- Учителю
- 'Сүт қалай ұйқтайды?' ӘДебиеттік оқу
'Сүт қалай ұйқтайды?' ӘДебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады?
Мақсаты: Оқушылыларға мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру, автор туралы мәлімет беру, оқу техникасын қалыптастыру.
Дамытушылық: Ертегідегі сүт ұйып қапты, сүт іріп қапты, айран ашыпты т.б. сөз тіркестерін пайдалана отырып, оқушылардың байланыстыра сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік:Ұлттық тағам түрлерін, олардың пайдасын, жасалу жолдарын білгізе отырып, оқушыларды асты қадірлеуге, жаман қасиеттерден аулақ болуға тәриелеу.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО стратегиялары, көрнекіліқ, бағалау,
мадақтау.
Көрнекілік: Автор суреті, мәтінге байланысты сурет, интер.тақта, оқулық, дәптер, қалам.
Түрі: Аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: ұлттық дүние таным, қазақ тілі, дүниетану, денешынықтыру.
Сабақтың жүрісі:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық ұранымыз:
Міндетіміз жақсы оқу Мақсатымыз еңбектену.
5-ке кол жеткізу
II Үй тапсырмасын тексеру.
а) Ы. Алтынсарин «Салақтық» мазмұнын айту.(2-3 оқушыдан мазмұнын сұрау)
ә) Көрініс. ( Мың мәрте тыңдағаннан бір мәрте көрген жақсы дегендей, осы мәтінді сахналап жіберейік)
б) Сұрақ-жауап:
1. Керім қандай жігіт?
2. Салақтық сөзіне қарама - қарсы сөзді ата,(қазақ тілінде мұндай сөздерді қалай атайды? Қарсы мәндес сөздер, жоғары сыныптарда антоним деп атайды)
3. Авторы кім ? Ол туралы не білесің?.
4. Салақтық қандай қасиет?
5. Тағы да жаман қандай қасиеттерді білесіңдер?
В) «Топтастыру» стратегиясы
-Балалар, Абай атамыздың жаман қасиеттер туралы айтқан қандай өлеңі бар еді? -Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба»
- үзінді оқу: Өсек, өтірік, мақтапшақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ.
Бес дұшпаның білсеңіз- дегендей жаман қасиеттерден аулақ болайық.
Міне, балалар, жаман қасиеттердің бірі - ұйқышылдык екен.(Кері әсері)
Талапсыз
Сабақтан кешігеді
Жұмысы өнбейді
Ұйқышыл Жігерсіз
-Мезгілсіз ұйықтауға болмайды. Әр адамның жас ерекшелігіне қарай ұйықтау мерзімі болады. Жас нәресте сөткесіне 18 сағат, ал сіздердің жасыңыздағы балалар 10-12 сағат,ал үлкендер 7-8 сағат ұйыктау керек екен.
Халқымыз «ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық» демекші, әкелеріміз ерте тұрып, жұмысқа барып, еңбек етіп, табыс тапса, аналарымыз ерте тұрып, біраз іс тындырады екен. Біздерде ерте тұрып,
аналарымызға көмек көрсетуіміз қажет.
Жаңа сабақ
-Мына өлең жолдары қандай әдеби жанрға жатады?
Жаңылтпаш
Ұйкышыл кісіні ұйқы қысты,
Ұйқышыл кісінің ұйқысы күшті.
Адам бойыңда кездесетін қаңдай жаман қасиет туралы айтылған?
Бүтін О. Әубәкіров ағамыздың осы керағар қасиеттің төңірегінде құрылған «Сүт калай ұйықтады?» ертегісімен танысамыз.
IV Дәптермен жұмыс.
Ақпанның бірі
Сүт қалай ұйыктады?
Оспанхан Әубәкіров
Оспанхан Әубәкіров - (1934-1986ж) Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келді. Сықақшы, шығармаларында қоғамға жат қылыктар өлеңмен, өткір тілмен сыналып отырған. Әзіл - қалжың жанрының шебері. Оның «Қоңырау», «Бөдене», «Күлкіңіз келе ме?», «Ұзын сөздің қысқалы», т.б. жинақтары бар.
-
Балалар, адамнан басқа тағы нелер үйқтайды?
-
Сүт ұйықтайды деп ойлайсындар ма?
Ертегі мазмұнымен таныстыру.
Сүт туралы не білесің?
Суретпен әңгіме жүргізу Мысалды сұрак қою арқылы талдау.
-
Автор ертегіде ненің әрекетін суреттеген?
-
Бір күні сүтке не болыпты?
-
Ел жұрт неге қайран қалды?
-
Сүттің аянышты халін кім байқады?
-
Ұйыктаймын деп сүт қандай күйге ұшырады?
-
Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты дегенді қалай түсінесің?
-
Сергіту сәті.
Аппақ қойдың сүтін іш,
Ақ сүт берер саған күш.
Шым-шым мөлдір суға түс,
Түмау тисе, қуа түс
-
Оқушыларга оқыту
Дорбаға кұйылып сүзілген айраннан не жасауға болады?
Сөздік жұмысы
Ірімшік-ыдыска құйылган шикі сүтке азырақ айран кұйып қайнатады. Ірімшіктің сары суы сінген кезде, оны сүзеді. Сүзілген ірімшікті сөреге жайып кептіреді.
Балкаймақ-шұңғылдау ыдысқа шикі қаймақ қүйылады. Ол баяу жанып жатқан отқа қойып бетіне майы шыққанша араластыра отырып, пісіріледі. Құмшекер, бал,ұн косылады.
Қ ойыртпақ-қатық айран т.б. сусындарға сүт қосып, ішетін тоқ сусын. Оны жолаушылар торсыққа құйып, қанжығаларына байлап жүрген.
Қорықтық-тек қана қой, ешкінің сүтінен қойшылар өрісте жүргенде пісіріп ішетін тамак. Ағаш тостаққа немесе саптыаяққа сауып алған қой сүтін отқа әбден кызғанша, тасты бір-бірлеп салып отырады. Сүт 2-3 минутта піседі.
Тағамдар неден алынады?
Төрт-түліктен
Олай болса «Кім қай малдың атасы?» ойынын ойнаймыз.
Ата- бабаларымыз сүтті ақ деп, «ағы бардың - бағы бар» деп сүтті, сүт тағамдарын кастерлеп, құт - береке, несібе деп киелі санаған. Абайсызда ақ төгілсе, оған саусағын малып, маңдайға жағып, ырыс-кұт кетпесін деп, ырымын жасаған
Сүт мал туралытыйым сөздер айту
Малды теппе,
Сүтті төкпе.
Кұрықты аттама.
Сүтті ашық калдырма.
Вени диаграммасы
Сүт өнімі денсаулыққа пайдалы
-
Сусындар
-
Айран
-
Қымыз
-
Шалап
-
Қорықтық
-
Шұбат
-
Тағамдар
-
Балқаймақ
-
Май
-
Сүзбе
-
Ірімшік
-
Құрт
Шығармашылық тапсырма «Жұбын тап» ойыны
Жұмбақ шешу.
1) Сөреге кептіріп жайған не? (құрт)
2) Кілегей шайқап алған не? (май)
3) Күбіге құйып піскен не? (қымыз)
4) Ұйытып қойып ішкен не? (айран)
5) Сүт бетінен алған не? (қаймақ)
Кортынды бөлім.
«Көп ұйықтаған зиян-ау» дегеннен көңілңе не түйдіңдер?
Ұйкы деген дұшпан бар
Тұла бойды талдырар.
Колдан, істен калдырар - дегендей ұйқыдан қашып жүрейік.
ІV. Үй жұмысы
Өленді мәнерлеп оқу
V. Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларды бағалау.