7


  • Учителю
  • Тыныштық сәті 1класс өзін-өзі тану пінінен

Тыныштық сәті 1класс өзін-өзі тану пінінен

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тыныштықта отыру.

Балалар көздерін жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.

-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.

Тыныс алуға зейін қою.

Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2

Тыныштық мезеті

Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ….. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.

Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?

Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді тудырды?

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

(Ескерту: егер бұл сабақ ашық алаңда өткізілсе, онда серуенді сыныпта емес, бақтағы бір орыннан бастау керек).Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайыннеғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

Су асты патшалығына ойша саяхат.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз… бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Тыныштық сәті

Жәймен көзіңді жұмып мені тыңдаңыздар. Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сіз тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі. Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдерге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Ғажайып көл.

Мақсаты:Мазасызданудың алдын алу, стрестен арылуға көмектесу.

Босаңсып ыңғайланып отырыңыз. көзіңді жұмыңыз.Толық босаңсыған соң әдемі безендірілген дәлізді көз алдыңызға елестетіңіз. Дәліздің соңында еменнен жасалған есік көрінеді. Есікке жақындағанда ол жайлап ашылып кетті. Есік толығымен ашылғанда сіз әдемі көлді көресіз. Айнадай көк жасыл суы бар көлді үлкен лала гүлдер безендіріп тұр, көлдің айналасында алуан түрлі сары, жасыл, сия көк, қызыл түсті мыңдаған гүлдер өсіп тұр. Осы таңғажайыптың ортасында аңдар жүр. Арыстан көлден су ішіп жатыр, ол судан басын көтеріп сізге қарады да, асықпай орманға кіріп кетті.

Жан-жағыңызға мұқият қарап сіз көл ортасынан үлкен раушан гүлді байқайсыз. Оның үлкендігі сондай, сіз оның ортасына жайғасуыңызға болады. Сіз гүлдің тамаша иісін сезесіз. Сіз ақ бұлттар жүзіп бара жатқан таза көгілдір аспанды көрдіңіз.Тыныштық…

Сіз тұрып отырдыңыз, айналадан көргендеріңізге күле қарайсыз. Қоянның ін қазып жатқанын көрдіңіз. Елік үлкен қара көздері мен сізге қаайды.

Жағалауда аю отыр, суда бірнеше піл тұр, олар тұмсықтарымен су шашады.

Сіз жайлап гүлден сырғып, суға түсіп жүзе бастадыңыз. Су жылы, сіз өзіңізді жас әрі жеңіл сезінесіз, су ішесіз, су астына ешқандай тұншықпайсыз. Түрлі әлем балықтар жүзіп жүр. Сіздің қасыңызға делфин келіп, ескі досыңыз сияқты сәлем берді. Су сіздің қан тамырларыңызға құйылып тазалай бастады. Делфиндер мен бірге жағаға шықтыңыз.

Сіз қайтадан раушан гүлдің ортасында дем алыңыз. Алыста төбесінде қары көз қаратпайтын тау көрінеді. Ғажайып көлден жоғары көтеріліп кеттіңіз. Биіктей бересіз, көлді бір айналып өтіп жануарларға қарайсыз. Жоғарыдан қараған мүлде бөлек. Тауға қарай бет алдыңыз. Алдыңызда ұшақтар ұшып барады. Үлкен жайылымның үстінен өтіп бара жатқандайсыз. Сізге қарап жақындап келіп, біраз уақыт бірге ұшты.

Ақ қарлы тауға келіп қондыңызда, таудың салқын ауасымен кеудеңізді кере дем алыңыз.Тауды бір айналып өтіп төмен қарай ұштыңыз.Көлдегі раушан гүлге қонып дем алдыңыз.Енді жеңіл көтеріліп, баспалдақ арқылы емен есікке келдіңіз. Есік арқылы әдемі дәлізден аы қарай өтіп, өз орнымызға келеміз.

Талдау:

Жаттығу кезінде қандай көңіл-күйде болдыңыз?

Қандай сезім пайда болды?

Нені елестете алдыңыз?

Қазір уайым, мазасыздық барма?

Алтын балық.

Жаздың жайма-шуақ керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем, сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан «алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен, мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».

Қане, бәрімізкөзімізді ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала кетейік. Тілеген тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық,арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады,көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. (тыныштық). Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда. (тыныштық).Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. (тыныштық). Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз. (тыныштық).

Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақаңдарыңызды күннің көзіне жайыңыз. (тыныштық).Көк аспаннан және көктемгі жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық).

1,2,3 көзімізді ашайық.Қолымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтайық.

Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?Қандай сезімде болдыңдар?







































Көзіңді жұмып, терең дем ал, денеңді босат. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңды елестет. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түр. Жалаң аяқтарыңмен құмды сезін. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсың: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндің. Ол сені теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті екен, сені шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отыр, мықтап ұстап, жолға шықтыңдар. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезін, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңа қара: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қарашы, қандай орасан зор әдемі балықтар. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сен бір нәрсені байқадың ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде бол (бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындал. Айналаға жақсылып қара. Ғажап түстерге тағы бір рет қара және тыныштыққа құлақ түр. Осындай тыныштық саған самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.







«СЕРГІТУ» ТРЕНИНГІ



Көзімізді жұмамыз, айналамыз тып - тыныш, ыңғайланып отырып алыңыз.

Сізге өте жайлы, тып - тыныш, сіз тек менің даусымды естіп тұрсыз. Сіз келе жатырсыз, алдыңыздан орман шықты, көз алдыңызға елестетіңізші: яғни қалың орман ба, әлде сирек орман ба - оны өзіңіз таңдайсыз...

Сіз келе жатырсыз, келе жатырсыз - алдыңызда жол бар, сіз сол жолмен келе жатырсыз - сол жол кең бе, әлде тар ма, - оны өзіңіз таңдайсыз.

Келе жатырсыз - алдыңызда әмиян (кошелек) көрдіңіз, ол әмиянды аласыз ба, әлде алмайсыз ба - оны да өзіңіз білесіз.

Сіз келе жатырсыз - алдыңызда үлкен қақпа тұр. Ол қақпадан секіріп өтесіз бе, әлде ашып кіресіз бе немесе айналып өтесіз бе - оны да өзіңіз шешіңіз.

Сіз әлі келе жатырсыз, алдыңыздан үй көрдіңіз. Ол үйге кіресіз бе, әлде кірмей, айналып қасынан өтесіз бе - өзіңіз біліңіз.

Сіз келе жатырсыз, алдыңызда құмыра көресіз, құмыраны аласыз ба, әлде алмайсыз ба - оны да өзіңіз біліңіз.

Келе жатырсыз - алыстан бір үйір жылқы көресіз. Сол жылқыға жақындап барасыз ба, әлде айналып өтіп кетесіз бе? - өзіңіз шешіңіз.

Енді алдыңыздан өзен көресіз - ол өзен жәй толқынмен ағып жатыр ма, әлде шулап тасып жатыр ма? - оны да өзіңіз таңдаңыз.



Жауабы:



Орман - ол Сіздің проблемаларыңыз, яғни алда кездесетін орман сирек болса, онда Сіздің проблемаларыңыз сирек болады, одан тез өтесіз. Егер қалың орман таңдасаңыз - алда қалың, үлкен проблема тұр.

Жол - Сіздің кеңдігіңіз немесе тарлығыңыз-таңдаған жолыңызға сәйкес келеді.

Әмиян - ол Сіздің ақшаңыз, Сіз әмиянды алсаңыз алдағы уақытта Сіздің ақшаңыз көп болады. Егер әмиянды алмасаңыз - қаржы жағынан қысыласыз.

Қақпа - қиындықтан өтуіңіз, қақпаны ашып кірсеңіз - қиындықтан жәй өтесіз, яғни төзесіз, ал секіріп өтсеңіз - қиыншылықтан қиналмайсыз. Ал айналып өтсеңіз, қиыншылықтан қашасыз.

Үй - ол өзіңіздің жанұяңыз, яғни Сіз үйдің адамысыз немесе үй шаруасына жоқсыз.

Құмыра - ол Сіздің ата - бабаңыздың байлығы.

Жылқы - аттың қасына жақындасаңыз, Сіз бақытты адамсыз. Айналып өтсеңіз - өз бақытыңыздан айналып кеткеніңіз.

Өзен - ол жәй болса, сіздің мінезіңіз жайлы болғаны. Ал шулап, тасып жатырса - Сіздің қаттылығыңызды білдіреді.



«ҚИЯЛДАҒЫ ӘЛЕМ»





Біз біраз ойнап, шаршадық. Ыңғайланып отырып, көздеріңізді жұмыңыздар.

Үш терең дем алып, дәл солай терең дем шығарыңдар ...

Сіздердің қолдарыңыз тыныштық қалпында тізелеріңізде жатыр. Сіздердің табандарыңыз еденді нық басып тұр. Сіздің бар дене күшіңіз босаңсып, қолдарыңыз бел аяқтарыңыз тыныштық қалпына түсіп, ауырлай бастады. Шаршағандығыңыз баяу басылып келеді. Сіздің денеңіз демалуда...

Көз алдарыңызға, әрқайсысыңыз үлкен жасыл ағаштың астында, самал желмен, көлеңкеде, тыныштықта жатырмын деп елестетіңіздер. Сізге керемет бір түс кіріп жатыр. Әрқасысыңыз өзіңізді 5 жылдан кейін көріп жатыр...

Назар аударыңыз, сіздердің 5 жылдан кейін сырт келбетіңіз қандай...

Қай жерде тұрасыз...

Не істеп жатырсыз...

Сол өміріңізге өте риза, көңіліңіз толатындай деп елестетіңіз. Немен шұғылданып жүрсіз? Неге жауаптысыз? Қасыңызда кім бар?

Көріп жатқан түсіңіздің кейбір жеке сәттеріне ерекше көңіл бөліп, есте сақтауға тырысыңыз. Соның арасында бір дауысты естіп қаласыз. Ол дауыс «сен кереметсің... біз сені өте қатты жақсы көреміз...» дейді.

Бұл сөздер сізге керемет түсіңізді әрі қарай көруге көмектеседі.

(1 минут пауза)

Енді сіз біздің, біздің қазіргі әлемімізге оралу керек екенін сезесіз...

Мен үшке дейін санағанда сіз көзіңізді ашып, өзіңізді күш қуатты, өз- өзіңізге сеніммен қарайсыз. Өзіңіз туралы көрген түсіңізді есте сақтап қалуға тырысыңыз. Бір - екі - үш...

Ал енді біраз ойланып не көргендеріңізді айтып беріңіздер. Қай жерде тұрасыздар? Қайда жұмыс істейсіздер? Қасыңызда кімдер бар? Осының барлығына қалай қол жеткіздіңіздер?

Көрген түсіңізге ризасыз ба?

Ең қатты не ұнады?

Болашақтағы өміріңізден нені өзгертсем дейсіз?

Ол үшін не істеу керек?







ТҮСТЕР ӘЛЕМІ

  1. АҚ ТҮС.



Ыңғайлы отырамыз,көзімізді жұмамыз. Көз алдымызға аппақ шарды елестетеміз, шар үлкен, шарға жақындаймыз, шардың ішіне енеміз. Айналамыздың бәрі аппақ әлем. Осы әлемде біздер ақ ниетті, адал дос жандарға айналамыз. Көзімізді ашып ақ жүректен достарымызға қарап жымиямыз.



  1. ЖАСЫЛ ӘЛЕМ.



Ыңғайлы отырамыз, көзімізді жұмамыз. Көз алдарымызға жасыл орманды елестетеміз. Ағаштар самсап тұр. Айналамыздың бәрі жап-жасыл. Аяғымыздың астында әртүрлі түсті гүлдер толып тұр.



Осыдан кейін балаларға көздеріңзді ашыңыздар деп, олардан қандай түсті гүлді елестеткенін сұрауға болады.

Қызыл - құштарлықтың,

сары - көңілдіктің,

ақ - адалдықтың,

көк - қорқыныштың белгісі.



(бұл медитацияларды әркім өз фантазиясына қарай әртүрлі бағытта өзгертіп қолдануға және әуенмен орындауға болады.)











«ТҰЛҒАНЫҢ ӨЗІНЕ СЕНІМДІЛІГІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЙЫНДАУ»



Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту, комуникациялық іскерлікті жетілдіру, сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиалық күйге келтіру.



Ыңғайлы отырыңыздар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар.

Дене демалады, ал сана-сезім сергиді. Аспанға қарап отырмын деп ойлаңыздар. Ішіңізден. Аспанды сезініңіз. Табиғат көркемділігін байқадыңыз. Айналадағы шуылдаған құстардың шырылдаған дауыстары неткен керемет!

Кенеттен, сіз бір әсем әуенді естисіз! Әуен бағытына қарай ұмтыламыз. Сіз орман ішіне қарап зәулім сарайды байқайсыз. Зәулім сарайдың жартылай ашылған есігінен әсем әуен естіледі.

Сіз зәулім сарайдың ішіне кіресіз. Айналаңызды қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол көркем суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап, ұстап көресіз. Айналаңыздағы қоршаған төрт қабырғада көркем де керемет суреттер. Сол керемет суреттерді көру үшін сіз әр қабырғаны жағалап өтесіз. Ол суреттерде сіздің қиял-ойларыңыз бейнеленген. Бірінші қабырғаға.., екінші қабырғаға..., үшінші қабырғаға..., төртінші қабырғаның соңында сіз аппақ, әрі жұмсақ демалатын жерді байқайсыз. Кенеттен, шаршағаныңызды байқайсызда, сол жерге демалуға жатасыз. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңізші... басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін... енді керісінше аяғыңыздың ұшынан басыңызға дейін.

Сіздер демалыңыздар, жеңілдеңіздер, жай ғана тұрып, осы бөмеде ҰБТ-ға байланысты өз қорқынышымызды, үрейімізді, сенімсіздігімізді, барлық кері әсерлерді тастап артқа қарамай есіктен шығып, жауып кетеміз.

Сіздер көңілді, қайратты, қажырлысыздар.

Ешқашан жүректілік пен оптимизімді жоғалтпаңыздар! Табанды және қайратты болыңыздар!

Мен сіздерді барлық өз қабілеттеріңізді қазір де, ертең де және одан кейінгі күндердеде үнемі, жігерлілікпен дамытуларыңызға дем беремін... Сіздің басыңыз мықты ақылды болғанын сезініңіз және солай деп ойлаңыз. Сезініңіз-сіз сергексіз! Сіз ештенеден қорықпайсыз! Сіздің күшіңіз көп, қайратты, өзіңізге сенімдісіз! Сізде бәріде болады.!

Сіз үлкен шыдамдылықтың арқасында жақсы оқисыз, көңіл күйіңіз жақсы, орындалмай қалған жұмыстың орнын тезірек толтыруға ынтызарсыз.

Сіз ойыңыздың айқындылығының артқанын, көңіл күйіңіздің жақсарғанын, сезгіштігіңіздің жоғарлағанын сезініңіз.

Өміріңізге жаңа күштердің қосылғанын сезінесіз. Сізде бәрі алда! Сіз таланттысыз! Сізде бәрі де болады!

Сіз қайтадан табиғат аясындасыз. Шексіз аспан... Ораламыз.

Тамаша... Жұмысымызды аяқтаймыз. Сіз өзіңіз туралы ойыңызды аяқтағаныңызды, өзіңіздің демалғаныңызды сезінген кезде көзіңізді ашыңыз.

Сонымен әркім қашан көзін ашқысы келсе, сол кезде көзін ашады.











АУТОТРЕНИНГ

Отырып, денеңізді бос ұстап, көңіліңізді дем алысыңызға бұрыңыз. Бірқалыпты, жәй дем алыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Жазғы күнді еске алыңыз, ертегілер еліндегідей орман ішімен келе жатырсыз, ағаштар сіздің достарыңыз. Күннің шуағының энергиясына қаныңыз. Күнге қарай тартылыңыз. Тартыла отырып оның күшін сезініңіз. Қуаныштың күшін сезініңіз. Өз махаббатыңызды барлық достарыңыз бен туысқандарыңызға жолдаңыз. Олар сені өте жақсы көреді. Олардан келіп тұрған энергия тасқынын сезініңіз. Көзіңізді жәйлап ашыңыз, қолыңызды сілкіңіз. Қатысушының әрқайсысы өз сезімдерін айтады. Кім өзін қандай ағашпын деп ойлады. Жылу мен энергияны сезінді ме?

Ал енді өз ағаштарыңыздың суреттерін салыңыздар. Әуен ойналып, барлығы сурет салады.























Тынышытық сәті



Балалар, еркін отырайық. Көзімізді жұмып, бәріміз терең демалып, таңның атуын елестетейікші.

  • Тіршіліктің оянуын,

  • Табиғаттың сұлу, әдемі, көркемдігін сезінейікші.

Шығыс жақ сарғайып енді таң да атып келеді.

Атып келе жатқан таң, шіркін қандай тамаша! Қандай керемет, әдемі, сұлу десеңші! Біз бәріміз таңның атуын күтіп, ойланып отырмыз. Жаңа ғана шыққан жасыл шөп те, жылы жел де, жұп-жұмсақ жапырақтар да бізді айналады, жақсы көреді. Күннің жаңа ұядан шыққан сәулесі мүлгіп тұрған әр гүлге бір төнеді. Жылы шуақпен желпіп, тербей оятады. Гүлдердің бәрі де ұйқыдан оянды.

Шуақ шаша алтын таң да, мөлдір таза ауа да оянды. Әлемнің бәріне жарық жайылды. Құстар да оянды. Жәндіктер қыбырлап, құмырсқалар шапқылап жүр.

Табиғат та оянған, оян сен де!

Терең дем алып, көздеріңді ашыңдар. (көңіл - күйлерін) сұрау

















«БАҚШАДА»



Мақсаты: Тұлғаның өмірге деген құлшынысын арттыру,жігерлендіріп көңіл-күйін көтеру.

Көрнекілік:Табиғат көрністері бейнеленген сурет (картинка),жәйлі музыка әуені.

Уақыт: 5 -7 минут

Ұйымдастыру кезеңі: а) Қатысушыны жайлы креслоға отырғызып, еркін, ыңғайлы сезінуін қадағалау;

ә) Сурет қатысушыға қарама-қарсы іліп, оған зейін салып, мұқият қарауын өтіну;

б) Әуенді қосар алдында қатысушы көзін жұму тиіс;



Кіріспе



Көз алдыңызға жаңа суретте көрген табиғатты елестетіңіз.

  • Терең дем алып, әуеннің ырғағына зейін аударып, менің сөздеріме құлақ салыңыз.

  • Ал, бастаймыз.(Музыка қосылды)

  • Соқпақ жолмен жүріп келесіз...

  • Жол ұзақ, шаршадыңыз, шөлдедіңіз...

  • Кенет алдыңыздан ғажайып бақ көрінді...

  • Алма бағы...

Қып - қызыл алмалар қол созым жерде...

  • Сіз үзіп алып жей бастадыңыз...

Дәмі сондай керемет...

Жеген сайын жегің келеді...

  • Қалтаңыздан дорба алып алмаларды жинай бастадыңыз....

  • Күн кешкірді.... Қайту керек... Бақтан шығып жолға түстіңіз... Иығыңызда дорба....

  • Жүгіңіз ауыр. Жол бітер емес. «Тастап кетсем бе екен?» деген ой келеді...

  • Сіз дорбаны емес, жалқау ойыңызды тастап кетіңіз...

  • Міне, қалашыққа да жеттіңіз... Алдыңыздан қуана секіріп балалар шықты ...

  • Оларға өзіңіз терген алмаларды үлестіре бастадыңыз...

  • Алма тергеніңіз мұншама абырой болар ма? Сізге балалар да, олардың ата-аналары да дән риза...

  • Балалардың бақытты күлкісі сіздің де көңіліңізді көкке көтерді!

Музыка тоқтатылып, қатысушы көзін ашады. Өз әсерлерін бөліседі.



Ескерту: 1) Әрбір сөйлемнен соң міндетті түрде үзіліс жасалануы тиіс.

2) Психологтың даус ырғағы мәнерлі, жағымды шығу керек.



ТАЗАРТУ

Терең дем алып, демді барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босатыңыз.Өзіңізге былай деңіз:

Мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Барлық ескі реніш, өкпелерден құтылғым келеді. Мен жан рахатын сезінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Бірақ өкпені ұмыттым, кештім.





















ӨКПЕНІ ЕРІТУ

«Сіз тып - тыныш бір жерде, денеңізді бос ұстап отырсыз, өзіңізді қара көлеңке театрда отырмын деп есептеңіз. Алдыңыздағы шағын сахнаға (дүниеде жек көретін, көргіңіз келмейтін) сіз кешіруге тиісті адамыңызды қойыңыз. Мейлі ол сізді қазір ренжітсін, қазір өмірде бар болсын, өмірден өтсін оған мән бермеңіз. Сіз ол адамды театр орындығында елестетекенде, ол адамның жағдайы жақсы, жүзінде күлкі үйірмелеген, ол бақытты. Бірнеше минут оның жүзін анық көз алдыңызға елестетіңіз де, ұстап тұрыңыз, содан кейін сол бейнемен жәйлап қоштасыңыз.

Сіз кешірген адам сахынадан кетісімен, өзіңізді сол адамның орнына қойыңыз. Сіздің де көзіңіз жайнап, жүзіңізде күлкі, жүрегіңіз бақытқа толы. Сондықтан, бұл әлемдегі жақсылық пен бақыт барлығыңызға тең жететінін ұғыныңыз. Осы жаттығудан кейін сіз жаңа өмір бастайсыз!».

Бұл жаттығу өз кезегінде қара бұлтша ұйысқан өкпені еріту керек. Кей адамдарға бұл жаттығу өте қиынға соғуы мүмкін, әртүрлі адамдарды елестеумен айына бір рет, осы жаттығуды жүргізуге болады. Қатысушыға осы жаттығудан кейін жаңа өмір бастау керектігін айта кетуді ұмытпаңыз !

















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал