- Учителю
- Ашық сабақ ана тілі тақырыбы:сурет сабағы
Ашық сабақ ана тілі тақырыбы:сурет сабағы
Пәні:Ана тілі
Күні:18.04.2016
Сабақтың тақырыбы: Сурет сабағы.
Сабақтың мақсаты:
а)Білімділік :Сурет сабағы өлеңімен таныстыру,мағынасын ашу.Сөйлем тарауын пысықтау ,жаттығуларды өз бетінше орындау қабілеттерін дамыту,ойын еркін жеткізуге үйрету.
ә)Дамытушылық:Оқушылардың алған білімдері бойынша түйін сөз айтуға ,тұжырым жасауға ,проблемалық сұрақтардан шыға білу дағдыларын дамыту.
б) Тәрбиелік:Оқушыларды әрбір сабаққа деген қызығушылығын ояту,сол сабақтан қажетті білім алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:түсіндіру,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:слайд,суреттер,сызбалар,бағдаршам
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру:-Амандасу.
Топқа бөлу:
І топ:Сөйлем
ІІ топ:Нүкте (хабарлы сөйлем)
ІІІ топ:Сұрақ белгісі (сұраулы сөйлем)
ІV топ:Леп белгісі(лепті сөйлем)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
-«Ән сабағы» өлеңін жатқа сұрау. «Қалам тастау» стратегиясы.Төрт топтан бір оқушыдан сұрау.
Өткен сабақтарды сұрақ арқылы бекіту:
1.Адамға өнер не үшін қажет?
2.Күләш деген кім?
3.Шара деген кім?
4.Өздерің қандай өнерді қалайсыңдар?
ІV.Мақсат қою:-Слайдтан сурет көрсетемін,нені көріп тұрғанын сұраймын.
-Сурет,ендеше суретті қандай сабақта саламыз?
-Сурет сабағы.
-Олай болса бүгін сендермен Оспанхан Әубәкіровтың «Сурет сабағы» өлеңімен танысамыз.
V.Жаңа сабақ:
Сурет сабағы.
Шіркін ,сурет сабағы
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын
Туып -өскен даланы.
Қызыл бояу-қызғалдақ,
Сары бояу -сарғалдақ.
Жасыл бояу-жайлауым,
Іздеп барар армандап.
1топ.-Суретші болу үшін не қажет?
2топ.-Сурет сабағында қандай құралдар пайдаланамыз?
3топ.-Сендер қандай сурет салғанды ұнатасыңдар?
4 топ.-Суретті қандай сабақта саламыз?
-Суретшілерден кімді білеміз?
-Бұрын естіп-білмесек қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев аталарың туралы өтеміз.
-Өлеңді оқу.
-Жалпы бір оқыту.
-Бір,екі оқушыға оқыту.
-«Тауып оқу» стратегиясын қолдану.
-Қызғалдақ,сарғалдақ,жайлау туралы айтылған жолдарды тауып оқу.
Әбілхан Қастеев өмірі.
1904 жылы Алматы обылысы ,Жаркент ауданында туған.
Еңбектері: «Ескі және жаңа тұрмыс», «Амангелді сарбаздары», «Қарындастың портреті» еңбектері бар.
Олай болса балалар Н.Әлімқұловтың «Суретші ата Қастеев» өлеңімен танысамыз.
Бар қазаққа аты аңыз,
Қастеев-біздің атамыз
Көріп салған суретін,
Мәз -мейрам боп жатамыз.
-Сергіту сәті.
-Дәптермен жұмыс:
-Күннің жадын жазу
-Ұ ұ әрпі көркем жазу
155 -жаттығу.
-Берілген сөйлемдегі көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып көшіріңдер.
-Көйлекті неден тігеді?-Көйлекті матадан тігеді.Нені сүтті ұйытады?-Айранды сүттен ұйытады.Алманың дәмі қандай?-Алманың дәмі тәтті.Ненің түсі қызыл ?-Шиенің түсі қызыл.Құстың қанаты нешеу?-Құстың қанаты екеу.
-Сөйлемдердің соңында қандай тыныс белгілері қойылған?
156 -жаттығу.
Жаңылтпашты оқып ,сөйлемдердің соңына қандай тыныс белгі қойылғанын аңғарыңдар.
Жаңылтпаштар
Қарындашыңның ұшын үшкірлеп ұшта,
Үшкірлеп ұстап,сақтап ұста!
Ала -ала алашалар,
Тамаша олар,
Оған кім таласа алар.
Жағажайды жағалай
Жүгіреді Қамажай.
Пай -пай-пай
Жүгіріп жүр тай
Ай-ай-ай ,
Ұшып кетті торғай.
V.Бекіту:-Бүгін балалар біз сендермен қандай тақырып өттік?
-Сөйлем неден құралады екен?
-Сөйлемнің бірінші сөзі қандай әріппен жазылады?
-Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
VІ.Қорыту: «Бағдаршам»
-Бүгінгі сабақ түсінген болсақ бағдаршамға түстерді жапсырайық.
VІІ.Бағалау.