7


  • Учителю
  • Бастауышым - бал бұлағым ертеңгілік жоспары 4 сынып

Бастауышым - бал бұлағым ертеңгілік жоспары 4 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бастауышым - балбұлағым!


1-жүргізуші: Оқу елге керек пе,

Керексіз бе?

Болды дау

Жар сап әлемге

Соғылды бір қоңырау

Ол Ыбырай атаның

Қоңырауы болатын.

Жарық етті әлемді,

Қараңғы еді дала тым

Жырын жаттап жатамыз

Жалықпастан қыс-жазы

Ұлы Ыбырай атамыз -

Ұстаздардың ұстазы.

Ұран тастар көп елге,

«Кел, балалар, оқылық!»

Деген сөзін көңілге

«Ықыласпен тоқылық!»


2-жүргізуші: Азамат жүрегін дір еткізер осы бір мектеп өміріндегі алғашқы күннен бастап, сол ұядағы әрбір қызықты, жылылыққа толы нұрлы бала өміріміздің балғын шағын айқындайтын қоштасар сәт те келіп жетті. Ендеше ортаға ұстазымыз Мейрамгүл Мұратқызын шақырамыз.


Мұғалім сөз сөйлейді.


1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар!

Білім іздеп инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Өлең оқып, би билеп, ән де бүгін айтылар.


2-жүргізуші: Армысыздар, аяулы ұстаздар мен ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер.

Хош келіпсіз, ақ жаулықты аналар

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған.

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.


1-жүргізуші: Қасым Аманжолов ағамыз «Мектеп- кеме, білім, теңіз» деп тектен-текке айтпаған ау, сірә. Егер адамның жүрегінде ізгілік, мейірімділік сәулесі болса, ол-мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды әрбір жеткіншектерге жеткізіп, жүрегіне сіңіру үшін қагшама тер төгеді десеңші! Адамды тәрбиелеп, оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш емес пе?! Сондықтан да ұстаздардың еңбегі - ұлы еңбек.


2-жүргізуші: Алғаш рет өзіңнен

Білім алды балалар

Оқу сырын өзіңнен

Біліп алды балалар.

Жастың өсті санасы

Елжірейді жүрегі

Бастауышқа бар бала

Алғыс айтып жүреді - дей келе ортаға 4 «Б» сынып оқушыларын шақырайық(«КҮН НҰРЫ» презентация)

Оқушылар бірін - бірі таныстырады.

Хор: Ұстазым

1-оқушы: Мұғалім - бұл адамның ардақты аты

Білімді бар биікке шығар саты

Ең алғаш басталады осы адамнан

Сүйеді сондықтан да жақын-жаты

Бар ғалам, барлық қоғам мұғалімді

Сыйлайды мәңгі бақи беріп бәрін


2-оқушы: Ұстаз деген қасиетті адам бар

Біле білсең, сенің екі анаң бар

Бірі сенің туған анаң болса егер,

Екінші анаң ұстаз деген данаң бар.

Туған анаң болмаса ойнамас ең, күлмес ең,

Жарық дүние нұр сәулесін көрмес ең.

Ұстаз ана болмаса сен өмірдің,

Мәні менен мағынасын білмес ең.


3-оқушы: Ұл өмірге жетелеп

Ашқан білім есігін

Құрметтейік мәпелеп.

Ұстаздардың есімін

Келешекке алтын бақ

Қосар таудың үлесін

Жасай берсін жарқылдап

Ұстаз атты ұлы есім


4-оқушы: Мол өнегең, ұрпаққа мол дәрісің,

Қанаттандыр, қатайтып қолдан ұшыр

Саған деген алғыстың шегі де жоқ

Әрбірінің азамат болғаны үшін

Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсің

Әр балаға сен ана, әкедейсің.

Болашақты көктеткен жас шыбығын

Бағбанындай аялап мәпелейсің.


Ән: Шәкірт тілегі


1-оқушы: Мектеп - сенсің адалдықты үйреткен

Мектеп - сенсің жамандықтан жиренткен

Мектеп - сенсің жақсылықты ұран ғып

Мектеп - сенсің мені жұртқа сыйлы еткен


2-оқушы: Мектеп деген - білім кені, жыр кені

Мектеп деген - ғылымның ең үлкені

Мектеп деген- тәрбиеші адамға

Мектеп деген - даналардың мекені


КӨРІНІС: «Менің атым-Қожа»

1 - көрініс

Мектептің қасында Қожа (қолтығында добы бар) келе жатқанда Жантасқа
ұшырасады.
Жантас: (қолында мор басылған бір жапырақ қағазы бар. Соны шертіп-шертіп койып):
- Қара Көже, мынаның не екенін білесің бе?
Қожа: - Ол не?
Жантас: - Лагерьге жолдама. Біз лагерьге баратын болдық. Ал сен, көшедегі иттерді тәртіпке салуға ауылда қалатын болдың.
Қожа: - Оны саған кім берді?
Жантас: - Кім беруші еді? Майқанова апай берді. Бірақ сен жоқсың тізімде.
Қожа: - Неге жоқпын? Майқанова апай қайда?
Жантас: - Мектепте
(Қожа келемеждеп сөйлеудің қандай екенін білуі үшін Жантасты мұрынға сырт еткізіп шертті де жүгіре жөнелді)

2 - көрініс

(Қожа екпінлеген қалпымен мұғалімдер бөлмесіне алқынып кіріп барады. Майқанова бірдеме жазып, жалғыз отырады)
Майқанова: (Басын көтеріп алып, таңырқаған кейіппен қарады):
- Не болды? Не болды Қадыров?
Қожа: - Лагерьге жолдама беріңізші маған
Майқанова: - Саған бұл жолы жолдама берілмейді. Екінші кезекте барасың
Қожа: - Неге?
Майқанова: - Неге болушы еді: барлық оқушыға бірден жетпейді, Ал екіншіден, ең әуелі біз лагерьге үлгілі, тәртіпті оқушыларды жібереміз.
Қожа: - Жантас немене... менен артық болғаны ма?
Майқанова: (ашуланып)
- Сен немене? Мені тергегелі тұрсың ба?
Қожа: - Бермесеңіз қойыңыз (жалт бұрылып, есікті тарс жауып жөнеле береді)
Майқанова : - (Соңынан ілесе шығып): - Қадыров! Бері кел.
-Қадыров. (Қожа есіктен жүгіре шығып кетеді)
Жантас: (жолын тосып)
-Немене, жолдама алдың ба?
Қожа: - Алдым
Жантас: - Кәне, көрсетші?
Қожа: - Міне. (Сарт еткізіп танаудан тағы бір шертіп кетеді)


1-жүргізуші: Мінеки осы сияқты біздің сыныпта да түрлі қызықты сәттер болған.

1-жүргізуші:Құрметті ұстаздар, біз сіздер оқытып жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз, сөздеріңізді ынта қойып тыңдаймыз. Жан-жақты білім бергені үшін әрбір пән мұғаліміне алғысымыз шексіз.


2-жүргізуші: Арманым боп аңсаған

Мәңгілік қалдым мекендеп

Өзіңе арнап жыр айтам

Ардақтап сізді өтем деп


Ұстаздардың ұстазы

Мектебіміздің қамқоры

Гүлжанаттай ұстазды

Әркім мақтан тұтады


Жұмыста ылғи қайсарды,

Көрмейміз мұндай жайсаңды

Ұжымның мықты ұстазы

Айгүл мұғалімді айтсаңшы


Білімділік- тіршіліктің тірегі

Эльмира мұғалім тереңнен түсіндіреді

Сөйлегенде мәдениетті тілменен

Барлық жанның елжіреген жүрегі


Рыскеш мұғалім сауаттылыққа оқытқан

Санамызға орыс тілін тоқытқан

Ізгілік пен ізеттілікке жетелеп,

Ақыл кенін болаттай ғып қорытқан


Жанат мұғалым орыс тілін танытқан

Ойландырып ой-сананы дамытқан

Баршаңызға тілеріміз - жақсылық

Арналады өлең атты шабыттан


Музыка тек ноталардан тарайды

Таусылмайтын кенге өзіңді балайды

Талай шәкірт мақтан тұтар Розадай мұғалімді

Өмірінің өзегі деп санайды


Бояу сырын үйреткен

Шың көңілмен, жүрекпен

Арайлым мұғалім керемет,

Сабақ берген суреттен


Спорт- денсаулық кепілі

Ұстанамыз бұл сөзді

Ерлан мұғалім әрдайым

Шынығуды дұрыс дейді


Мың бұралтқан биімен

Көңілді әсем күйімен

Зульфиядай мұғалім барда

Тең келеді кім бізбенен


2-жүргізуші:Арулар неткен сымбатты,
Ғажайып нұрға бөленген.
Көктемдей қыздар гүл атты,
Мың бұралған билеген.


Би: Қазақ биі


Ана десем алғыс алам халқымнен

Ана десем теңіз болам шалқыған

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын


Аяулы да, алтын нұрлы анашым,

Жүрегіммен мәңгі бірге боласың

Сен асқарсың, сен аспансың, биіксің

Сен дарқансың, сен жомартсың, данасың


Мен өзіңмен қайда болса біргемін

Махаббатың жүргеміде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің


1-жүргізуші: Қазір біз аналарымызға өзіміздің жүрек лебіздерімізді білдірмекпіз. Әр ана бүлдіршіндердің балдай тәтті лебіздерін алсын.

2-жүргізуші: Әр ана өз баласын өзінше еркелетеді, ерекше мәпелейді, өзгеше мейірін төгеді. Олай болса бізде аналарымызға арналған әр түрлі жанрдан құралған музыкалық сәлемімізді жолдаймыз.


БИ: Попури

1-жүргізуші:Өзіңдікі - елің де,

Өзіңдікі - жерің де

Өзіңді-өзің еткен бе

Тәуелсіздік төрінде- біздің бақытты балалық шақта өмір сүріп,

жарқын елдің болашағы болып, тыныш өмір сүріп келе жатқанымыз Тәуелсіз мемлекетіміздің, Елбасымыздың арқасы, біз Қазақстанның бүлдіршіндері болғанымызды мақтан тұтамыз.


Мәнге толы қазағымның ғұмыры

Сан асылдың ашылып тұр тұғыры

Кеше ғана керексіз ғып тастаған

Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы

Сәнге толы қазағымның тірлігі

Кіріп тұрса ынтымақ пен бірлігі


Қазақстан дейтін менің бар елім

Жатыр алып жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далада атам қолға ту алған

Бұл далада жылап келіп, уанғам

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам

Бұл далада өскен жанда жоқ арман

Олай болса, заманға иленбей, заманды биле, алғыр жас!


Жаңа ғана Қазағымның таңы атты

Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты

Көз қуанып, күн сайын көркеміне

Көңіліміз сенеді ертеңіне

Қазақстан-алып ел, төрі - Астана

Тағзым ғана лайық ел төріне!


БИ: «Көк тудың желбірегені»


2-жүргізуші: Оқуды еткен жан басты ұғым

Іздеген бақытын табады

Өзіңе тапсырдым жас буын

Білімнің кілтін бұл бағалы -дей келе біз «Бастауыш сатыдағы» білім кілтін артымыздан еріп келе жатқан іні-қарындастарымызға табыстап кетейік


Кілт тапсырушы: Әрдайым білімнің шыңынан көрініп, мектебіміздің, ұстаздарыңның, ата-аналарыңның намысын асқақтата беріңдер!


Оқушы: Біз әрдайым сіздер сияқты тек білімнің, өнердің биігінен көрінеміз деп сіздерге уәде береміз!


Ендеше, бастауышпен қоштасу вальсін қабыл алыңыздар

ВАЛЬС


  1. Жүргізуші: Жүзің жыл, құшағың кең

Сенен түлеп ұшамын мен

Өзің берген біліміңмен

Биіктерге шығамын мен

Сөз кезегін бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісіне береміз


  1. Жүргізуші: Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі

Шаншымасын ешқашан

Аналардың жүрегі

Сөз кезегін ардақты аналарымызға береміз


1-жүргізуші: Сенде өтті қызық шағым

Бастауышым-балбұлағым

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын!


2-жүргізуші: Біз бүгінгі бастауышпен қоштасу ертеңгілігімізді мына бір әнмен аяқтасақ дейміз!

«Сыныптастар, құрдастар»



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал