7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему 'Бояу түсі нетуралы сыр шертеді?'

Конспект урока на тему 'Бояу түсі нетуралы сыр шертеді?'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы №7 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Исембаева Қамаш

Бейнелеу өнері

Сабақтың атауы

Бояу түсі не туралы сыр шертеді?

Сілтеме


Электронды оқулық, кеспе әріптер, буындар,магнитті әріптер мен магнитті планшеттер


Жалпы мақсаттар


АКТ, СТО технологиясының стратегияларын ықпалдастыра

отырып, бояу түстері жайлы терең мағлұмат беру, оқушылардың білімдерін қалыптастыру.Түстерді бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру. Сурет салғанда бояуды дұрыс қолдана білуге үйрету.Сурет салдыру арқылы оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа үйрету.


Оқыту нәтиежесі

Бейнелеу өнеріндегі түстердің гаммасын түсінеді . Олардың жылы және суық түстерге бөлінетінін, олардың адамның көңіл күйіне әсер ететінін ескереді және бояулармен жұмыс жасау жағдайларын меңгереді. Белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып, бейнелеу өнерінің сырларын ұғынады.

Негізгі идеялар

Бейнелеу өнерінде түстердің гаммасы сақталған . Олар жылы және салқын түстер болып екіге бөлінеді . Олар адамның көңіл күйіне әсер етеді


Тапсырмалар


1- тапсырма

Кемпірқосақ спектрін салу


2- тапсырма:

Жылы түстермен жұмыс

3- тапсырма:


Салқын түстермен жұмыс

4- тапсырма:


Постер . « Менің жақсы көретін түсім» Әр топ өз түстерін қорғайды

Кейінгі тапсырмалар


Кері байланыс


Сабақтың өту барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма.

Түсіндірме жұмысы

Ең алдымен бояу түстері жайлы жалпы мағлұмат беруден бастаймын. Қоршаған табиғатымыз түрлі түсті әсем бояуға бай. Күз мезгілінде құлпырған ағаштардың жапырағы әр түрлі түске боялады, мұны біз өз көзімізбен көріп тамашалайық.

- Ал балалар, далаға қарап, көңілімізді бір сергітіп алайықшы. Ағаштар қандай түстерге енген? Иә, қызыл, қызыл сары, сары, қоңыр, жасыл, күлгін. Бояу түстерінің басым болып келуіне байланысты натюрморт орындап көрейік.

Бояу түстерінің реңдік қатынастарының орналасу ерекшеліктеріне назар аударамыз. Натюрморт құрастырып үйренуде негізі басым жылы және суық түстерге ерекше назар аударып, қадағалаймын.

- Міне, балалар, біз табиғат көрінісінен неше түрлі әсем түсті көріп байқадық. Бұл суретшілер үшін ең әсерлі көрініс болып табылады. Ұлы суретшілер де бояу түстерін таңдауды табиғаттан үйренген. Олар өсімдіктердің тамырынан сан алуан бояулар жасаған. Табиғат өзгерісіне байланысты бояу түстері әр түрлі сипатқа ие болады. Мұны біз табиғат аясында серуендегенде жақсы байқай аламыз. «Табиғат - суретші» деген халық нақылының шығуы соған байланысты.

Жалпы бояу түстерін екі топқа бөлеміз: түсті бояулар және түссіз бояулар.

Жылы түстер мен суық түстердің бір-біріне үйлесімді болып келуі заттың өңін, пішінін, көлемін кеңістікте көрсетуге ықпалын тигізеді. Бояу түсінің жарасымды болып келуі живописьтің басты құралы болып табылады. «Кемпірқосақтың суретін салып, жеті спектрлік түстерді ретімен бояп көрейік. Балалар, бұл тапсырма сендердің оқулықтарыңда көрсетілген. Кітапқа қарап дұрыс жұмыс істейік. Әрбір берілген тапсырманы ұқыпты орындауға үйренейік».

Қазақ халқының түр-түсті танып білуде өзіндік таным-түсініктері болған. Мысалы: ақ - адалдық, ақ ниет; қызыл - оттың және күннің белгісі; жасыл - көктем және жастық белгісі; сары - парасат және байлықтың белгісі; қара - жердің, берекенің нышаны; көк - аспанның белгісі.

Тапсырмаларды орындау:

1тапсырма: Кемпірқосақ спектрін салу жұмысы топтардың есте сақтауын қалыптастыру мақсатында жұргізіліп жұмыс нәтижесі сол бойда салыстырмалы түрде талданады.

2- тапсырма:2 тапсырма:Жылы түстермен жұмыс. Бұл жұмыс барысында топтағы балалар жылы түстерді пайдалана отырып сурет салып, жұмыстарын қорғайды.


3 тапсырма:Суық түстермен жұмыс. Бұл жұмыс барысында топтағы балалар суық түстерді пайдалана отырып сурет салып, жұмыстарын қорғайды.


4 тапсырма:Постер . « Менің жақсы көретін түсім» Әр топ өз түстерін қорғайды.

Сабақты қорытындылау.

Кері байланыс.

Формативті бағалау.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал