7


  • Учителю
  • Тақырыбы 'Кедей' Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Тақырыбы 'Кедей' Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Кедей. Сұлтанмахмұт Торайғыров.

Мақсаты: Оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыров жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

адамгершілікке тәрбиелеу

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

І. Үй тапсырмасын сұрау: Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған?

Қай кезде болған оқиға?

«Бәрі де шықпа, жаным, шықпа» дегенді қалай түсінесің?

Олардың тұрмыс жағдайы саған қалай әсер етті?

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Қалай ойлайсың Қалидің өмірі ары қарай не болды екен?

Қазақ халқының аштыққа душар болуының себебі неде?

ІІІ.Мақсат қою кезеңі:1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

3.Суреттер топтамасын пайдаланып Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірімен танысу.

Қазақтың белгілі ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Омск уезінің Шағрай болысындағы Жантай ауылында дүниеге келген. Әкесі Шоқпыт Семей губерниясының Павлодар уезінен. Алғаш рет ауыл молдасынан хат таныған Сұлтанмахмұт Троицк қаласында оқуын жалғастыра отырып, сол маңайдағы ауылдардың бірінде мұғалімдік қызметті қоса атқарады.Торайғыровтың 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі екі ұлымен Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды.

Қазақ ұлттық мәдениетінің көрнекті қайраткері, ХХ ғасыр басындағы қазақ өмірінің шежірешісі болған ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров 1920 жылы 21 мамырда дүниеден өтеді. Ақын бар жоғы 27 жыл ғана өмір сүрді…Өмірі қысқа болғанмен, жырларының ғұмыры ұзаққа созылды. Ақын бақыты да сонда.

ІҮ.Жаңа сабақ: Өлеңді түсініп оқу.

Бұл өлеңді ақын неліктен «Кедей» деп атаған?

Кедей деп кімдерді атаған?

Кедейдің ауыр өмірін қалай бейнелеген?

Бұл оқиға қай кезде болған?

Кеңестiк билiктiң алғашқы 1920-1930-жылдарында қазақтар 4 млн-ға жуық адамынан айырылды, олай дейтiнiмiз 1921-1922-жылдардағы аштық кезiнде 1 млн 700 мың адам, 1932-1933-жылдары 2 млн 300 мыңға жуық адам көз жұмғанын айғақтайтын деректер бар.. Ақырында, аш-жалаңаш қазақтар көршiлес Қытай, одан әрi Монғолия, Ауғанстан, Иран және Түркия сияқты елдерге үдере көшуге мәжбүр болғаны мәлiм.

Ү. Жаңа сабақты пысықтау:

Топтық жұмыс: Салыстырып, дәлелде. Суреттегі кедей тұрмысын қазіргі кезбен салыстыр.


І топ

ІІ топ

Қазір кедей адам жоқ.

Қазіргі кезде де кедей адамдар бар.

ҮІ.Қорыту: Аштық, кедейлік мүлде болмас үшін не істеуге болады?

ҮІІ. Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу, әңгімелеу. ҮІІІ. Бағалау.


Сұлтанмахмұт Торайғыров.

(1893-1920)



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал