- Учителю
- Урок по литературному чтению Құмырсқаның өнері
Урок по литературному чтению Құмырсқаның өнері
Ашық сабақ: Әдебиеттік оқу
Сынып: 2 «Ә»
Мұғалім: Еспаева Гаухар Амангелдіқызы
Сабақтың тақырыбы: Құмырсқаның өнері
Сабақтың мақсаты: «Құмырсқаның өнері» тақырыбымен таныстыру.
Сабақтың міндеттері:
Еңбекті дәріптеу болған мәтіннің мазмұнын ашу
Оқушыларды түсініп оқуға, өз ойларын қорытып айта білуга дағдыландыру.
Еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу
- түгендеу
- оқушылардың зейінін сабаққа аудару
II. Өткенді тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар
Сұрақ - жауап. Әр оқушыға бір-бір сұрақтан қойылады. Оқушы 3сек ішінде қойылған сұраққа жауап беруі тиіс, сұрақ қайталанып оқылмайды.
-
Мәтіннің тақырыбы қалай аталады?
-
Орманды мекендеген құстарды ата?
-
Көкек пен Сауысқанның нелері болмады?
-
Олар қай жерді паналап күнеліпті?
-
Көкек көршілерінің мазасын қалай кетіреді?
-
Сауысқан Көкекке не дейді?
-
Көкектің жауабы қандай болды?
-
Көкек Сауысқанның ұсынысымен келісе ме?
-
Сауысқан не істейді?
-
Ол ұясының қабырғасын немен таспалап, берік етіп өрді?
-
Ұясын немен мықтап байланыстырды?
-
Іші-тысын немен сылады?
-
Қақпалы есікті неден жасады?
-
Ұяның астына не істеді?
-
Көкектің қақсай-қақсай даусына не болады?
-
Тілі не ше?
-
Керек сөзіндегі қай әріпті айта алмайтын болды?
-
Керек деудің орнына ол не дейтін болды?
-
Оны кекеткен кім?
-
Жұрт оны қалай атап кетті?
-
«Керек-керек» дейтін қай құс?
-
Екеуіміз бірігіп үй істейік деген қай құс?
-
Мамықтан төсекті қайда төседі?
III. Тірек сөздер
Құмырсқа, қарға, шырпы, еңбекшіл, ұя, сарай, илеу
IV. Жаңа сабақ. Ж.т.б.қ.қ.с
Жаңа тақырыпты оқу оқушыларға тапсырылады.
1 бетке 4 минут уақыт беріледі. Оқушылар тақырыпты оқып шыққаннан кейін оларға тақырып бойынша қарама-қарсы сұрақтар қойылады . Әр оқушыға бір-бір сұрақтан қойылады. Оқушы 3сек ішінде қойылған сұраққа жауап беруі тиіс, сұрақ қайталанып оқылмайды.
-
Бірнеше құмырсқа жабылып не істеп бара жатты?
-
Құмырсқаларды не көрді?
-
Қарға құмырсқаларға не деп келемеждеп күлді?
-
Құмырсқалар қандай жауап қатты?
-
Сарай деп нені айт деді?
-
Құмырсқалар қай уақытқа дейін еңбек етті?
-
Көп ұзамай көгалды жерде не бой көтерді?
-
Қарға қай ағаштың басында жұмыртқа басты?
-
Балапандардың қанаты неден майысты?
-
Балапандар қайда келіп қонды?
-
Олар нені байқады?
-
Балапандардың даусын естіп ұшып келген не?
-
Енесі нені көрді?
-
Құмырсқалар қандай екен?
-
Қарға илеуді көріп не дейді?
-
Қарғалардың үнін не естиді?
-
Біздің сарайымыздан не өтпейді дейді?
-
Құмырсқалардың сарайлары қандай?
-
Мәтіннің авторы кім?
-
Егер біз сендей үлкен болсақ не істер едік дейді?
-
Ақшам дегеніміз не?
-
Мәтіннің кейіпкерлерін ата.
V. Сын тұрғ. с.
Оқушыларға сұрақтар қойылады. Оқушылар ия, жоқ деп жауап беріп өз жауаптарын айтады.
-
Мәтіннің авторы Жәди Шәкен (ия)
-
Бірнеше құмырсқа жабылып өздерінен кішкентай бір шырпыны сүйреп бара жатты. (жоқ)
-
Сүйреп бара жатқан құмырсқаларды қарға көрді. (ия)
-
Қарға «Ой, сендер мына шырпыны сүйреп қайтпексіңдер?- деп келемеждей күлді. (ия)
-
Құмырсқалар ұя саламыз деді. (жоқ)
-
Сарай деп мынау менің ұямды айт деді. (ия)
-
Қарға әр күні бозала таңнан ақшамға дейін жанталасып жұмыс істеді. (жоқ)
-
Көп уақыт өтпей көгалды жерде төңкерген қазандай құмырсқалардың илеу сарайы бой көтеріпті. (ия)
-
Қарға шырша басындағы ұясында жұмыртқа басыпты. (жоқ)
-
Қатты желден балапанның қанаты майысыпты (жоқ)
-
Илеуді көріп қарға таң-тамаша болады. (ия)
-
«Ой, Алла-ай, құмырсқалардың мұншалық еңбекшіл екенін кім білген» - деді қарға. (ия)
-
Өздері сондай үлкен болғандықтан біздің ұядан үлкен ұя салыпты, - деп таңданыпты. (жоқ)
-
Сол кезде бұлардың үнін естіген бір құмырсқа өлең айта жөнеліпті. (жоқ)
-
Біздің сарайымыздан жазда жаңбыр, қыста қар өтпейді депті. (ия)
-
Сарайымыз әрі жылы, әрі кең. (ия)
-
Егер біз сендей үлкен болсақ, таудай сарай салар едік - деген екен. (ия)
-
Бұл мәтіннің авторы Жәнібек Кәрбозин. (жоқ)
-
Құмырсқада ұя, қарғада илеу болады. (жоқ)
VI. Сөздік қорларын тексеру.
Тақырып бойынша түсінгендерін оқушыларға жазуға 5 минут уақыт беріледі. Оқушылар бір-бірінің дәптерлерімен алмасып, жанындағы бала неше сөз жазғанын санайды. Жазылған сөздер саны саналып, дәптердің шетіне жазылады, сол бойынша оқушылар бағаланады.
Үйге тапсырма: 147-148 бет оқу, мазмұндау