7


  • Учителю
  • Ашық сабақ математика Ұзындықты өлшеу 2 сынып

Ашық сабақ математика Ұзындықты өлшеу 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

</ Күні:03.03.16ж



Пәні: математика

Кабинеті: 10

Сыныбы: 2 «Ә»

Мерзімі: 3.03.2016 ж.

Тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Километр

Мақсаты:

Білімділік: Километр жайында толық теориялық мағлұмат беру, заттың ұзындығын өлшеуде әр түрлі өлшем бірліктері болатындығына көз жеткізу. Ұзындық және оның бірліктері километр жайлы түсінік беру. Саяхат жасай отырып,жолды километрмен өлшенетініне көз жеткізу.

Дамытушылық: 3 таңбалы сандарды оқу,жазу және жіктей алу,екі амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, стикер,суреттер, слайдтар, бағалау парағы, оқулық, Пән аралық байланыс: Дүниетану.

Қолданатын әдістер: «Сәйкестендіру тесті», «Семантикалық карта», топпен жұмыс, «Тиістісін тап», кері байланыс.



І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сәлеметсіңдерме балалар!

Бүгінгі біздің сабағымызға қонақтар келіп отыр сәлемдесейік.

-Бүгінгі сабақта бір- бірімізге не тілейміз?

Өткенді қайталау:Топтарға бөлініп отыру үшін мына тапсырмаларды орындап, жауабы бойынша тиісті топтарға бөлінеміз.

1 топ:Сантиметр 2 топ:Дециметр 3 топ:Метр

1 дм=10см 10см=1 дм 10дм=1м

1 м =100 см 1м=10 дм 100см=1м

5дм 1 см =51см 3м=30дм 500см=5м

900см=9м

(тапсырмаларды жекелей беріп, орнында орындап болған соң тиісті топқа отырады, жұмысы ауызша тексеріледі.)

  • Әр топ өзіне топ басшысын сайлайды.

  • Топ ережесін сақтаймыз. Топ басшыларына бағалау парағы беріледі,топ мүшелерін бағалап отырасыңдар.

Жаңа сабаққа дайындық:

1 топ:Сантиметр 2 топ:Дециметр 3 топ:Метр

Дәптердің ұзындығын Тақтаның ұзындығын Бойларының ұзындығын

өлшейді. өлшейді. өлшейді.

-Қолымызда қандай өлшеу құралы бар?

-Сызғыш, метр (өлшету)

-Не айтасыңдар? (өлшегендерін айттыру)

Сызғышпен өлшеу ыңғайлы болды ма?

-Екі қаланың арасын қандай өлшем бірлігімен өлшеген дұрыс деп ойлайсыңдар?

-Километрмен

Мақсат қою кезеңі: Ендеше балалар, біз бүгін сендермен жаңа ұғыммен танысамыз.

Бүгінгі сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар? (өз ойларын айттыру)

-Ия, бүгін біз сендермен саяхаттаймыз.Ал жол жүру үшін жолды немен өлшейді?- Километрмен

ІІІ. Жаңа сабақ:

-Километр дегенім кило-мың дегенді білдіреді.Яғни,1 метрден мың рет алынған деген сөз. Ендеше 1км 1000 метр бар.

- Өлшем бірліктеріне байланысты қосымша тапсырмалар берілген болатын қане қысқа ғана айтып өтейік.

(сүйем, қарыс,....)

-Жақсы, ақпараттарыңа рахмет біліп жүреміз.

-Жол жүру арқылы қанша километр жүргенімізді білеміз.

-Ендеше балалар, ары қарайғы сабағымызды біз сендермен саяхаттап, қанша километр жүргенімізді анықтаймыз.



IV.Бекіту:

Дәптермен жұмыс: - Жол жүру үшін бізге билетке бүгінгі күнді және көркем жазуды жазайық.

3 наурыз.

Сынып жұмысы.

1000 1000 1000

  • Қалай ойлайсыңдар неге 1000 цифрын жазып жатырмыз? -Ия себебі, 1 км =1000 м (әдемі жазғандарын мадақтау )

  • Автобусқа міндік, Перевальныйға аттанамыз.Неше километр жүргенімізді білу үшін берілген тапсырманы дұрыс орындауымыз керек.

I.Сәйкестендіру тесті:

Нүктелердің орнынан сәйкес өлшем бірліктерді қою.

Жиектеменің ұзындығы - 5 см

Тақтаның ұзындығы - 3 м

Дәптердің ұзындығы - 21 см

Мектептен үйге дейінгі жол ұзындығы - 769 м

Екі қаланың арасы - 1000 км

(Жауап слайдта көрсетіледі, әркім өз жұмысын тексереді топ басшысы баға қояды.)

  • Енді қарайық қанша км жүріппіз?

  • 4 км = 4000 метр



II.Келесі аялдамамыз Предгорное

Оқулықпен жұмыс: 186 бет 3 есеп

600 см = 60 дм 37 см = 3 дм 7 см

6000 см = 600 дм 49 дм = 4 м 7 дм

600 дм = 60 м 586 см 5 м 8 дм 6 см

( Жұмысты барлығына бірдей беріп, әр топ «Әткеншек» тәсілімен тексеру,топ басшылары бағалап отырады).

  • Енді қарайық қанша км жүріппіз?

  • 3 км = 3000 метр



III. Сергіту сәті: Жүргізушіміз жанармай құйғанша,серігіп алайық.

  • Келесі аялдамамыз Глубокийға жету үшін мынандай тапсырма беріледі.

Семантикалық карта + --Көшбасшылар тексереді.

Енді осы цифрларды қосындысына жіктейік.

691= 600+90+1

690= 600+90

605= 600+0+5

659= 600+50+9

650= 600+50

609=600+9

  • Енді қарайық қанша км жүріппіз?

  • 12 км

IV.Өскемен қаласына жету үшін топпен жұмыс беріледі.Есептің шарты, сұрағы,шешуі, жауабының дұрыстығын тауып, жапсырмалап қорғау.

«Тиістісін тап » деп аталады.

1 топ:Сантиметр

Табан балықтың ұзындығы 38 см, аққайран одан 32 см ұзын, ал ақмарқа балық аққайраннан 10 см ұзын.Ақмарқаның ұзындығы неше сантиметр?

Табан - 38 см

Аққайран - ? 32 ұзын

Ақмарқа - ? 10см ұзын

Ш: /38 + 32/+10 = 80 Жауабы:ақмарқа 80 см

2 топ:Дециметр

Каспийде балықтың 97 түрі кездеседі.Аралда одан 47 түрі кем,ал Балқашта Аралға қарағанда балықтың 17 түрі кем тараған.Балқаш көлінде балықтың неше түрі бар?

Каспииде - 97

Аралда - ? 47 кем

Балқашта - ? 17 кем

Ш: /97-47/-17 =33

Жауабы: 33 балықтың түрі бар.

3 топ:Метр

Тігінші 1-і күні 28 м мата жұмсады ал, 2-і күні одан 8 м мата кем жұмсады. Тігінші екі күнде неше метр мата жұмсады?

1-ші күні-28 м

2-ші күні -? 8 м кем

Барлығы-?

Ш: (28-8)+28=48

Ж: барлығы 48м мата



-Есептерді талдау,тексеру, ауызша салыстыру.

-Ұқсастығы неде?

-Айырмашылығы неде?

-Венн диаграммасы:

  • Енді қарайық қанша км жүріппіз?

  • 21 км

-Сонымен балалар,қалаға жеттік пе?

-Қанша километр жол жүріппіз?

4км+3км+12км+21км= 40 км



Қорытынды:

Рефлексия: кері байланыс

  • Балалар автобус терезелеріне аялдама тапсырмаларының қайсысы ұнады соған байланысты стикер жабыстырсаңдар болады.



Үй тапсырмасын беру:

« 5» - 187 бет,7 есеп және шығармашылық тапсырма

« 4» - 187 бет,7 есеп



Бағалау: Топ басшыларына бағалатып,өзім бағалаймын.

-Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!































«Жаңа Ертіс орта мектебі»КММ



































































Өткізген: Мынгынова Жадыра.Зангыновна



2015-2016 оқу жылы





Пәні: математика

Сыныбы: 2 «Ә»

Барлығы -10 бала, 5-қыз, 5- ұл.

Сыныпты деңгейі бойынша 3 топқа бөлемін.

Өте жақсы: Жақсы: Нашар:

Мырзағалиева М Мұратұлы М Қалдыбай Е

Самелхан М Меиржанұлы А ЕсимбековА

Құралбекова А Демесинова А

Нұржанқызы А Дулатұлы Ә

Өзімнің өзекті тақырыбым:«Ойын элементтерін пайдалана отырып,балалардың денсаулықты сақтау белсенділіктерін арттыру»

Тақырыбы: Ұзындықты өлшеу. Километр

Мақсаты:

Білімділік: Километр жайында толық теориялық мағлұмат беру, заттың ұзындығын өлшеуде әр түрлі өлшем бірліктері болатындығына көз жеткізу. Ұзындық және оның бірліктері километр жайлы түсінік беру. Саяхат жасай отырып,жолды километрмен өлшенетініне көз жеткізу.

Дамытушылық: 3 таңбалы сандарды оқу,жазу және жіктей алу,екі амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Сабақтағы оқушылардың ауызша, жазбаша жұмыстарын орындай отырып, оқушыларды іздемпаздыққа, өз бетінше ой қорыта білуге, есте сақтауға, еңбектенуге, тиянақтылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша, жазбаша, сұрақ - жауап, топпен жұмыс.

Құрал - жабдықтар: интерактивті тақта, тірек - сызба, үлестірмелі қима қағаздар, стикер,суреттер, слайдтар, бағалау парағы, оқулық, Пән аралық байланыс: Дүниетану.

Қолданатын әдістер: «Сәйкестендіру тесті», «Семантикалық карта», топпен жұмыс, «Тиістісін тап», кері байланыс.

Сабақ кезеңдері:

I.Ұйымдастыру

II. Өткенді қайталау

III.Жаңа сабаққа дайындық

IV.Жаңа сабақ

V.Жаңа сабақты бекіту

VI.Қорытынды

VII.Үй тапсырмасын беру

VIII. Бағалау

  1. Ұйымдастыру кезеңінде балалар бір- біріне тілек айту арқылы назарын сабаққа аударды.Ауызша әдісі пайдаландым

  2. Өткен материалда ұзындық және оның бірліктерін қайталау мақсатында балалар 3 топқа бөлінді. Жекелей жұмыс жүргізілді. Бұнда әр топ өзіне көшбасшысын сайлады.

  3. Практикалық жұмыс жүргізе отырып, заттың ұзындығын өлшеуде әр түрлі өлшем бірліктері болатындығына көз жеткізу. Өз бетінше ой қорыта білу мақсатында топпен жұмыс жүргізілді.

  4. Проблемалық сұрақ қоя отырып,километр ұғымымен таныстыру. Оқушыларды іздемпаздық, көшбасшылық қабілетін жетілдіру мақсатында қазақтың байырғы өлшем бірліктері жайында ауызша түсінік қалыптасты.

  5. Километр жайында толық түсінік қалыптастыру мақсатында саяхат жасай отырып,жолды километрмен өлшенетініне көз жеткізу.Ол үшін:1) Билетті пайдалана отырып, бүгінгі күн атын, 1000 цифрын жазылып, мадақталып отырды.Бұнда жазбаша, ауызша,мадақтау әдістері жүзеге асты.2) Перевальныйға жету мақсатында «Сәйкестендіру тесті» арқылы жұмыс жүргізілді.Үлестірме қағаздарға сәйкес ұзындық бірліктерін қоя отырып,жекелей жұмыс жасады.Көшбасшылар тексеріп, бағалап отырды.3)Предгорныйға жету үшін оқулықпен жұмыс жүзеге асты.Өз беттерінше жазбаша жұмыс жасай алу мақсатында қолданылды. «Әткеншек» тәсілі арқылы бірін- бірі тексеріп,бағаланып отырылды.4) 3 таңбалы сандарды оқу,жазу және жіктей алу мақсатында «Семантикалық карта» пайдаландым.Тақтамен жұмыс жүргіздім.5) Екі амалмен шығарылатын есептерді шешу дағдыларын дамыту мақсатында топпен жұмыс «Тиістісін тап» ойыны арқылы жүзеге асты.Бұнда оқушылардың ойлау, топтаса жұмыс істеу дағдыларын арттыру мақсатында жұмыс жүргізілді.Жұмыс соңында балалармен бірлесе отырып,қорытынды шығардық.

  6. Қорытынды кезеңінде «Кері байланыс» әдісін пайдалана отырып, оқушылар стикерді ұнаған тапсырмаға жабыстыру арқылы кімнің қай тапсырманы түсініп орындағанын байқаймын.

  7. Деңгейіне байланысты тапсырмалар берілді.

  8. Көшбасшылық қабілетін жетілдіру мақсатында,топ көшбасшыларына бағалата отырып,өзім бағалаймын.















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал