7


  • Учителю
  • Тақырыбы:Шығыстың қос жұлдызы 3сынып

Тақырыбы:Шығыстың қос жұлдызы 3сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

6.05.16ж.Тақырыбы: Шығыстың "Қос жұлдызы". Мақсаты:а) Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту. Әлия мен Мәншүк ерлігімен таныстыру; ә) оқушыларды адамгершілікке , өз Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, атамекеніне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.Ұлтжандылыққа, имандылыққа және адамгершілікке баулу.Көрнекілігі: түрлі суреттер, мақал-мәтелдер, Әлия мен Мәншүк суреті. Барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі. 2. Шығыстың "Қос жұлдызы"..Ой қозғау. 1.Батыр апаларымыздан кімдерді білеміз? 2.Әлия кім? 3.Мәншүк кім? 4. Олар қай жерде соғысты? 5. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырлардан тағы кімдерді білеміз? Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Нүркен Әбдіров, Мәлік Ғабдуллин, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Тауыржан Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен апаларымызды тарих бетінде "Батыр" деп жазды. Жанер.Отанымыздың байтақ жерін қорғады, Ақ сүт берген анасын қорғады. Пәк жүзді баласын қорғады, Самал ескен даласын қорғады. Мұғалім: Соғыс! Зұлым соғыс! Сұм соғыс! 1941жыл. 1942жыл. 1943жыл. 3жыл. Соғыс басталғалы 3қыс, 3көктем, 3 жаз өтті. Фашист! Халыққа өлім тілеген фашист! Әлия мен Мәншүк соғысқа аттанды. Оларды апасы,туған туыстары шығарып салды. Апасы: Қош,қарағым,қош! Әлия: Апа,әлі-ақ жауды жеңіп ораламыз деді. Апасы: Аллам, жар бола гөр! Міне, осылайша соғыс өз дегенін істеуде. Майданға Әлия мен Мәншүктей өрімдей қыздар, жас боз-балалар аттанып жатты. Әлия:Біз сендердей жаңа ашылған гүл едік, Жерге бақыт,елге бақыт тіледік. Отан-ана отқа күйіп жатқанда, Біздер ме едік үй бағатын тірі өлік. Дильназ:Отан-ана жылағанда шерленіп,Тапжылмастан шөгеді екен жерге бұлт. Қара бұлтты қақ жарамыз дедік те, Қолымызға қару алдық ерленіп. Мұғалім:Иә, балалар, естеріңде болса, біз бірінші сыныпта Әлия мен Мәншүк апамыздың ерлігімен танысқан болатынбыз.Мәншүк соғысқа өзі сұранған болатын.Сол соғысқа сұранған арызы қандай еді? Кім біледі? "Пулеметші болып соғысқа шықсам екен", "Максиммен "жауды топырлата құлатсам екен.Өзім өлсем де,Отаным аман болса екен деген. Осылайша ,Мәншүк өзі сұранып майданға аттанады. Ал, кәнеки, Мәншүк қай жерде болған соғысқа қатысыпты? Қай қалада? Қай жылы? Мәншүк:1943 жыл.Күз айы. Лейтенант Темников басқарған пулеметшілер бөлімі Калинин майданына келеді. Бұларға Невель қаласын жаудан азат ету тапсырылады.Олардың ішінде Мәншүк Мәметова бар еді. Ол соғыстың ең қауіпті жеріне жіберіледі. Мұғалім:Мәншүк жау әскерлеріне қандай батырлық көрсетті? Аяжан: Жау әскері Невель қаласына шабуылға шықты. Бірақ өжет қыз "Максим"пулеметімен жау аяғын ілгері бастырмады, оларды шөпше жапырды.Ызаланған жау Мәншүкті зеңбірекпен атқылады. Дәл жанында жарылған снарядтың сынығы батыр қыздың желкесіне қадалады.Осыны пайдаланып жау әскерлері тағы ілгері жүрді. Мұны көріп, Мәншүк те ызаланды. Самайынан көзіне құйылған жылы қанға қарамай майдандас серігі "Максимге"қайта ұмтылды. Бар күшін жиып, жауды жалын шашқан оқпен қарсы алды. Тағы да жаудың 70 солдаты қазақтың өжет қызы Мәншүктің қолынан қаза тапты. Мұғалім:Иә,балалар, дұрыс айтасыңдар. Мәншүк жараланса да, ауру жанына батса да, ол жауды жайрата білді. Ол өлімнен қорыққын жоқ.Мәншүктің анасы Әмина апай. Мәншүк анасына хатты көп жазған екен.Хатты оқу.

"Қымбатты анам! Сізден көптен күткен хатты алдым.Барлықтарыңыздың амандықтарыңызды біліп, өте қуанып қалдым.Ана, мен сізді қатты сағындым, менде суретіңіз жоқ, тек хатыңызды қайта-қайта оқи беремін.Мен сізден хат алған кезде күшіміе күш қосылып, бір жасап қаламын, қалай дегенмен де мен жауынгерлер арасында жалғызбын. Суретіңізді күтем...енді хатты ұрыстан кейін күтіңіз... Қош,қатты қысып сүйем.Өзіңнің Мәншүгің" Қ.Назерке: Мәншүк жастайынан өнершіл болатын.Сыңғырлаған әсем даусы бар еді. Кесте тігуді ,спортты сондай сүйетін. Майданнан жазған бір хатында :"Мен ештеңеден қорықпаймын,жаудың оғы маған түк емес. Мен жаумен Отан үшін,әкем үшін,сендер үшін шайқасамын",деген еді. Соңдықтан ол менің бақытым, халқымның батыры. А. Назерке : Мәншүк апай-батыр қыз Ардақтаймыз атын біз Ұқсап Мәншүк апайға Өсіп келе жатырмыз. Мұғалім: Балалар, біз Мәншүк туралы білдік,енді Әлия туралы тыңдайық.Соғыс басталғанда Әлия қай қалада болды? Нешінші оқитын еді?Әлия бұл кезде 7-ші сыныпты бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі. Дәл соғыс басталған күні 1941 жылы ,21-маусым күні Әлиялар Свиреск стансасының жанындағы саяжайда болды.Балалар үйінің саяжайына оқушылардың көпшілігі қаланың тымырсық ауасынан демалу үшін барған. 22-маусымда ұшқыштар аэродромға шақырған .Күн кәдімгідей ашық және ыстық болды.Түс ауа соғыстың басталғаны туралы хабар бұларға да жетті. Әлияның 1943 жылы 21 маусымда жазған хаты: Сәлеметсің бе, сүйікті Сапурам! Сенің 1943жылы 30 сәуірде жіберген ашықхатыңды алдым. Шіркін-ай! Сендермен жүздесіп, туған ауылға барар ма еді!Отанға қайтып оралғанда жеңісті бірге тойлармыз әлі! Бүгін орманға барып гүл тердік.Орман тура тиіп тұр, айнала кқкорпй, көк шалғын,әдемі гүлдер көп-ақ! Қызығын өзім ғана көрмейін деп саған райхан гүлін жіберіп отырмын деп аяқтаған екен. Диана:1943 жылы шілдеде Әлия Солтүстік Батыс майданға жіберіледі. Майдан штабы Әлияға 22-нші армияның 97-корпусына қарасты 54-ерекше атқыштар бригадасына жолдама береді.Сөйтіп, Әлияның арманы орындалады.Қырағы мерген күніне жеңіске жетеді.Еш мүлт кеткен емес.Әлияның қайсарлығы бүкіл соғыс алабына аңыз болып тарады. Бір ұрыста Әлия саптан шыққан командирдің орнына жауынгерлерді ұрысқа бастайды.Сол күні ол 23 фашисті жер жастандырады. Әлия. Отан үшін алға! деп жауынгерлерді ұрысқа бастайды.Әлияның қарсы алдынан неміс офицері шыға келді. Жау пистолеті мен Әлия автоматы қатар атылды.Жау оғы батырдың дәл жүрегіне тиді. Жер-дүние айнаоып кетті. Әлия.Қош!Қош болыңдар!Қош туған жер! -дейді күбірлеп, Сәл теңселіп барып, тізерлей құлайды.Ол 1944жылы 17 қаңтарда 19 жасында Казачиха биіктігін қорғауда , Новосокольники станциясын азат етуде мерт болып, мәңгілікке көз жұмды. Жангүлім:Әлия аққан жұлдыздай жарқ етті де жоқ болды. "Батырдың ғұмыры қысқа, даңқы ұзақ"деген сөз бар. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында ел сүйсінерлік ерлік жасап, артына аңыз қалдырған жанның арманы, тілегі қандай болды десеңші.Ол өмірді сүйген, оған құштар арманшыл жас еді. Сабрина: 19 жасар жас батыр, Оқ тиіп кенет құлады.Тарылып Ойыл тап-тақыр, Ауылда әже жылады. Аңыз боп бірақ келеді, Батырдың айдын атағы Аялап Ойыл өзені, Сүйеді оны Отаны

Қарақат :Әлия туралы жыр. Қош айтып оқу-ойынға, Әжесін тастап қария. Қол бұлғап туған Отанға, Майданға кетті Әлия. Өлімге басын байлаған, Он сегіз жасар жас бала. Қырғынға кірді қайнаған, Тар окоп болып баспана. Қатер боп қауіп қысқанда, Жасыған емес қиыннан Жасын боп тиді дұшпанға, Қыран боп шүйді қиырдан. Аяулым:1944 жылы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.Әлияның қаза тапқан жерінде ,Ақтөбеде, Ленинградта ескерткіштер қойылды.Әлия оқыған мектеп Әлия атымен аталды. Наргиза:: Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, Жігерленген құштарлықтың құралы Күрескердің арманы мен ұраны, Қуаныш пен мерекенің бұланы. Ешқашан соғыс болмай,әлемде тек бейбітшілік болсын.

Бәрі: Жеңіс!Жеңіс! Шаттаныңдар,мақтаныңдар!

Жеңіс-бақ! Жеңіс-мерей! Жеңіс-көктем!

Тақырыбы:Шығыстың қос жұлдызы 3сыныпТақырыбы:Шығыстың қос жұлдызы 3сыныпТақырыбы:Шығыстың қос жұлдызы 3сынып





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал