астында жатады?
А) бұтақ Ә) жапырақ Б) тамыр
4.Өсімдік неден көбейеді?
А) тұқым Ә) жапырақ Б) гүл
5.Өсімдіктің жапырағы аз, жұқа,сабағы қысқа жұмсақ,тамыры жетілмеген ,қай шағы ?
А) өсімдіктің жетілген шағы Ә) өсімдіктің балауса шағы
6.Өсімдіктің тіршілігіне қажетті жағдайлар
А) ауа,су,жылу,жарық,қорек Ә)ойыншық,жылу. Б) қорек,ауа су
ҮІІІ. Қорыту. Бүгін не білдік?
-Адам өсімдіксіз өмір сүре алады ма ?
- Егер жер бетінде ,өсімдіктер болмаса не болар еді ?
Қорытынды :адам мен өсімдік бір-бірінсіз тіршілік ете алмайды
Үйге тапсырма 69- 70 бет оқу 2. Бағалау.
Үниетану
Тест. Дүниетану. 2 сынып
1.Адам өміріне не қажет?
А.доп,ән,киім. Ә.ауа,су,тамақ. Б.кітап,велосипед
2.Егістікті баптаушы адамды кім деп атаймыз?
А.комбайншы Ә.наубайшы Б.диқаншы.
3.Көкжиек дегеніміз не
? А.Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік. Ә.Аспан мен жердің астасқан жері. Б.Көзің жететін жерге дейін қарау.
4.Тұсбағар деген не?
А.Бейтаныс жерлерді зерттейтін құрал. Ә.Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал. Б.Дәрігер құралы.
5.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі қалай аталады?
А.Сұлба. Ә.Масштаб. Б.Сурет.
6.Сұлба дегеніміз не?
А.Кез келген заттың бейнеленген көрінісі. Ә.Бір заттың көлемін кішірейтетін сан. Б.Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрінісі. 7.Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не деп атаймыз?
А.Сурет Ә. Сұлба Б.Масштаб.
8.Ауаның негізгі қасиеттерін белгіле.
А.Түссіз,дәмсіз,көзге көрінбейді. Ә.Түссіз,дәмді,иісі бар. Б.Дәмсіз,көзге көрінеді,иісі жоқ.
9.Судың қасиеттерін ата. А.ақ,мөлдір,иісі бар. Ә.сұйық,иіссіз,мөлдір. Б.Көзге көрінбейді,ақ,мөлдір.
10.Топырақтың құрамын ата.
А.ауа,су,шірінді. Ә.жапырақ,саз,тамақ. Б.құм,шыны,ағаш. Дүниетану.
2 сынып.
1. Барлық тіршілік иесі жылуды неден алады?
А. Күн. В. Жер С. Ай.
2. Жай көзбен қарағанда көз жеткен жерге дейінгі кеңістік не деп аталады?
А. Дала В. Көкжиек С. Айна
3. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құрал.
А. Сағат В. Тұсбағар С. Таразы.
4. Бір нәрсенің үстінен қарағандағы көрініс. А. Сурет В. Көлеңке С. Сұлба.
5. Белгілі бір заттың көлемін кішірейтетін санды не дейді?
А. Масштаб В. Сурет С. Есеп.
6. Ауаның негізгі қасиеті:
А. Көрінбейді, түссіз, иіссіз, дәмсіз В. Ауыр, С. Көрінеді, дәмді
7. Қатты cуықта су неге айналады?
А. Буға В. мұзға С. Өзгермейді
8. Адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі - .....
А, әдептілік. В. мейірімділік. С. Тазалық
9. Кез келген заттың бейнеленген көрінісі.
А. Сызу В. Сурет. С. Масштаб
10. Суда тұрақты пішін .....
А. болады В. ұқсайды С. болмайды.
Тест. 2 сынып. Дүниетану
1. Мақта тұқымын қалай атайды?
А) шит Ә)қауашақ Б) мақта
2. Жеміс ағашынан мол өнім алу үшін кімдер еңбек етеді?
А) жұмысшы Ә) бағбандар Б) ғалымдар
3. Қазақтың тұңғыш ғарышкері.
А) Ю. Гагарин Ә) Т. Бигелдинов Б) Т. Әубәкіров
4. Мал шаруашылығының маманын тап.
А) мал дәрігері, зоотехник, қойшы
Ә) егінші, қойшы Б) тігінші, зоотехник
5. Малдар жаз бойы қайда жайылады?
А)қыстауда Ә) көктеуде Б) жайлауда 6. Жіп иіретін құрал. А) ұршық Ә) ине Б) қайшы 7. Былғары неден жасалады? А) мал терісінен Ә) мақтадан Б) жіптен 8. «Табанды түрде білім алмайынша ешқандай мамандықты игере алмайсың»,- деген сөздер қай әңгімеде берілген? А) Ең басты жұмыс Ә) Мұрат атай Б) Егінші 9. Мақалдың жалғасын тап: Оқусыз білім жоқ, А) білімсіздің күні кәріп Ә) білімсіз күнің жоқ Б) өмір шырағы 10. Өсімдіктерді зиянкестерден сақтау үшін қай уақытта дәрілейді? А) гүлдемей тұрып Ә) жеміс бергенде Б) күзде
Источник:
2-сынып /жылдық тест/
1.Көктемде аналық кірпі неше бала туады?
а/1-2
ә/3-4
б/5-6
2. «Қызыл кітапқа» енген аңды тап.
а/қоян
ә/құлан
б/қасқыр
3. «Алтын алқа» мен «Күміс алқаны» кімге береді?
а/ балаға
ә/әкеге
б/көп балалы анаға
4.Қиын жағдайда қалған отбасына көрсететін көмек не деп аталады?
а/ жылу жинау
ә/асар
б/туған күн
5. Қант, саңырауқұлақ, жарма -азық-түліктің қай түрі?
а/ өсімдік тектес
ә/жануар тектес
6.Адам күніне неше рет тамақтану керек?
а/1-2 рет
ә/2-3 рет
б/4-5 рет
7.Ересек адамда неше тіс болады?
а/29
ә/30
б/32
8. Қыс кезінде ешқайда ұшып кетпейтін құстарды көрсет.
а/сауысқан, көгершін
ә/қарлығаш, аққу
б/бұлбұл,қараторғай
9.Қай жануар жұмыртқалайды?
а/қоян,түлкі
ә/аю,кірпі
б/жылан, кесіртке
10. Бунақденелілерді көрсет
а/тышқан, кірпі
ә/жылан, кесіртке
б/шыбын, маса
11.Тірі табиғатты көрсет
а/парта, машина, үй.
ә/тал,қоян, үйрек
б/ бұлт, құм, тас
12.Адам қолымен жасалған затты көрсет.
а/ парта, машина, үй
ә/тал, қоян, үйрек
б/бұлт, құм, тас
13.Адамның миы қандай жұмыс жасайды?
а/ойлайды
ә/ шайнайды
б/ жазады
14. Өмір сүру үшін не қажет?
а/ ақша, үй
ә/ жылу, су, ауа
б/ұйқы, күлкі
15. Адам жетістікке қалай жетеді?
а/ еңбек арқылы
ә/ ойын арқылы
б/табиғат арқылы
16. Оқушының еңбегі не?
а/ ойнау
ә/ оқу
б/ жұмыс жасау
17.Құбылнаманың тілдерінің түсі қандай?
а/ жасыл, сары
ә/ қызыл, көк
б/сары, көк
18. Талдың қай жағындағы қар бұрын ериді?
а/оңтүстік
ә/солтүстік
б/батыс
в/шығыс
19. План сызу үшін затты қайдан қараймыз?
а/жанынан
ә/ үстінен
б/астынан
20. Ауаның қасиетін белгіле
а/ түсі көк
ә/ исі ащы
б/ түссіз
21. Судың үш күйін жаз.
22. Ауаны таза ұстау үшін...
а/ от жағу керек
ә/ өсімдік егу керек
№ 5.Әдебиеттік оқу 2-сынып
1. Мамандық иелерін көрсет
а/ оқушы, бала
ә/ суретші, инженер
б/ дос, ақылды
2. «Кәусарын білімнің, құлшына сімірдім» өлең жолдары қай өлеңнен үзінді?
а/ «Мұғалім»
ә/ «Еңбектің бәрі мамандық»
б/ «Мұнайшы»
3. Мақта өсімдігінің сабағы қалай аталады?
а/ шит
ә/сабақ
б/ қоза
4. Арман атасымен нені іздеді?
а/ойынды
ә/асықты
б/ұйқыны
5. Үш ұлымен егін басында жұмыс жасаған әке жайлы әңгіме
а/ «Еңбектің бәрі мамандық»
ә/ «Еңбек жемісі»
б/ «Күн күлше»
6. Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз. /жұмбақтың шешуін тап/
а/ зымыран
ә/ ғарыш
б/ ұшақ
7. Мұнайлы мекен
а/ Ақтөбе
ә/ Маңғыстау
б/ Орал
8. Бал араларымен жұмыс жасайтын адам
а/ мұнайшы
ә/ омарташы
б/арашы
9. Үш жалқау жігіт жайлы ертегі қалай аталады.
а/ «Еңбекпенен ел көгерер»
ә/ «Ертең мен бүгін»
б/ «Кім болсам екен?»
10. Кра мен Раонг туралы ертегіге сай келетін мақал
а/ Еңбекпен ел көгерер
ә/ Еңбек түбі-береке
б/ Жалқаудың ертеңі бітпейді
11. Әнші, ғарышкер де, құрлысшы да болғысы келетін бала
а/ Жолкелді
ә/Марат
б/Арман
12. «Еңбектің наны тәтті,..........» Мақалды аяқтап жаз
13. «Жалқау немере» ертегісінде кездесетін мақал
а/ Еңбекпен ел көгерер
ә/ Еңбектің наны тәтті
б/ Қыс азығыңды жаз дайында
14. Дәумен алысып жеңетін адам
а/ Малшы
ә/ Етікші
б/ Күйші
15. Талғат не себепті шаңғы жарысында қалып қойды?
а/ уақытты тиімді пайдаланбағасын
ә/ дұрыс теппеді
б/ шаңғы сынды
16. «Апта өтпей арада, жеткен хатың сағынған өз анаңа» Ол не?
а/ бір секунд ол
ә/ бір сағат ол
б/ бір минут ол
Әдебиеттік оқу /жылдық тест/
2-сынып
1. «Мен-сенің көктемің, Нұрыңмен көктедім» атты өлең жолдары қай өлеңнен?
а/ Еңбектің бәрі мамандық
ә/ Мұғалім
б/Көйлекті маған кім берді?
2. Қоза деген не?
а/мақтаның сабағы
ә/мақтаның дәні
б/ мақтаның қабығы
3.Арман мен атасы не іздеді?
а/допты
ә/ тамақты
б/ұйқыны
4.Сені көзбен шоламын, Мен .............................боламын. /қажет сөзді тап/
а/ ғарышкер
ә/құрылысшы
б/ тігінші
5. «Ерлік жасап жүрмін деп, Бәлсінбейді бірақ та!» қай өлеңнен ?
а/омарташы
ә/мұғалім
б/мұнайшы
6. Омарташы нелермен жұмыс жасайды?
а/ итпен
ә/құспен
б/арамен
7. «Жалқаудың ертеңі бітпейді?» деген мақал қай ертегіде кездеседі?
а/ Еңбекпенен ел көгерер
ә/Ертең мен бүгін
б/Кім болсам екен?
8.Жолкелдінің әкесі кім болып жұмыс жасайды?
а/құрылысшы
ә/әнші
б/ғарышкер
9. Мақалды аяқтап жаз.
Еңбектің наны тәтті, ....
10. Етікшіні өлімнен не құтқарды?
а/досы
ә/дәу
б/еңбегі
11. Жұмбақтың шешуін тап.
Қозғалмастан бір елі,
Өне бойы жүреді. Ол не?
12. «Уақыт неден қымбат?»
а/алтыннан
ә/ақшадан
б/сағаттан
13. Мамандық иелерін көрсет
а/ оқушы, бала
ә/ суретші, инженер
б/ дос, ақылды
14. «Кәусарын білімнің, құлшына сімірдім» өлең жолдары қай өлеңнен үзінді?
а/ «Мұғалім»
ә/ «Еңбектің бәрі мамандық»
б/ «Мұнайшы»
15. Мақта өсімдігінің сабағы қалай аталады?
а/ шит
ә/сабақ
б/ қоза
16. Арман атасымен нені іздеді?
а/ойынды
ә/асықты
б/ұйқыны
17. Үш ұлымен егін басында жұмыс жасаған әке жайлы әңгіме
а/ «Еңбектің бәрі мамандық»
ә/ «Еңбек жемісі»
б/ «Күн күлше»
18. Ұшады қанатсыз, зырлайды аяқсыз. /жұмбақтың шешуін тап/
а/ зымыран
ә/ ғарыш
б/ ұшақ
19. Мұнайлы мекен
а/ Ақтөбе
ә/ Маңғыстау
б/ Орал
20. Бал араларымен жұмыс жасайтын адам
а/ мұнайшы
ә/ омарташы
б/арашы
21. Үш жалқау жігіт жайлы ертегі қалай аталады.
а/ «Еңбекпенен ел көгерер»
ә/ «Ертең мен бүгін»
б/ «Кім болсам екен?»
22. Кра мен Раонг туралы ертегіге сай келетін мақал
а/ Еңбекпен ел көгерер
ә/ Еңбек түбі-береке
б/ Жалқаудың ертеңі бітпейді
23. Әнші, ғарышкер де, құрлысшы да болғысы келетін бала
а/ Жолкелді
ә/Марат
б/Арман
24. «Жалқау немере» ертегісінде кездесетін мақал
а/ Еңбекпен ел көгерер
ә/ Еңбектің наны тәтті
б/ Қыс азығыңды жаз дайында
25. Дәумен алысып жеңетін адам
а/ Малшы
ә/ Етікші
б/ Күйші
26. Талғат не себепті шаңғы жарысында қалып қойды?
а/ уақытты тиімді пайдаланбағасын
ә/ дұрыс теппеді
б/ шаңғы сынды
Умарова Г.Т. Хромтау ауданы
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТЕСТ «Алматыкітап»
2-сынып
1.Бес сөзі бар сөйлемді белгіле
а/Айгүл ауылға барды.
ә/Әжем маған қолғап тоқып берді.
б/Атамның көзілдірігін алып бердім.
2.Қай сөз буынға дұрыс бөлінген?
а/бұл-т
ә/көл-ең-ке
б/жо-ңыш-қа
3.Тасымалданбайтын сөзді тап
а/ шағала
ә/асық
б/белдік
4.Қазақ тілінде қанша әріп бар?
а/ 34
ә/ 40
б/42
5.Жуан сөздерді тап.
а/ білім
ә/алтын
б/киім
6.Жіңішке сөздерді тап.
а/ білім
ә/алтын
б/киім
7.Туыстықты білдіретін сөзді тап.
а/ кереге
ә/ шегеле
б/немере
8. У дыбысы дауысты болып тұрған сөзді тап
а/ ауа
ә/ көші
б/ жау
9.Қай сөз дұрыс жазылған?
а/ қойан
ә/ шаян
б/тайақ
10.Қай сөз дұрыс?
а/ Менің лақым
ә/Сенің лағың
б/ Оның лақы
11.Қай сөзге б әрпін қоямыз?
а/ кіта…
ә/ до…ы
б/ қа…
12. Қатаң дауыссыздарды белгіле
а/ б,в,г,ғ, д
ә/п,ф,х.т.ш
б/м,н,ң,ж,з
Дүниетану
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
1 - тоқсан
1. Адам қолымен не жасалады?
а) ағаш, құс, шөп
ә) үстел, машина, есік
б) ауа, үстел, жаңбыр
2. Сезім мүшелері
а) бас, тұлға
ә) көз, мұрын, құлак, тіл
б) қол, аяқ, бас
3. Егістікке қарды не үшін тоқтатады?
а) Көктемде өсімдіктерге ылғал көп болу үшін.
ә) Топырақ үсіп кетпеуі үшін.
б) Су тасқынын болдырмау үшін.
4. Жыл мезгілдері - ...
а) жыл, ай, күн
ә) күн, ай, жұлдыз
б) қыс, көктем, жаз, күз
5. Қай мезгілде түн күннен қысқа болады?
а) жазда
ә) кыста
б) көктемде
6. Күн мен түн дегеніміз - ...
а) тәулік
ә) апта
б) ай
7. Табиғаттың жанды денелеріне не жатады?
а) жер, ауа, тау
ә) қар, ағаш, құстар
б) адам, балық, құстар
8. Табиғаттың жансыз денелеріне не жатады?
а) жер, ай, өсімдік
ә) тас, су, ауа
б) жануарлар, өсімдіктер
9. Қоршаған дүние дегеніміз - ...
а) күн, топырақ, су
ә) Күн және адам қолымен жасалған заттар
б) табиғат және адам қолымен жасалған заттар
10.Тірі табиғат дегеніміз - ...
а) ағаш, адам, аңдар
ә) жұлдыздар, қар, жел
б) жануарлар, өсімдіктер
11.Мына сөйлем қай жыл мезгілін суреттеп тұр?
Бояу қылқаламсыз келіп, барлық жапырақтарды бояп шықты.
а) кыс
ә) көктем
б) күз
12.Ауа температурасын ненің көмегімен өлшейді?
а) барометр
ә) тұсбағдар
б) термометр
13. Ең суық температура қайсысы?
а) 0°С
ә) - 3° С
б) - 2° С
14. Ауа температурасы 0°С-тан төмен түскенде, су қандай күйде болады?
а) сұйық
ә) қатты
б) бу күйінде (газ тәрізді)
2 - тоқсан
5. Ағаштың топырақ астындағы бөлігі - ..
а) жапырақ
в) тамыр
б) дің
6. Қай мезгілде түн күннен қысқа болады?
а) жазда
ә) кыста
б) көктемде
7. Күн мен түн дегеніміз - ...
а) тәулік
ә) апта
б) ай
8. Қарағай, емен, шырша бұлар - ...
а) шөп
ә) бұта
б) ағаш
9. Ағаш дегеніміз - ...
а) итмұрын, қызғалдақ
ә) аққайың, терек
б) қарақат, үйеңкі
10. Құстардың жылы жаққа ұшып кетулеріне не әсер етеді?
а) суык
ә) аштық
б) ұя салу
11. Жемістерді көрсет.
а) сәбіз, шалқан
ә) картоп, өрік
б) еменжаңғақ, алма
12. Алмұрт, өрік, шабдалы - ...
а) жемістер
ә) жидектер
б) көкөністер
13. Қандай өсімдіктердің тұкымы жел арқылы тарайды?
а) алма ағашы, шетен
ә) үйеңкі, бақбақ, аққайың
б) ошаған, итошаған
3 - тоқсан
1. Өзен-көлдердің жағалауындағы ағашты кесуге болмайды. Өйткені...
а) Өсімдіктер жойылады.
ә) Жануарларға жойылу қаупі төнеді.
б) Өзен суы азаяды.
2. Қыста жеміс ағаштарының түбіне қарды неге үйеді?
а) Атыздар таза болу үшін.
ә) Тышқандарға жылы болу үшін.
б) Ағаштың тамыры үсіп кетпес үшін.
3. Қандай өсімдіктер қыста жап-жасыл болып тұрады?
а) көктерек, қандыағаш
ә) шырша, қарағай
б)балқарағай, қара самырсын
4. Өсімдіктер қандай топтарға бөлінеді?
а) гүлдер, жемістер, ағаштар
ә) жеміс ағаштары, гүлдер, шөптер
б) ағаштар, бұталар, шөптер
5. Өсімдік қоректі жануарлар - ...
а) бұғы
ә) қасқыр
б) аю
6. «Көктем хабаршысы» деп қай құсты атайды?
а) ұзақ
ә) қараторғай
б) сауысқан
7. Жыртқыш аңдар - ...
а) түйе, құлан
ә) жолбарыс, бүркіт
б) аю, қоян
8. Қысқы ұйқыға кететін аңдарды көрсет.
а) түлкі, қасқыр
ә) аю, борсық
б) кірпі, қоян
9. Қыстап қалатын құстар - ...
а) торғай, қарға
ә) қараторғай, торғай
б) ұзақ, барқылдақ
10. Қызыл Кітапқа енгізілген жануарларды көрсет.
а) құлан, қарақұйрық, дуадақ, қоқиқаз
ә) аю, қасқыр, түлкі
б) дуадақ, түлкі, тышқан
11. Жауын-шашын болатынын қандай белгілер арқылы білуге болады?
а) Аспан шайдай ашық, сиыр мөңіремейді.
ә) Жел соғып, бұлттарды айдайды.
б) Қарлығаш биік ұшып, күн шығып тұрады.
4 - тоқсан
1. Қазақстан -...
а) қала
ә) мемлекет
б) астана
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі қандай?
а) жасыл
ә) қызыл
б) көгілдір
3. Конституция дегеніміз не?
а) заңдар жинағы
ә) мереке
б) кітап
4. Қазақстанның астанасын көрсет.
а)Алматы
ә) Қарағанды
б) Астана
5. Қай елдің елтаңбасында шаңырак, уық, пырақты аттар мен жұлдыз бейнеленген?
а) Ұлыбритания
ә) Қазақстан
б) Сауд Аравиясы
6. Жолаушылар көлігі - ...
а) пойыз, КамАЗ, баржа
ә) жүк машинасы, электричка
б) трамвай, такси, пойыз
7. Қоршаған ортаны қорғау - ...
а) халықтық іс
ә) жеке мемлекеттік іс
б) өкімет ісі
8..Судың адам өміріндегі маңызы қандай?
а) Сусыз адам да, жануар да, өсімдіктер де тіршілік ете алмайды.
ә) Судан өзен мен көлдер пайда болады.
б) Суды тағам дайындау үшін қолданады.
СҰРАҚТАР МЕН ТАІІСЫРМАЛАР
Күз белгілерін есіңе түсіріп, дұрысын сыз.
Күзде жазға қарағанда суық болады. Жәндіктер өте көп. Өсімдіктердің көпшілігі (солады, буршік атады, гүлдейді). Жемістер мен тұқымдар (піседі, түседі).
1. Қарлығаш пен ұзын қанат қарлығаштар немен қоректенеді? Дәптеріңе жаз.
2. Күзде жәндіктерді көргенің бар ма? «Иә», «Жоқ» деген жауаптардың тиістісін сыз.
3. Тырна мен көкқұтандар немен қоректенеді? Дәптеріңе жаз.
4. Күзде бақаларды көргенің бар ма? «Иә», «Жоқ» деген жауаптардың тиістісін сыз.
5. Қарлығаш, тырна, үйрек, т.б. құстар оңтүстікке неге ұшып кетеді?
Осыған ұқсас тапсырмалар мен сұрақтарды көктем мезгіліне де беруге болады.
1. Жылы жаққа ұшып кететін құстарды калай атайды? Жаз.
2. Оңтүстіктен ұшып келген құстардың астын сыз.
Тырна, бұлбұл, ұзақ, қараторғай, қарлығаш, көкек.
3. Құстар немен қоректенеді? Жыл құстарының күзде неліктен оңтүстікке ұшып кеткенін есіңе түсір.
4. Көктемде жыл құстары туған өлкеге неге қайтып оралады?
5. Құстардың жазғы және күзгі тіршілігін әңгімеле.
6. Қандай құстар ұя салмай, балапандарын сазбалшық пен құмда басып шығарады? (Шағала, балшыққұс).
7. Қандай құстар ұя үшін ін қазады? (Жағалау қарлығашы, зымыран, көкбоздақ, т.б.).
8. Қай, құс жұмыртқасын өзі баспай, басқа құстардың ұясына тастап кетеді? (Көкек).
9. Ұяда жатқан жұмыртқаларға неге тиісуге болмайды? (Құс шошып, ұясын тастап кетеді.Ұядағы жұмыртқалар суып, балапан шықпай қалады).
Төменде берілген сұрақтарға жауап жаз.
1. Қыста аппақ, ал көктемде сұр түсті қандай жануарды білесің? Бұл - (қоян)
2. Қыста сұр, ал көктемде жирен түсті қандай жануарды білесің? Бұл - (түлкі)
Класс тізімі
сы , Атырау қаласы
Қ. Смағұлов орта мектебінің І санатты
бастауыш сынып мұғалімі Ажғалиева Гулзира Ажғалиқызы
Пәні: Дүниетану
Сыныбы: 2
Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеттері.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды судың қандай күйде болатынымен таныстыру. Практикалық жұмыс барысында бақылау, талдау, салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың өз ойларын жуйелі түрде баяндауын, түсініп оқуын, ойлауын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілігі:Табиғатты сүюге, оны қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, жарты шарлар картасы, үнтаспа, тәжірибеге қажетті заттар.
Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту сабағы.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, топтастыру, сызба, топпен жұмыс, практикалық жұмыс, тест.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу
Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру бөлімі: психологиялық дайындық
2. Үй тапсырмасын тексеру. Топпен жұмыс.
Ауа
Ауаның қасиеттері
Ауаның маңызы
І топ. 1. Ауа туралы не білеміз?
ІІ топ. 2. Ауаның қандай қасиеттері бар?
ІІІ топ. 3. Ауаның табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы қандай?
ІІ бөлім. Не көрдік?Не білдік?Бұл бөлімде өткен сабақтарда ауаның қасиеттеріне жасалған тәжірибелерді еске түсіреміз.
І топ. Ауаның орын алатындығы туралы тәжірибені еске түсіру.
ІІ топ. Ауаның сығылып серпілетіндігі туралы тәжірибені айту.
ІІІ топ. От жану үшін ауаның қажеттілігі туралы тәжірибені еске түсіру.
ІІІ бөлім. Не үйрендік?Не білдік?
І топ. Ауаның табиғаттағы маңызы.
ІІ топ. Ауаның адам өміріндегі маңызы.
ІІІ топ. Ауаны қорғау.
ІV бөлім. Ой қорыту. Кесте құрып, оны толтыру.
Негізгі сөз: ауа
Ауаның қасиеттері:мөлдір, түссіз, салмағы жоқ, пішіні иісі жоқ, сығылады, серпіледі, жылы, салқын, ыссы, суық ауалар. Ауасыз от жанбайды.
Ауаның құрамын сұрау. (азот, көмірқышқыл газы, оттегі және басқа газдар)
Ауа - газдардың қоспасы.
Ауаның ластану себептерін анықтау:( түрлі қалдықтар, улы газдар, түтіндер, радиация, ормандағы ағаштарды кесу, орман-тоғайлардың өртенуі т. б)
Таза ауаны сақтап қалу үщін не істеу керек?
Завод фабрикалардың суреттерімен жұмыс жүргізу.
3 топтан бір-бір оқушы өз ойларын ортаға салады.
Су туралы жұмбақтар шешу.
1. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
2. Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа)
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу )
Үнтаспадан Е. Өтетілеуұлының "Су" атты өлеңін тыңдау.
Су - тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің
Су - табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
Үйде ванна, душ болса
Салқын сумен құйынғын
Ыстық сумен шомылсаң
Суық сумен жуынғын
Су сергітер бойыңды
Онымен дос болғайсың
Судан кейін сен енді
Ісіңді оңай жалғайсың
Айналаңды қоршаған
Табиғатты сүйе біл
Қауіп-қатер төнсе оған
Қамқорға алып сүйе біл
Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар
Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Өлеңнің мазмұны бойынша қойылатын сұрақтар
І топ. "Су-тіршілік көзі" дегенді қалай түсінесің?
ІІ топ. Судың қандай пайдасы бар?
ІІІ топ. Суды қорғау үшін қандай шаралар жүзеге асырылады?
Су туралы түсіндіру, әңгімелеу.
Жарты шарлар картасымен жұмыс.
Картада су көк түспен белгіленген. Су жердің төрттен үш бөлігін алып жатыр. Сусыз өмір жоқ. Су тіршілік көзі. Ол сұйық зат. Өзен, көл, теңіз, мұхиттарды құрайды. Аспаннан жаңбыр түрінде түседі. Күн суытқанда су қатып мұзға айналады. Мұз бен қар - судың қатты күйі.
Дымқыл шүберекпен үстел үстін сүртсек, бірнеше минуттардан кейін ол кеуіп қалады. Оның бетіндегі су буға айналып ұшып кетеді.
Бу - мөлдір, түссіз газ. Бу - судың газ түріндегі күйі. Судың өзіне тән қасиеттері болады. Оны тәжірибе жасау арқылы анықтауға болады.
Тәжірибе жасау.
1. Судың нақты пішіні болмайды.
2. Судың түсі жоқ. Ол түссіз.
3. Су - мөлдір.
4. Судың дәмі жоқ.
5. Судың иісі жоқ.
6. Су сұйық. Ол ағады.
Су сөзіне топтастыру жұмысы:шық, мұз, бу, тұман, мұздақ, қар, жаңбыр, сел, көл, өзен, теңіз, мұхит.
Қорытынды.