7


  • Учителю
  • Қысқа мерзімді жоспар 'Мал шаруашылығы'

Қысқа мерзімді жоспар 'Мал шаруашылығы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың аты

Мал шаруашылығы


Сілтеме

Оқулық, ,ғаламтор материалдары, суреттер кесте,маркер

Жалпы мақсаты

А оқушы

В оқушы

С оқушы

Мал шаруашылығы оның пайдасы туралы мағлұмат алады


Ойын жеткізу арқылы тапсырманы талқылайды


Қорытынды жасауға жетелеу


Оқыту нәтижесі


А оқушы

В оқушы

С оқушы

Төрт түлік малдан алынатын өнім жөнінде түсінігі қалыптасады

Алынған ақпарат негі-зінде қорытынды жасайды.

Мәтін мазмұнын оқып негізгі ойды анықтайды.

Негізгі идеялар

Жаңа ақпаратты бере отырып ойлау дағдысын,мәнерін қалыптастыруға ықпал жасау

Дереккөздер

Оқулық ,ресурстар,қосымша ақпараттар

Тапсырмалар

Қызығушылықты ояту

Білу

Үй тапсырмасын тексеру

«Ыстық орындық» стратегиясы

Ойқозғау

Өткен мысал кейіпкерлеріне талдау

Жаңа білімді игеру

Түсіну

Кітаппен жұмыс

Қолдану

Сөздік жұмысы

Топтық жұмыс

Проблемалық сұрақтар

Сергіту

Талдау

Венн диаграммасы

Жинақтау

Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасау

Тест жұмысы

Кейінгі тапсырмалар

Оқу,мазмұнын әңгімелеу

Бағалау

Тест жұмысы бойынша жиынтық бағалау

Әр оқушы бағалау өлшемдері арқылы өзін-өзі бағалайды

Бағалау өлшемдері


  • 1. Мәтін мазмұнын өз бетінше оқып түсіне білуі

  • 2.Мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуі

  • 3.Топтық жұмысқа берілген сұрақтарды талдауда белсенділігі

  • 4.Алынған ақпарат негізінде қорытынды жасай білуі


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру.3-мин

Психологиялық дайындық



Үй жұмысын тексе-ру

«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы сұрақтар қоя отырып үй жұмысын тексеру

Диалогтық байланысқа түседі

Жаңа сабақ

7 мин

Түсіну

Оқулықпен жұмыс

Бөліктерге бөліп оқыту

Оқи отырып түсінгенін айтады


Қолдану

Сөздік жұмыс

Ірі қара мал-

Ұсақ мал-

Топқа бөліну

I-топ.Зеңгі баба

II-топ. Ойсыл қара

III-Қамбар ата

IV-Шопан ата

Сергіту жаттығуы орындалады

Талдау

Венн диаграммасы

I-топ.Жылқыны сипатта

II-топ.Қойды сипатта

III- топ.Екеуіне ортақ қасиет

IV-топ.Айтылмаған ойды қос

Жинақтау

Топқа тапсырмалар беріледі

Сүттен жасалған тағамдарды атау

Жұмбақ шешу

Топтастыр

Сәйкестендір

Тест жұмысы

1.Жабайы аңдардың үй жануарлары-нан қандай айырмашылығы бар?

а) Қорегін адамдар тауып береді

б) Қорегін өздері табады

в) Қоректенбейді

2. Жануарлардың тіршілігі үшін не қажет?

а) Далада серуендеу

б) Тамақ,су,жылу,жарық,ауа

в) Ұйқы

3. Үй жануарларының қандай пайдасы бар?

а) Сұлулық үшін асырау

б) Тамақ,сүт,киім үшін

в) Көлік ретінде пайдаланады

4. Жыртқыштарға нелер жатады?

а) Қасқыр,түлкі,жолбарыс,барыс

б) Саршұнақ,ақбөкен

в) Сиыр,қой,ешкі,түйе


Дәптерлеріне жазады


Әр топ өздеріне берілген атауды постер арқылы қорғайды.Малдан алынатын өнім туралы айтады

Диаграммаға жазу


Бағалау парағына өз-өздерін бағалалайды

Бағалау

2мин

Тест бойынша жиынтық бағалау

Әр оқушы бағалау өлшемдері арқылы өзін-өзі бағалайды

Кері байланыс

Стикер тарату

Рефлексия

Сабақтың қалай өткендігі жөнінде өз пікірлерін қағазға түсіреді

Үйге тапсырма

Мазмұнын әңгімелеу

Ауылда малды қалай бағады?(әңгіме жазу)








Мұғалім жазбалары


Бүгінгі Мал шаруашылығы тақырыбында өткізген сабағымда ең алдымен қиылған суреттерді топтастыру арқылы топқа бөліп алдым.Сабақты бастамас бұрын «Миға шабуыл»стратегиясын пайдалана отырып,жануарлардың артқы бөлігін көрсету арқылы алдыңғы бөлігін өздері оңай тауып төрт түліктің қай түріне жататынын айтты.Суреттерге қарай отырып бүгінгі сабақтың тақырыбы төрт түлік малға қатысты екенін білді.Мұндағы суреттер олардың сыни ойлап,сындарлы пікірлер айтуына жағдай жасайтындай болды.

Сабағымда Блум таксономиясын қолдана отырып жұмыстар жүргіздім.Оқулықпен жұмыс кезінде бөліктерге бөліп оқытып сол бөлік бойынша түсінгенін айтып отырды.Оларды төрт топқа бөлінді.Зеңгі баба,Ойсыл қара,Қамбар ата,Шопан ата.Оқушылар өз ойларын бір-бірімен жұппен,топпен талқылап,пікірлесіп,сөздерді байланыстыра жеткізуге тырысты.Сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде өмірмен байланысты сұрақтарға жауап алдым.Оқушыларым топпен жұмыс жасағанда басқа балаға көмектесуді,бірігіп талқылауға,өзгені тыңдауға үйренді.Сөздік жұмысы жүргізіліп талданды.Постермен жұмыс жүргізіліп,диалогтық байланысқа түсті,жұмбақ шешті,сәйкестендіру,топтау жұмыстарын сәтті қорғады.Жинақ-тау мақсатында төрт сұрақтан тұратын тест беріліп жауаптары арқылы балалар өз-өздерін бағалады.Венн диаграммасы арқылы төрт түлікке сипатта-ма берді.Стикерлер тарату арқылы өз ойларын қағаз бетіне түсіріп смайликке жапсырды.Оқушыларым кері байланысты «Екі жұлдыз,бір тілек»бойынша өздерін қызықтыратын ойындардың көп болғанын қалады.Екінші сыныпқа өткізілген жаңаша әдіске байланысты практикадан менің түйгенім,оқушылардың топтық жұмысқа деген қызығушылығы артты.Жалпы оқушылар тақырыпты жақсы алып шықты.Оқушылардың сабақтың мақсатына жетуіне топ болып жұмыс жасаған ,ой қосқан әрекеттері көмектесті деп ойлаймын.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал