7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары Жиб-жица күресі

Сабақ жоспары Жиб-жица күресі

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы:Жиб-жица күресі.

Мақсаты:Оқушыларға ақынның өмірі туралы әңгімелеу,мәтіннің мазмұнын түсіндіру.Қажымұқанның «Жиб-жица» тәсілімен күресуін әңгімелеу,ойларын ашық ,еркін айтқыздыру.

Дамытушылығы:Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу,сөздік қорын молайту.Балуанның шебер қолданған іс-әрекеттерін әңгімелеу,сөз мағынасын түсіну,қиялын дамыту.

Тәрбиелігі:Адамгершілікке,Отанын,елін,жерін сүюге,құрмет тұтуға баулу,спорпен шұғылданып сымбатты болу мүмкіндігін үйрете білу. Әдісі:Әңгімелеу,баяндау,суретпен жұмыс,ашық сөйлеуге үйрету,сұрақ-жауап.

Көрнекілігі:Оқулық,автордың суреті,Қажымұқанның суреті.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам .

Жамандықтан жиреніп,

Үлгі аламыз жақсыдан.

ІІ 1)Үй тапсырмасын сұрау.

-Балалар,бүгін бізде өте ерекше сабақ.»Топтық»сайыс сабағын өткіземіз.

2)Сыныптағы оқушылар екі топқа бөлініп отырады

І-топ.»Батыр» ІІ-топ «Өжет»

Әр топ өз ұранымен таныстырады.

І-топ.Батырға оқ дарымайды,

Батылға жау жоламайды.

ІІ-топ.Өжет адам өлімді жеңеді.

ІІІ.Әр топтан бір оқушыдан үй тапсырмасын айтады.

1.М.Әуезов кім?

2 Жас Мұхтар бала кеэінен бастап нені оқып үйренді?

3.Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атады?

4.Абайды әлемге танытқан кім?

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрамыз,

Мойнымызды бұрамыз.

Қолымызды көтеріп,

Саусақты ашып-жұмамыз.

Содан соң төмен түсіріп,

Алақанды соғамыз,

Иықты артқа ысырып.

Басты төмен саламыз,

Жаттығу жасап осылай,

Үлкен боп ертең шығамыз.

ІІІ Жаңа сабақ.

Қ.Әбдіқадыров-(1903-1964)жылы 14 сәуірде Қызылорда облысында, Жаңақорған (қазіргі Шиелі)ауданында туған.Он екі жасынан жетім қалып,тағдыр тауқыметін басынан кешіріген жан.Балалар әдебиетін өркендетуге өзіндік үлес қосқан . «Өміртайдың ауылы», «Амантай», «Алатаудың бауыры»,»Тапқыш»,»Тәтті қауын» және басқа да өлең,әңгімелері ұғымды,жатық тілмен жазылған.Ұлы Отан соғысына қатысқан.Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған.

Қ.Мұңайтпасұлы қазақтың әлемге әйгілі палуаны.Ол 1871 жылы Ақмола облысына қарасты Қараөткел ауданының Қоспа деген жерінде туылған.Қажымұқанның аталарының бәрі батыр болған.Оның әкесі Мұңайтпас күш иесі болса да,бар өмірін жалшылықта өткізген.8 жасында-ақ ауылдың 15-16 жасар жігіттерін жығып жүрген Қажымұқан жер шарының жиырма төрт елін аралап,талай-талай атақты палуандармен белдескен. Оның барлық алтын,күмісі бар-барлығы 48 медаль алған.

2.Сұрақ-жауап.

І-топқа сұрақ:1.2 сыныпта балуандар туралы қандай әңгімелермен таныстық?

-«Батылдық»кім туралы ? (Балуан Шолақ)

ІІ-топқа сұрақ.1. «Алып бала»кім туралы?(Қ.Мұңайтпасұлы)

3.Мәтінді тізбектей мәнерлеп оқу.

1.Мәтінді І-ІІ топ бөліктерге бөліп оқиды.

2.Мазмұндап айтады.

1.Сайыс қай қалада өтеді?

2.Жиб-Жица күресінің тәртібі қандай?

3.Жапон палуаны Сер-Кек-Ки қандай шарт қояды?

4. Дәптермен жұмыс.

Батыр туралы мақалдар жазу.

Қорытынды.Мазмұндап айтқан соң,бір сөйлеммен қорытынды жасаймыз.

І-топ.Қажымұқаннан екі минутта жығылып,күрес алаңынан шыққан жапон палуаны.

ІІ-топ.Палуанның қолданған айла-тәсілдері.

6.Жаңа сабақты бекіту,қорыту.Бағалау.Үйге тапсырма: «Жиб-Жица»күресін мазмұндау.

Қызылорда облысы. Шиелі ауданы. Бәйгеқұм ауылы.



























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал