7


  • Учителю
  • Тәрбие сағаты «Жылылық жанұядан басталады»

Тәрбие сағаты «Жылылық жанұядан басталады»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Алға ауданы

Ақай орта мектебі

Тәрбие сағаты

«Жылылық жанұядан басталады.»

Өткізген: Шиганова А.Қ.

4-сынып















Жылылық жанұядан басталады.

Мақсаты:

1) отбасы жарастығы, ондағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы, сыйластығы,туралы ойларын толық айта білуге жаттықтыру.

2) оқушылардың өз ұлтына, салт-дәстүріне , адамгершілікке , үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

3) оқушының сана-сезімін оятып, ойлау қабілетін дамыту.

Көрнекілігі: кестелер , сабақ ақпараттық картасы, шежіре ағашы,, суреттер


Сабақтың барысы: 1. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.

2. Сабақ мақсатын хабарлау.

1- Бөлім. «Атыңа затың сай болсын.»

Адамның аты дүниеге келгенде берілетін оның жеке есімі. Бұл есімді ата-анасы белгелі бір ырымға , себепке байланысты қояды екен. Қазір әркім өз атын кім қойды, не себепті қойғанын айтып берсе .

Дэйл Карнеги деген белгілі ғалым мынадай тамаша сөздер айтқан. «Адамның есімі,аты- қай ілде болмасын ,ол үшін ең тәтті де жағымды үн.» Осылай атаған ата-аналарың сіздерден үлкен үміт күтеді. Яғни аттарыңа заттарың сай болсын деймін.

2-бөлім. Адасқан әріптер.

Тәрбие сағатының тақырыбын мына сөздерді орнына қою арқылы

табасыңдар.

ыжлыыық ажұня

Дұрыс шештік .Тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Жылылық жанұядан басталады.»

3-бөлім. Топтастыру.

«Жылылық» пен «Жанұя» сөздерін топтастыру.

Осы екі сөз бір-бірімен тығыз байланысты. Біз өз өмірімізге махаббатты, ізгілікті, қамқорлықты өз жанұямыздан алады екенбіз.

Жанұя- бір үйде бір-біріне туыс және жақын адамдардың өмір сүруі.

Мынау шежіре ағашы. Осы шежіре ағашына біз өз жанұя мүшелерін жазамыз.

4-бөлім . Менің ата-тегім.

Ата- тек туралы не білесіздер? Ата -тек шығуы мен туыстық қаыстарын белгілейтін бір ата ұрпақтың шежіресі. Мына алдарыңдағы қағаздан 7 атаны білдіретін сөзді теріп белгілеңіздер.

Осы сөздер арасындағы қай сөздер түсініксіз?

Жұмбақ шешу.

Маған да , саған да

Жақын туыс Бес адам,

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұратың

Айтады оны кім атын?

Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол көкеңнің

Білер оны сұраған . Ол кім?

Атаңның баласы

Кей кезде таласып

Қаласың әжеге

Білгенің асады кәдеге .Ол Кім?

Аймалайды күнім деп

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырынды үнің деп.Ол кім?

Әлпештеп өзіңді өсірген

Нағашы әженің баласы

Төрінде жалпиып көсілген

Бұл күнде жиеннің анасы. Ол кім?

Отбасындағы қарым-қатынас туралы қандай мақал -мәтел білесіңдер?Адамдар бір-бірімен қандай-қарым қатынаста болу керек? Отбасы туралы мақал-мәтелдерін тыңдау.

5-бөлім. Не ардақты?

Әр адамда ,жанұяда өзіне қымбатты, сүйкімді, ардақты сезімдер болады. Өлеңді жалғастыр.

Тауда- сылдырлдаған бұлақ!

Қырда -ойнақтаған лақ!

Түйеде- тайраңдаған тайлақ!

Сиырда- бал татыған қаймақ!

Меуктепте -кітап пенен қалам!

Жанұяда-------

Үйде-------------

Әжемде-------

Атамда------

Әкемде-------------

Анамда-----------

6-бөлім. Ситуациялық сұрақтар.

Кешкі ас ішіп болған соң Айнұр ыдыс-аяқ жуу керек еді. Бірақ қызық кино басталып кетті де Айнұр соны қарап ыдыс-аяқ жууды ұмытып кетті. Анасының ескертуіне «қойшы өзің жушы,шаршап тұрмын» деді. Бұл отбасындағы Айнұрдың қылығынап не дер едің? Не жетпейді?

7-бөлім. Бейбітшілік үйі.

1 жанұя тұратын мекен-жайды қалай атайды? Мысалы украиндар - хата, орыстар-изба, солтүстік халқы -яранга деп атаған Біздің ата-бамамыз ше?

Мына үй жай үй емес «Бейбітшілік үйі». әрбіріміз осы үйге қандай тілек айтқысы келеді, қандай құндылықтарды қажет етеді соны жазсақ деймін.

Отбасында барлық жақсылық ,жылылық ата-анадан тарайды. Баланың ыстық-суығына күймейтін,жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі ,бүгінгі қыз ертеңгі ана,ол анаға қарап өседі. Балаға білім- тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, ана -демеуші,сүйеуші.

Ата- аналарға сергіту жаттығуы.

Егер «ия» десеңіз шапалақтайсыз, «жоқ» десеңіз аяқтарыңызбен тарсылдатасыз.

  • отбасында мерекелер жиі болады ма?

  • Газет бетіндегі бала тәрьиесі туралы мақалаларды жиі оқисыз ба?

  • Отбасында баламен сөйлесуге уақытыңызды көп бөлесіз бе?

  • Жылылық жанұядан басталады дегенмен келісесіз бе?

Мына тапсырманы дұрыс орындасаңыз бір төрт жол өлең шығады.

Тңздй шлқп жргм еіе аы үеі

Сйнр снсң тргм үее еі іеі

Б рсм д қйд жнм аа а аа аұя

Зңмн брг жргм өіе іе үеі

Хормен оқиық.

Теңіздей шалқып жүремін

Сүйенер сенсің- тірегім

Барсам да қайда жанұям

Өзіңмен бірге жүрегім. Деп сабақты аяқтаймыз.








 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал