7


Ашық сабақ. Мақал - мәтелдер.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5-сыныптар. Қазақ тілі.

Сабақтың тақырыбы: Мақал-мәтелдер.

Сабақтың мақсаты: 1. Мақал-мәтелдер және олардың айырмашылығы туралы түсінік беру.

2. Адамгершілік қасиеттерді дәріптеу.

3. Тілдерін, сөздік қорларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды игерту сабағы

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Сұрақтар арқылы өткенді пысықтау.

  • Табу сөздер деген қандай сөздер?

  • Эвфемизм мен дисфемизмнің айырмашылықтарын атаңдар.

  • Қайсысы әдеби тілге жатпайды?

  • Жүрек жұтқан, қас қаққанша, ит өлген жер -тұрақты сөз тіркестерінің

баламасын айтыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Төмендегі мысалдарды мұқият тыңдап, тұрақты сөз тіркесімен жауап беріңдер

1.Еңбек пәнінің мұғалімінің білмейтіні жоқ; бәрін де істей алады. Ол суретші де, жүргізуші де, ағаш шебері де. Музыкалық аспаптарда ойнап, тамаша би билейді. Ондай адамды бір сөзбен қандай адам деп атауға болады?

(сегіз қырлы, бір сырлы немесе он саусағынан өнері тамған)

2.Болаттың жақсы досы бар. Ол үнемі сол досын айтып, әңгімелеп отырады. Сөйтіп үнемі айтып отыруды не дейді? (аузынан тастамау)

ІІІ. Жаңа сабақ:

- Сендер кішкене кездеріңнен бері мақал-мәтелдер естіп, жаттап келесіңдер. Олай болса, кәне кім қандай мақал-мәтел біледі екен тыңдап көрелік.. (оқушылардың мақал мәтелдерін тыңдау)

-Мақал тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасайды, яғни айтар ой түсінікті болады.

Мәтелдерде ой-пікір бейнелі, тұспалдап айтылған ишара түрінде болады, яғни оны оқығанда бірден түсіне қоймайсың, әбден ойланып, тұжырым жасайсың.

Сұрақтарға жауап беріп көрейік ( жауап мақал-мәтел түрінде болуы керек)

  • Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?

  • Тауықтың түсіне не кіреді?

  • Ер неше рет, қорқақ неше рет өледі?

  • Өтірікші кімді алдайды?

  • Ананың сүті мен баланың тілі қандай?

Кітаппен жұмыс

  • 126- жаттығу 58-бет (жазбаша)

Ойланып көрейік!

  1. Қалай дер едіңдер?

Есік алдындағы қалың қарды арырақ күреп тастаңдар. Күн жылынса, былғаныш болар,- деді тәрбиеші апай. Осынша қарды қалай күреп бітіреміз,- деп күбірлесті балалар. Жабылып келіп кірісіп еді, жұмыстың қалай аяқталғанын да сезбей қалды. Бұны көрген тәрбиеші не деген мақал айтты деп ойлайсыңдар? (көз-қорқақ, қол-батыр немесе жұмыла көтерген жүк жеңіл)

  1. Жұмбақтармен жұмыс. Жұмбақтың шешуін тауып, сол жауап сөзі бар мақал-мәтел айтылу керек.

  • Судан шығады, судан қорқады (тұз)

  • Зер-зер кілем, зер кілем (жер)

  • Жаны жоқ болса да, ақылды адам сияқты (кітап)

  1. Өздік жұмысы. м/м-ді аяқтау керек.


Қыстың қамын (жаз ойла)

Тәні саудың, (жаны сау)

Жері байдың-(елі бай)

Отансыз адам- (ормансыз бұлбұл)

Бірлік болмай, (тірлік болмас)

Досы көпті (жау алмайды)


ІV. Бекіту « Мақал қалай шықты?» Ертеде еріккен хан уәзірлерін шақырып:

-Ертеңге дейін маған мақал шығарыңдар. Егер бұйрығым орындалмаса, бәріңнің де бастарыңды аламын,- депті. Уәзірлер не істерін білмей дал болыпты. Көшеге шығып, бір адамды ұстап алыпты да:

-Тез, бізге бір мақал шығарып бер,-депті. Әлгі адам мақал шығара алмапты. Бірақ өз жандары үшін дал болған уәзірлер оны өзенге апарып, суға батыра бастапты. Әлгі сорлының жаны көзіне көрініпті, әбден жаны қиналған адам :

-Мені ханға апарыңдар. Сендерді де, өзімді де өлімнен құтқарамын,- депті. Уәзірлер оның айтқанын орындапты. Сондағы шыққан мақал мынау екен: «Көп қорқытады, терең батырады».

Олай болса, бүгінгі сабағымызды «Мақалдың да мақалы бар» дегендей, төмендегі мақалдар сендерге өмірлік серік болсын.

Соғыста мылтық қандай керек болса, өмірде білім сондай керек

Білімнен қуатты күш жоқ: біліммен қаруланған адам жеңілмейді.

V. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: 127- жаттығу.




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал