- Учителю
- '7 санын қосу мен азайту' тақырыбында математикадан ашық сабақ. 2 сынып
'7 санын қосу мен азайту' тақырыбында математикадан ашық сабақ. 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: 7 санын қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың 7 санын қосу және азайтудың әдіс - тәсілдерімен таныстыру. Сандар құрамы туралы білімдерін кеңейту. Ауызша, жазбаша саналы түрде есептеуге дағдыландыру.
Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін, қабылдау, қосу және азайту амалдарының өзара байланысы негізінде логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды сандарды дұрыс айтуға, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа білім беру.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік.
Техникалық оқыту құралдары: интерактивті тақта
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сыныпта оқушыларға жағымды ахуал туғызу.
2. Психологиялық дайындық.
Біздің келер шамамыз,
Бестен үшті аламыз.
Төртті бөліп екіге,
Жауабын тез табамыз.
Біздің келер шамамыз
Көбейтуге данамыз.
Төрт амалды тең білер,
Өте зерек баламыз.
3. Топқа бөлу.
-
1- Қосылғыш
-
Қосу амалы
-
2- Қосылғыш
-
Қосындының мәні
4.Үй тапсырмасын тексеру
Үйге берілген тапсырманы аралап тексеру, бағалау.
ІІ. Жаңа сабақ.
1.Жұмбақ есептер.
Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін
Санын айтшы түйенің? (Жеті)
Аулада бес үйрек,
Қорада үш үйрек.
Бір үйрек тығылды,
Қалғаны неше үйрек? (Алтау)
Бесбайда бар бес іні,
Естайда бар екі іні,
Қоссаң бес іні мен екіні,
Неше екен шешуі? (Жетеу)
Жеті туралы қандай ұғымдар білетінін сұрау.
(Оқушылар өз білетіндерін айтады.)
Жеті ата
Жеті нан
Жеті қазына
Жеті қарақшы
Жеті күн
Жеті киелі сан
Жеті тақ сан
Балалар, бүгін біз «Қазына» аралына саяхатқа барамыз.
Бұл саяхат өте ұзақ және көңілді болады. Біз мухиттар мен теңіздерді басып өтіп, көптеген құпиялы аралдардан өтеміз. Бұл жерлерде бізді ғажайып оқиғалар күтіп тұр. Осы сапарда бізге математика сабақтарында алған білімдеріміз,дағдыларымыздың көп көмегі тиіп, алға жетелейді.
Саяхатқа шықпас бұрын біз дайын болуымыз керек.
Біздің кемеміз жеті аралдан өтеді, сондықтан көркем жазуға 7 санын аламыз.
2. Математикалық диктант.
1. 89-дан кейін келетін санды жаз. (90)
2. 100 санынан 30-ды кеміт. (70)
3. 80 мен 20 сандарының айырмасын тап. (60)
4. 5 ондық және 1 бірліктен тұратын санды жаз. (51)
5. Бірінші қосылғыш 30, екінші қосылғыш 5, қосындының мәнін тап.
6. Екінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды.Сәкен мен Дәурен жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы болды?
7. 8 - ден артық, 10 - нан кіші санды жаз.
3. Жұптық жұмыс.
Оқушылар бір-бірлерінің дәптерлерін тексереді.
90, 70, 60, 51, 35, 20, 9.
Осы сандарды өсу ретімен қойып, саяхатқа шығатын аялдамамызды анықтаймыз.
9, 20, 35, 51, 60, 70, 90
ІІІ. Оқулықпен жұмыс.
Кәне картаға қарап жолымызды анықтап алайық.
Тоты құстар аралы (9)
№ 1 есеп. Жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
7+7=14
8+7=15
9+7=16
7+7=14
7 мен нешенің қосындысы 10 - ға тең?
↙↘
3 4
(7+3)+4= 14
14 - 7= 7
14 пен нешенің айырмасы 10 - ға тең?
↙↘
4 3
(14 - 4)- 3=7
ІІІ. Тақтамен жұмыс.
Пілдер аралы (20)
=№ 2 есеп: тура теңдік құру.
15
8
+
7
Қосу кестесін пайдаланып, өздері теңдіктер жазу.
Құраған теңдіктерін тақтаға жаздыру.
ІҮ. Дәптермен жұмыс.
Банан аралы (35).
Бұл аралда көп банандар өседі, тағы да басқа жемістер өседі.
№ 4 есеп.
1 - жәшікте - 30кг (с)
2 - жәшікте -? 5кг артық
Барлығы -?
Шешуі: 30+(30+5)=65 (с)
Жауабы: Екі жәшікте 65кг сары май бар.
№ 5 есеп.
Робот - 9
Қуыршақ -? 5 - еуі кем
Барлығы -?
Шешуі: 9+(9 - 5)=13
Жауабы: Барлығы 13 ойыншық сатылды.
Ү. Сергіту сәті
Қарақшылар аралы (60)
Біздің жолымыз ұзақ әрі қиын болды.
Қарақшылар біздің жолымызға алып шыққан азығымыздың жартысын алып қалды, енді қалған азығымызға есеп берейік.
Ауызша есеп.
-
16 қап ұн бар еді. 7 қап ұнды қарақшыларға бердік. Неше қап ұн қалды? (9)
-
15 жәшік балық консервасынан қарақшылар 9 жәшігін алып қалды. Неше жәшік балық консервасы қалды?
-
20 бөшкі алма шырын бар еді. 12 бөшкісін қарақшыларға бердік.Неше бөшкі шырын қалды?
-
Бізде тағы да көкөністер бар. Жолдан қалғаны 16 қап картоп пен қырыққабат. 8 қап картоп болса, сонда қырыққабат неше қап?
-
Және де жемістер. 20 жәшік алма мен алмұрт бар. 13жәшік алмұрт болса, ал алма неше жәшік?
ҮІ. Топпен жұмыс
Кит аралы (70)
Шығармашылық тапсырма:
Әр топ жеке қағаздар суырып, берілген тапсырманы орындайды.
1 - тапсырма: Қосылғыштарының бірі: 7 болатын қосындыны жазу, мәнін табу.
1+ 7
2 + 7
2 + 7
7 + 0
Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу, мәнін табу.
7 - 6
7 - 5
7 - 2
7 - 4
7 - 3
7 - 1
2- тапсырма: Есепті шығарып жауаптардың өсу ретіне сәйкес әріптерді торкөзге жазып, берілген сөзді оқу.
Ң Е Ш Б Е Р
18
-9 +6 -8 +7 -6 +9
-
Ш
Е
Ң
Б
Е
Р
3-тапсырма: Жүзім дөңгелектеріндегі көрші орналасқан сандарды бір-біріне қосыңдар. Жауабын астыңғы дөңгелекке жазыңдар.
4-тапсырма. Барлық қатардағы сандарды қосқанда 12 шығатындай, қолшатырларға 1-ден 7-ге дейінгі сандарды орналастыр.
ҮІІ. Жеке жұмыс
Маймылдар аралы (70)
Жеке берілген тапсырмаларды жеке-жеке орындайды.
Міне «Қазына» аралы да көрінді. Оған жету үшін қанша жол жүрдік соны есептеп алайық.
Маймылдар аралына дейін
87см= ... дм...см
Кит аралына дейін
2м = ...см
Қарақшылар аралына дейін
1 м = ... см
Банан аралына дейін
6дм1см= ...см
Пілдер аралына дейін
2дм4см= .. .см
Тоты құс аралына дейін
1дм9см=...см
ҮІІІ.Қорытынды:
Қазына аралы (90).
Міне бізде математика сабақтарында алған білімдеріміздің арқасында «Қазына» аралына да жеттік.
Балалар, талмай еңбек етіп, жалықпай білім іздесек білім бізді биікке жеткізіп, ойлаған арманымызға жетуге болады екен. Ендеше бәріміз де биіктен көрінуге талпынайық.
- Бүгінгі сабақта қандай тақырыптар қайталанды?
- Қандай тапсырма ұнады?
- Сабақ ұнады ма?
- Көңіл күйлерін білдіру.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
75 беттегі № 6 есеп. 4, 5, 6, 7 сандарының құрамын жаттау.