- Учителю
- 'Сан есім' қазақ тілі пәнінен 4 класс
'Сан есім' қазақ тілі пәнінен 4 класс
Сабақтың тақырыбы: Сан есім.
Сабақтың мақсаты: ☺Сан есім тақырыбын тірек сызба арқылы меңгерту,
өз бетімен жұмыс жасату арқылы білімдерін толықтыру.
☺Дамыта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың теориялық олау қабілетін дамыту.
☺Ізденімпаздылыққа, адамгершілікке, ұқыптылыққа, жауапкершілікті түсіне білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, ажырату, салыстыру,топтау,
жинақтау,дәлелдеу.
Сабақтың көрнекілігі: тірек-сызба,кеспе сөздер,суретті сызба, т.б.
Сабақтың барысы:
Бағдарлау-мотиватциялық кезең.
Қызығушылықты ояту: Суретті сызбаны көрсету арқылы:
-
Өмір бойы жан-жануар бейнесін,
Салып келген суретшіге не дерсің?
Жауабын кім тез береді, білсе егер,
Қай сандардан сурет салды бұл шебер.
Оқушылардың айтқан сандарын тақтаға жазып тұру.
-үш,алты, тоғыз, сегіз,бір,бес,екі.
Сұрақтар: -Осы сандарды қатыстырып тағы қандай сандар құрауға болады?
-алпыс үш,жиырма сегіз,сексен сегіз,отыз бес.....
-Суреттегі адамдардың көздері нешеу?
-Екеу.
-Қойдың аяғы нешеу?
-төртеу.
-Аяқтары неше-нешеден орналасқан?
Тапсырма: /Тақтадағы сан есімдерді дәптерлеріңе топтап жазыңдар./
-Үш,алты,тоғыз,сегіз.бір,бес,екі.
-Алтыс үш, жиырма сегіз, сексен сегіз, отыз бес.
-Екеу, төртеу.
-Екі-екіден, төрт-төрттен.
Тірек-сызбамен жұмыс.
-Әр топтағы сөздерді мағыналық жағына қарай,сызбаға салатн болсақ, сан есімнің қандай түрлеріне жатқызуға болады.
( сөздерді топтап айтқызу)
-Тірек-сызбаны пайдалана отырып, сан есім туралы тағы не айтуға болады?
-Дара сан есімдер қалай жасалады?
-Күрделі сан есім туралы не айтуға болады?
Тірек сызбаны пайдалана отырып, оқушылардың өздеріне сан есім туралы ой тұжырымдамасын жасату, ереже шығарту.
-Енді оқулығымыздағы 456-жаттығуды орындайық.(ауызша орындау)
-457-жаттығу.(2-оқушы орындайды)
Өзбетінше жұмыс. «Кім көп біледі?»
Сергіту сәті.(әр топқа санамақ айтқызу.)
Бір дегенім-бірлік.
Екі дегенім-ерлік,
Үш дегенім-үздік.
Төрт дегенім-тірлік.
Бес дегенім-белдік.
Бір дегенім-білім.
Екі дегенім-елім.
Үш дегенім-үйім.
Төрт дегенім-төзім.
Бес дегенім-бейім.
Жұмбақтар шешіп ішінен сан есімдерді табу.
1-қатар.
Бір ағаштың он екі бұтағы бар
Әр бұтағында отыз жапырағы бар
Жапырақтың бір жағы ақ, бір жағы қара.
(жыл,ай,күн.)
2-қатар.
Қос қазық, екі желі,сегіз ноқта.
Сөйлейді шежіредей адам соқса.
(домбыра)
3-қатар.
Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ.
Екеуінде бірдей көрем, маған артық кемі жоқ.
(оң қол мен сол қол)
Жұмбақ ішіндегі сан есімдерді дәптерлеріне жазып,түрлеріне қарай ажырату.
-Енді оқулығымыздағы 458-жаттығуды орындайық.Есептік сан есімдерді, реттік сан есімдерге айналдырып жазу.(сөйлем құрату)
Көңілді санамақ.
2-екі.
Баласына ж2кіріп,
Ұрысып жатыр к2кілік
«2леніп», «с2ріп»,
Алып қапсың 2лік.
2іншілей 2ңді.
Көрсетпе деп ж2ріп.
-
Балалар, «Көңілді санамақта» қай құс туралы айтылған?
-
Кекілік туралы
-
Балалар, құс екеш құстар да балалары жаман баға алса ренжиді екен.
-
459-жаттығу. Мақалды жатқа жазу.Сан есім қай сөзбен байланысып тұрғаныны сызба арқылы көрсету. Енді әр қатар сан есімдері бар мақал айтып жарысады.
Ойын. «Кім тапқыр?»
/Кім ішінде сан есімі бар сөздерді көп ойлап жазса, сол қатар көп ұпай жинайды.
Мысалы: тү+1, к+3+ік
Кеспе сөздермен жұмыс
Тапсырма: Тақтадағы тірек-сызбаны пайдаланып, берілген сөзден сан есімнің түрлеріне қарай мүмкіндігінше бірнеше сан есім құрайды. Мысалы:
Төрт - есептік, дара
Қырық төрт - есептік, күрделі
Төртеу - жинақтық
Төрт-төрттен - топтау
Төрттен бір - бөлшектік
Төрттерде - болжамдық
Бағалау
Сабақтың басында үлестірілген «өзін-өзі» бағалау парағы бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Үйге тапсырма 1. 460-жаттығуды орындау.
2. «Сен білесің бе?» айдары бойынша піл, аю,, кит, жылқы, түйе, ит, мысық қанша жыл жасайтыныны тауып жазып келу.