- Учителю
- 'Адам болам десеңіз' (1 класс)
'Адам болам десеңіз' (1 класс)
Сабақтың тақырыбы: Адам болам десеңіз
Сабақтың мақсаты: Балаларды жақсылық пен жамандықты ажырата білуге үйрету.
Міндеті: жақсы мен жаман туралы түсінік беру;
Жақсы мен жаман туралы өз ойларын , түсініктерін дамыту;
Жақсы істер жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Венн диаграммасы , суреттер, слайд
І. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Жақсылықтан үйреніп,
Боламыз біз жақсы адам.
Жамандықтан жиреніп,
Үлгі аламыз жақсыдан.
ІІ. Венн диаграммасын құру.
әрекеттер
Жаман :
Жақсы :
Венн диаграммасын оқушылар өздері білетін жақсы , жаман әрекеттерді айту арқылы толықтырады. Мұғалім диаграмма бойынша жалпылама қорытындылап өтіп, дәптерлеріне бүгінгі сабақтың дәйексөзін жаздырады.
Дәйексөз: «Жақсы болу- өз қолыңда»
ІІІ. Суретпен жұмыс
-
Сурет бойынша оқушыларға әңгімелету
-
Жақсы , жаман істі ажыратып айту
Мысалы: Гүлге су құю - жақсы.
Құсты ату - жаман.
ІҮ. Мәтінмен жұмыс. «Жақсы деген немене, жаман деген немене?»
-
Мәнерлеп оқу
-
Сұрақ қою арқылы мәтін бойынша әңгімелесу
Әкесі жақсы бала деп қандай баланы айтты?
Қандай жаман әрекеттер туралы айтылған?
Жақсы әрекеттерге мысал келтір
Ү. Дәптермен жұмыс
Жұппен (көршілерімен ) ақылдасып орындауға ұсынылады.
Жұмыс дәптерінде қоржынның және шашылып жатқан асықтардың суреті салынған.
Барлығы 17 асық. Әр асыққа бір әріп , бір нөмір жазылған.
Тапсырма : Асықтарды нөмір ретімен қойып , сөйлемді оқу.
Жауабы: Жақсы болғым келеді.
ҮІ. Қорытындылау. «Жақсы, жаман» ойыны арқылы
-
Гүлді суару - жақсы
-
Гүлді жұлу - жаман
-
Ағашты ақтау- жақсы
-
Ағашты сындыру - жаман
-
Құсқа ұя жасау - жақсы
-
Құсты ату - жаман.
-
Таза жүру- жақсы