- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Жеті септік. 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жеті септік. 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жеті септік.
Сабақтың мақсаты:а)оқушыларға септік жалғауларын қатыстырып,сөйлем құрай алуын пысықтау.Сөйлемдерден септік жалғауларын тауып ажырата білуге үйрету.
ә)оқушылардың сөздік қорларын молайтып, танымдық көзқарастарын дамыта білуге дағдыландыру.
б)еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:қайталау сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,әңгімелеу,түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі:сурет,кесте,топшама.
Пәнаралық байланыс:орыс тілі
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Кезекшімен сұхбат.
3.Ой қозғау.(сұрақ-жауап әдісі арқылы)
4.Үй тапсырмасын тексеру.
5.Оқулық бойынша жұмыс. Сыныпты бірнеше топқа бөлу. Әр топ өз бетінше жұмыс істейді. Дайындыққа 5-7 минут уақыт беріледі. Содан кейін әр топтан бір оқушы тақтаға шығып, тапсырманы оқиды.
а) 1-тапсырманы орындау. Сағатты дұрыс айтуға жаттығу.
ә) 2-тапсырманы орындау.
Жауап үлгісі
Тоғызға он минут қалды, бестен бес минут кетті, сағат тура он екі, екіден бес минут кетті, бір жарым, онға жиырма минут қалды.
6. «Жеті септік» өлеңімен жұмыс.
Көп нүктенің орнына тиісті септіктерді жазып, жақша ішінде берілген сұрақтарды қазақ тіліне аудару. Өлеңді мәнерлеп оқу.
Жеті септік
... айтты: ... таппақ:
Кім бұл бұзған ережені? Кімді бұның басынғаны?
Не зат соққан терезені? Нені көздеп, тасынғаны?
... ілді: ... жатыр:
Кімнің ісі дүрліктірген? Кімде кегі келесі? - деп,
Ненің буы желіктірген? Неде кетті есесі? - деп.
... білмек: ... шықты:
Кімге сотқар ерегісті? Кімнен алған үлгісі? - деп.
Неге істеді дөрекі істі? Неден туған бұл ісі? - деп.
Ал ...
Кіммен, - деді, - адасып жүр?
Немен оған қарасып жүр.
Жеті септік сұрақтарын
Жатқа білгін, шырақтарым!
7. Сергіту жаттығу.
8. Диалог құру. 4-тапсырманы орындау. Диалогтарды оқып, аудару. Осы диалогтарды негізге ала отырып, әр жұп өзі диалог құрастырады.
9. Бекіту. Мұғалімнің сұрақтарына жауап беру.
1. Сен қай ауысымда оқисың?
2. Мектепке сағат нешеде барасың?
3. Бірінші сабақ нешеде басталады?
4. Қазақ тілі бүгін нешінші сабақ?
5. Қазақ тілі аптасына неше рет өтеді?
6. Соңғы сабақ нешеде аяқталды?
7. Сағат нешеде үйге келесің?
10. Үй тапсырмасы. Сөздерді, 4-тапсырмада берілген диалогтарды жаттау.