- Учителю
- Жануарларға да ауа керек. ҚЫсқа мерзімді жоспар.
Жануарларға да ауа керек. ҚЫсқа мерзімді жоспар.
Тақырыбы: Жануарларға да ауа керек. Қысқа мерзімді жоспар. 2 сабақ
Тапсырма
Оқытудың негізгі міндеттері.
Белсенді оқытуда қолданыла
тын модульдер,
әдіс-тәсілдер.
Негізгі дереккөз
дер
Мұғалімнің
іс-әрекеті
Оқушының
іс-әрекеті
Күтілетін нәтиже
Бағалау,оқыту үшін бағалау.
3 минут
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Шаттық шеңбері
Оқушыларды шеңбер болып тұрғызып, бір-бірлеріне тілек айтқызады.
Шаттық шеңберін құрып, бір-бірлеріне жылы лебіздер тілеу арқылы сыныпта жағымды ахуал қалыптастырады.
Ынталанады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау
2 минут
Топқа бөлу
Табиғат байлықтары атаулары жазылған таратпа қағаздар
Табиғат байлықтары атауларымен топқа бөледі.
Табиғат атауларымен 6 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.
Топта ынтымақтаса жұмыс жасайды.
Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау
5 минут
Үй тапсырмасын сұрау
Бумеранг
Бағалау парақшасы, түрлі-түсті жетондар
Өтілген тақырып бойынша бір-бірлеріне допты лақтыртып, сұрақ-жауап өткізу арқылы үй тапсырмасын бекітемін.
Топтарда орындарынан тұрып, бір-бірлеріне допты лақтырып, бір-бірлеріне сұрақтар қойып, жауап беру арқылы үй тапсырмасын қорытындылайды.
Өтілген тақырыпты еске түсіреді.
Сұрақтар қоюға дағдыланады.
Топтық бағалау.
«Бағдаршам» стратегиясымен формативті бағалау
7 минут
Жаңа сабақ таныстырылымы
Сұрақ қою, қайта сұрақ қою
Бағалау парақшасы, түрлі-түсті жетондар, интербелсенді тақта
Интербелсенді тақтадан «Су асты тіршілігі» туралы бейнеролик көрсетіп, ашық сұрақтар қояды.
-
Бейнероликтен не көріп, тамашаладық?
-
Балықтар қайда тіршілік етеді?
-
Киттер мен дильфиндер қалай тыныс алады?
-
Қыста балықтар ойықтар маңына топталады.
-
Неліктен?
Оқушылар бейнероликті көріп, мұғалімнің қойылған сұрақтарды талқылап, топтар бір-бірлеріне қайта сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың мазмұнымен танысады.
Ізденеді танымы артады. Топтық диалог қалыптасады.
Топтық бағалау.
«Бағдаршам» стратегиясымен формативті бағалау
12 минут
Жаңа сабақты қолдану
Сиқырлы кемпірқосақ
Оқулық, мәтін жоспары
Оқулықтағы мәтін бойынша топтық жұмыс жасату.
Мәтін мазмұнына байланысты жоспарды кемпірқосақ ретінде құрастырып, жоспар бойынша өз пікірлерімен бөліседі.
Сабақтың мазмұнымен толық танысады.
Топтық бағалау.
«Бағдаршам» стратегиясымен формативті бағалау
3 минут
Сергіту сәті
Интербелсенді тақта
Сергіту сәтін өткізеді
Би ырғағына байланысты қимылдар жасайды.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасы артады
Ауызша мақтау, мадақтау арқылы формативті бағалау
5 минут
Жаңа сабақты қорытындылау
Блиц ойындары
Интербелсенді тақта, бағалау парақшасы, түрлі-түсті жетондар
Интербелсенді тақтадан сұрақтар жазылған слайды жылдам жүргізіп, сұрақтарға жылдам жауап бергізу арқылы жаңа сабақты қорытындылайды.
Оқушылар тапсырманы берілген уақыттың ішінде жылдам орындайды
Сын тұрғысынан ойланады. Жылдамдыққа дағдыланады.
Топтық бағалау.
«Бағдаршам» стратегиясымен формативті бағалау
4 минут
Бағалау
Топтық бағалау
Қалыптастырушы бағалау
Бағалау парақшасы, түрлі-түсті жетондар
Топтық басшыларының қорытынды бағасын тыңдайды.Сабақты қалай түсінгедерін түрлі-түсті жетондармен бақылаймын.
Топтың орта балын шығарып бағалайды.
Сабақты қалай түсінгендерін түрлі-түсті жетондармен білдіреді.
Жасыл түс-толық түсіндім.
Сары түс - жартылай түсіндім.
Қызыл түс - мүлдем түсінбедім
Әділ бағалауға үйренеді.
Ынталанады.
Топтық бағалау.
«Бағдаршам» стратегиясымен формативті бағалау
3 минут
Кері байланыс
Рефлексия плакаты, түрлі-түсті стикерлер
Стикерлер тарқатып беріп, бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жаздырады.
«Не білдім?», «Не білгім келеді?» «Не білемін?» деген сұрақтарға жауаптарын стикерлерге жазып, рефлексия плакатына іледі.
Өз пікірлерін білдіреді.
1 минут
Үй тапсырмасын беру
Күнделік
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жаздырады.
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.