- Учителю
- Әдебиеттік оқу Болат Үсенбаев Сөз мәйегі
Әдебиеттік оқу Болат Үсенбаев Сөз мәйегі
Пәні: Әдебиет
Сабақтың тақырыбы: Болат Үсенбаев «Сөз мәйегі»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Болат Үсенбаевтың «Сөз мәйегі»
өлеңімен таныстыру
Білімділігі: Оқушыларға автор туралы мағұлмат беру,
«Сөз мәйегі» өлеңінің мазмұнын меңгерту,
мақал-мәтелдер туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке, мәдениетті,
сыпайы сөйлеуге, адамгершіліктің игі қасиеттеріне
баулу
Дамытушылығы: Оқушылардың мәнерлеп оқуларын, көркем сөйлеу
тілдерін, өлеңнің мазмұнын өмірмен байланыстыра білу
қабілеттерін, ауызша, жазбаша сөйлеу тілін, сөздік қорын
дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, әңгімелеу, көрнекілік
Көрнекілігі: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақ
ІІІ. Қорытындылау
IV. Үйге тапсырма беру
V. Бағалау
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психоллогиялық дайындық
-Сәлеметсіздер ме, апайлар. Қазір 4 «Б» класында әдебиеттік оқу сабағы. Балалар, бір -біріміздің алақандарымызды түйістіріп, алақанның жылуын сезініп, жақсы сөздер, тілектер айтайық.
М: Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Бүгін бізге қонаққа апайлар келіп отыр. Ендеше барлығымыз сабаққа жақсы қатысып, белсенділік көрсетейік. Барлығыңызға сәттілік тілеймін. Бүгін бізде жаңа сабақ болғандықтан 3 тапсырма бойынша бағаланасыздар. Мақал-мәтелдер, өзіндік жұмыс, сұрақтармен-тапсырмалар бойынша бағалансыздар. Осы «Сәттілік» сөзіндегі әріптерден басталатын қандай мақал- мәтел білесіздер?
С- сәлем сөздің анасы
Ә- әдепті бала-арлы бала, әдепсіз бала- сорлы бала.
Т- талаптыға нұр жауар
Т- тірлік, тірлік түбі-бірлік
І- іздеген мұратына жетеді
Л- ләйлек келмей, жаз болмас
І- іңірде жатқан ырыссыз қалады.
К- көп сөз- күміс, аз сөз-алтын
ІІ. Жаңа сабақ
М: жарайсыңдар, балалар, олай болса, барлығыңызға сәттілік тілеймін. Балалар, бүгінгі сабақта Болат Үсенбаевтың «Сөз мәйегі» тақырыбындағы өлеңімен танысамыз.
М: Сөз мәйегі деген сөзді қалай түсінесіңдер ?
О:
М: Мәйек деген сөз- 1) жас төлдің ұлтабарынан алынып, сүттен ірімшік жасауға пайдаланылатын ұйытқы, қорытқы. Ауыспалы мағынада: белгілі бір нәрсеге арқау боларлық зат, ұйытқы деген мағынаны білдіреді. Ал сөз мәйегі - сөздің ұйытқысы, құндылығы деген мағынада айтылып тұр. Бұрынғы кезде ата-бабамыз сөзге тоқтаған халық болған. Шешен, билердің өзң дауларды сөзбен шешкен. Сөздің қандай түрлерін білесіңдер?
-
Өлеңді мінерлеп оқу
-
Оқушыларға оқыту
-
Сөздік жұмыс
4.Сұрақтармен жұмыс
5.Дәптермен жұмыс
Сөздік жұмыс
Көркеуде- оқымаған, надан адам.
Сұрақтармен жұмыс
М: Мақал дегеніміз не?
О:
М: Мәтел дегеніміз не?
О:
М: Мақал-мәтел бізді неге үйретеді?
О:
М: Мақал-мәтелді неліктен «Аталы сөз» деп атайды?
О:
М: Мақал-мәтелді кім шығарады?
О:
Дәптермен жұмыс
М:Балалар, өлеңнің әр шумақтағы сөздің негізгі тұғырын тауып, дәптерге жаз.
Сөз ______________- жаманнан жиренткен
_________________ - өмір жайлы сыр шерткен
Мақал-мәтелдер - _________________________ .
________________ - қалдырды бабамыз.
_________________ - өмірден туады.
Күн болып жаһанға- _______________________ .
(Мақпал Жүнісованың «Бір ауыз сөз» әні қосылып тұрады.)
ІІІ. Қорытындылау
М: Балалар, қазір «Ұтымды жауап» ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның шарты: әр әріптен басталатын сөз құрау арқылы бүгінгі тақырыптың мағынасын ашатындай қорытындылау.
С Ө З М Ә Й Е Г І
IV. Үйге тапсырма беру
М: Үйге «Сөз мәйегі» мәнерлеп оқу, Б.Үсенбаев туралы қосымша мәлімет әкелу
V. Бағалау
М: Сабақта белсенділік көрсетіп, жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.