7


  • Учителю
  • Тренинг-жиналыс: 'Ата-ана өміріндегі бала тәрбиесі'

Тренинг-жиналыс: 'Ата-ана өміріндегі бала тәрбиесі'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

М.Әуезов атындағы орта мектеп


А т а - а н а м е н



«Білім беруде инновациялар еңгізу,ақпараттық коммуникациялық

технологиямен қамтамасыз ету сапалы оқытудың кепілі»

ҚАЖАПОВА ҰЛБОЛСЫН ТЕМІРБЕКҚЫЗЫ

2 «А» сынып


«Ата - ана мен баланың арасындағы махаббат» (тренинг - жиналыс)

Мақсаты:Ата - ананың бала тәрбиелеудегі оң психологиялық көзқарасын, балаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру,дамыту.

Міндеті: Ата - ананың балаға деген сүйіспеншілігін байқау; өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін құрметтеу; көңіл - күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу;


Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайд.

Жүру барысы:
Жүргізуші: Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы - жанұясы. Жанұялық тәрбие ата - анамен бала арасындағы қарым - қатынастық жүйе. Олай болса, ата - ана осы жүйені ғылым мен өмір ретінде жан - жақты меңгеру қажет. Ұлы данамыз Әл - Фараби «Ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген бәрімізге мәлім. Адамға тәрбиені атана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі басты тұлға, алғашқы ұстаз - ата - ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген сәттен бастап ата - ана нәзік те, қиын, қыр - сыры мол үлкен қоғамдық міндет тұрады. Ол - бала тәрбиесі. Бала үшін үй ішінде, ата - анадан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі ғой. Ия, «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата - ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырады. Баланың бойында барлық жақсы қасиеттерді дарыту, тіпті жанында жүрген достарына дейін мән беру, табиғат сыйлаған дарыны болса дамыту, білім алуына жағдай жасау ата - атаның парызы.

Жүргізуші: Тренингімізді бастамас бұрын «Менің қалағаным...» ойынын ойнайық.Ата - аналар мына менің қолымдағы қобдишаның ішінен 3 түсті қағаздың өзіңізге ұнағанын таңдауларыңыз сұралады. Бірдей түсті ата - аналар бірігіп бір топ боласыздар.
І. «Менің қалағаным...».

Қызыл түс- энергия түсі,ол адамды іс - әрекетке итермелеп,үнемі жігерлендіріп отырады.Жоғары сенімді, жігерлі, мінез- құлқы батыл тұлға.

Сары түс- көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар - іскер, мінез- құлқы мықты тұлғалар.


Жасыл түс- әрқашан өз мақсатына жетеді, шыдамды,байсалды тұлға.

ІІ. «Бойыма біткен қасиет »Алдымен өз есімдеріңіздің алдына адамның бойында бар жақсы қасиеттің біреуін айтып, өзіңіз туралы қысқаша мәлімет беруіңіз керек.
Мысалы: Мен нұрлы - Нұргүлмін
Мен көрікті - Әсеммін;
Мен дарынды - Дидармын.

ІІІ.«Мадақтау мен жазалау»
Мақсаты: Ата - ананың балаға деген көңіл бөлуін байқау.


Барысы: Қағазды екіге бөліп, бір жағына баланы мақтау кезінде қолданылатын сөздерді, ал екінші жағына, сөгіс жариялау кезінде қолданылатын сөздерді жазыңыз.


Қай бөлікте сөздердің көп болғандығы жайында сараптама жасалып, ата - аналарға қорытынды жасау ұсынылады.

ІV. «Жағдаяттар»
Нұсқау: Әр топ ата - аналарына жағдаяттар оқылады. Ата - аналар жағдаятты талдап қаншалықты дұрыс немесе бұрыстығын айтуы тиіс.

1 топ: Баласы «Сізге маңызды бір нәрсе айтқым келеді» десе анасы:

« Сенсіз де басым ауырып тұр, мазамды алма» депті.Сіздердің ой-пікірлеріңіз?


2 топ: Сіз балаңызға дүкенге барып келуін өтінесіз ол «ән тыңдап отырмын» деп барудан бас тартты. Не істер едіңіз?


3 топ: Кейбір ата- аналардың баласының әрбір істеген іс - әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,- деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс- әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?


V. Ойын « Ата- ана мейірімі».
Ата- аналар ақ параққа гүлдің суретін салып, гүлдестерге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой- пікірлерін айтады.


VІ. «Ашығын айтсақ...»


Бүгінгі «Ата-ана мен бала арасындағы махаббат» тақырыбында өткен тренингімізді қорыта келе мен сіздерге мынандай тілектерді ұсынамын.


Сонымен ата-аналар бала тәрбиесі ең маңызды - мәселе. Ең басты - ата-ананың бала тәрбиесіндегі маңызы зор. Бүгін міне бала тәрбиесіне байланысты ойларыңызды ортаға салдыңыздар. Осы іс - шарамыздың соңында сіздерге мандарин ұсынғым келеді. Барлығыңыздың мандариндеріңіз деді ашыңыздар. Ашып ауыз тиюлеріңізге болады. Мандаринді берген мақсатым: Мандарин жемістің бір түрі. Өзі жұмсақ, нәрлі шырынында дәрумені көп жемістердің ішіндегі, тез көп жеміс беретін өсімдік. Мандарин қандай қасиеттерге ие болса, бізде балаларымызға жұмсақ мінез танытып, жан-жақты тәрбие берейік.
Әке, Ана үш - ақ әріп тіршілік,
Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.
Үш - ақ әріп дүниені танытқан,
Үш - ақ әріп қойған жыршы ғып - дей келе бүгінгі тренингті аяқтаймыз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал