- Учителю
- Тәрбие сағаты 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі
Тәрбие сағаты 8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі
8 наурыз -Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік ертеңгілік.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 - наурыз
Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем
мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық
сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі,
көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік
пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби
жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Ана - өмірдің гүлі» - атты
ертеңгілігіміз сіздерге арналады. Бүгінгі орындалатын ән мен би тек
сіздер үшін.
Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Сураганов Ақтан Ұзақпайұлына беріледі.
Сахнада 1 сынып оқушыларының барша аналарға арналған құттықтаулары, қабылалыңыздар.
Қайрат:
Жер бетінің ғұмыры,
Күн нұрымен арайлы.
Біздің үйдің жылуы,
Анамыздан тарайды.
Мөлдір
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған.
Алтыным деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам
Мадияр
Әр сөзімді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам.
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Алтынай
Түнде сергіп жатпаған,
Күндіз тыным таппаған.
Бізсіз тамақ татпаған
Айналайын ақ мамам.
Байтемір
Еркелеймін шаттанып
Қасымда анам болғасын
Балаларды басқа емес
Тек аналар қорғасын.
Жарқын
Өмірдегі тірегім
Асыл анам,ақ анам
Дүниеде өзіңнен
Жақын адам жоқ маған.
Аружан
Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!
Айбек:
Анашым аялаған,
Құшағың сая маған
Әлемнің бар асылын
Мен үшін аямаған.
Айя
Баланың да тірегі
Даланың да тірегі
Шаншымасын ешқашан
Аналардың жүрегі.
Мақсат
Аялаған анашым
Саялаған панасың
Әлпештеген баласын
Айналайын анашым.
Ән «Ақ мамам»
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар.
Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай
сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген,
бізге әлемнің жартығын сыйлаған - анамыз емес пе?
Олай болса, бүгінгі дайындаған балалардың өнерлерін сыйлық деп
қабыл алыңыздар.
Сахнада 4 сынып оқушыларының орындауында көрініс «Көктем» патшалығы.
Автор: 1. Ерте, ерте, ертеде,ешкі жүні бөртеде, көденің көгерген жасыл кезінде, жерден қар кетіп, жердің түрі түрленіп тұрған уақытта, күннің сәулесі көктен қыздырып, жер-ананың денесі бусанған шақта, көңілді «Көктем» атты патшалық болыпты.
Бұл патшалыққа да жадырап Наурыз айы келді. Дүние жаңарды, көк жетіліп, әлем құлпырды. Осы құлпырған , көңілді патшалықты еліне сыйлы, ақылды хан басқарыпты. Ол ханның қайсар да қайратты 16 ұлы және ай десе аузы, күн десе көзі бар 14 қызы болыпты.
Көктем патшалығы қандай үлкен болса, сол зәулім ғимараттың іші мейірім мен шапағатқа толы үлкен махаббатан тұрады екен. Сол патшалықты басқарған дана патша өз ұлдарының ішінен мұрагерін іздейді.Сөйтіп оларды сынамаққа бел буды.
Патша: Ұлдарым мен қыздарым! Мен қартайдым, сендерге қояр сұрақтарым бар. Сұрақты дұрыс шешсеңдер менің мұрагерім боласыңдар.
-
Балалар, үйдегі алтын қазық кім?
Үлкен ұлы: Үйдегі алтын қазық бала.Ол - мен.
-
Дүниеде не тәтті?
-
Ортаншы ұлы: Дүниеде бал тәтті.
-
Ал жұмсақта не жұмсақ?
-
Кіші ұлы: Мамық жұмсақ.
Кенже ұлы: Осы сұрақтарыңызға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз!
1.Үйдегі алтын қазық ол - Ана! Ана- тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі.
2. Дүниеде ананың сүті тәтті. Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралған.
3. Ананың аялы алақаны жұмсақ.
Патша: Мен кенже ұлымның жауабына ризамын. Менің мұрагерім болуға сен лайықсың , балам.
Бұл күн біздің елімізде әйел -ананың, отбасының сақтаушысының даңқын шығарушы үлкен мереке ретінде атап өтеді. Ана махабаты адамға қанат бітіреді, күш береді рухтандырады.
Сахнаға 2 сынып оқушылары шақырылады.
АнА!Бұл сөз әрбір халықтың ішінде бар. Барлық тілде де бұл қасиетті сөз, нәзік те мейірімді жылы естіледі.
Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!
4 «А» сынып оқушысы Медине Азамбайдың орындауында «Аналар-алтын» әнің қабыл алыңыз.
Бүкіл әлем аналардың сүтінен нәр алған,
Бүкіл әлем аналардың үмітінен тараған.
Әлемде сен болмасаң осылайша
Бар ма еді жүрегімде биік мақсат,игі арман?!
Сахнада 3 «А» сынып. Көрініс «Ананың алты қызы»
Автор: Осы патшалықтағы аяулы ана алыста тұратын бауырының үйінде болатын. Үйге бір аптадан кейін оралды. Үйге кірісімен қыздары (Қолына үлкен сөмке ұстаған аналары үйіне шаршап оралады)
Сахнада әркім өз шаруасымен айналысып жүрген қыздар анасының келгеніне қуанып алдынан жүгіріп шығады. Бірінен соң бірі аналарын қалай сағынғандарын айта бастады:
1-қыз: Анашым, мен сені күн сәулесін күткен көкнәр гүліндей сағындым.
2-қыз: Анашым, мен сені бір тамшы су аңсаған шөл даладай күттім.
3-қыз: Мен шырылдаған кішкентай балапандай болып жыладым.
-
Қыз. Мен сенсіз гүл таппаған ара сияқтымын.
-
Шие бағын іздеген бұлбұлдай мен сенің жолыңды қарадым.
-
Сен менің түсімде аспандағы күндей болып көріндің.
Автор : Жетінші қызы үндеген жоқ. Ол анасының қолын жуу үшін су әкеліп берді.Анасының асын даярлап Алдына қойды. Шәй құйып берді.
Анасы: Қыз- қызғалдақтарым менің! Бәрінен де мені ең кіші қызым қатты сағыныпты.
Патша батасы: Ізетті, ақылды ұл-қыздарым! Бауырларыңды тыңдаңдар. Бірлік пен татулықты серік етіңдер. Ана сыйлағанды Алла жарылқайды. Аналарыңды әрқашан қадірлеңдер! Әрқашан да тілалып, көмектесіңдер!
Автор: Сонымен хан жарлығы екі болмайды. Кенже ұлы ата тағына отырып, көңілді «Көктем» патшалығын басқарыпты. Көңілді патшалық адамдарға нұрын шашып, «Ана - өмірдің шуағы» деп жадыраған , жайдары бір күнін асыл аналарымызға арнаған екен. Содан бері барлық халық 8- наурыз күнін халықаралық әйелдер мерекесін тойлайтын болыпты. Мерекелеріңіз құтты болсын !
Ананы да, мені де әлпештеген,
Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.
Ниетің қабыл болсын,аналарым,
Өркендеп өсе берсін,бала-шаға ,немерелер.
«Көл жағасында» биін қабыл алыңыз. Орындайтын 1 сынып қыздары.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
3 сынып оқушыларының орындауында би, қабылалыңыздар.
Аналар, қалқап бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа - дей отырып бүгінгі «Ана - гүл, ана
- жыр, ана - өмір шуағы» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.
Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта
болыңыздар!