7


  • Учителю
  • Тəрбие сағаты. Тақырыбы: Табиғат- алтын бесік 2 сынып

Тəрбие сағаты. Тақырыбы: Табиғат- алтын бесік 2 сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғат -алтын бесік»



Сабақтың мақсаты: Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу, сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.



Сабақтың көрнекілігі: Қанатты сөздер, суреттер, сызбалар, ребус, сөзжұмбақ.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ -жауап

Сабақтың барысы:



-Өзімізді қоршаған орта қалай аталады?

- Табиғат

-Енді осы табиғат сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді?

-Жалпы халық ұғымында табиғат деген сөз жер , аң, туған жер, атамекен, сөздерімен қатар тұрады. Олай болса тәрбие сағатымыз да табиғат туралы болмақ.



1-оқушы:



Сұлу дала! Менің сүйген еркемсің,

Жаны жайсаң жаратылған өлкемсін

Қандай жақсы қазақ болып туғаным

О, туған жер, тамашасың, көркемсің



2-оқушы:



Табиғатты қорғау үшін бәріміз,

Бір-бір ағаш егейік

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік.



3-оқушы:



О , табиғат қандайсың,

Тіл жете ме сыйыңа,

Қыр гүліндей жайнайсың.

Ақыл беріп миыма.

Адамзаттың керегін

Өзің беріп тұрасың

Жұтсаң ауа , ішсең су,

Табиғатым тумасың.



4-оқушы:



Табиғат егіз адаммен

Ұқсастық табам содан мен.

Мәңгілік болсын егіздер,

Жар-Ана, көл, теңіздер.









Сызбамен жұмыс.





Жануар

Тəрбие сағаты. Тақырыбы: Табиғат- алтын бесік 2 сыныпТəрбие сағаты. Тақырыбы: Табиғат- алтын бесік 2 сынып



Табиғат



Адам Өсімдік



Тəрбие сағаты. Тақырыбы: Табиғат- алтын бесік 2 сынып







«Табиғат -ана» сурет бойынша ертегі құрап айтайық.



Сөзжұмбақты шеш:



1. Аң патшасы

2. Тіршілік көзі

3. Қырда қылым жарқылдайды

4. Алтын аяқ, жете алмадым

5. Шыңнан көйлек кигені,

Дөңгелене биледі

Шөп-аламды қоқысты

Жинап алып көкке ұшты.

6. Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды.

7. Қаны жоқ, жаны бар

Гүл маңыннан табылар

8. Қара үңгірде қара тас,

Қызуы бетті қаратпас



(Арыстан, су, қызғалдақ, шаңғы, құйын, жер, көбелек)



Ситуациялық сұрақтар.

1. Оқушылар, келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің ауыл табиғатын қалай елестетесіңдер?

2. Табиғатты қорғау туралы маман болсаңдар не істер едіңдер?

3. Экология сөзін қалай түсінесіңдер?



1-оқушы:

Мен үшін Аралым жыр, Балқашым ән.

Бойымда соларды ойлап қан тасыған.

Күні ертең келер ұрпақ шарқ ұрмасын

Таба аламай жер шарының картасынан

Ышқынып құлазыған, құм қармаған

Даусын толқындардың тыңдап,

Айырылып қас көлінен, қос көзінен

Қалмасын соқыр болып туған далам.





-Адамдар табиғат байлығын есепсіз пайдаланып экологиялық ойсырауға ұшырайды. Ауыл маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, қоқыс үйінділерінің көбеюі, кейбір құстар мен аңдар түрлерінің жойылуы-бұл экологиялық проблема.

-«Қызыл кітап» туралы не айта аласыңдар?

-Жоғалып кету қаупі бар аңдар, құстарды «Қызыл кітапқа» тіркейді.



Оқушылар мақал-мәтел айтады:



1. Бір тал кессең, он тал ек.

2. Адам көркі-шүберек,

Ағаш көркі-жапырақ

3. Судың да сұрауы бар

4. Жердің сәні-егін, ердің сәні-білім



Тыйым сөздер:



1. «Көктей соларсың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.

2. «Қарғысы қатты» деп жапалақ пен жарқанатты тигізбейді.

3. «Киелі құс» деп аққуды атқызбайды

4. «Құмырсқаның илеуін бұзба.»





-Ауа- райын болжау



1. Қарлығаштар аспанда самғап, биіктеп ұшса, жаңбыр жауып, жел болады.

2. Құстар ертелете жем іздеуге шықса, күн жауын-шашын болады.

3. Далада көкектің көк-көк деген дауысын жиі естісеңіз, алдағы күндер ашық болады.

4. Шағалалар өзен, теңіз бетінде ұшып жүрсе, күн ашық болады. Егер жиекте жүрсе, күннің бұзылғанының белгісі.

5. Балықтар су бетіне шоршып ойнай бастаса, жауынның белгісі.

6. Ай шалқайып туса, өзіне жайлы, шаруаға жайсыз.





Ән: «Жау-жау жаңбыр»

Қорытынды.

-Табиғат деген не?

-Табиғатқа нелер жатады?

-Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесіндер?





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал