- Учителю
- Разработка по казакскому языку на тему 'Лепті сөйлем' (2 сынып)
Разработка по казакскому языку на тему 'Лепті сөйлем' (2 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Лепті сөйлем»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлем туралы түсінік беру. Оқу материалдары мен ережесін, заңдылықтарын есте сақтауға дағдыландыру.
оқушылардың қызығушылығын арттыру, сауатты жеке тұлға есебінде тәрбиелеу. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Ой шабуылы топпен жұмыс сұрақ - жауап, өзіндік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, ойындар шырша, бағдаршам
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-
Оқушылармен амандасу, сыныпты түгендеу.
-
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй жұмысын:
Сурет бойынша құраған мәтіндерін жазған эссаларын оқыту.
ІІІ. Қызығушылықты ояту. Оқушыларды 3 топқа бөліп тапсырма беру
І қатар ІІ қатар ІІІ қатар
Әр топ өздерін қорғайды. Ережелерін тыныс белгілерін айтады.
- Сөйлем дегеніміз не?
- Сөйлемнің неше түрі бар?
- Олар қалай аталады?
Сөйлем
Хабарлы Лепті Сұраулы
1. Қобдиша ішіндегі қағазды сөйлем түрлеріне ажыратып, тыныс белгілерін қойыңдар.
ІҮ. Жаңа сабақ түсіндіру: Бағдарлы сұрақ беру
- Қай мезгіл?
- Қыс
- Кім қыс туралы өлең біледі?
- Абайдың өлеңін кім айтады?
2. Сөйлем түрлеріне берілген сөздерден сөйлем құрату
І ІІ ІІІ
Қыс Абай Алақай!
3. Дыбыстық талдау жасау. Жетілдіру сұрақтары арқылы танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру.
- Суретке қарап лепті сөйлемдер айтуға бола ма?
- Мысалы: Қыс қандай көңілді!
- Ауа райы қандай тамаша!
- Алақай қар жауды!
- Абайла машина келе жатыр!
4. Кітаппен жұмыс:мәтінді оқып лепті сөйлемдерді көшіріп жазу.
- Міне, жігіт!
- Көп жаса!
- Өркенің өссін, қарағым!
- Қатарыңның алды бол! әңгімені ары қарай жалғастырайық. Менде Жарас сияқты бос уақытымды ата - анама көмектесуді арнаймын. Ыдыс жуамын, малды жайғаймын. Ата - анам қуанып: маған Көп жаса! Беспен оқы! Қатарыңның алды бол! Рахмет! - деп алғыс айтады.
Жақсы қасиеттер
1. Ұқыпшылық
2. Тазалық
3. Еңбекшілдік
4. Қамқорлық
5. Кішіпейілдік
6. Әдептілік
Абай тілімен айтсақ: Талап еңбек терең ой, қанағат рахым ойлап қой,бес асыл іс көнсеңіз.
Мен ылғи айқайлай беремін, қуанада ,күледе білемін. Кейде өкініп, ренжісем де көбінесе көтеріңкі күйде жүремін. Сөйлемдерге көтеріңкі дауыс беремін сондай сөлемнің соңында келемін.Қалай ойлайсыңдар бұлар қандай сөйлемдер?Қандай көңіл күйді білдіреді?
Бұндай сөйлемдер адамның қуанышын ,ренішін ,өкінішін, таңданысын білдіріп көтеріңкі дауыспен оқылады. Сондықтан адамның көңіл күйін сезімін білдіретін сөйлем лепті сөйлем деп аталады.
5. Тірек - сызбамен жұмыс
- Сонымен балалар, лепті сөйлем туралы ойымызды жинақтап сызбаға түсірейік
Лепті сөйлем
Адамның көңіл - күйі сезімін білдіреді Бұл сөздер көтеріңкі дауыспен оқылады Сөйлем аяқталған соң леп белгісі (!) қойылады
Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу. Әр сөйлем қандай
мазмұнды білдіретінін айту.
Берілген сызба бойынша сөйлем құрату.
__________ __________ __________.
__________ __________ __________?
__________ __________ __________!
Ү. Шығармашылық тапсырмалар:
І топ:
Жаңашыл сөзіне дыбыстық талдау жасау
Ж - ұяң д-сыз
А - жуан д - ты
Ң - үнді д - сыз
А - жуан д - ты
Ш - ұяң д - сыз
Ы - жуан д - ты
Л - үнді д - сыз
ІІ топ:
Тірек сөздерден өлең құрастыру:
Тақпақ, мақтан тойлаймыз, шаттан
Мен айтамын тақпақ
Аппақ қысты мақтап
Қыс қызығын тойлаймыз
Ән айтамыз жаттап
ІІІ топ:
Сөздерден сөйлем құрату
Жанды, Қызыл, Әттен - ай!, Бағдаршам өлеңін айтқызу
Сөйлемдерге талдау жасау
3 топ талдайды.
ҮІ. Үйге тапсырма: 189 - жаттығу: Сурет бойынша әңгіме құрату. Әңгімеде сұраулы , лепті сөйлемдер болу керек.
ҮІ. Қорытындылау: жеке параққа тест жауаптарын алу
1.Сөйлемнің неше түрі бар?
А) 2 Ә) 1 Б) 3
2.Дұрыс жазылған сөйлемді тап:
А) оқиды Асхат сыныпта бесінші
ә) Асхат бесінші сыныпта оқиды.
Б) Сыныпта оқиды бесінші Асхат
3.Лепті сөйлемнің соңында не қойылады?
А) нүкте (.) ә) сұрақ белгісі (?) б) леп белгісі (!)
4.Сөйлем дегеніміз не?
А) тиянақты ойды білдліреді
ә) заттың қимылын білдіреді
б) заттың түсін білдіреді
5. Мәтіннің неше түрі бар?
А) 2 Б) 3 Ә) 5
6. Сөйлем неден тұрады?
А) әріптен Ә) сөзден Б) буыннан
7. Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады
А) бөлек Ә) бірге
8. Лепті сөйлем қандайц көңіл -күйді білдіреді?
А) білдірмейді ә) көтеріңкі б) реніш в) қуаныш
ҮІІ. Бағалау, мақтау:
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 184 - жаттығу: Сурет бойынша әңгіме құрату. Әңгімеде сұраулы , лепті сөйлемдер болу керек.