7


  • Учителю
  • План урока по казахскому языку на тему Кім немен айналысады? (6 класс)

План урока по казахскому языку на тему Кім немен айналысады? (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сыныбы.  6 Сабақтың тақырыбы. Кім немен айналысады?Сабақтың мақсаты:                  І Білімділік   Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән                                            дыбыстарының айтылуы мен жазылуын  қадағалау.                           
предварительный просмотр материала

Сыныбы. 6

Сабақтың тақырыбы. Кім немен айналысады?

Сабақтың мақсаты:

І Білімділік Оқушыларды қазақ тіліне үйрету, қазақ тіліне тән

дыбыстарының айтылуы мен жазылуын қадағалау.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын

қалыптастыру. Әңгіме құратып үйрету.

ІІ Дамытушылық Оқушыларды сөйлету арқылы тілдік қорларын

молайту, ой- өрістерін дамыту. Білім-білік

дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ Тәрбиелік Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, түсіндірмелі, талдау, әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Карточкалар.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, оқушыларды түгендеу. Оларды сабаққа бейімдеу.


ІІ Үй тапсырмасы

Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау.


ІІІ Жаңа сабақ

Жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын қою.

Жаңа сөздермен таныстыру.

Есте сақтаңдар!

Болымсыз етістік

Іс- әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке -ма,

-ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтарының немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады.


Сөздің соңғы дыбысы


Сөздің соңғы буыны

Жұрнақтар

Дауысты немесе үнді дауыссыз й,л,р,у

Жуан

Жіңішке

-ма

-ме

Ұяң дауыссыз дыбыстар немесе үнді дауыссыз м,н,ң

Жуан

Жіңішке

-ба

-бе

Қатаң дауыссыз дыбыстар

Жуан

Жіңішке

-па

-пе


IV Жаңа сөздер

кәсіп-промысел, занятие шұлық- носки

қызмет- работа, служба оқу озаты- отличник

сурет салды- нарисовал шұғылдану- заниматься

жаттау- выучить наизусть

V Дәптермен жұмыс

Жаңа сөздер бойынша сөйлемдер құрап жазу.

1 - тапсырма. Диалогты аяқтаңдар.

- Сенің атың кім?

- ...

- Отбасыңда неше адам бар?

-...

- Әкең немен айналысады?

-...

- Шешең кім болып жұмыс істейді?

-...

- Атаң немен айналысады ?

-...

- Әжең немен айналысады?

-...

- Ағаң не істейді?

-...

- Сен немен шұғылданасың?

4- тапсырма. Болымсыз етістіктің жұрнағын жалғап жазыңдар (-ма/-ма, -ба/-бе, -па/-пе).

Жаз сыйлас байла

Сез қайт жу

Оз кес тұр

Төз төк бер

Нан тос сөйле

таран к үт әкел

сүртін бас көр


5- тапсырма Үлгі бойынша сөлесіңдер.

- Сіз спортпен шұғылданасыз ба?

-Жоқ мен спортпен шұғылданбаймын, кесте тігумен шұғылданамын.


VІ Тақтамен жұмыс

Оқушыларды тақтаға шығарып жіктік есімдерді септету.

Жіктік есімдердің септелуі

(склонения личных местоимений)


Септіктер (падежи)

Мен (я)

Сен (ты)

Сіз (вы)

Ол (он, она)

Атау (им.)

Ілік (род.)

Барыс (дат.)

Табыс (вин.)

Жатыс (мест.)

Шығыс (исх.)

Көмектес (тв.)

мен

менің (мой)

маған (мне)

мені (меня)

менде (у меня)

менен (от меня)

менімен (со мной)

сен

сенің (твой)

саған (тебе)

сені (тебя )

сенде (у тебя)

сенен (от тебя)

сенімен (с тобой)

сіз

сіздің (ваш)

сізге (вам)

сізді (вас)

сізде (у вас)

сізден (от вас)

сізбен (с вами)

ол

оның (его)

оған (ему)

оны (его)

онда (у него)

онан (от него)

онымен (с ним)


VІІ Оқулықпен жұмыс


2 - тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңдар.

Біздің отбасымыз үлкен: атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам, апам, қарындасым және мен. Атам мен әжем зейнеткерлер. Әкем тіс дәрігері. Оның өз емханасы бар. Анам бухгалтер, банкте жұмыс істейді. Екі ағам - студенттер. Екеуі де Қарағанды Мемлекеттік университетінің экономика факультетінде оқиды. Апам мұғалім. Қарындасым он жаста. Ол төртінші сыныпта оқиды. Мен алтыншы сыныпта оқимын. Мен оқу озатымын. Қарындасымның сабағына көмектесемін.Мен спортпен шұғылданамын.


3 - тапсырма.Төмендегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.

1.Ол ғылыммен шұғылданады. 2.Ағам мәдениет министрлігінде қызметкер. 3.Атам газет оқып отыр. 4.Әжем шұлық тоқумен айналысады. 5.Балалар аулада доп ойнап жүр. 6.Анасы ас үйде тамақ әзірлеп жатыр. 6.Шолпан сабағын оқып отыр. 7.Айназ Астана қаласындағы Еуразия университетінде оқиды.

VIII Шығармашылық жұмыс


IX Қорытынды

Оқушыларға сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қалай меңгергендерін тексеремін.

X Бағалау

Оқушыларды білім деңгейлеріне байланысты бағалау.


XI Үй тапсырмасы


Өз отбасының немен айналысатынын әңгімелеу.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал