7


  • Учителю
  • Математика 'Геомериялық фигураларды кескіндеу'

Математика 'Геомериялық фигураларды кескіндеу'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақтың тақырыбы: Геометриялық фигураларды кескіндеу

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды геометриялық фигураларды кескіндеп көрсетуді үйрету ,оларды бір-бірінен ажырату, қабырғаларының ұзындығын өлшеуді үйрету 2.Оқушыларды партада дұрыс отыруға ,бала бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, ұқыптылыққа ,жануарларды қорғай білуге еңбекшіл болуға тәрбиелеу. 3.Оқушылардың танымдық қабілеттерін ,ойлау есте сақтау,байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Әдісі: Түсіндіру,сұрақ-жауап алу

Көрнекілігі: Суреттер,сандар ,фигуралар

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.Жеке оқушылардан ауызша сұрау

- Бірінші мамыр қандай мереке балалар?

-Қазақстан халқының бірлігі күні

- Өте жақсы

-Еліміз көп ұлттық мемлекет қатарына жатады.Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым -қатынастамыз.Олар біздің елімізде тілдерінде сөйлеуге, салт-дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады.Біздің ел тәуелсіз Қазақстан Республикасы.Тәуелсіздігімізге 23 жыл болды.

-Еліміздің рәміздерін айтыңдаршы?

-Елтаңба,Әнұран,Ту туралы мәлімет беру



ХХІ ғасырда Қазақстанда әлем таныды.Өркениетті елдердің қатарына қосылуға үлкен қадамдар жасалуда

-.Қазақстан азаматы қандай болуымыз керек?

-Білімді болуымыз керек

-Балалар, пирамида дегеніміз әлемдегі жеті кереметтердің бірі.Тастан қашалған Хеопс пирамидасының биіктігі150м-ге жуық.

-Ендеше ,бүгінгі сабағымызда Қазақ туын білімімізбен пирамида шыңына жеткізейік.

Біз әр тапсырманы дұрыс орындай білсек баспалдақтан көтеріле береміз.Сонда пирамида шыңына туымызды жеткіземіз.

  • Балалар пирамида қандай фигураға ұқсайды ?

  • Үшбұрыш

  • Дұрыс балалар

«Жігер» баспалдағы

«Денсаулық» баспалдағы

« Сенім» баспалдағы

«Сәттілік» баспалдағы

«Болашақ» баспалдағы

Біздің жаңа сабағымыз «Геометриялық фигураларды кескіндеу»

Оқулықпен жұмыс:

  1. «Болашақ» баспалдағына көтерілеміз

1.Әр фигураның қабырғаларының ұзындықтарын өлше және жаз. Не байқадың?

Оқушылар әр фигураның қабырғаларының ұзындығын өлшейді және жазады.Салыстырады және анықтайды, осы геометриялық фигураларға не ортақ және ерекшелік не?

  1. «Сәттілік» баспалдағына көтерілеміз

2 тапсырма Үшбұрыш, шаршы, төртбұрыш сыз.Оларды салыстыр.

Жұмыс дәптерлеріне оқушылар үшбұрышты,шаршыны және төртбұрышты кескіндеп көрсетеді /сызады/.Оларды бір-бірімен салыстырадыжәне осы берілген фигуралардың бір-бірінен негізгі айырмашылығын анықтайды.

Жарайсыңдар балалар үшінші баспалдағымызға да жетіп қалдық.

3. «Сенім» баспалдағы

3 тапсырма

50 және 20 сандарын пайдаланып, қосу амалына есептер құрастыр және шығар.

Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерінше орындайды.

4. «Денсаулық» баспалдағы

4 тапсырма

10+80 20+70 30+60 40+50

90-80 90-20 90-60 90-40

Оқушылар бұл тапсырманы өз беттерінше орындайды.

5 «Жігер» баспалдағы

Ойлан, тап

а *а+1 а *а-1

Тура теңдік шықпайтынын негіздеп береді: әр жағдай үшін сәйкес салыстыру таңбасын сынап көру әдісімен анықтайды.

Жарайсыңдар балалар біз пирамида шыңына да жетіп келдік.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал