7


Спорттық сайыс 1 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

«Көңілді эстафеталар»



/спорттық сайысы/

Спорттық сайыстың мақсаты:

а) көңілді старт ойындары арқылы оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру

ә) ойын барысында оқушылардың бір-біріне сыйластығын, ынтымақтастығын арттыра отырып, оқушыларды адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

б) ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерімен қабілеттерін дамыту арқылы шапшаңдық, ептілік дағдыларын қалыптастыру.

Спорт сайысының өтілетін орны: Мектеп спорт залы.



«Көңілді эстафета» спорттық сайысының бағдарламасы:



1 Таныстыру. Әр топтан бір адамнан өз топтарын таныстырады.



2 «Жалауды тез жеткіз» эстафетасы

Ойынның шарты: Команда капитандары қолына жалау ұстап ойынды бастауға белгі бергенде ойын аланына қойылған кедегіні айналып өтіп, жалауды келесі балаға береді. Өзі команда тез тізбегінің соңына барып тұрады. Қай команда тез бітсе сол жеңіске жетеді.



3 Секіргішпен секіру эстафетасы. Секіргішпен секіре отырып берілген қашықтықты айналып келу.



4 «Пингвин» сайысы.

Допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, қайтар жолда жүгіріп кетеді.

5 «Мұртты кенгуру» сайысы.

Балалар қарындашты мұрнына қысып, жартылай отырып жүріп отырып екінші жаққа келіп берілген есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп келеді.



6 Допты себетке лақтыру.

Топтың мүшелері допты себетке дәлдеп лақтырады.



7 Қаппен секіру.

Қапты топтың барлық мүшесі кезек-кезек кие отырып берілген аралықты секіріп өтеді.



8 «Теннис шарымен жүру».

Оқушы тенис шарымен жүгіріп, жалаудан айналып, кері қайтадан жүгіреді. Келесі оқушы ойын жалғастырады.



9 «Епті де, жүйрік» сайысы.

Шарты: Үлкен доп үстіне отырып, орындықты айналып секіріп орнына келу.



10 « Әтештер » сайысы

Әр топтан 1 ұл баладан шығып шеңбер ішінде бір аяқтарын ұстап бір - бірін итеріп шеңберден шығарады



11 «Допты тез жеткіз»

Ойын шарты: Допты ұстап жүгіріп келу.



12 Арқан тарту. Топпен.























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал