7


  • Учителю
  • Мероприятие на тему « Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»

Мероприятие на тему « Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: « Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!»

Күні: 15.12.2015ж

Мақсаты: Балалардың отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып елжандылыққа тәрбиелеу,патриоттық сезімін ояту.Тәуелсіздік күні туралы түсініктерін молайту. Көріністерді корсету арқылы еліне, отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақстанның келешегі өздері екенін көзін жеткізу.

Көрнекілігі: Желтоқсан жаңғырығы тақырыбында шығарылған плакат, нақыл сөздер жазылған плакат, слаид.

Тәрбие сағаты барысы:Жүргізуші: Тәуелсіздік бізге текке келмеген ,

Талай бабам қанын төгіп терлеген.

Сонда-дағы қасиетті қазағым,

Төл байрағын дұшпанына бермеген.

Бабалардың ғасыр бойы арманы,

Өткені мен келешегін жалғады.

Желбіреп тұр төл байрағы қазақтың,

Егеменді тәуелсіздік алғалы.

Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар, ұстаздар және бүлдіршіндер ата-аналар! Бүгін бізде үлкен мейрам.Тәуелсіздік күні! 1991 жылы 16 желтоқсан күні қазақ халқының ұлттық тарихына алтын әріппен жазылған күн. Бұл күн сөнген шырақтың қайта жанған күні.Ал, бүгінгі қазақ елі ата-бабалар аңсаған Тәуелсіз егемен ел.Тәуелсіздігіміз құтты болсын! Тәуелсіздік күніне арналған біздің бүлдіршіндеріміздің «Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ертеңгілігімізді ашып беру үшін № 235 орта мектебіміздің директоры Тилеуова Кабира Ануарқызына сөз береміз

Әнұраным- жан ұраным,

Айтар әнім,сөйлер сөзім.

Туған жерін сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады.

Республика Әнұраным.

Ермұрат

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсем Отанның сән ұланы

Енді ағайын көгімде қалықтасын

Қазағымның қастерлі әнұраны

Қазақстан Республикасының Гимні орындалсын.

Жүргізуші: Балалар біз егеменді еліміздің болашағымыз,сондықтан балалар біз тәртіпті , тәрбиелі, сыпайы өсіп келеміз.

Ғажайып сәт: Ортаға Білгішбек келіп сұрақтар қояды:

-Сәлеметсіңдерме балалар?

- Сәлеметсіз бе!

Балалар мен сендерді Тәуелсіздігіміздің 24 жылдық мерекесі мен құттықтаймын.Сендердің білімдеріңді тексеру үшін арнайы келдім.

Жүргізуші: Балалар білгішбектің сұрақтарына бірге жауап беремізбе?

-ия Олай болса білгішбектің сұрақтарын тыңдайық.

  1. Балалар біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?

  2. Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз?

  3. Қандай ріміздеріміз бар?

  4. Елбасым кім?

  5. Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?



Жарайсыңдар балалар! Сендер білімді екенсіңдер жауаптарыңа риза болдым.

Жүргізуші: Олай болса Білгішбек

Тәуелсіздік күніне арналған бүлдіршіндеріміздің жыр шумақтарын тамашалайық.

1-бала: Ернар

Өздіңдікі- Елің де,

Өзіңдікі- жерің де

Өзіңді өзің еткен бақ

Тәуелсіздік- төрінде

2-бала:Дана

Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Туымызды бізге ешкім бермеді.

Ел тізгінін қолына алу жолында

Қыршын кетті талай қазақ ерлері

3-бала:Жалғас

Қазақстан - елім менің,

Қазақстан - жерім менің,

Саған арнап айтылады әнім менің

4-бала: Айя

Ата-баба аңсап келген жүрегі

Келді бүгін тәуелсіздік тірегі

Ғасыр бойы сағына күткен арманы,

Орындалды күні бүгін тілегі

Би: «Валсь»

Көрініс: Тәуелсіздік деген не?

Айсана: Әже айтшы тәуелсіздік деген не?

Тамсандырған әлемді әнбе әлде өлең бе?

Әже Дана:

Қайраттай қайсар ұлдардың

Жанымен келген еркіндік

Сабира мен Ляззаттың,

Арымен келген еркіндік

Қасірет пен қайғының

Бәрімен келген еркіндік.

7-бала:Әмина

Айналайын аспаннан,

Біздің тудың бояуы.

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

8-бала:Айзере

Тәуелсіздік жолында

Талай-талай тер тамған,

Билігім өз қолымда

Еркіндігім - Елтаңбам

9-бала Мансур

Әнұраным жан ұраным

Журсем егер дуние кезіп

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

10-бала. Ермұрат

Жанымдай сүйем халықты ,

Ерлері мәңгі даңқты .

Өнеге тұтып өсемін.

Сабира ,Ляззат , Қайратты.

11-бала Кенже

Мен котерілісті жек көрем

Күні ертең ақ ер жетем

Қиялымды өрлетем

Туған жерді әлпештеп

Кірпік ілмей тербетем

12-бала Ұлан

Рәміздерім елдігімнің белгісі

Білу керек бала-дағы ең кіші

Ермұхаммед " Халықаралық Түркістан қаласында өткен халықаралық "Мәңгі ел,Қазақстаным!" атты балалар мен оқушылар фестивалінде бас жүлде алып келген "Еркетай ортаңғы тобының бүлдіршіні Құлтай Ермұхаммедті «Беу айдай» әнімен ортаға шақырамыз

Көрініс: «Қайратты тергеу»

Тергеуші: Ермұрат пен Бейбіт

Сен алаңға не үшін келдің? Савицкийді өлтіргеніңді мойындайсың ба?

Қайрат: Мақсат

Оу, адамдар, мен өлтірген жоқпын. «Қазақ қыздарын жазықсыз ұрып-соғып жатыр» дегенді естіп , қыздарға араша түсейін деп келдім. Мен жазықсызбын.

Атымды адам қойған соң,

Қайтіп надан болайын

Ортам надан болған соң,

Қайда барып оңайын?

Қасқалдақтай қаным бар,

21-де жасым бар,

Атам десең атыңдар....

(Қайратты ұрып-соғып , сүйрей бастайды)

13-бала Темірлан

Жанарған берекелі еліміз бар

Даласы гулге толы жеріміз бар

Кең өлкем, байлығы мол ынтымақты

Шалқыған айдын шалқар көліміз бар.

14- бала Айсана

Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын

Желтоқсанда шықты алаңға жастарым

Әр-ұрпақтың құрбандары жеткілік

Дербестікке кун сұрамақ басқа кім?

15-бала Ермұхаммедхан

Желтоқсанның құрбандарын мәңгілік

Жадымызда сақтаймыз біз жандырып

Ләззат, Қайрат, ән қылып

Есімізде қалдырамыз мәңгі ғып

16-бала Кенже

Желтоқсаным ұмытылмайсың жүректе

Ұрпақ осы айналатын тірекке

Егемендік келді міне еншіме

Желтоқсаным жеткіздің ақ тілекке

Ән: "Әжем ертегісі" жеке орындау

Айя мен Дана

18-бала Қабылжан

Бақыт елі бұл отан

Бәріне де иемін

Біздің отан- Ұлы отан

Ұлы отанды сүйемін

19- бала Нұрдәулет

16-желтоқсан

Тәуелсіздік алған күн

Ерекше боп мәңгілік

Ел жадында қалған күн

20-бала Мұхаммедхан

Енді міне біз тәуелсіз ел болдық

Басқалармен терезесі тең болдық

Әр қашанда біз дайынбыз тайсалмай

Отан үшін болуға да құрбандық

Ән: Ертегілер елінде

Би: «Көкпар би»

Хор: Ел қорғауға әзірміз

Жүргізуші:Азаттық, тәуелсіздік қазақтың ежелгі арманы еді.Соңына мәңгі ұмытылмас мұң қалдырып , жыл өткен сайын тарих қойнамына сіңіп бара жатқан 1986 жылдың желтоқсаны қай қазақтың жүрегін сыздатпады, кімнің көңіліне жара салмады? 1991 жыл-тәуелсіз ел атанып , аяғына тәй-тәй басқан республикамызбен оның халқы үшін ерекше жыл. Сол күні республикамыздың аспанында қазақ елінің өз жалауы желбіреді, елдігімізді танытар Елтаңбамыз қабылданды.

Бүгінгі Қазақстан- әлемнің іргелі мемлекеттерімен қатар халықаралық мәселелерді шешуде басты тұлға. Бүгінгі Қазақстан- әлем таныған егеменді, демократиялық және құқықтық мемлекет. Тәуелсіздік шаттығы , Тәуелсіздік қуанышы , Тәуелсіздік тойы баянды болсын.

Жүргізуші: Желтоқсанның қарамай ызғарына

Желтоқсанның қарамай ызғарына

Тәуелсіздік тұғырға жету үшін

Өлді талай боздақтар желтоқсан мұздарында- дей келе

құрметті қонақтар, ұстаздар және бүлдіршіндер ата-аналар! Бүгінгі біздің бүлдіршіндеріміздің әзірлеген ««Күн дидарлы- Қазақстан!» атты ертенгілігіміз осымен аяқталды. Көңіл бөліп келгендеріңізге рахмет!

Бүлдіршіндеріміздің тәуелсіздікке арнап салған суретін тамашалайық.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал