7


  • Учителю
  • Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Қостанай облысы

Амангелді ауданы.

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебі

















Ғылыми жұмыс тақырыбы:

"Қалам қашан және қалай пайда болды?"





Орындаған: 2 «Ә» сынып оқушысы

Бодешов Өмірсерік Арманұлы







Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық.







Ғылыми жетекшісі: Бастауыш сынып мұғалімі

Қуанышова Гүлжайна Бердібекқызы













2014-2015 оқу жылы

Мазмұны:



  1. Абстракт ________________________________________________4-

  2. Кіріспе

  3. Зерттеу бөлімі:

Теориялық бөлім

  • 3.1. Қаламның шығу тарихы

  • 3.2. Ласло Биро мәңгілік қауырсын

  • 3.3.Қаламның түрлері

  • 3.4. Қаламның пайдасы мен зияны

Практикалық бөлім.

3.5 . Қалам қалай жасалады?

  • 3.6.Қаламнан жасалатын заттар

3.7. Қалам туралы әзілдер, мақал-мәтелдер, эссе, аңыз-

әңгімелер, жұмбақтар, суреттер

(оқушы шығармашылығынан)

  • 4. Қорытынды

  • 5. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  • 6. Аннотация

  • 7. Ғылыми жетекшінің пікірі









































  1. Абстракт



Зерттеу жұмысының мақсаты:

Қаламдардың қалай, қашан пайда болғанын және тұрмыстағы қажеттілігін білу. Қалам түрлерін зерттеу арқылы, көпшілікке насихаттау, материалдар (коллекциялар) жинақтау.



Зерттеудің міндеттері:

1. Қаламның шығу тарихын зерттеу

2. Қалам түрлерін анықтау

3. Қаламды қолға дұрыс ұстаудың маңыздылығын білу

4. Қаламдардың адамға пайдасы мен зиянын ажыратып анықтау.



Қойылған міндеттерді шешудің әдістері:

  • Теориялық зерттеу

  • Тәжірибе жасау

  • Бақылау әдісі

  • Салыстыру

  • Сызба



Зерттеу жұмысының нысаны:

Қазіргі кездегі қолданыста жүрген қаламдар түрлерін анықтау, салыстыра отырып зерттеу.

Зерттеу жаңалығы:

  • Қалам туралы аңыздармен таныстым.

  • Қалам түрлерінен коллекциялар жинақтадым.

  • Қаламнан әр түрлі заттар жасауға болатындығын білдім

  • Қаламды түрлі бағалы заттардан жасауға болатындығын білдім

  • Қалам туралы мен білмейтін көптеген жаңа ақпараттармен таныстым

  • Қалам туралы өз шығармашылығымды жинақтадым. (эссе, өлеңдер, суреттер, мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, жұмбақтар)



Зерттеудің нәтижесі мен қорытындысы:

Жұмысты жазу барысында ең алғаш пайда болған қаламдар мен қазіргі кездегі қаламдардың артықшылығын, пайдасымен зиянын зерттеп, сияны киімге төгіп алған жағдайда не істеу керектігі жайлы ақыл - кеңестер берілді.



Зерттеуге қажетті құрал - жабдықтар: Ғаламтор желісі, өмірлік тәжірибе, ақпарат құралдары.

Цель исследования:

Исследовать историю появление ручек, пользу, вред и необходимость в быту. Исследовать виды ручек, пропагандировать и коллекционировать.



Принцип исследования:

1. Исследовать историю появление ручки.

2. Виды ручек

3. Узнать как правильно держать ручку.

4. Выявить пользу и вред ручки человеку.



Методика практической работы:

  • Исследовать теоретически.

  • Делать опыт

  • Способ контроля

  • Сравнивать

  • Черти



Объект работы исследования:

Выявить виды ручек, которые исползуеть в наше время, сравнить и исследовать.



Новизны исследования:

  • Познакомился легендами о ручке.

  • Коллекциянировал виды ручек.

  • Узнал много разных вещей которые можно сделать из ручки.

  • Узнал что ручку млжно сделаь из дорогих камней.

  • Узнал много новых информации о ручке.

  • Мое творчество о ручке. (эссе, песни, рисунки, пословица-поговорки, легенды, загадка)



Заключение исследования:

В ходе исследовании я сровнил первые ручки которые появились и ручки нашего времени, их пользу и вред.





  1. Кіріспе



Б.з.д. шамамен 1300 жылы римдіктер балауыз қолданды. Балауыз арқылы жазатын құрал «стилус» деп аталады. Ал қытайлықтар бұл кезде қола стилустарды қолданды. Б.з.д. 600-1800 жылдары қаздың қауырсыны қолданылды. Қауырсын рекордты түрде XVIIІ ғасырға дейін өмір сүрді. Шамамен 1790 жылы австриялықтар және француздықтар қаламға арналған гриель ойлап тапты. 1803 жылы қаламсапқа арналған қауырсын пайда болды. 1884 жылы Левис Эдсон Ватермен сия құюға болатын қаламсапты ойлап тапты. 1888 жылы Джон Лоуд АҚШ-та шарикті қаламсап жасады.

1945 жылдың қазан айында Нью-Йорктегі жәрмеңкеден кейін шарикті қалам­сап үлкен сатылымға ие болды. 1953-1983 жылдары АҚШ-та 7 миллиард қаламсап сатылған. Әдемі жаза білу үшін қаламсап түрлерін өзгертіп, қолдың еттері жақсы жаттығу үшін әртүрлі форма­дағы қаламсап түрлерін пайдаланған жөн. Мысалы, ауыр, жеңіл, жұқа тағы басқа. Арзан бағадағы қаламсапты қолданбау керек. Қаламсап түрлерін алмастырып тұру ләзім.

Қаламсап дегеніміз - біздің күнделікті өмірімізде қолданып жүрген жазу құралы. Ойлап қарасаңыз қаламсапсыз өмір өте қиын болар еді. Мысалы біз құстың қауырсынымен әлі күнге дейін жазатын болсақ маңызды құжат жазу кезінде сияны төгіп алуымыз мүмкін. Сондықтан қаламсапты ойлап тапқан адамдарға үлкен алғыс айтуымыз қажет.

Қазіргі кезде қаламсаптың түрі өте көп. Олар әр түрлі формада жасалынып жүр. Мәселен жуандатылып жасалған әр түрлі формаға келтіріліп, жіңішкесі де бар, қолға ұстағанға ыңғайлысы да сол. Жуандатылып жасалған қаламсаптар жазуды бұзатыны қақ. Сырты әдемі болған соң балалар қызығып ұстағысы келеді, бірақ, ол баланың қолын талдырып жіберуі абзал, жазуы да бұзылып кетеді. Қаламсапты таңдар кезде оның тек әдемілігіне ғана қарамай қолға ұстағанға ыңғайлысын, сиясының түсіне, қою немесе сұйықтығына да қарап алу керек. Шарикті қаламсаптар оның жуандау немесе жіңішке жазатынына қарай ерекшеленеді.

Қаламсаптың аудармалары:

Қазақша - қалам

  • Ағылшынша: pen

  • Жапонша: ボールペンbo:rupen), ペン(pen)

  • Орысша: ручка</</u>



_____________________________________________________________________________________



fgbbhgfnbgfn







3.Зерттеу бөлімі:



  1. Қаламның шығу тарихы





Бұрынғы кездe жазу құралдары қауырсыннан басталмаған еді. Ең басында адамзат жазу үшін 4000 жыл бұрын дымқыл саздан жасалған тақтайшаға ағаш таяқшамен қырып жазған. Одан соң Римде балаyызға жазуды ойлап тапқан. Осы әдіс англосакстардың пергамент ойлап тапқанынша 18-шы ғасырға дейін қолданылған еді. Біздің ғасырымыздың 600-1800 жылдары пергаменттың көбею және арзандауы барлығына қолжетімді жазу құралын ойлап табуға түрткі болды. Осылай адамзат сияға батырылатын кұc қауырсынымен жазуды ойлап тапты.

Ағылшынның "pen" сөзі латынша "penna" құс қауырсыны деген сөзден шыққан. Құс қауырсындары 18-ғасырға дейін рекордтық yақыт қолданылды. 19-ғасыр соңында темір қаyырсынды қаламсаптар тез тозғыш, Жиі ауыстыруды қажет ететін құc қауырсындарын түгелдей қолданыстан шығарды.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”



1884 жылы қауіпсіздендіру агенті Левис Эдсон Ватерман сия арқылы толтырылатын қаламсаптың ойлап шығарушысы ретінде тарихқа енді. Ол жұмыста өте көп жазатын болғандықтан қаламсапты ойлап шығарды.

Ватерман өз жұмысын қалдырып "Ideal Pen" компаниясын ашады. Осылай ол сияға толтырылатын қауырсынды қаламсаптарды сатуды бастады. Бұл 1943 жылы Ласло Биро iске кіріспесе мәңгілік жалғасар еді. Өзінің жұмысына байланысты (ол журналист болды) ол типографияда жиі болып, ротиациялық машинадан шыққан сиясы құрғақ газетті көріп ойлана бастады. Неліктен қаламсаптарды да типография сиясы секілді тез кебетін сиямен толтырмасқа? Сонда автоқаламмен жұмыс істеу өте ыңғайлы болар еді. Журналист бұндай сияның қою болу керек екенін түсіндi. Бірақ сия қою болса ол автоқаламның капилляр системаларын бітеп тастайды. Сондықтан ол басқа бірдеңе ойлап тапқысы келді. Дипломы бар химик ағасымен ақылдасады. Осылай Биро қауырсынды бос айналатын шармен алмастырады.









  • 3.2. Ласло Биро мәңгілік қауырсын



Ласло Биро

Атқарған қызметі:

Журналист, ғалым

Туған күні, айы, жылы:

29 қыркүйек 1899 жыл

Туған жері:

Будапешт, Венгрия

Елі:

Венгрия

Қайтқан күні:

24 қараша 1985 ж (86ж)Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”





















Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”



1938 жылы алғашқы қаламсап шығарылды. Екінші дүниежүзілік соғыс алдында Венгриядағы жағдай Ласло Биро секілді либеральды журналисттер үшін қауіпті болды. Сондықтан Ласло Бироға Парижге, Парижден Испанияға ақыр соңында Аргентинаға көшеді. Парижде болған кезде ол өз қаламсаптарының шығарылуына патент алады. Ал Аргентинада ол өзіне қаражат жағынан көмектесетін финансистты табады. Осында Ласло Биро қаламсап құрылысын жақсартып, шарлы өзек жасап шығаратын машинаны өңдейді.

Биромен құрастырылған шағын фабриканың алғашқы бұйымдары Аргентинада 1943-інші жылы сатылымға шығады. Олар бұрынғы сияға толтырылатын қауырсынды автоқаламға карағанда қымбаттырақ болды. Ең алғашқы сатып алушылардың бірі ұшқыштар болған еді. Ұшқыштар үшін бұндай қаламсаптар ыңғайлы. Себебі ауада ұшу кезінде атмосфералық қысым төмен болады. Биро ойлап тапқан қаламсаптар сиясы ұшу кезінде құс қауырсынды автоқаламның сиясындай ағып кетпейтін еді. Бұл каламсаптар туралы АҚШ-тың қорғаныс министрлігіне дейін жетеді. Ол ең күшті қалам фабриканттарына Ласло Бироның автоқаламсаптарымен танысып, сондай қаламдарды американдық ұшқыштарға шығаруға бұйрық берді. 1944-інші жылы Биро АҚШ патентімен өз қаламсаптарын қорғады және екі үлкен американдық компанияларға лицензия сатты.

1947-інші жылы Ласо Биро Ватерман автоқаламсаптар жұмысынан алыстады және өзін живописьқа арнады. Басында шарлы өзектер технологиясы қымбат болды. Бірақ 1953 жылы француз предприниматеелі Марсель Бич арзан шарлы өзегі бар және бір қолданбалы қаламсаптар шығаруға қаражат енгізді.

Қаламсап бағасы түскені соншалықты, ол барлығына қолжетімді болды. Осылай шарлы өзегі бар автоқаламсаптар бүкіл әлемге тарады. Ал сосын біздің үстелімізге де түсіп, таптырмайтын затқа айналды.



_______________________________________________________________





































































3.3.Қаламның түрлері

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”





Дизайнерлер жазған-сызғаныңызды жадында сақтайтын қасиетке ие қаламсап ойлап тапты. Recorder деп аталатын қаламды 7 ғалым бірігіп, жоғары технологияның мүмкіндіктерін пайдаланып жасап шықты.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”











  • Recorder-дің ерекшелігі, қағазға жазған жазбаңызды арнайы орнатылған лазерлі жадқа сақтап отырады. Ал сақталған жазбаны Bluetooth-дің көмегімен компьютеріңізге жібере аласыз. Жазу құралының ерекше жүйесі тіпті қателерді де тексереді.

Әзірге эксперимент ретінде шығарылған қаламның ағылшын тіліне арналған нұсқасы ғана бар. Оны құрастырушылар тауар қолжетімді жағдайда сатылымға түседі деп отыр





"Lernstift" ағылшын фирмасы қағаздағы қателікті табуға арналған қаламсап

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”





Өнертапқыш иелері жаңа қаламсапты жастарға арнап шығарған. Әсіресе, енді-енді жазуға бет бұрып келе жатқан мектеп оқуышылары басты нысанда болған екен.

Қаламсап әлі де жаңартылу үстінде. Шынайы өмірде тұрақты қолданысқа ену үшін аз-маз өзгертулер керек. Анықтау жүйесі кең әрі толық көлемде қарастырылмақ. Ерлі-зайыпты Фалька мен Мэнди Вольски алғашқы сынақты да өткізіп көрді.

Осы жылдың соңынан бастап қаламсапты жасап шығару мәселесі бір ізге қойылмақшы. Әзірге, кеңселік тауарларды шығаратын компаниялармен шарт жасасып жатқан көрінеді

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”



Неміс өнертапқыштары Фалька Вольски мен Даниель Каесмахер өздері ойлап тапқан "ақылды" қаламсаптарын жарыққа шығару үшін қаржы жинап жатыр. Басты ерекшелік - қаламсап мәтінде жіберілген қате жайында ескертіп отырады. Кіп-кішкентай қаламның ішіне өнертапқыштар микрокомпьютер орнатыпты. Оның Wi-Fi антеннасы мен 128 Мб болатын жады бар. Сонымен қатар, микрокомпьютер жанына орналастырылған вибромотор әр жіберілген қателік кезінде жазып отырған адамға белгі береді екен. Кереметі сол, қаламсап өзі жазған мәтінді түгелдей сандық нұсқаға лезде айналдырып, смартфонға көшіріп береді. Жазу құралы екі режимде жұмыс істемек. Алғашқысы - орфографиялық қателерді анықтау үшін.

Екіншісі - жазу үлгісін көркейту үшін.

Қазіргі таңда аталған жобаны жүзеге асыру үшін қос ғалым ақша жинап жатыр. Толықтай айналымға енгізу үшін 120 мың еуро қаражат қажет көрінеді. Алғашында, ағылшын және неміс тілдерін ғана "жаза алатын" қаламсап алдағы уақытта испан, итальян, француз және орыс тілдерінде де қатесіз жазуға үйрететін болады деп күтілуде.



Асыл тастардан жасалған бағалы қаламдар



Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”







ШWord на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”арикті қаламсап.

Қазіргі таңда жазуға құралдары ғылыми техникалық прогреске сай болу керек. Бүгінде жазудың кең таралған құралы шарикті қаламсап. Оқушылар қаламсаппен жаза білу керек. Ол өте қолайлы және жеңіл. Қаламсаппен жазудың перомен жазу кезіндегі орналасуы өзгеше болады.

Шарикті қаламсап бұрыштан 50 - 55 0, перо - 35 - 45 0.

Қаламсапты үш саусақпен: үлкен, сұқ саусақ, бармақпен ұстаймыз. Сұқ саусақ бармақпен ортаңғы саусақтын ортасында орналасып, қаламсапты жоғары жағынан ұстап тұрады. Сұқ саусақ пен қаламсап басының арақашықтығы 1,5 ,2 см болу керек. Жазу барысында сұқ саусақпен сәл ғана қысып ұстау керек. Сияның түсі көк немесе көкшіл болу керек. Қызыл түсті сияны мұғалім ғана қолданады. Қызыл түспен қатені, бағаны таңбалайды.

Сабақ барысында қаламсапты ашып, шашпау керек. Әр түрлі түсті сия тек мұғалімде ғана болады.

3D-принтері қаламсап түрінде көлемді нысандарды суретке салуға мүмкіндік береді



3Doodler - бұл қаламсап түрінде орындалған, ең нағыз 3D-принтері.Сондықтан бұндай тамаша өнертабыстың иегері компьютерді және бағдарламалық қамтамасыздандыруды пайдаланбай-ақ көлемді нысандардың суретін сала алады. 3Doodler суретшілер мен дизайнерлердің алдынан жаңа мүмкіндіктерді ашады.

Хат жазу үшін стандартты 3-миллиметрлік пластикалық шыбықтар пайдаланылады. Бастапқы материалдың бір метрі дайын жолдың 10 метрден артығына жетеді. Пластик тез арада қатып қалады, асылып тұрып, тірексіз сурет салуға мүмкіндік береді.

Қаламсаптың салмағы 200 граммнан кем, Кикстартерге алдын ала тапсырыс беру 75 долларға жетеді (жеткізілім жинақтамасына пластикалық шыбықтың екі жиынтығы енеді). 3Doodle үлкен жерлерді тез толтыруға және нәзік жұмыстарға арналған - «басып шығарудың» екі жылдамдығын ұстап тұрады. Шығарушылар күрделі емес түрлерін екі сағат ішінде жасауға ыңғайланса, ал жазықтықта сурет салу ешқандай ерекше дағдыларды талап етпейтініне сендіреді.

3D-қаламсаппен тек қана «қолдан жазу» ғана емес, сонымен қатар сайттан жеке-жеке «айналдыруға» болатын, сосын құрылымдаушы сияқты, үш өлшемдік құрылымды жинауға болатын, қағазға басып шығаруға арналған бөлшектердің үлгілерін жүктеуге болады. Жобаның авторлары үлгілер кітапханасын пайдаланушылар үнемі толықтырып отыратынына және көптеген жүз және мыңдаған модельдердің бар болатынына үміттенеді.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”







Құран оқитын қаламсап



Қазіргі кезде технология заманы болғандықтан,заман қарыштап дамып келе жатыр.Адамды неше түрлі техникалармен құлтемірмен (робот) таңқалдыруда. Кеше әкем Қытайдан 90$ шамасында кішкентай қорапша әкелді. Таңғалғаным қасиетті Құран Кәрім кітабын оқитын қаламсапты көргенде.Бұл құралды Құран сүрелеріне тигізсеңіз болды арабша мәнерлеп айтып береді.Тағы тамсандырғаны,аударма қызметінде атқара алады екен.

Қазақша,ағылшынша,ұйғырша,орысша,өзбекше т.б тілдерді қамтиды.Бұл дегеніміз Құран үйренушілерге таптырмайтын құрал екені даусыз.Оныммен бөлек кішкентай кітапшасы бар екен. Бұл араб әліппесін үйренушілерге арналған кітапша. Кәдімгі қалта телефоныны сияқты зарядтау мүмкіндігіне ие бұл құрал сізге ұзақ 7-8 сағат қызмет ете алады. Осындай пайдалы дүние жасайтын адамдарға Аллаһ разы болсын дегім келеді.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”



Сенсорлы қалам



Жаңа технологиялардың бірі сенсорлы қалам. Бұл қалам андройд функциялары бар ұялы телефон мен планшеттерге арналған. Сенсорлы қаламмен жұмыс істеу өте оңай. Өзіміздің күнделікті қолданып жүрген қаламнан айырмашылығы жазуларды элетронды түрде телефонға енгізіп, жазғандарды сақтап қоюға да болады. Сенсорлы қаламды қолдану арқылы телефонның экранына сызат түсірмей, таза қалпында сақтауға болады.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”











«Зерек» сөйлейтін қалам



«Зерек» атты сөйлейтін қаламның ерекшелігі неде? Пайдалану туралы нұсқаулықта көрсетілгендей, сөйлейтін қалам - заманауи технологияның сапалы және қауіпсіз электронды өнімі. Оның атқаратын функциялары да аз емес. 2-3, 4-5 және 6-7 жастағы балаларға арналған жеке-жеке суретті кітапшаларды пайдалана отырып, қаламды оған тигізу арқылы баланың айналамен таныстығы, ортаны танып білуі басталады.

«Зерек» қаламы бүлдіршіндердің қызығушылығын арттырып, ойлау, көру, түсіну, сөйлеу, сурет салу қабілеттерін дамытады. Әр баланы өз ана тілінде еркін, жатық сөйлеуге, сөз мәнерін қалыптастыруға, оқуға, есептер шығаруға, тақпақтар жаттауға, ән айтуға жаттықтырады.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”



























__________________________________________________________________





















3.4. Қаламның пайдасы мен зияны





Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”

Бүгінде көптеген адамдар қалам алып қағаз бетіне жазудан бас тартып жатады. Себебі, ара-тұра кездесіп тұратын қателіктер қаламсап иесін бей-жай қалдырмасы сөзсіз. Оның үстіне үстел үстіндегі заманауи технология өзіне еріксіз тартып, бүкіл қателіктеріңіздің ізін суытып, бар жағдайды жасауға тырысқан.

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”









__________________________________________________________________





Практикалық бөлім.

3.5. Қалам қалай жасалады?

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”

3.6.Қаламнан жасалатын заттар

(оқушы шығармашылығы)

Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Егер сіздің қаламыңыздың сиясы таусылып қалатын болса, оны лақтырмай көрмелік заттар жасап, әр түрлі макеттер жасап жаратыңыз. Себебі, қаламның сырттарынан әр түрлі фигурада түрлі макеттер жасауға болады. Мен осы жоба барысында қаламнан бірнеше коллекциялар жасап, түрлі заттардың макетін жасауды үйрендім. Келесі көріністер қаламнан жасалған макет туындылары.





























3.7. Қалам туралы әзілдер, мақал-мәтелдер, эссе, аңыз-әңгімелер, жұмбақтар, суреттер (оқушы шығармашылығынан)

ЖҰМБАҚТАР



Қаралаяқ ат міндім қаздаңдатып,

Су ішпесе жүрмейді қырсау тартып,

Бір аяғын шалшыққа малып алып,

Тар көшеге салдым табандатып.

Қалам

Жаны жоқ қаршыға қолға қонар,

Жем алып қиын жерден аузы толар,

Мен өзім қаршығамнан баһра алдым,

Шешуі осы сөздің қиын болар.

Қалам

Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып,

Жүргенде жол салады табандатып.

Қалам

Астында төсегі бар салған тағы,

Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,

Теңізден салған жолы сайрап жатыр,

Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.

Қалам

Бір басты,екі тілді бір мақұлық,

Жүреді айдалада ырғатылып,

Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,

Өзінің сөйлеспесе досты барып.

Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы

Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,

Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,

Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,

Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық.

Қалам



Бір нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық,

Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық.

Жансызда жалықпайтын соны көрдім,

Жорғалап қызмет етер құстай ұшып.

Қаламұш

Секіріп жүріп сырғиды,

Тетігі бірақ адамда,

Ақылмен, бимен жылжиды.

Қаламұш

Үш адам мініп алып жалғыз жорға,

Үшеуі тәуекел деп түсті жолға.

Ізінен жорғасының тәлім қалып,

Кетіпті жаппай тарап қолдан-қолға.

Сия

Екі басты айдаһар,

Қара суды ішеді,

Қайта құсып ақ жерге,

Өрнектері түседі,

Онсыз жаңа іс болмас,

Адамның қылар ісі еді.

Қаламсап

Бір жорға бар шабысты,

Ақ қағазға жабысты.

Жорғаласа тайпалап,

Келтірер көп табысты.

Сауыт қалам

Бір құс бар екі тілді сайрап тұрған,

Үстінде мәуесі бар жайнап тұрған.

Ішетін суы да көп, ішу де көп,

Құдығы тасбұлақтан қайнап тұрған.

Қалам,сия

Бір құс бар дарияда тұмсығы ұзын,

Жаны жоқ жанды малдан жүрер бұрын.

Бұл жұмбақ талай жерде айтылып жүр,

Еш адам шеше алмайды бұдан бұрын.

Қалам

Үшкір ғана бір нәрсе айыр басты,

Құдықтан көзге сулап төкті жасты.

Кеппейтін мәңгі бақи жастың ізі,

Дүниенің бәріменен араласты.

Дүниеде бір құдық бар қайнап жатқан,

Ішінен су шығады мың сан батпан,

Сол құдық сондай-ақ көп болса-дағы,

Бетіне бетегесі шығып жатқан.

Сия

Ағартуға жоқ, Қарайтуға әйдік-ақ.

Сия

Бір құс бар бұлбұл деген ұзын мұрын,

Сөйлесе келтіреді сөздің нұрын,

Үстіне көкше мұздың жорғалаған,

Құс жоқта сөйлейтұғын одан бұрын.

(Қаламсап)

Денесi бар шыбықтан,

Темiр тұмсық құдықтан,

Сусын алып iшедi,

Ойы iз боп түседi.

(Қаламсап)







ҚАУЫРСЫН ҚАЛАМ, АҒАШ ҚАЛАМСАП ЖӘНЕ БОЛАТ ҚАЛАМҰШ ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

Ақ қаз су жағасында мамырлай жайылып жүр едi, құлағына шаң-шұң керiскен дауыс естiлдi. Дауыс шыққан жаққа мойын созып қараса, о, ғаламат, кәдiмгi ағаш қаламсап пен болат қаламұш! Екеуi терезенiң алдына шығып алып, бiрiне-бiрi кiжiнiп, салғыласып тұр.

- Менiң пайдам адамға сенен гөрi он есе артық тиедi. Мен оның көңiлдегiсiн қағазға айнытпай жазып беретiн қолғанатымын. Менсiз сен түкке де аспайсың, - дейдi Қаламұш шiңкiлдек жiңiшке үнмен.

- Мен болмасам, сия сауыттың iшiне күмп етiп, батып кетер едiң, болмаса иеңнiң қолын былғап, сөгiс естiп жатар едiң, - дейдi Қаламсап оған дау айтып.

Ақ қаз бұл сөздердi естiп, өз-өзiнен мырс етiп күлiп жiбердi. Содан соң мойнын одан бетер созыңқырап:

- Әй, достарым, сәл сабыр етiңдер. Екеуiңнiң таластарың менiң күлкiмдi келтiрiп тұр, - дедi.

- Неге? - деп үрпиiстi Қаламсап пен Қаламұш. Ақ қаздың бұған ашуы келiп кеттi де:

- Мен болмасам, сендер дүниеге келмес едiңдер. Бүйтiп таласып тұрмас едiңдер. Мен сендердiң аталарың болам! Сендер, екеуiң де менiң қауырсынымнан жаралғансыңдар! - дедi Ақ қаз.

- Қайтiп?

- Бiлмесеңдер, тыңдаңдар әулекiленбей, - деп, Ақ қаз әңгiмесiн шұбырта жөнелдi. - Адам бiр кезде менiң қауырсынымды ұштап, ұшын екi айырық қып үшкiрлеп, жазуды сонымен жазатын едi. Оны қауырсын қалам деп атайтын. Арада талай заман өттi. Жер бетiнде жазу бiлетiн адамның саны көбейдi де, қаздың қауырсыны оларға жетпейтiн болды. Содан соң адам ағаштан қаламсап жасап, оған қаз қауырсынынан қаламұш тiлiп орнататын амал тапты. Бұлай еткенде бiр қауырсын талай адамның пайдалануына жарайтын едi.

Арада тағы да көп-көп жылдар өттi. Жазу бiлетiндер бұрынғыдан да молайды. Қаздың қауырсынына мұқтаждық арта түстi. Сонан соң адам әрi толғанып, берi тол-ғанып мына сенi, болат Қаламұшты ойлап тапты. Екеуiңнiң дүниеге келу тарихтарың, қысқартып айт-қанда, мiне, осындай, - деп, Ақ қаз сөзiн түйдi.

Ағаш Қаламсап пен болат Қаламұш бұл жайды бұрын-соңды естiмегендiктен, екеуi бiр-бiрiне таңырқаса қарасып тұрып қалды.

Қалам туралы әзілдер:

Қаламсап-1

Сыныпта диктант жазып жатқан оқушылардың бірінің қаламсабының сиясы таусылып қалса керек, қасындағы досынан ақырын ғана:

-Қаламсабым жазбай қалды, ұштағышыңды бере тұршы,-депті.

Қаламсап-2

Сабаққа Айбек келді. Диктант жазып жатқан кезде қаламының сиясы бітіп қалды.Апайы неге жазбай отырсың дегенде, қаламсабымның бинзині бітіп қалды депті

























ОWord на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”қушының салған суреттері

















Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”



Word на тему: “Қалам қашан және қалай пайда болды?”







































































Қорытынды.

Қалам адам баласының барлық ойын, ішкі сырын, теңдесі жоқ туындыларын қағаз бетіне түсіретін құнды зат. Егер де қалам болмаған жағдайда алған біліміміз одан әрі жалғасын таппас па еді. Себебі, қаншалықты білімді кітаптан оқып алсақ та, оны ары қарай дамытып жүзеге асыратын жүйрік қалам. Осы зерттеу жұмысым барысында қалам арқылы жазып қана қоймай, оның сиясы бітіп қалған жағдайда, оларды жинап, әр түрлі колекциялар мен түрлі заттар жасап дайындауға болатындығын білдім.

Мен қаламның сырттарын пайдалана отырып, түрлі бұйымдар дайындадым. Зерттеу жұмысым өте қызықты болғандықтаннан ба, мен бар ынта жігеріммен осы жұмыс бойынша жасауға тиісті, жазуға тиісті барлық ақпараттар мен материалдарыды жинақтадым. Өзім бұрын білмейтін көптеген жаңа мәліметтермен таныса отырып, ғылыми жұмысқа деген құлшынысым арта түскендей. Шынымен де күнделікті өмірде ұстап жүрген осы қаламға көпшілігі мән бермейтіндігі шындық. Оны тек жазу құралы деп қана қарай салады. Оның шын мәнінде қаншалықты маңыздылығы мен қажеттілігіне аса мән бермейтіндей.

Қазіргі заманда тіпті ақпараттық дамыған заман болғандықтан да, көпшілік адамдар компьютер, ноутбук т.с.с электронды құралдарға сүйеніп алып, сауатсыздыққа жол беруде. Оның зияны : біріншіден - сауатты жазу, жазудың бұзылуына зиянын тигізсе; екіншіден-адамды жалқаулыққа, еріншектікке, шынайы архивті материалдардың жинақталмауына тәрбиелейді. Сондықтан да, өзінің ішкі жан дүниеннен шыққан ойында сауатты, әдемі әріптермен қағаз бетіне шынайы жазып түсіруден артық ештеңе жоқ.

Зерттеу барысында 13 қаламның түрімен танысып, әр қайсысы туралы қызықты деректер жинақтап таныстым. Ақпараттық түрде ғана материалдар зерттеумен ғана шектелемей, практика жүзінде қаламның қалай жасалатындығын және одан түрлі заттардың макеттерін жасауға болатындығын үйрендім. Сонымен қатар, қалам туралы өз шығармашылығымды шыңдап, өлеңдер, жұмбақтар, мақал мәтелдер, аңыз әңгімелер, ертегілер бар екендігін білдім. Зерттеу жұмыс мені қиялымды ұштап, тың мәліметтер мен деректер жинап қана қоймай, шығармашылығымды арттырып қызығушылығымды арттырды. Сондықтан да жұмысымды қорытындылай келе ішкі ойымыз бен сырымызды жеткізетін, хат танытып, оқыта білген бұл қаламның адамзат үшін маңызы зор екендігіне жобам барысында көз жеткіздім.

Пайдаланған әдебиеттер:





1.Ақпарат құралдары

2.Интернет жаңалықтары

3.Ел аузынан

4.Теледидар жаңалықтарынан (бейне сюжеттер)

5. Kaz-referaty.ucoz.kz.

6. hdg.kz

7. Astana-akshamy.kz





































































Аннотация

«Қалам қашан, қалай пайда болды?» тақырыбындағы ғылыми жұмысында оқушы қаламды толық зерттеп тақырыпты нақты аша білген. Алғашқыда оқушы бұл жобаны бастамас бұрын, қаламның жазу құралы екенін ғана білген болатын. Кейіннен осы тақырыпқа аса зер салып, қызығушылық танытып, қаламның бірнеше түрін жинақтап, танысып, одан бірнеше макеттер мен өзінің шығармашылық туындыларын да жинақтаған.

Оқушы осы тақырыпты зерттеу барысында қаламның 13 түрін, олардың шығу тарихын, атқаратын қызметтерін анықтаған. Технология пәнінің мұғалімі Мырзағалиев Айдын Маралұлынан сұхбат алу барысында қаламның жасалу жолдарын біліп қана қоймай, оны өз көзіммен көріп, жүзеге асырған.

Қаламға деген қызығушылығының оянғаны соншалық, қаламнан коллекциялар жинақтап, суреттерін салдып, қаламнан түрлі макеттер жасаған.

Тақырып оқушы жасына қарасақ өте өзекті. Себебі, оқушы өзінің ой қиялынан туындаған маңызды заттар мен деректер жинап отыр. Көп ізденіп, қосымша жұмыстар атқарған. Оның дәлелі осы зерттеу жұмысында қалам туралы аңыздар, әзілдер, жұмбақтар, мақалдар, ертегілер бар екенін және оларды кітапша қылып жинақтаған.

Оқушының осы зерттеу жұмысын қарай келе, тақырыптың тың таңдалып зерттелуінде негіз бар. Қосымша материалдар арқылы ғылыми жұмыстың мазмұның аша білген. Әрбір адам түпкілікті бір мақсатқа ұмтылады. Ол - алға қойған жұмысының жемісін көру.































Аннотация

Ученик полностью исследовал научную работу на тему «Когда и как пявился ручка?». Мы знали, пока не начали этот проект то что ручка средство писания. В процессе работы ученик заинтересовался, показал себя, суммиравав несколько видов русек, собрал творческую работу и сделал макеты из ручек.

В ходе исследования определил 13 видов ручек, их историю и функцию. Он взял интервью у учителя технологии Мырзагалиева Айдын Мараловича, о том как сделать ручку из дерево, и вместе они сделали несколько макетов из ручки.

Ученик так заинтересовался ручкой, что в процессе работы он собрал коллекцию, начал рисовать и делать макеты.

Тема очень подходить к возросту ученика. Потому что, в порцессе работы он собрал интересные и важные данные. Занимался поиском, сделал дополнительную работу. Довод к этому он собрал книжку состоящий из легенды, , шутек, загадак, пословиц - поговорок и сказки о ручке.

Полностью исследовав научную работу ученика можно сказать что тема работы редкая. С помощью дополнительных работ он сумел плностью раскрыт тему работу. Каждый человек стремиться к своей цели. Это получить плоды своей работы.































































































































Қостанай облысы Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 2 -сынып оқушысы

Бөдешов Өмірсеріктің

«Қалам қашан және қалай пайда болды?»

тақырыбындағы ғылыми-

зерттеу жұмысына



Пікір

Бөдешов Өмірсерік «Қалам қашан және қалай пайда болды?» атты ғылыми еңбегімен толық танысып шықтым.

Бөдешов Өмірсерік қалам туралы зерттеу жұмысын өте жақсы жаза білген. Қалам туралы бізге беймәлім ақпараттарды кең көлемде аша білген. Оқушы сабақтан тыс уақыттарда ізденіп, өзінің ойларын, жинаған материалдарын жұмыс барысында жүйелі жазған. Берілген уақыт мүмкіндігін пайдалан білген.

Қалам туралы жан - жақты жиналған мұндай деректер 2-сынып оқушылары үшін өте қызықты жаңалықтардың бірі болып отыр. Бөдешов Өмірсеріктің ғылыми еңбегі жоғарыдан көрінетініне сенімім мол. Себебі оқушы зерттеу жұмысында қаламның пайдасы мен зиянды жақтарын да саралай отырып, жұмыстың теориялы және практикалық маңызына да көп көңіл бөлген. Сондай-ақ барлық саламен байланыстыра отырып, зерттеу жұмысына толықтай күш салған. Яғни оқушы жоба барысында қаламның түрлерін анықтауда және оны жасауда технология, информатика, әдебиет, сурет т.б пәндерімен байланыстыра отырып зерттеген. Тіпті қаламда діни сауаттылықты арттыратын Құран оқитын қаламсаптың да болатындығын баса айтып отыр. Мұны бірі білсе, бірі білмейтіні шындық.

Оқушының қалам туралы тағы да басқа қосымша жинақтаған материалдарын көре отырып, бұл жұмысын өте жоғары бағаладым. Өзі жас болса да, ғылымға қызығушылық танытып, қалам туралы жан-жақты материалдарды ыждағаттылықпен жинап, жұмыс атқарғандығы көрініп тұр.

Сондықтан Өмірсеріктің болашағынан көп үміт күтуге болады. Оқушыны ғылыми зерттеу жұмысын сараптай келе, бастауыш сыныптарда жүргізілетін факультатив сабақтарда және үйірме жұмыстарында осы тақырыпты дәріптеп пайдалануға болады.



Пікір жазушы: Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары: К.Ш.Абдикова



Қостанай облысы Амангелді ауданы

Амангелді жалпы білім беретін орта мектебінің 2 -сынып оқушысы

Бөдешов Өмірсеріктің

«Қалам қашан және қалай пайда болды?»

тақырыбындағы ғылыми-

зерттеу жұмысына



28







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал