7


  • Учителю
  • Сабақтың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем»

Сабақтың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Егизбаева Роза Жалгасбаевна №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі. Жаңаөзен қаласы, Маңғыстау облысы

Сабақтың тақырыбы: «Жалаң және жайылма сөйлем»
Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсінік беру, жаттығулар арқылы меңгерту;
ә) тәрбиелік: топтасып жұмыс жасауға үйрету, оқушылардың адамгершілік қасиетін, көзқарасы мен сенімін қалыптастыру, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
б) дамытушылық: оқушыларды оқыту кезінде танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабілетін, тілін, жадысын, қиялын дамыту, өзін-өзі бағалауға үйрету.
Сабақтың түрі: танымдық ойын сабақ
Сабақтың типі: аралас сабақ
Әдістер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекі, техникалық құралдарды қолдану, әңгімелеу, салыстыру, құрастыру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта арқылы көрсетілетін слайдтар, суреттер
Сабақтың формасы: топтық, ұжымдық, жеке
Сабаққа пайдаланылған оқыту технологиялары: дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, тірек-сызба технологиялары
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу өнері, ана тілі пәндері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңберінде» оқушылар бір-біріне жақсы лебіздер, тілектер айтады.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
195-жаттығу. Сызбалар бойынша құрастырған сөйлемдерін оқыту. Жақсы сөйлемдерге марапат айту.
ІІІ. Кіріспе бөлім
Оқушыларды 3 топқа бөлу. Әр топқа ат қою.
ІV. Негізгі бөлім
«Кім тапқыр?»
196-жаттығу. Салыстыр.
Қар жауды. Қар қалың жауды.
Ұшақ көтерілді. Ұшақ биікке көтерілді.
Мұғалім кірді. Мұғалім сыныпқа кірді.
Күн жылынды. Күн көктемде жылынады.

Екі бағандағы сөйлемдерді салыстырып, ереже құрастыру. Құрастырған ережені кітаптағы ережемен салыстыру.
Ереже.
Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлемді жалаң сөйлем деп атаймыз. Мысалы:Қыс басталды.
Тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелері бар сөйлемді жайылма сөйлем дейміз. Мысалы: Қыста қар қалың жауды.
«Құстар әлемінде»
Кесте бойынша құстардың аттарын қатыстырып жалаң және жайылма сөйлемдер құрастыру
1-топқа.

Торғай


байғыз

бүркіт


2-топқа.

Қарға


қызғыш

Сұңқар


3-топқа.

Сауысқан


бұлбұл


аққу

«Мәтінмен жұмыс»

197-жаттығу.Мәтінді оқу. Жалаң және жайылма сөйлемдерді тап.

1-топ. Дүкен ашылды.

2-топ. Біз дүкенге кірдік.

3-топ. Керек-жарақтың бәрі бар.


Сергіту сәті. «Мен - күнмін».

Оқушылар күннің суретін салып, әр бала өз атын жазады. Күннің әр сәулесіне бала өзінің тек жақсы қасиетін, жетістіктерін жазса, келесі күннің сәулесіне өзінің кемшілігін теріп жазады. Күннің жақсы сәулесі көп болса,соғұрлым баланың шапағаты көп болғаны. Кемшілігі арқылы бала өзінің дұрыс емес жағын жөндейді.

«Бір мақалдан - 4 мақал»

1-топқа «дос»,

2-топқа «дұшпан»,

3-топқа «ақыл» деген сөздер таратылып беріледі. Оқушылар осы сөздерді қатыстырып, мақал құрастырады, жалаң немесе жайылма сөйлем екенін айтады. Содан соң осы 3 сөзді біріктіріп 1мақал құрастыруы тиіс Жауабы: «Ашу - дұшпан, ақыл-дос…».

«Ойланайық, табайық»

198-жаттығу. Жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып жазу.

1-топ. Демалысқа шықтық.

2-топ. Жарас қуанды.

3-топ. Сатушы келді.

Керекті сөздер: қатты, балалар, тез, дүкенге.

«Кім кідірмей табады? »

Берілген сызба қай сөйлемге сәйкес келеді?

1-топ.

А) жалаң сөйлем

Ә) жай сөйлем

Б) жайылма сөйлем

2-топ.

А) құрмалас сөйлем

Ә) жалаң сөйлем

Б) Жайылма сөйлем

3-топ.

А) Оқушылар қызықты сапарға аттанды.

Ә) Осымен үшінші рет келді.

Б) Қонақтар үйге келді.

«Мақал - сөздің мәйегі»

199-жаттығу. Мақалдардың мағынасын түсіндіріп, сөйлем түріне ажырату .

1-топ. Ел құлағы - елу. 2-топ. Ұстаздан шәкірт озар. 3-топ. Күш - білімде.

V. Сабақты қорытындылау

Сабақтың кезеңдері бойынша әр топтың бағасын шығару. Оқушыларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал