7


  • Учителю
  • Жаратылыстану 1 сынып Тақырыбы: Адамның дене мүшелері

Жаратылыстану 1 сынып Тақырыбы: Адамның дене мүшелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Адамның дене мүшелері

Мектеп: Жетекші орта жалпы білім беру мектебі

Күні : 22.11.2016

Мұғалімнің есімі: Орынгазиева Г.О.

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны: 22

</<font face="Calibri, serif">Қатыспағандар саны: 2

Оқу мақсаты:

Барлық оқушылар: адамның негізгі дене мүшелерін және олардың атқаратын қызметін атау;



Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған орта құбылыстарына бақылау жасау.

Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар:

дене мүшелерінің атауы жазылған кестелер, стикерлер, қуыршақ;

Күтілетін нәтижелер:

Оқушылар:

негізгі дене мүшелерін анықтау және ажырату икемділіктерін жетілдіреді;

суреттердің көмегімен оларды атайды;

қолдың және аяқтың бөліктері қалай аталатынын білетін болады;

дене мүшелерінің атқаратын қызметін анықтайды.

Сабақтың мақсаты:

1.2.3.1 адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау;

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер

Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас, мойын, тұлға, жоғарғы бөліктер (қол), төменгі бөліктер (аяқ). Әрбір бөлікте бөлімдерді ажыратады: баста - ми және беттік; тұлғада - арқа, кеуде, іш және жамбас; қолда - иық, шынтақ, білек, білезік және саусақтар; аяқта - сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар.



Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қозғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ - негізгі тірек мүшелерінің бірі.

Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар амплитудасын және қызметін жоғарылатады. Қолдың көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер жасай алады.



Паралимпиада. Мүмкіндіктері шектеулі адам­ дарға арналған халықаралық деңгейдегі спорттық

жарыс. Олимпиададан кейін өткізіледі.

Адамның қандай дене мүшелері бар?





Ойлан

Денеміздің қай мүшесі маңызды деп ойлайсың?

Біздің денеміздің қызметі

Дене мүшелері не үшін қажет?

Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

Сен білесің бе?

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті!

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялықсәт:

- Қайырлы таң, көздерім!

-Ояндыңдар ма? (қабақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, құлақтарым!

-Ояндыңдар ма? (құлақтарын сипайды).

-Қайырлы таң, қолдарым!

-Ояндыңдар ма? (қолдарымен шапалақтайды).

-Қайырлы таң, аяқтарым!

-Ояндыңдар ма? (аяқпен жерді тебу).

-Қайырлы таң, ұстазым!

-Мен ояндым!. (Күлімсіреп, күнге қолдарын созады)

Оқушылар орындарына отырады.

Өткенді пысықтау.

- Балалар сендер қандай табиғат түрлерін білесіңдер?

(Жанды және жансыз.)

-Жанды табиғатқа не жатады?

-Жанды табиғатқа қатысты ең басты ерекшеліктер қандай?

Жарайсыңдар! Өте жақсы.

Кіріспе тапсырма. Орындарынан тұрады. Оқушыларға мынадай тапсырмаларды орындауды ұсыныңыз: секіру, жүгіру, бір жақтан екінші жаққа иілу, басты алға-артқа айналдыру, үстел үстінен кез келген затты алу.

Қай дене бөліктері оны істей алады?

Сабақтың осы кезеңінде олар тек адамның дене бөліктерін атап өту керек.

( ҚБ) -Сендер дұрыс айтасыңдар, өте жақсы көрсеттіңдер.

Жаңа сабақты меңгерту.

-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай деп ойлайсыңдар? (оқушы жауабын тыңдау)

-Бүгін сабақта сендер дене мүшелерімен және олардың қызметімен танысасыңдар( тақырыбы мен мақсатын хабарлау)

-Сабақ соңында нені білеміз деп ойлайсыңдар?

1.Оқушыларға өздері білетін дене мүшелерін атату.

( ҚБ) Тамаша. Керемет.

Сурет бойынша жұмыс

Суретке назар аударту, сұрақтар қою: Әрбір сұлбаға назар аударту.

-Қай суретте қыздардың бейнесі салынған? Оны қайдан білдіңдер? (Шаш және киім үлгісі бойынша.)

-Бейнеленген балалар сұлбасынан олардың қандай іс-әрекет жасап тұрғанын анықтауға бола ма? (билеп жүр, бокспен шұғылданып жатыр, саңырауқұлақ теріп жүр, доп ойнап жүр).

-Осы қимылдарды орындауға қандай дене мүшелері қатысты? (Аяқтары және қолдары қимылдады, басын бұрды, денесі иіледі.)

(ҚБ) Қане өзімізді бағалайық. Тамаша. Бас бармақ.

-Ендеше бізде қазір сендермен әртүрлі дене мүшелерімен қимылдар жасап ойын ойнап көрейік. Орнымыздан тұрамыз.

Ойын: «Бұл кім?» (ойын шарты түсіндіріледі)

Ойын шарты: Мен сендерге кез - келген мамандық иесін айтамын, сол мамандыққа сәйкес дене қимылын көрсетесіңдер. әнші,биші,суретші,футболшы,күйші.

  • Қимылдарды қандай дене мүшелерімен жасадық?

Қимылдарды біз әртүрлі дене мүшелеріміз арқылы жасай аламыз деген қорытындыға келеді.

(ҚБ) Дұрыс жауап айтылғанда оқушылар қол шапалақтау арқылы бағалайды.

. Аяқтау үшін тағы да дене мүшелерін «қазақша, орысша, ағылшыншы) атап өтіңіз: Адам денесі бес бөліктен тұрады: бас-голова-хэд, мойын-шея-нэк, тұлға,дене-тело-боди, қол-рука-хәнд, аяқ-нога-лэг.

Дәптермен жұмыс. 20 бет.

Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс-әрекеті:

Қол. Оқушыларға қуыршақтың қолдарына мұқият қарап және жұппен оның бөліктерін анықтап көруін ұсыныңыз.

- Қолдың бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма? (оқушы жауабын тыңдау, жауаптарын толықтыру). Қол- иық белдеуінде орналасқан.

Скелеттен қол бөліктерін көрсету, атауларын естерінде сақтау үшін қайталату: иық, шынтақ, білек, білезік, саусақ.

Сосын әр бөліктің атын білу үшін оқулықтағы суретке назар аударыңыз. Қол басын қарап, саусақ аттарын атап шығуды ұсынуға болады. Бас бармақтың басқа саусақтарға қарама- қарсы орналасуының арқасында адам бір нәрсені ұстай алатынын айтыңыз.

Тақтаға екі жұп шығып қол бөліктерін атап береді.

(ҚБ) Өте жақсы.



Қаңқамен жұмыс. Мұғалімнің іс-әрекеті:

Аяқ. Әр түрлі қимыл қозғалыс жасату: тізелеріңді бүгіңдер, аяқтарыңның басын оңға, солға қозғалтыңдар, отырып-тұрыңдар, орында жүгіріңдер

Аяқ туралы мәлімет: -Аяқ бөліктерінің атауларын білетіндерің бар ма?( оқушы жауабын тыңдау)

  • Аяқтың негізгі бөліктері (сан, тізе, жіліншік, табан және башпайлар) көрсету.

  • Аяқтың қызметі қандай деп ойлайсыңдар?( оқушы жауабын тыңдау)

  • Аяқ бөліктерін екі оқушы шығып көрсетеді.

Аяқтың қызметі туралы әңгімелетіп, жауаптарын толықтыру. Аяқ - негізгі тірек мүшелерінің бірі.

(ҚБ) Бас бармақпен бағалау..

Зерттейік. (Ж).Алдарындағы дене кескінінің жанына дене мүшелері жазылған кестелерді жапсыру. Тақтаға ілу.

(ҚБ) Оқушылар жұмысын «Бағдаршам» көздері арқылы бағалайды. Тапсырма дұрыс орындалды деп ойласа жасыл түсті көзін көрсетеді, жартылай дұрыс болса сары көзін, дұрыс емес болса қызыл көзін көрсетеді.

Дене мүшелерінің қызметі.

Адамға дене мүшелері не үшін қажет?

Біздің дене мүшелеріміз қандай қызмет атқарады?

(ҚБ) Тамаша.

Әр бөлік өзінің қызметін атқарады. Баста ми, тұлғада жұлын орналасқан. Мойын бастың қозғалуын қамтамасыз етеді және бас пен тұлғаны байланыстырады. Аяқ - негізгі тірек мүшелерінің бірі.

Қол шынтақта бүгіле алады. Бұл оның жақсы қозғалғыштығын қамтамасыз етеді, Қолдың көмегімен адам түрлі іс-әрекеттер жасай алады.

Ойлан! Оқушыларға адамның дене мүшелерінің қайсысы ең маңызды екенін ойлануға ұсыныс жасаңыз. Олар барлығы өте маңызды және әрбіреуі өзінің қызметін атқарады деген қорытындыға келу керек. Артық дене бөлігінің болатын/болмайтынын сұраңыз. Кей кезде адамда денесінің қандай да бір бөлігінің болмайтынын,­ сондай жағдайда сол бөліктің қызметін протездер немесе арнайы құрылғылар атқаратынын түсіндіріңіз.



Сен білесің бе? Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін Паралимпиада ойындары өткізіледі. Оған қазақстандық спортшылар да қатысып, жетістіктерге жетуде. Лондонда өткен сайыста Қабира Асқарова 65 килограмдық зілтемірді көтерді. Александр Колядин Сочида өткен Паралимпиадада оң аяғына жасанды сүйек қойылғанына қарамастан, шаңғымен 20 километрді 1 сағат 4 минутта жүріп өтті! Бұл адамдар көздеген мақсатқа жету үшін батылдық пен табандылық танытты. Видео көрсету.

Қорытынды.

-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?

-Сендер үшін не маңызды болды?

-Сабақтың басында айтылған мақсатымызға жеттік пе?

- Дене мүшелерінің барлығы сау болу үшін не істеуіміз қажет деп ойлайсыңдар?

(ҚБ)Бүгінгі сабаққа барлығымыз жақсы қатыстық. Бас бармақ арқылы озімізді бағалайық.

Рефлексия: Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.

Жаратылыстану 1 сынып Тақырыбы: Адамның дене мүшелері Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Көркем еңбек. Сұлба түсінігі.

Дене шынықтыру. Жаттығуды орындау: иілу, отырып-тұру, айналу.



Кімнің сұлбасы? Бұл тапсырманы оқушыларға орындауды ұсыныңыз. Олар тапсырмадағы түрлі кескіндерді анықтап, әрбіреуін түрлі түсті қарандашпен қоршап қоюы керек.

Жауабы:

балерина, зілтемірші, боксшы, саңырауқұлақ те­ руші, шаңғышы, оқушы.

Қол немесе аяқ. Оқушылар кестені толтыра алады. Оқи алмайтын оқушыларға көмектесіңіз. Өз­ ара тексеруді ұйымдастырыңыз. Ол үшін оқушылар­ кестеде көрсетілген барлық жаттығуларды орын­ дайды.

Бағалау



Балалар алған білімдері бойынша өздерін өздері бағалайды. Бағалаудың үш сатысына стикерлер жапсырады.

1.Барлық дене мүшелерін атай аламын және олардың атқаратын қызметін білемін дегендер жетістік баспалдағының ең жоғарғы бөлігін таңдайды

2. Атауларын білемін, бірақ кейбір дене мүшелерінің қызметін білмеймін дегендер одан төменгі бөлігін таңдайды.

3. Білемін, бірақ шатастырамын дегендер төменгі бөлігін таңдайды.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.

2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.

2: Рефлексия.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал