- Учителю
- Ашық сабақ 'Апта күндері'
Ашық сабақ 'Апта күндері'
1 сынып Күні ......................
Сабақтың тақырыбы: Әсеттің роботы.
Сабақтың мақсаты:1.Ойыншық атауларын с қайталау. Ілік септігі мен тәуелдік жалғауын құрылым ретінде үйрету.
2. Сөздік қорын байыту. Лексикалық тақырып бойынша сөйлей\сөйлесе алу дағдысын қалыптастыру, ауызекі сөйлеу тілін дамыту
3. Ұқыптылыққа баулу.
Әдіс-тәсіл:сұрақ-жауап,түсіндіру,әңгімелеу.
Көрнекілігі:демонстрациялық плакат.
Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі
а.Амандасу
ә.Ауызекі сөйлеу
-Мынау қай сынып.
-Қазір қай сабақ ?
-Қазір қай жылдың мезгілі?
-Қыс айларын кім айтады?
-Қазір қай ай?
-Бүгін нешесі?
-Аптаның қай күні?
ІІ.Фонетикалық жаттығу
Доп, доп,доп,
Қызыл, жасыл, көк.
Доп, доп,
Бұдан жүйрік жоқ.
ІІІ.Сөздікпен жұмыс:
а) дұрыс айтуға дағдыландыру:
-мәнерлеп оқу;
-оқушылар мұғалімнен кейін барлығы дауыстап қайталайды:
- оқушылар тізбекпен оқиды;
ІҮ.Сурет бойынша жұмыс 1-тапсырма
1.Тыңда,қайтала
Ү. Айтылым.Сұраққа жауап беру
Кімнің ойыншығы?
Ғалымжанның қонжығы
Үсеннің машинасы
Анардың қуыршағы
Інжудің секіртпесі
Қанаттың добы
Әсеттің роботы
ҮІ.Тілдесім.тыңда , қайтала
ҮІІ.Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Қолымызды созайық.
Бір отырып,бір тұрып,
Бір отырып,бір тұрып,
ҮІІІ. Тілдесім сурет бойынша сөйле
ҮІІ.Оқылым. тыңда. Оқы
Мынау - ойыншықтар.Мынау - Ғалымжанның қонжығы.Мынау - Інжудің секіртпесі. Мынау - Анардың қуыршағы. Ойыншықтар әдемі.
ҮІІІ. Жазылым
Һ әрпін жазу
ІХ.Сабақты қорытындылау
Өткен сабақты бекіту:
а) сұрақ-жауап жасау;
Х.Үйге тапсырма: сөздерді жаттап келу.