7


ҚАзақ тілі 'Сан есім'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Қазақ тілі

Ашық сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сөз таптары туралы білімдерін шыңдау, сан есім туралы ұғымдарын жетілдіру , сөздерге дұрыс сұрақ қою арқылы сөз таптарын шатастырмай ажырата білуге үйрету, қатесіз, көркем жазуға баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың суреттер, сұрақ - жауап арқылы сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды айтылған сөзге сұрақ қоя білуге және ол сөзге нақты жауап қайтара білуге, тазалықты сақтауға, жауапкершілікке, ұжым болып жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ассоциация, Венн диаграмасы.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Пәнаралық байланыс: математика,әдебиет
Көрнекілігі: Сан есімге слайд, күн шұғыласы,Венн диаграмасы,семантикалық карта.
Сабақ барысы
І.Психологиялық дайындық.

Амансыз ба алтын күн,

Амансыз ба көк аспан.

Амансыз ба достарым,

Амансыз ба ұстазым!

Біз сіздерді көргенімізге қуаныштымыз!
-Енді ,мен сендерді үш топқа бөліп отырғыздым,топпен жұмыс істеу арқылы бүгінгі сабағымызға белсене қатысамыз.
1-ші топ:Сұңқар тобы.

2-ші топ:Бүркіт тобы.

3-ші топ: Қарлығаш тобы.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы тексеремін,әр топтан бір оқушыдан сұралады.

Үй тапсырмасын бекіту.

Үш топқа алдарына тест тапсырмаларын беремін ,өз топтарымен бірігіп,жауап береді.

ІІІ.Ой шақыру.

Тест тапсырмалары.

1. Заттың атын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
2. Мына сөздер қай сөз табына жатады: Бес, жеті, отыз төрт
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
3. Заттың қимылын білдіретін сөз табы қалай аталады?
А) Сын есім
Ә) Сан есім
Б)Етістік
В) Зат есім
4. Заттың санын білдіретін сөздердің сұрақтарын тап.
А) қанша?неше?нешінші?
Ә) қандай?қай?

Б)кім?не?

В) не істеді?қайтті?
5.Дұрыс байланысқан сан есім мен зат есімді көрсет?
А) үшеу терезе
Ә) екі түйе
Б)қақпаға алтыншы
В) алтау дәптер
ІV.Қызығушылығын ояту.

І топқа:Сан есімге байланысты мақал-мәтелдер айту.

1.Ер бір рет өледі,

Қорқақ мың рет өледі.т.б.

ІІтопқа:Сан есімге байланысты жұмбақтар айту.

1.Бір ағашта он екі ұя,

Әр ұяда отыз жұмыртқа.(он екі ай,отыз күн.) т.б..

ІІІ топқа:Сан есімге байланысты жаңылтпаш айту.

1.Үш кісі ішік пішті,

Бес кісі ішік пішті.

Қанша кісі ішік пішті?т.б.\

«Күн шұғыласы» ойыны арқылы сан есім туралы білетіндерімізді жазамыз.

Cан есім

-Сан есім туралы білетіндерімізді еске түсірдік ,енді жаттығулар жазамыз.

Көркем жазу минуты.

Дәптерімізді ашайық ,
Қолға қалам алайық .
Салақтықтан қашайық ,
Көркем етіп жазайық.-дей келе сан есімге байланысты сөздерді әдемілеп жазамыз.
Тоғыз, тоқсан, төрт, тоғыз жүз тоқсан төрт.

Оқулықпен жұмыс.

462-жаттығу.

Мәтінді оқып,сан есімдерді тауып ,сан есімдерді байланысқан сөздерімен теріп жазамыз.

Он екі-жиырма грамм,екі аптадан,үшінші,төртінші аптадан,екі айға.

3-топқа берілген тапсырма: кірпі туралы дайындалып келу,оқыту.

Кірпі туралы мәнжазбаны,суреттерін көрсетіп айтады.

463-жаттығу

Құрамында сан есімі бар сөздерді сөзбен жазамыз.

6бақан,дер5,9құмалақ.с10а, 4бақ

І-топқа : Алтыбақан туралы түсінік беру.

ІІ-топқа:Тоғызқұмалақ туралы түсінік беру.

ІІІ-топқа :Сона туралы түсінік беру.

464-жаттығу.

Неше? Сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек,нешінші ?сұрағына жауап беретін сөздерді бір бөлек топтастырамыз

Неше? Нешінші?

Жиырма екі Жетпісінші

Тоғыз Оныншы

Сегіз Сегізінші

Елу

465-жаттығу

«Венн диограммасы» бойынша сөз таптарының өзгешелігін дәлелдеу.

Сын есім Сан есім



Бекіту: Семантикалық карта.

Сөздер


Сөз

таптары


ақын


бес


ұшты


әдемі


Зат есім


Етістік


Сын есім


Сан есім



Бағалау:

Әр топтың ын санату.



Сұңқар тобы:

Бүркіт тобы:

Қарлығаш тобы:



Үйге тапсырма беру: 163 бет 466-жаттығу.



Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №1орта мектеп ММ

Ашық сабақ



Тақырыбы: Сан есім.

Пәні: қазақ тілі



Класс: 2 «Б»



Класс жетекшісі: Алиманова Гулфара Ермекбаевна





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал